Кел төрлет - Жаңа жылым, бақ жылым!

7 желтоқсан 2015 - Зере Исова

Алматы облысы Алакөл ауданы

«Безродных атындағы орта мектебі

мектеп жасына дейінгі шағын орталығы

 бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі,

география пәні мұғалімі

Исова Зере Балғабайқызы

 

 

Тақырыбы: Кел төрлет- Жаңа жылым, бақ жылым!

 

1 жүргізуші:

Кел, төрлет, Жаңа жылым. Құтты жылым.
Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін.
Қарсы алдық сені еңселі еңбекпенен,
Жарқырап әне алдымнан шықты күнім.
 

2 жүргізуші:

Жаңа Жыл туындаған жаңа арамандар;

Жаңа Жыл шуылдаған жаңа ормандар.

Ал мынау мәңгі бақи жаңа дүние,

О, сәлем, жаңа жылда жаңарғандар!

 

3 жүргізуші:
Асыға күткен жаңа жыл,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңа заман, жаңа айлар
Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл

4 жүргізуші:

Қайырлы кеш, ханымдар мен мырзалар!

5 жүргізуші:   Армысыздар, бармысыздар, замандастар, бауырлар, ұлағатты ұстаздар мен шабытты шәкірттер, құрметті де аяулы ата аналар!

6 жүргізуші:  

Тарихтағы түріктің,  киелі көк бөрінің, асыл текті Алаштың ұрпағы, Ассалаумағалейкум!

Барлығы: ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ  БОЛСЫН!

1 жүргізуші:

Бүгінгі кешті Сіздермен бірге бөлісетін жүргізушілер:

Жазира Серікбайқызы

Аманбек Нұрғазыұлы

Махамбет Нұржанұлы

Айжан Нұрланқызы

Көркем Нұрсерікұлы

Аяулым Бауыржанқызы

 

2 жүргізуші:

Сондай ақ, бүгінгі кешімізде «Қазақстан» телеарнасының «Жаңалықтар», «Түнгі студия», «Шашу» бағдарламалары  жұмыс істейді.  Достарыңызды, туыстарыңызды, құрбы құрдастарыңызды жаңа жыл мерекесімен құттықтағыларыңыз келсе, бізге хабарласыңыздар (арнаулы жәжікке тілектеріңізді білдіріңіздер).

 

3жүргізуші:

Жаңа Жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

«Жаңа жылмен құттықтаймын» деген үн,

Қанаттана кең алқапқа тарайды,

     бүгінгі кешімізді шымылдығын ашу құрметі  мектеп директоры ________________________________________________________береміз.

 

4 жүргізуші:

Құтты болсын жаңа жыл
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл!

5 жүргізуші:

Жаңа жылың құтты болсын жас ұрпақ,
Келген жылға қарамаңдар тосырқап.
Жаңа жылың құтты болсын аталар,
Сергек ұрпақ өздеріңнен нәр алар.
Жаңа жылың құтты болсын аналар,
Бүлдіршіндер өздеріңнен нәр алар.
Қара нарлар көтеріңдер жыл жүгін,
Соңдарыңнан ере берсін боталар

6 жүргізуші:

Қандай той шашусыз болсын?! Бүгінгі кешімізді шашумен бастайық. Ендеше ортаға аналарымызды _______________________________________________________________________________________________________________________шақырамыз!

 

(тілектерін айтып, конфеттен шашу шашады.)

 

1 жүргізуші:

Төрлетіңдер, төрлетіңдер,

Шырша сәнін көріңдер!

Әсем әнмен би билеп,

Күй жырларды төгіңдер!

 

 

(«Жаңа жыл» туралы ән, ортаға шығып билейді.)

____________________________________________________________________________________________________________________________________

 

2 жүргізуші:

Жаңа жылда жаңа белден асамыз,

Жаңа жылға жырмен шашу шамамыз.

Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен,

Жаңа жылда тағы алға басамыз.

 

3 жүргізуші:

___________________бізден өтіп бара жатқан жылқы жылымыз жаман болған жоқ деймін?

 

4 жүргізуші:

Иә, Жылқы — қазақ даласының екінші есімі. Қазақ ұғымында қазақ, дала және жылқы деген сөздер бір-біріне етене жақын тамырлас та, тағдырлас айтылады. Жылқының қазақ тарихында алатын орны ерекше. Шетсіз – шексіз далада адам жаяу ұзақ жүре алмайды, ал астында аты бар адам қашқанда құтылып, қуса жетіп тіршілік етеді. Сол себепті қазақтың «Жылқы – ер қанаты» деген сөзі жылқының адам өміріндегі орнын көрсетеді. 

 

5 жүргізуші:

Қазақ баласы жылқы түлігін төресіндей көретіні соншалық, «қазақ жылқы мінезді» деп өзінің мінез-құлық, бітім – болмыс, жан дүниесінің айқындаушысына айналдырып алған. Бұлай өзінің жаратылысына жылқыдан ұқсастық іздеу – тек қазаққа ғана тән қасиет, әрі бұл қазақтың осы түлікке деген аса жоғары құрметінің белгісі.

 

6 жүргізуші:

Өтіп бара жатқан жылқы жылымыз ерекше болды деп ойлаймын, себебі Жылқы жылы еліміз талай белестерді бағындырды. Сонымен қатар алтын ұя мектебіміз де өз тарихындағы үлкен жетістіктерге қол жеткізді. (2014 жылғы мектептің жетістіктері баяндалады)

 

«Қазақстан» телеарнасы.

Диктор:

Армысыздар,құрметті

Боран соқса қажымайтын,

Жел тұрса да желпінбейтін,

Қалың қарда мойымайтын,

Қайсар да қажырлы

Үшбұлақтың тұрғындары!

        Тікелей эфирде «Қазақстан-Үшбұлақ» телеарнасы өз жұмысын бастайды. Студияда  Махамбет Нұржанұлы. «Соңғы жаңалықтар».

-Міне араға  жыл салып Жаңа жыл қарсаңында біз сіздерменен жүздесіп отырмыз. Дәл қазір, біз өткен күннің ескі жаңалықтарына тоқталып өтейік.

Безродных атындағы орта мектебінде бірқалыпты тыныштық орнаған.  Жаңа жылдық ертеңгіліктер мен шырша мерекелері болып өтті. Ертеңгілікке сонау белдерден, көрші- көрші елдерден ертегі кейіпкерлері, Аяз Ата мен Ақшақарда келіпті. Сонымен қатар мектеп директоры ертеңгілікке арнайы келіп жиналған қауымды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

 

Диктор (Махамбет):

Құрметті көрермендер, біздің хабарымыз тікелей эфир болғандықтан, дәл қазір біздің тілшіміз орталарыңызда жүр, ендеше сөз кезегін тілшімізге берейік.

 

Тілші:

Қайырлы кеш, құрметті Үшбұлақтың көрермендері! Дәл қазір мен Безродных орта мектебінің мәжіліс залында мерекелік кеш өтетін орныда тұрмын. Мектептің дайындығы өте жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған. Залға үлкен шырша құрылып, әсем безендіріліпті. Оны жігіттер таудан өз аяқтарымен барып әкелген. Жаңа жылдық кешке осылай үлес қосқан жігіттерге және жасыл шыршаны безендірген мектеп ұжымының жұмысшыларына  мектеп басшысының айтар алғысы шексіз.

   Ауыл тұрғындарына Жаңа жылды жақсы қарсы алуға, мерекелік кешті көңілді өткізуге тілектеспіз.

 

 

Диктор: (Махамбет)

Рахмет,_______________.

Қазір назарларыңызға «Үшбұлақ -Гидромет» орталығының жетекшісі Жазира Серікбайқызының болжауы бойынша белгіленген ауа райын ұсынамыз.

 

Жазира:  «Ауа райы».

Армысыздар, аяулы ауыл тұрғындары!  29 желтоқсан  дүйсенбі күніне арналған ауа райымен таныс болыңыздар.

«Үшбұлақ- Гидромет» орталығының болжауы бойынша мектептегі кешке көп адамның жиналуына байланысты ауа температурасы +30 градусты көрсетіп тұр. Дәл қазір аспанда күн жоқ, жер аппақ қар, себебі қазір қыс мезгілі. Сенбесеіңіздер,  далаға шығып көріп келіңіздер.

    Айпараның ауа райы 0 градуске тең. Оңтүстік- шығыстан «Сайқан» желі асықпай, жай ғана соғады. Қар күреп әуре болмаңыздар, ұшып кетеді.

    Ауылымыздың бір бөлігі Кеңесте +15 градус. Сайқан  желі, сіздер төменде тұрғандықтан үстілеріңізден өтіп кетеді. Алаң болмаңыздар!

    Көктұма ауылының ауа райына келетін болсақ, ауа температурасы бір қалыпты. Таудың арғы жағы болғандықтан бергі жақта болып жатқан боран сіздерге жетпейді. Сондықтан, біз жаққа туфлимен шықсаңыздар, мына жерге келгенде пима киюлеріңізге тура келеді.

    Назар қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!

 

1 жүргізуші: 

Барлық жандар бір білекке қосқан үн,

Бақытты боп бастады жыл дастанын.

Қуанышпен келді той боп жаңа жыл,

Құтты болсын жаңа бақыт достарым.

 

 

Ән шашу: 11сынып оқушысы Тұрсымбаева Сәуленің орындауында_____________________________    әні, қабыл алыңыздар.

 

 

2 жүргізуші:

Ақ көңілім айналды аппақ қарға,

Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.

Қыс қызығы басылмай ұласады,

Қуаныш көп болсын Жаңа жылда.

 

Құрметті халайық! Жаңа жыл кешінің қадірлі қонағы әрі сәні кімдер?

-Аяз ата мен Ақша қар.

— Ендеше шыршаны айналып, Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алайық.

 

(Аяз ата! Ақша қар!(3рет) (Музыка ойнап Аяз ата мен Ақшақар келеді).

3 жүргізуші:

Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар,

Сүйіншілеп маңайға жар салыңдар.

Аяз ата келеді Ақшақармен,

Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңдар!

 

4 жүргізуші:

Армысыз, ата! Армысыз Ақшақар!

 

Аяз ата:

Бар бол балам! Біз қай жерге келдік, қарағым?

 

4 жүргізуші:

Бұл ата, тау баурайын мекендеген сырлы жер,

Ән мен күйді әлдилеген жырлы жер.

Жастарымен жер жаһанға танылған,

Келгеніңіз Үшбұлақтай нұрлы жер!

 

Аяз ата:

Бәрекелді, бәрекелді!

 

Ақшақар:

Сәлем асыл достарым,

Сендерге тілек қосамын.

Шырша тойын жасайық,

Тойлап көңіл ашайық.

Қой жылы халыққа,

Зор қуаныш құт болсын.

 

-Аяз ата, балалар! Біз ортамызға Жаңа жылды шақырсақ қайтеді?

 

Жаңа жыл 2015 жыл келеді.

 

Жаңа жыл — Жансая: Армысыздар, ағайын! Армысыздар, барша жұрт.

Жылқы жылы -Сұлтан:
— Жақсылы, жаманды жыл болдым. Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым білем. Мына тұрған халық куә, содан сұрарсың. Әлі де болса атқарылар істер көп. Соның бәрін саған аманат қылып қалдырам, қарағым.

Жаңа жыл-Жансая:
— Аманатқа адал болуға, халыққа жайлы, ел тілегіне сайлы болуға ант етемін.

Жылқы жылы-Сұлтан:   Қымбатты балалар! Мен енді барайын. 12 жылдан кейін қайта кездесерміз.                                                                      

Ескі жылда есіркеп ,                                                                                                     Жаңа жылда тыныштық.                                                                                               Бейбіт күнің жарқырап!                                                                                                       Хош сау болыңдар, балалар!

Келген жылдарың құт береке сыйласын!       

 

5 жүргізуші:

       Қош, өткен жыл! Жылқы жылы!
                     Қош келдің Жаңа жыл! Қой жылы!

 

6 жүргізуші:

Аяз ата, Ақшақар, Сіздер алыс жолдан шаршап келген боларсыздар. Біраз отырып демалыңыздар.

 

Жаңа жылды қарсы алып,

Жасаймыз  той жылда бір.

Жарқын жарқын ән салып,

Жалғасады жырға жыр.

 

1 жүргізуші:

«Қазақстан» телеарнасы өз жұмысын бастайды. Эфирде «Түнгі студия» бағдарламасы: Бағдарламаны жүргізуші: Аманбек Нұрғазыұлы.

 Кештің қонағы: Кабдолдин Нұртай Ертайұлы.

 

2 жүргізуші:

Құрметті Аяз ата Ақша қар! Бүгінгі Жаңа жылдық кешімізге  9, 10, 11 сынып оқушылары келіп отыр. Бір-бір өнерлерін ала келіпті.  Ортаға шақырсақ қалай қарайсыздар?

Аяз ата:-Рұқсат шырақтарым, рұқсат.                                                               

3 жүргізуші:

Жаңа жыл мерекесі құтты болсын,

Әрқашан мерекелік көңіл болсын.

Кеудеміз күмбірлеген жырға толып,

Қане достар, күлкіменен орта толсын.

 

 

 

Олай болса, ортаға  өнерпаздарымызды шақырайық.

__________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________

 

5 жүргізуші:

«Қазақстан»  телеарнасы өз жұмысын жалғастырады. Эфирде «Түнгі студия» бағдарламасы. Жүргізуші Аманбек Нұрғазыұлы.

Кештің қонағы: 11 а сынып оқушысы, Чингисханов Алишер.

 

6 жүргізуші:

Қуаныш пен шаттыққа кенелейік,

Жадырап ән шырқап, тербелейік.

Төрле, төрле халқымның құтты жылы,

Бәріміз дөңгелене би билейік!

 

Аяз ата мен Ақшақардың ойыны, жұмбақтары.

(   Би жарыс, шар жару ойыны                                             )

 

1 жүргізуші:

«Қазақстан»  телеарнасы өз жұмысын жалғастырады. Эфирде «Түнгі студия» бағдарламасы. Жүргізуші Аманбек Нұрғазыұлы.

Кештің қонағы: «Қазақстан» телеарнасының директоры И.З.Б шақырамыз.

Зере:

Кешіміздің ең қызықты кезеңі  Жаңа жыл кешінің «Ханзадасы мен Ханшайымын»  анықтау.

 

(Ортаға Ханзадалар мен Ханшайымдарды шақырылады 4 жұп,

әр сыныптан 1 жұп. Аяз ата мен Ақшақар да қатысады.)

 

1 тапсырма: вальс билеу.

2 тапсырма: алма жеп жарысу.

3 тапсырма: қалпақтан сұрақтарға жауап.Қорғау керек (қар, Жаңа жыл, Аяз ата, шырша)

4тапсырма: ойын ойнау (қар жинау).

5 тапсырма: «шылаушын»

 

 

 

 

Кештің Ханшайымы мен Ханзадасы анықталады.

Сонымен бүгінгі кештің Ханшайымы _____________________________________________ ал Ханзадасы _________________________________ Қане, қошемет білдірейік.

Ән қойылып, би билейді. (Ханзада мен Ханшайым анықталған соң)

 

3 жүргізуші:

Шырша айналып әндетіп,

Би биледік  сәнді етіп.

Қандай жақсы Жаңа жыл,

Өткізетін мәнді етіп.

 

Аяз ата:

Ой, бәрекелді, балаларым! Әсем ән шырқап, би билеп, аталарыңды қуантып тастадыңдар. Көп- көп рахмет, өркендерің өссін! Енді Ақшақар екеуміз аттанайық! Бізді әлі талай жер күтіп тұр. Оларды да қуантайық.  Баршаңызбен қоштасамыз, сау болыңдар!

 

Ақшақар:Сау болыңыздар балалар! Келесі Жаңа жылда аман- есен жүздескенше.

Барлығы: Сау болыңыз Аяз ата, сау болыңыз Ақшақар.!

(Ортақ би, Ойын.)

4 жүргізуші:

«Қазақстан»  телеарнасы өз жұмысын жалғастырады. Эфирде «Шашу» бағдарламасы. Эфирде Айжан Нұрланқызы. (Жаңа жылдық құттықтау)

 

 (Ортақ би, Ойын.)

(Барлық жүрізушілер сахнаға шығады.)

 

 

1 жүргізуші:

 Жаңа жыл, жаңа жыл.
Қалауын тап, қар үстіне қада гүл, 

 

2 жүргізуші:

Жаңа жыл, жаңа жыл.
Сан тілектің бастамасы ғана бұл.


3 жүргізуші:

 Кел жаңа жыл, игілік боп, иба боп
Жер бетіне кереметті жина көп.


 

 

4 жүргізуші:

 Ақ қауырсын қанатына қайғы емес
Түтін емес, рауан нұры жинап от.

 

5 жүргізуші:

Ей жаңа жыл! Жаңа бақыт ырысым,

Жақсылықтың жаршысы да нұрысың!

Адамдардың асқақтаған арманы,

Ақындардың таусылмайтын жырысың!

 

6 жүргізуші:

Жаңа жылға арналады жаңа жыр,

Жаңа жылда шақырады бар өмір.

Бақыт болып жаңа жылым келді ғой,

Құтты болсын, құтты болсын ЖАҢА ЖЫЛ! (барлығы)

1 жүргізуші:

Жүздеріңіз әрқашан жарқын, көңілдеріңіз шат, өмірлеріңіз думанға толы болсын!

 

 2 жүргізуші: Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын!  Осымен думанды кешімізді аяқтаймыз, әрі қарай би кешімізбен жалғастырайық!          Соңы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аманбек:

 «Қазақстан»  телеарнасы өз жұмысын бастайды. Эфирде «Түнгі студия» бағдарламасы. Бағдарламаны жүргізуші: Аманбек Нұрғазыұлы.

 Аманбек: бүгінгі кештің қонағы: Кабдолдин Нұртай Ертайұлы.

1.     Ағай,  сіз бізге  биыл ғана жұмысқа келдіңіз. Осы уақытқа дейін қайда жүрдіңіз?

2.     Келгеніңізге өкінбейсіз бе?

Жақында Сіз аудан әкімінің мақтау қағазымен марапатталдыңыз. Содан бері біздің  ғаламтордағы почтамызға Сізге арналған көптеген сұрақтар түсіп жатыр, соның бір, екеуіне жауап берсеңіз.

 

-Бір көргеннен ғашық болу дегенге сенесіз бе?

-Жаңа жыл мерекесі кезінде есте қалған оқиғаңыз болды ма, айтып берсеіңіз.

 

 

     — Нұртай ағай, біздің хабарға уақытыңызды бөліп  келіп қатысқаныңызға көптен көп рахмет. Мына сыйлық сізге (сувенир беру).  Өтіп бара жатқан жылқы жылынан. Жылқыдай жүйрік, мықты, сұлу болыңыз.

     — Біздің хабарымыздың шарттарының бірі ойын ойнау, қалай қарайсыз?

Ендеше ойын ұйымдастыру бойынша кандидат шебері Көркемді ортаға шақырамын.

 

Көркем:  қандай ойын түрлерін  жақсы көресің?

Бүгінгі ойынымыз «Жарнама» деп аталады, яғни кез келген затты жарнама  жасау арқылы сатуға, ұсынуға, өткізуге болады. Қазір бір суретті халыққа  көрсетемін, сіз көрмейсіз, бірақ сіз оны өткізу үшін жарнамалайсыз. Келісесіз бе?

Ойынның шарты:затты өткізу үшін мақтауын жеткізіп жарнамалайсыз.

                              (етік, шаңғы, тон)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аманбек:

 «Қазақстан»  телеарнасы өз жұмысын бастайды. Эфирде «Түнгі студия» бағдарламасы. Бағдарламаны жүргізуші: Аманбек Нұрғазыұлы.

 Аманбек: бүгінгі кештің қонағы:  11 сынып оқушысы, оқу екпіндісі, жақында ғана аудандық пәндер олимпиадасында география пәнінен жүлдегер болып оралған Чингисханов Әлішер Мәлікұлы.

    -Қош келдің  біздің хабарға, қалай жеттің?

    -Жақында аудандық олимпиадаға қатысып келдің? Олимпиада жүгі ауыр ма, гирдің жүгі ауыр ма?

— Нені армандайсың?

— Қыздардың көбі сені сері жігіт дейді осы пікірмен келісесің бе?

 

Біздің  ғаламтордағы почтамызға кейінгі кезде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтар секілді, әсіресе, осы соңғы аптада саған  арналған көптеген сұрақтар түсіп жатыр, соның бір- екеуіне жауап берсең.

 

 

Бір көргеннен ғашық болу дегенге сенесің бе?

ҰБТ ге  қалай дайындалып жүрсің?

Мектеп өмірінен прикол сұрақтар:

  Сабақ                                          (үзілісті зарықтырып күтетін 45 минут)

  Күнделік                                    (ата анама көп көрсете бермейтін құпиям)

  Дос                                     (бақылау жұмысында көшіруге көмектесетін адам)

  Спорт секциясы                  (үйге айтатын басты сылтау)  

  Апайға айтамын                  (қыздардың басты қаруы) .           

 

 

     — Әлішер біздің хабарға уақытыңды бөліп  келіп қатысқаныңа көптен көп рахмет. Мына сыйлық саған (сувенир беру).  Өтіп бара жатқан жылқы жылынан. Жылқыдай жүйрік, мықты, сұлу бол.

     — Біздің хабарымыздың шарттарының бірі ойын ойнау, қалай қарайсың?

Ендеше ойын ұйымдастыру бойынша кандидат шебері Көркемді ортаға шақырамын.

Көркем: қандай спорт түрлерін  жақсы көресіз?

Бүгін біз, боксер қолғап киіп шұжық турап жарысамыз, келісесің бе?

Ойынның шарты:шұжықты ұқыпты көп адамға жететіндей етіп турау қажет.

 

 

 

 

 

Аманбек:

 «Қазақстан»  телеарнасы өз жұмысын әрі қарай жалғастырады. Эфирде «Түнгі студия» бағдарламасы. Бағдарламаны жүргізуші: Аманбек Нұрғазыұлы.

Аманбек: бүгінгі кештіміздің қонағы:  «Қазақстан» телеарнасының директоры И.З.Б ортаға шақырамыз.

    -Қош келдіңіз, қалай жеттіңіз, көңіл күйіңіз қалай?

-Зере Балғабайқызы, сіз осы қызметке жақында ғана тағайындалдыңыз? телеарнаның директоры болу сізге несімен ерекше болды?

 

Біздің  ғаламтордағы почтамызға Сізге арналған көптеген сұрақтар түсіп жатыр, соның бір -екеуіне жауап берсеңіз.

-         Зере Балғабайқызы, бізді неге тастап кеттіңіз, қайтпайсыз ба?-деп мектеп ұжымы  сұрақ қойыпты.

-         Тез арада жүргізушіге жұмбақ жасырыңызшы, шеше алар ма екен дейді? (теңізде қандай тас болмайды? )

 

     -Зере Балғабайқызы, уақытыңызды бөліп  хабарға қатысқаныңызға көптен көп рахмет. Мына сыйлық сізге (сувенир беру).  Өтіп бара жатқан жылқы жылынан. Жылқыдай жүйрік, мықты, сұлу болыңыз.

     — Біздің хабарымыздың шарттарының бірі ойын ойнау, қалай қарайсыз?

Ендеше ойын ұйымдастыру бойынша  Көркемді ортаға шақырамын.

 

Көркем: Апай! Ойын ойнау адамға не береді?

Сіздің уақытыңыздың қат екенін білеміз, сондықтан қысқа-нұсқа бір ойын ойнап жіберейік, келісесіз бе?

Ойынның шарты:  жаңа жыл жақындап қалды, бүгін көңілді кеш өтіп жатыр, сондықтан да қандай сұрақ қойсам да «шырша» деп жауап бересіз.

1. Атыңыз кім?
2. Нешедесіз?
3. Балаларыңыз бар ма?
4. Жұбайыңыздың аты  кім?
5. Қай ұжымда жұмыс істейсіз?
6. Жаңа жыл мерекесі ұнай ма?
7. Досыңыз кім?
8. Бүгінгі көңіл күйіңіз қандай?
9. Тұратын ауылыңыздың аты қандай?
10. Аяғыңызға  не киесіз?

Зере:Кешіміздің ең қызықты кезеңі  Жаңа жыл кешінің «Ханзадасы мен Ханшайымын»  анықтау.

 

  жүргізуші:

«Қазақстан»  телеарнасы өз жұмысын жалғастырады. Эфирде «Шашу» бағдарламасы. Студияда Айжан Нұрланқызы.

      

Құрметті телекөрермендер. Бүгінгі күні біздің арнамыздың почтасына достарына, ата аналарына, ұстаздарына, құрбы құрдастарына жаңа жылдық тілек білдіру үшін көптеген хаттар келіп түсуде.Сол хаттардың Бір, екеуімен таныстырып өтейін.

    1 хат иесі былай дейді:

 мен өзімнің сыныптас достарымды өте жақсы көремін. Биылғы жаңа жыл мерекесі біз үшін мектеп қабырғасында соңғы  болып саналады. Сондықтан сыныптастарыма таудай талап, қажымас қайрат, алдағы ҰБТ дан сүрінбей өтіп, «Сенде бір кірпіш дүниеге тетігін тапта бар қалан» деп Абай атамыз айтқандай, өмірден өз орындарын табуға тілекектеспін, сыныптастарымның құрметіне бір ән жолдасаңыздар екен,-

дейді 11 сынып оқушысы Ұлжан Кенжебекқызы,

 

    2 хат иесі:

Біз бақытты жастармыз. Алаңсыз оқып, бақытты өмір сүрудеміз. Осылай біздің жүруімізге себепші бірден бір ата-аналарымыз деп білемін. Сондықтан бүгінгі кеште аяулы да сүйікті ата аналарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бала қызығына тоймаңыздар деп тілек айтқым келеді дейді 9а сынып оқушысы Еркебұлан. Аналар мен әкелер үшін бір жақсы ән жолдасаңыздар екен.

3 хат иесі былай дейді:

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне  бас иелік мәңгілік!- деп айтқандай, біз ұстаздар алдында мәңгі басымызды иеміз. Аяулы ұстаздарымызға  осы жаңа жыл кешінде жаңа бақыт, жаңа нұр, қанаттарыңыз талмасын, биікке самғаңыздар деп тілек айтқымыз келеді дейді, 10 сынып оқушылары.Осы аяулы ұстаздарымыз үшін бір әсем ән жолдасаңыздар екен.

     Иә, достар, қазіргі орындалатын ән  осы асыл жандар: аналар мен әкелерге, аяулы ұстаздарымызға және де 11 сынып  оқушыларына арналады, қабыл алыңыздар.
 

 

 

Ақшақардың жұмбақтары:

 

 

1.Табаныма байладым,

Қос таяқпен айдадым.  (шаңғы)

 

2.Қанаты жоқ, ұшады,

Аяғы жел, желеді.

Аузы жоқ ұлиды. (боран)

 

3.Ақ шапаны үстінен

Алты ай бойы шешпейді.

Қара шапан үстінен,

Алты ай бойы түспейді. (Қара жер мен ақ қар).

 

4.Мүлгіп тұрған бақ тыныш,

Ораныпты ақ күміс. (қырау)

 

5.Мұхитта дәу бір,

Қалқып тау тұр. (айсберг)

 

6.Жиегіне шатырдың,

Судан шеге қатырдым.  (сүңгі).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Тәрбие жоспарыСыр- сұхбат

Тәрбие сағатыНаурыз- жыл басы

БастауышЗиянды заттардың алдын алу

Тәрбие сағатыДосымның тілі – менің тілім

БастауышМақтанышым-мемлекеттік рәміздер

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1062370

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар