Мемлекеттік тіл-менің тілім

24 ақпан 2015 - Зере Исова

Алматы облысы Алакөл ауданы

Безродных атындағы орта мектебі

мектеп жасына дейінгі шағын орталығы

бар мемлекеттік мекемесіҮшбұлақ ауылы

География пәні мұғаліміИсова Зере Балғабайқызы

,

Сабақтың тақырыбы: «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты ашық тәрбие сағаты.

Сабақтың мақсаты: ана тілінің қадір- қасиетіне, болашағына қамқор болып, ана тілдерін құрметтеуге тәрбиелеу. Тіл байлықтарын, білімдерін дамыту.

Сабақтың түрі: интеллектуалды шоу сабағы.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, тіл туралы нақыл сөздер, мақал мәтелдер т.б.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. «Ғажайып алаң» интеллектуалды ойыны.

III.Қорытындылау.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: құрметті ұстаздар, қонақтар, ата –аналар! 22 қыркүйек- Қазақстан халқының тілдер мерекесі күніне орай «Мемлекеттік тіл -менің тілім» атты ұйымдастырылып отырған тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Қазақстан- көп ұлтты мемлекет. Жүзден аса ұлт өкілдері мекен ететін елімізде татулық пен бірлік жарасқан. Қазақ тілі- мемлекеттік тіл. Ендеше, бүгінгі мерекеге келген қонақтарымызды ортаға шақырайық.

(Залға әр ұлт өкілдері болып киінген сыйлықтары бар

оқушылар кіріп жайғасады.)

Тіл- қоғамдағы қатынас құралы. Қазақ тілі дүние жүзіндегі ең бай, беделді де, бейнелі тілдердің бірі. Елімізде 140-тан астам этнос өкілі, 17 конфессиялды ұлттар тұрады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарабаев өзінің «Қазақсатан-2050» Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: Қазақстан -көпұлтты сипаты бар, біртұтас мемлекет. Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, тату- тәтті, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру -барша қазақтың басты қағидасы болу шарт. Өз халқын сүйетін адам, өз жұртына жақсылық тілеген жан өзге халықтарды ашындырмайды, өз ұлтын ешкімге қарсы қоймайды. Кез келген тіл өзге тілмен қарым қатынасқа түскенде ғана өсіп, өркен жаятынын әрдайым есте сақтаған жөн,- деп. Ендеше келесі кезекті қонаққа келген өзге ұлт өкілдеріне берейік.

<img width="«276»" height="«281»" src="«file:///C:/Users/7272~1/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image002.jpg»" v:shapes="«Picture_x0020_2»"><img width="«279»" height="«274»" src="«file:///C:/Users/7272~1/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image004.jpg»" alt="«Описание:" c:usersкнязь="" владимиръdesktopфото="" мамыфото5776.jpg»="" v:shapes="_x0000_i1026">

«Ғажайып алаң» интеллектуалды ойыны:

I топ ойыншыларын ортаға шақырамыз:

    1-Түрік ұлт өкілі — Елубаева Жансая Ерболқызы(тақпақ )

    2-Орыс ұлт өкілі -Манатұлы Мирас (мақал мәтел айтады).

    3-Кәріс ұлт өкілі- Мұратова Ақдана (салт дәстүр туралы ).

    (Бірінші топ ойыншыларының тапсырмасы, жауабы)

    (Ана тілі қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дәм де, мән де болу керек.

    Сұлтанмахмұт Торайғыров)

II топ ойыншыларын ортаға шақырамыз:

    1-Украин ұлт өкілі- Траисова Жазира Серікбайқызы (тақпақ).

    2-Өзбек ұлт өкілі -Нұрғазынов Аманбек (Ән «Қазақ елі»).

    3-Қырғыз ұлт өкілі -Сайынова Айгерім (жұмбақ жасыру).

(Екінші топ ойыншыларының тапсырмасы, жауабы)

(Ұлттық сананы, тіл мәдениетін, халықтардың ұлттық салт- дәстүрлерін дамытуда үлкен жұмыс атқаратын ұйым. Ассамблея)

III топ ойыншыларын ортаға шақырамыз:

    1-Қазақ ұлт өкілі — Омарбаев Сұлтан Амантайұлы(тақпақ).

    2-Үнді елі өкілі -Сагидолда Айжан Нұрланқызы (би, тақпақ).

    3- Грузин ұлт өкілі- Садықбеков Махамбет Нұржанұлы (би, жаңылтпаш айтады).

    (Үшінші топ ойыншыларының тапсырмасы, жауабы)

    (Көп тіл білетін адамды қалай атайды? Полиглот)

IVтопойыншыларын ортаға шақырамыз:

1-Цыған қызы -Жапаргалиева Айдана (Ән «Ананың тілі»)

2-Қазақ ұлт өкілі -Турсимбаев Көркем Нұрсерікұлы (би «Қара жорға»).

    (Төртінші топ ойыншыларының тапсырмасы, жауабы)

    (Ана тілін біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл — сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, орысша сөйлесең, бұл – күйініш.Халел Досмұхамбетов)

    VФинал: төрт топ жеңімпаздары ортаға шақырылады.

(Төрт топ жеңімпаздарының тапсырмасы, жауабы)

(Сөзден құрастырып, пікірлі әңгіме шығару үшін жұмсалатын зат — сөздер. Топырақтан иленіп, кірпіш жасалған сияқты, дыбыстан құралып, сөз жасалған. Сөзден бірігіп әңгімелер айтылады. Әңгіменің түрлі болып шығатыны тілдің дыбысынан, сөзінен, әсіресе, сөздің түзілуінен. Тілдің дыбысы жаман болса, дыбыстың қосылуы жаман болса, сөз жағымсыз болады. Әңгіменің әдемі болуы, шығуы сөздің тізілуі мен әңгіме айтушының пікірлеуінде. «Тіл қисыны»)

V-Супер ойын. Финал жеңімпазы ортаға шақырылады.

(Супер жеңімпазының тапсырмасы, жауабы)

(Тіл білімін зерттейтін ғалым.Лингвист)

VI — Жеңімпазды марапаттау.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1103596

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар