Елі сүйген,елін сүйген Ел басы

29 маусым 2015 - гүлжазира жолжанова

Сабақтың тақырыбы: Елі сүйген, Елін сүйген ЕЛБАСЫ!

Мақсаты: Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбек жолдарымен танысу, тарихқа шолу, әр тұлғаның туған жер, тіл, тарих, шежіре туралы таным – түйсігін молайту.Отанын, халқын сүюге тәрбиелеу және жүректе өз Отанына деген мақтаныш сезімін ұлғайту.

Көрнекілік: Астана қаласының суреттері, буклет, рәміздер;

Сабақты ән ұранмен бастайық

Ендігі кезекті жыр шумақтарына береміз

1 – оқушы: Кең байтақ, көз жеткізбейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстан — елім менің!

Ғажап қой сұлу көктем, жазың әне

Тағдырың он жүректің сазын әлі

Шіркін – ай, жер жнтпейді бір өзіңе

Қойнауың тұнған байлық, қазыналы

Сен неткен Отан – Анам, ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім,

Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін

Жайнай бер, Ұлы Отан – Қазақ елім!

2 – оқушы: Еліміздің өзіне тән туы, елтаңбасы, әнұраны бар.

Тудың көгілдір түсі – бұлтсыз ашық аспан, бейбітшілік белгісі.

Күннің нұр шұғыласы – байлық пен берекенің, тыныштық пен жылылықтың белгісі.

Қыран бүркіт – тәуелсіздіктің белгісі.

Өрнек – салт –дәстүріміздің белгісі.

3 – оқушы: Арайланып атты таң,

Далада думан, қалада думан – жыр бүгін

Ғасыр бойы аңсай да күткен бұл күніміз

Жасай бер, жаса, асқардан аса әрқашан,

Кеудеме әкеп қалдырған бақыт бұлбұлын.

4 – оқушы: Елімнің атын айтсам – Қазақстан,

Жерімнің атын айтсам – Қазақстан

Қойнауы қазынаға толған мекен

Байлығының атын айтсам – Қазақстан,

Қазақстан бабамнан қалған мұра

Сен білмесең, даламнан барда сұра

Ай мен жерде дұшпанға таптатпаған,

Батырларым демесем, болар күнә.

5 – оқушы: Тәуелсіз Қазақстан – тірегімсің,

Кеудемде лүпілдеген жүрегімсің

Сен үшін мендегі бар білім – ілім

Сен деп соққан жүрегімді білемісің?

Жүргізуші:

1999 жылы 10 қаңтарда Президент болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.

Елбасының саяси – астрологиялық нумерологиялық портреті. Туған жылы – 1940 жыл. Туған күні – 6 шілде. Жұлдыздама белгісі – шаян.

Хор: «Нұр аға»

6 – оқушы: Тәуелсіздік –

Тәубелі елдің ұраны,

Қиялды елдің қыраны

Жат рухқа жалтақтатпас пендесін

Жанарлардың шырағы

Батыры көп, ақыны көп, халыққа

Алла жар боп туа қалған ғажап күн.

7 – оқушы: Біз қазақпыз –

Ел үшін атқа мінген,

Жанып жатқан лапылдап отқа кірген

Бойтұмар ғып ар – ұждан қазынасын,

Ерлеріміз ел намысын сақтап жүрген

8 – оқушы: Жеңіс, жеңіс!

Осынау сөзден жарқ етіп,

Көңілі көптің ашылды

Жауыздың туы жалп етіп,

Кеудесі жаудың басылды

Қуаныш құшты халқымыз

Әділдік біздің жеңді деп.

Әйгілі болды даңқымыз,

Жеңіс туы желбіреп!

9 – оқушы: О, Тәңірім, бақыт құсы қонып бір,

Деп тіледік бізді баққа жолықтыр

Бүгін міне, тәуелсіздік, ағайын

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр.

10 – оқушы: Бақ жұлдызым сөнбейтұғын маңдайдағы,

Тәуелсіздік тәтті ұғым таңдайдағы

Қазақстан қарыштап күннен күнге,

Азат елдің қыраны самғайды әлі.

Қорытындылау: Сабақты сұрақ – жауап арқылы қорытындылайық.

    1.Астана күнін қарсы алатын күн?

    2.Тәуелсіздікке қол жеткізген уақыт?

    3.Елбасы алғаш сайланған мерзім?

    4.Ұлттық валютамыз қай жылы қолданысқа ие болды?

    5.Елтаңбаның авторы кім?

Үйге: « Мен Қазақстанның болашағын қалай елестетемін? »

Осыған ұқсас жазбалар:

Тәрбие жоспарыСыр- сұхбат

Тәрбие сағатыДосымның тілі – менің тілім

Тәрбие сағатыНаурыз- жыл басы

БастауышЗиянды заттардың алдын алу

БастауышМақтанышым-мемлекеттік рәміздер

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1151034

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар