МАТЕМАТИКАЛЫҚ КЕШТІК МЫҚТЫ БОЛСАҢ ОЗЫП КӨР

22 наурыз 2014 - Нурланбек Магзум
МАТЕМАТИКАЛЫҚ КЕШТІК  МЫҚТЫ БОЛСАҢ ОЗЫП КӨР

        Мақсаты: Оқушылар арқасында «Алтын сақа» ойының ұйымдастыра отырып олардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, білімдерін, ойөрістерін дамыту және халқымыздың салт дәстүрін күрметтеуге тәрбиелеу

Жүргізуші:

Құрметті оқушылар мен ұстаздар!

       Біздің болашақ жастарымыз жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулығы мықты, бабаларының игі дәстүрін сақтайтын, өз елінің патриоттары болу үшін білім өрісін кеңейтетін «Алтын сақа» телеойынын біздің еліміздің патриоттарының әні «Менің Қазақстаным» әнімен бастауға рұқсат етіңіздер.

I.«Қозыкөш»

1)   Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалдан ауыр. Қайсысы ауыр алмүрт па әлде шабдал ма?

(Алмұрт)

2)  Бір жанұяда бес үл бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Сол жанүяда қанша бала бар.

(6 бала)

3)      Қолымызда 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар.                        

                                                            (50 саусақ)

4)       Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 кмжүріп өткен. Әрбір атгың жылдамдығы қандай еді?

(15 км/саг)

II.  «Әудемжер»

1) 1-ден 99-ға дейінгі барлык сандар қатарынан жазылған 5 цифры қанша рет кездеседі?

(12 рет)

2) Төрт бүтін санның (әр түрлі болуы шарт емес) қосындысы мен көбейтіндісі 8-ге тең. Бұл қандай сандар?

(1; 2; 4; 1)

3) ¥лу күн сайын қабырғамен 7 мжоғары өршелеп шығады және түнде 4 мтомен түседі. Ол биіктігі 19 мүйдің төбесіне, жерден бастағанда, қанша күнде жетеді?

(6 күн артық)

4)  Себеттегі алма саны 100 — ден кем. Оларды екі, үш, бес балаға тең бөліп беруге болады, бірақ төрт балаға тең бөлуге болмайды. Себетте қанша алма бар еді?

(90 алма)

III.  «Беласар»

1)  Бірдей үш цифрмен жазылған сан 3-ке де, 37-ге де бөлінеді.

(111)

2)  Командадағы

11 футболшының орта жасы 22 жас. Ойын кезінде ойыншының бірі жаракат алып, алаңнан кетті. Енді алаңда қалған ойыншылардың орта жасы 21 болды. Алаңнан кеткен футболшы неше жаста?

(32 жаста)

3)   Екі белмеде 76 адам бар. Бір бөлмеден 30, ал екінші бөлмеден 40 адам шыққан соң, бөлмелердегі адам саны бірдей болып қалды. Бастапқы әр бөлмеде неше адам болған?

(43; 33)

4) Бір айда бес жексенбі бола ма?

(Болады, егер 1, 2 демалыс болса)

1-есеп.

Сонғы айда менің жалақым алатын сыйлығымды қосқанда 25000 тенге болды. Негізгі жалақымның ала­тын сыйлығымнан 21000 теңгесі артық. Сыйлықсыз жалақымның қанша болғаны?

                                                         (жалакы 23000 тенге, сыйлык 2000 тенге)

2-есеп.

Екі бұтақта отырған торғайлардын саны 15. Бірінші бұтақтан 3 торғай ұшып кетті. Екінші бұтақтан 2 торғай ұшып барып, бірінші бұтаққа қонғанда, екі бұтақтағы торғайлар саны бірдей болды. Алғашқыда бұтақтардың әрқайсысында қанша торғай отырды?

                                                  (1-ші бұтақта 7 торғай, 2-ші бұтақта 8 торғай)

3-есеп.

Бір адамнан жасын нешеде деп сұрағанда, оның жауабы мынадай болды: «Үш жылдан кейінгі жасымды 3-ке көбейтіңіз де, бұл көбейтіндіден осыдан үш жыл бұрынғы 3 еселенген жасымды алып тастаңыз». Сонда менің жасым шығады. Қазір нешеде?

(18-де. 3 жылдан кейін 21 де. 21*3=63,3 жыл бұрынғы жасы 15 те. 15*3=45, 63-45=18)

4-есеп.

Бала қорапқа барлығы 8 өрмекші мен коңыз жинады. Егер қораптағы барлық аяқтарды жинаса, 54 аяқ болады?  Қанша коңыз, канша өрмекші жинады?

                     (қоңызда 6 аяк, өрмекшіде 8 аяқ болады, 5 қоңыз, 3 өрмекші).

 

IV. «Жерұйық»

1) Үш дос: Әуез, Елнар және Мырзатай бір сыныпта оқиды. Олардың біреуі мектептен үйіне автобуспен, біреуі -трамваймен және біреуі троллейбуспен қатынайды. Бір күні сабақтан соң Әуез досын автобустың аялдамасына дейін шығарып салды. Қастарынан троллейбус өтіп бара жатқанда досы терезеден; «Елнар, сен мектепте дәптеріңді ұмытып кетіпсің?» -деп айқайлайды. Кім үйіне немен барады?

(Елнар — автобус, Мырзатай -троллейбус, Әуез — трамвай)

2) Бір мектепте оқыған үш дос: дәрігер, мүғалім, ақын. Олардың фамилиялары: Боранбаев, Иманбаев, Саматов. Дәрігердің інісі де карындасы да жоқ, ол достарының ішіндегі ең кішісі. Саматов мұғалімнен үлкен және Боранбаевтың қарындасына үйленген. Дәрігердің, мұғалімнің, ақынның фамилияларын атандар.

(Дәрігер — Иманбаев, мұгалім -Боранбаев, ақын Саматов)

3)  Шылаушын (кұрт) ағашқа өрмелеп барады. Түнде ол 4 мжоғары көтеріледі, ал күндіз 2 мтөмен түседі. Сегізінші түнде шыллаушын ағаштың төбесіне шықты. Ағаштың биіктігі қандай. (16 м)

4) Бір құймадан 6 тетін жасайды. Алты кұймадан қалған калдықтардан бір құйма алуға болады. 36 құймада қаншатетін алуға болады.

36 * 6 + 6 = 222      (222 құйма)

V. «Алтын көмбе»

Мәди мен Асхат екеуі 5 тоқаш сатып алды. Мәди бір Тоқашты 6 мин- та жесе Асхат бір токашты 4 мин-та жеді. Балалар тоқаштарын бірдей уақытта жеп болды. Мэди неше токаш жеді? Асхат неше тоқаш жеді?

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1152345

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар