Біздің Президентіміз (ашық сабақ)

31 мамыр 2014 - Баян Койшыбаева
Біздің Президентіміз    (ашық сабақ)

Сабақтың
тақырыбы:
«Біздің Президентіміз»

Сабақтың мақсаты:Қазақстан
Республикасының тұңғыш

Президенті Нұрсұлтан Әбіш ұлы Назарбаевтыңтуып өскен

жері, өмір жолы, қызмет еткен
кезеңдері туралы мәлімет

беру.

Елбасының ұстанымын, өмір жолын үлгі
етіп, балаларды

Отанын,
халқын, жерін сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, нақыл сөздер, Елтаңба,

Тудыңсуреттері.

Жүргізуші:Ел
болдың, ерік алдың астаналы,

Енді кімнен
қазағың жасқанады?

Тәуелсіз
мемлекеттік шежіресі,

Нұрсұлтанның
атымен басталады.

Құрметті ұстаздар! Бүгінгі 2 «Б» сыныпта өткізіліп жатқан «Біздің Президентіміз» атты ашық
тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

« Мен
өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын, Маған ары үшін жанын садаға
ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп төбесіне көтерген халыққа,
арғы-бергідегі қазақ баласының бірде – бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты –
толыққанды, тәуелсіз мемлекети құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа
қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ. Осы жолда мен бойымдағы
қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге
барамын...» деп елі үшін аянбай тер төгіп жүргентұңғыш Президентімізге арнаймыз. Бүгінгі ашық
тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Қазақстан Республикасының Әнұраныорындалсын..

Жүргізуші:Тұңғыш
Президентіміздің өмір жолы қиын да қайталанбас көп қырлы. Енді Президентіміздің
туып өскен жері, қызмет еткен кезеңдерін бірге тыңдалық.

1-оқушы:Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев 1940-жылы 6-шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданының
Шамалған ауылында дүниегекелген.

Әкесі Әбіш, шешесі Әлжан қарапйым адамдар
болған. Әжесі Мырзабала Нұрсұлтан есімін берген. Ол кішкентайынан оқуға өте
құштар болған. 1967-жылы Қарағанды металлургия комбинатыныңжанындағы техникалық оқу орнын бітірген.

2-оқушы:1967-1969-жылға
дейін Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істеді.

3-оқушы:1969-1973-
жылға дейін Қарғанды облысы, Теміртау қаласында партия, комсомол жұмыстарында
болды.

1973-1977- жылдары – Қарағанды металлургия
комбинатының партия комитетінің хатшысы болды.

4-оқушы:1977-1979-жылдары
– Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, екінші хатшысы болды.

1979-1984- жылдары – Қазақстан Орталық партия
Комитетінің хатшысы болды.

5-оқушы:1984-1989-
Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы болды.

6-оқушы:1990 – жылғы
сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Президенті болды. 1991 – жылы 1 –
желтоқсанда өткен бүкілхалықтық президенттік сайлауда республика азаматтарының

98,7 пайыз қолдауына ие болды.

1995 – жылы 29- сәуірдегі бүкілхалықтық
референдумның нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаевтың Президенттік өкілеттілігі 2000
– жылға дейін ұзартылды.

7-оқушы:2005 – жылы 4
– желтоқсанда 91,15 пайыздық дауысымен Қазақстан Республикасының Президенті
болып қайта сайланды.

8-оқушы:Қазақстан
халқы Ассамблеясының төрағасы, Қазақстан қарулы Күштерінің Жоғарғы Басқолбасшысы болды. Қазақтардың
Бүкілхалықтық қауымдастығының төрағасы болды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2010- жылы 15 –
маусымнан бастап заңды түрде «Елбасы» мәртебесіне ие болды.

Жүргізуші:Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев «Елбасы» мәртебесінеөзінің
Отанға, елгедеген
сүйіспеншілігінің, еңбекқорлығы мен
табандылығының, арқасында жетті…

Жүргізуші:Ісін жырлап ізгінің,

Жіберейін
тізгінін.

Елбасымыз
тұрғанда,

Бақыттымыз
біз бүгін.

— деп,
елбасымыз жайлы тақпақтарға кезек
берейік.

9-оқушы:Қазағымныңтуын тіккен- Елбасы,

Ұл – қызынан үміт
күткен- Елбасы.

Қазақ елін аялаған –
Елбасы,

Қиындықта сая болған –
Елбасы.

10-оқушы:Нұр ағам жол көрсетер – шамшырағым,

Ел көл болса, біз соның
тамшылары.

Жолынан елбасының
адаспасақ,

Ауылдан да дарынды жас
шығады.

11-оқушы:Қазақстан туған елім, байтағым,

Қашан үнім таусылғанша
айтамын.

Қарсы аламын Әнұранымен
әуелеп,

Қазағымның алтын арай әр
таңын!

12-оқушы:Серпігендебостандықтың тұманын,

Жетті әлемге ұраным мен
жыр әнім.

Өзің болдың көшбасшысы
елімнің,

Өзің болдың биік
ұшқанқыраным.

13-оқушы:Қазақелі желбіреп көк байрағың,

Гүлге оранды ауылың мен
аймағың.

Нұрсұлтаныңбиіктергебастады,

Ол көрсеткен нұрлы
жолдан таймағын.

14-оқушы:Тұратұғын болашақтың үні кеп,

Тартылар күй айтылатын
жыры көп,

Ерекше бір еркіндейік
бауырлар,

Бүгін тұңғыш
Президенттік күні деп.

15-оқушы:Шықты тарап ой- данадан,

Бері қарап жұлдыз беті.

Өзі қалап сайлап алған.

Елімнің бар Президенті.

16-оқушы:Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген,

Лебізіңнен аларманыөрілген.

Сіздің арқаң – Қазақстан
көркейіп,

Достық әні шарықтайды
төрімнен.

17-оқушы:Өр мінез бен терең ой –

Даналардан жаралып,

Әр
ғасырда туады екен бір алып.

Елін сүйген Елбасынан
көремін,

Үлгі тұтар парасат пен
даналық,

Қазағым биіктей бер
шарықтап,

Көк аспанның көгінде
еркін қалықтап.

Қазағымның бағына біткен
басшысы,

Болашаққа бағдар берді
анықтап.

Жүргізуші:Ән:«Қазағым менің»

Жүргізуші:Нұр ағамыз нұрындай боп қазақтың,

Нұр
сыйлаған көк тәңірім ғажапсың,

Нұрын
шашып жібергенде Елбасым,

Ізі
қалмай кетеді, бастан кешкен азаптың.

Ендеше Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтыңжан тебіренісі мен толғанысынан туған
жүреккетиер ой – орамдары мен ұлт
болашағы туралы айтқан дәйек сөздерінен алынған үзінділеріне көңіл аударалық.

18-оқушы:«Менде қазақтың елдігін,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік

тәуелсіздігін нығайтудан басқа мақсат
та, арман да жоқ!»

19-оқушы :« Ел көшін бастау – маған сын,
мені қостау – елге сын»

20-оқушы:«Қасиетті қазақ жері – ата –
бабаларымыздың даңқты тарихын

атыныңтұяғымен
жазып кеткен жер»

21-оқушы:«Қазақстанның болашағы – қазақ
тілінде»

22-оқушы:«Кеше болмағанның бүгін болуы
мүмкін, бүгін болмағанның ертең

болуымүмкін,
бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас
олқылықтарға соқтыратыны сөзсіз»

23-оқушы:«Қазақ
қазақпен қазақша сөйлессін»

24-оқушы:«Отаршыл заманды еске
салып, халықтың намысына тиетін атауларды

да өзгерту керек»

Жүргізуші:Қазақ халқы ғасырлар бойы аңсаған арманына жетті.Тәуелсіз ел болды.
Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қабылдап, заңға қол қойды.

25-оқушы:Айнымайды
аспаннан,

Біздің туБіздің тудың бояуы.

Оны халық қашан да

Биікке іліп қояды.

Көк аспанда – алтын күн,

Көк аспанда- жас қыран,

Естілгендей біздің үн

Сол ғарыштың астынан.

Туымызға жас туған,

Бір қарамай өтпейміз.

Сол көк тудың астында,

Көгереміз, көктейміз.

26-оқушы:Қатар шапқан қос тұлпар,

ЕлтаңбаАй астындақазақ
үй.

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Бұл -таңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

Мұнда да бар ерлігім,

Мұнда да жер күші,

Қара шаңырақ- ел күні.

Асқақтатып тұр мұны.

Елтаңбасы елдігім,

Елдің тыныш тірлігі.

Жүргізуші:-Балалар, біздің Президентіміз қай қаладатұрады?

Ғажайып сәт:- Астананесімен ерекше?

-Қане, балалар, Астанаға
саяхатқа шығайық.

Көрме ұйымдастыру:

1. Біздің
еліміздің басшысы кім?

2. Елбасының
әжесінің, әке – шешесініңаттары кім?

3. Ол
алғаш қайда жұмыс жасады?

4. Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев қашан «Елбасы» мәртебесіне ие болды?

Жүргізуші:Кең байтақ қой Қазақстан картасы,

Астанамен айшықталған
ортасы,

Бүгін бізге таңдай қағар
күллі әлем,

Бұның бәрі Елбасының
арқасы.

Ән: Көк тудың желбірегені(хормен)

Жүргізуші:

Ата бабамыздың ақ білекті күшімен, ақ
найзаның ұшымен қорғап, мұраға қалдырған

атамекенімізді,
ендігі ұрпаққабіздер терең біліммен, ақыл
— парасатпен, салмақты

мақсатпен сақтап,
ұлтымыздың ұлы арманы «Тәуелсіз ел»болуымыз керек. Елбасымыз

Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев айтқандай: «Тәуелсіздікті көзіміздің қарашығындай

сақтап, қазақ
атымызды көкке көтеріп, намысты ұл, инабатты қыз, айбынды ел болуға

ұмтылайық!

Президенті болдың туған еліңнің,

Ода – жырмен сансыз тілде
төгілдің.

Жерұйыққа
айналдырып жеріңді,

Бостандықтың
жолы болып өрілдің.

Құрметті ұстаздар! Бүгінгі «Біздің
Президентіміз» атты ашық тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз.Келгендеріңіз үшін рахмет.Қош сау болыңыздар!

Ән:«Елім менің»

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119770

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар