Менің Отаным - Қазақстан

Сабақтың тақырыбы:    Менің Отаным- Қазақстан

 

Мақсаты:

1. Оқушыларға  өркендеп өсіп келе жатқан Қазақстан Республикасының туын жоғары ұстап, елін, жерін қорғайтын азамат болып өсулеріне  ықпал ететін ұлттық  тәрбие беру. Ата Заңымыз бен  Қазақстан Ассамблеясының 20 жылдығы туралы әңгімелеу.

2. Отансүйгіштік, ұлтық сезімді дамыта отырып, Отанды  сүюге, ізденімпаздыққа, білімге құштарлығын арттыру.

Көрнекіліктері:

 Н.Ә. Назарбаев- суреті  Астана, Алматы қалаларының суреті, ел рәміздері,  тақырыптық  суреттер,  Қазақстан картасы,  кітаптар  т.б.

 

 Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

 

Мұғалім: Құрметті оқушылар, келген қонақтар!  Бүгінгі « Менің Отаным- Қазақстан» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Егемендігі мен тәуелсіздігі жас мемлекетіміздің жаңа конституциясын қабылдау оңай болған жоқ. Қазақстан үшін өндірістік қатынастардың жиынтығы болып табылатын экономикалық базисте, қатынастардың құқықтық негіздерін қайтадан қалыптастыру қажет болды. Сөйтіп Қазақстанда 1995 жылы 30 тамызда құқықтық  базаның іргетасы болып табылатын  конституция қабылданды. 

 Биыл  Конституцияның  қабылданғанына 20 жыл толып отыр. Қазақ жерінде биылғы жылы айтулы мерекелер баршылық.  

 

 I. «Отаныма арнаймын!» — оқушылардың өнер  көрсетіледі.(  Отан, туған жер, достық туралы жаттаған тақпақтары мен әндерін орындауы).

 

1- оқушы

 

Көз қуанып күн сайын көркеміне,

 Көңіліміз сенеді ертеңіне.   

Қазақстан- алып ел, төрі Астана,

Таным ғана лайық ел төріне!

 

2- оқушы

 

Отаным — Қазақстан туған жерім,

Мұнай мен газ болады асыл кенім.

Көркейтіп бір өзіңді келе жатқан,

Артамыз Елбасына үлкен сенім.

 

 

3- оқушы

 

Мен қазақпын, ұланымын қазақтың,

Тәуелсізбін, егеменмін, озатпын.

Көк байрағым тұр көгімде желбіреп,

Алатаудай көкке өрлеген азатпын.

 

4- оқушы

 

Желбірейді шарықтап,

Қазақстан жалауы.

Көкте қыран қалықтап

Қанат қағып барады.

 

5- оқушы

 

Көк аспанда нұрлы күн,

Күлімдейді далама.

Бақыт тілеп тұр бүгін,

Ол барлық пәк балаға.

 

6- оқушы

 

Ұлттық өрнек мұрамыз,

Адастырмас мұраттай,

Нық көтеріп тұрамыз,

Жалауды біз құлатпай.

 

7- оқушы

Бұлт баспасын күнімді,

Тарылмасын өрісім.

Биік ұстау туымды

Қасиетті борышым.

 

II. «Сұрақ –жауап» ойыны.

 

1. Біздің мемлекетіміз қалай аталады?

 

2. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

 

 

3. Қазақстан Республикасында қандай ұлт өкілдері тұрады?

 

4.  Елімізде қандай мерекелер аталып өтілуде?

 

 

III. Қорытынды: тапсырмалар беріледі:

 

1- топ. Қазақстан Республикасының өзен- көлдерін бейнелейді.

2-топ.  Қазақстан Республикасының болашағын елестетіп бейнелейді.

 

 

                          Достық бізге тым ыстық,

                          Бір- байлық, ырыс- құт.

                          Жарқырасын күніміз,

                          Жаса, жаса тыныштық.

    

                       Ән:   Туған жер ( хор)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119804

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар