Желтоқсан жаңғырығы есімде...

7 желтоқсан 2015 - Зере Исова

Алматы облысы Алакөл ауданы

Безродных атындағы орта мектебі

мектеп жасына дейінгі шағын орталығы

 бар мемлекеттік мекемесі

Үшбұлақ ауылы

География пәні мұғалімі

Исова Зере Балғабайқызы

 

 

Кештің тақырыбы:  «Желтоқсан жаңғырығы есімде...»

(желтоқсан оқиғасының қатысушысымен «Сыр -сұхбат»

кездесу кеші)

 Мақсаты: Оқушыларға еліміздің өткені мен болашағы, даму тарихы туралы мағлұматтар бере отырып, елжандылыққа, ұлтын сүюге, қадірлей білуге, желтоқсан құрбандарын құрмет тұта білуге және еліне, отанына деген патриоттық сезімдерін оятуға тәрбилеу.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, Қазақстан Республикасы және желтоқсан  оқиғалары туралы суреттер, шарлар, плакаттар, т.б.

Әдісі:«Сыр сұхбат» кездесу кеші.

Кештің қонағы:  Желтоқсан оқиғасының қатысушысы  мектеп директоры Ә.К.Қыстаубаев .

 

Сабақтың барысы:

Кіріспе мұғалімнің сөзі:

 Құрметті  ұстаздар, оқушылар! Сіздерді Қазақстан Республикасының ең негізгі мейрамы Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!  Бүгін біздің сабағымыз тақырыбы  «Желтоқсан жаңғырығы есімде...». Бүгін бізде  қонақта, сонау  Желтоқсан оқиғасы күндерінің куәгері қатысушы Қыстаубаев Әділхан Какенұлы келіп отыр, құрметпенен қарсы алайық.

              

 

 Жүргізуші: Тәуелсіздік! Ата бабаларымыздың үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздік! Тәуелсіздік жолында халқымыздың басынан қандай оқиғалар өтпеді. Халық қамы үшін қан кешіп, құрбан болған ерлеріміз қаншама?

Жүргізуші:Иә, өткен ғасырлардағы, үстіміздегі ғасырдың басындағы қанды шайқастар, ірілі ұсақты небір көтерілістер, ең ақырғысы тарихқа «Желтоқсан оқиғасы» деген атпен енген, кейіннен ұлт азаттық көтерлісі» деген бағаға ие болған 1986 жылғы көтерілісі.

Жүргізуші:Қазақ елі сонау Алтайдан Пирнейге дейін билік еткен Еділ батырдың елі. Қазақ елі асқан батырлығымен, ақыл парасаттылығымен Мысыр еліне билік жүргізген Бейбарыстың, Үндіні билеген Бабырдың елі.

Жүргізуші:XV ғасырда қуатты Қазақ хандығын құрдық. Алайда тәуелсіз Қазақ мемлекеті бейбіт, тыныш өмір сүре алмады. Ұлан байтақ елімізге  жан жақтан көз тігіп ойран салушылар көбейді. 1723 жылы  Жоңғар билеушілері қалың әскермен қазақ  жеріне тұтқиылдан басып кірді. XVIII-XIX  ғасыр. Қазақ билері мен хандары иек артып, көмек күткен орыс патшалығы бірте бірте өз мақсатын орындап, қазақ жерін отарлап, елді аздыра бастады. Осы кезеңдегі Исатай мен Махамбеттің көтерлістері.

Жүргізуші: 1932 жыл. Ашаршылық. 1928 жылы 45 млн  мал болса, ол 10 еседей кеміп, 4.5 млн ға дейін азайды. Қазақстанда тұратын қазақтың тең жартысы қырылды.

Жүргізуші: 1937 жыл. Елімізде зұламаттың құрбандары  болған азаматтарымыз қаншама! Тағдыр тәлкегеіне ұшырап асыл да аяулы ұлдарымызды өз ортамыздан осылайша аластаттық.

Жүргізуші:1941-1945 жылдары адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты қорғап, ерекше ерлік көрсетті. Жүзге тарта қазақ қаҺармандары «Кеңес Одағының батыры» атағын алды.

Жүргізуші:

40 жыл қасірет шегіп құты қашқан,

Азаптан жан төзбейтін көз ашпаған.

«Қызыл жебе» ілінген қармағына,

Шырылдап шындық айтып аузын ашқан.

Жұмақ жер жараланды болып тозақ,

Қор болып қыршын кетті талай боздақ.

Ботасынан айырылған боз інгендей,

Талай ана ұрпақсыз қалды боздап.

Көк туымыз көтеріліп, Тәуелсіздік,

Бостандық айдында еркін жүздік.

«Аждақаға» тиым сап мәңгілікке,

Елбасымыз болып тұр әлемде үздік.

 

Жүргізуші:

Желтоқсанда ақиқатты іздедік,

Қорлығына бодандықтың төзбедік.

Басшы таппай қазағымның бірінен,

 Кәне, айтшы, біз олардан кем едік?

Желтоқсанда мұзда жанды алауы,

Қолдарына ұстаған бір жалауы.

Ербол, Қайрат, Ляззат пенен Сәбира

Тәуелсіздік болғаны еді қалауы.

 

Жүргізуші:

Желтоқсан! Сен жайлы ойға батамын,

Бұл іңкәрлік созылады қашанға.

Кім қаншама шексіз сүйсе Отанын,

Оның тартар азабы да қаншама.

 

(Желтоқсан оқиғасының куәгері Ә.К.Қыстаубаевпен сұхбат. Оқушылар сұрақтар қояды.)

 

1.    Сұхбат жүргізу.

2.    Қонақ кәде (өз өнерін көрсету).

3.    Оқушылар атынан естелік беру.

4.    Ең үздік сұраққа автограф беру.

5.    Қорытындылау (смайлик арқылы).

Ең жақсы сұрақ иесі С.Тұрсымбаеваға Ә.К.Қыстаубаевтың

 қолтаңба беру сәті.

 

 

Жүргізуші:

Бір ата бір ананың түлегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.

«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам,

Бірлік деп соқсын біздің жүрегіміз.

 

Жүргізуші:

Аман бол, жаңа ғасыр, жаңа заман,

Аман ба, жаңаша күн жарқыраған.

Азат күн, арман ғасыр, мәңгі паш ет,

Қазақтың қасиетті ел мекенін.

 

Соңы.   (Ән: «Қазақтай ел қайда»)

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышМақтанышым-мемлекеттік рәміздер

Тәрбие жоспарыСыр- сұхбат

Тәрбие сағатыДосымның тілі – менің тілім

Тәрбие сағатыНаурыз- жыл басы

БастауышЗиянды заттардың алдын алу

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119694

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар