Отбасы -өмір аясы

Кенжекөл отбасы үлгісіндегі балалар ауылы ММ

Тәрбие сағатының  жоспары

Тәрбиеші: Маймышева Айнагүл Турмысовна

Тақырыбы: Отбасы –өмір аясы

Мақсаты: «Отбасы» құндылықтары туралы түсініктерді, ұғымдарды кеңейту. Оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге баулу. Отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы, түсініктерді кеңейту. Отбасы  тәрбиесінің мән- маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге тәрбиелеу, алдағы өмірге даярлау.

Сабақтың барысы:

 І. Оқушылардың қызығушылығын арттыру. «Шаттық шеңбер»

Көңілге қуаныш сыйлайтын, жанымызды ізгілендеретін, өнер атауының ішіндегі құдыреттілерінің бірі күй тыңдауға шақырамын. /Күй тыңдау/

ІІ. Ойланайық.

1.Оқушыларды топқа бөлу. Әр топ «Отбасы» сөзіне кластер құрастырады.

2. Жалпы сыныпқа сұрақ: «отбасы», «отау», «отағасы», «отау иесі» деген ұғымдарды  қалай түсінесіңдер?

Отбасы негізі неде жеп ойлайсыңдар?

ІІІ. Назар аударайық.

Қ. Толыбаевтың шығармасынан үзінді оқыту  және оқушының есінде қалатын негізгі ұғымдарды анықтап, тақтаға жазу.

ІY. Мәтінмен жұмыс. Жұптық жұмыс

Ш.Айтматовтың «Мұрат» әңгімесінен үзінділер тарату. Әр жұп өзіне берілген мәтінмен жұмыс жасап, сұрақтар даярлайды. Жұптастары мәтінді ауыстыра отырып, бір-бірінің қойған сұрақтарына жауап береді.

Сұрақтар:

— Қаратайдың отбасына қандай сипаттама берер едіңдер?

-Отбасының берекелі болуы кімге байланысты?

— отбасын құру үшін адамдар қанша уақыт бір-бірін білуі керек деп ойлайсың?

Y. Шығармашылық жұмыс

1.Отбасына қатысты мақалдардың жалғасын табу.

2. «Құндылық құнын ұғыңдар» /карточкамен жұмыс/

Отбасымда ең сыйлы  ______________________________________

Ең қымбатты _____________________________________________

Ең ақылды_______________________________________________

Ең сүйкімді _____________________________________________

Ең құрметті______________________________________________

Ең  құнды_______________________________________________

Ең бағалы_______________________________________________

 

YІ. «Бақытты отбасы» модулін құру

1.     Өтілген мәтіндерді басшылыққа ала отырып отбасын құру үшін  өзіңізге қоятын талаптар тізбесін жасау

2.     Өз отбасыңның елтаңбасын жасап көріңіздер.

YІІ Рефлексия

«Жүректен-жүрекке»  өзара бір-біріне жылы  сөз айтады

 

 

 

 

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Тәрбие жоспарыТәрбиенің тұжырымдамалық негіздері

Ұстаз үнісындарлы оқыту теориясы мен тәрбиенің 12 бағытын ықпалдастыра отырып, адами құндылықтары дамыған оқушы тәрбиелеу

Қосымша пәндер«Құпиясы жоқ болса, өнердің құрметі де жоқ»

ҰстаздарғаИмандылық-адам көркі

БаяндамаОтаншылдық отбасынан басталады

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119833

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар