Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз

14 мамыр 2014 - infust
Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз

Арай Аманқызы. Алматы қаласы, «Жаңа Ғасыр» №175 гимназия

Мақсаты:

а) Оқушыларғы тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы, ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра екендігін танымдық деңгейін көтеру.

ә) Оқушыларды елжандылыққа, туған тілін қастерлеуге, Отанды сүюге тәрбиелеу. Мемлекеттік тіліне деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, слайдтар, үнтаспа

Барысы:

1 – жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме, ұстаздар және оқушылар! Қазақ халқында «Ер қазынасы – ескі сөз, ел қазынасы – ескі сөз», деген мақалдар бар. Халқымыз тіл құдіретін танып, ардақтаған. Олай болса, бүгінгі «Тіл – тірегіміз, соғыптұрған жүрегіміз» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Тілім барда қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрім бар, ата жолы, салтым бар.

Кең даладай жиналмаған шалғайы,

Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдақ.

2 – жүргізуші:

Туған тіле сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып – ақ алыңдар.

2 – жүргізуші:

— Халқымыздың тарихында елі үшін, ұрпағының болашағы үшін алысып өткен кемеңгерлері, ойшылдары, қайраткерлері аз болмаған. Солардың ең бастылары: от айызды, орақ тілді, ақылы асып туған билер – Төле, Қазыбек, Әйтеке.

Ел тағдыры сынға түскенде абыздай күңіреніп, арашаға келген осынау сұңғыла жандардың атқараған қызметі ұшан – теңіз. Ендеше, құрметті қонақтар, сол билерімізді ортаға шақырайық. (ұлттық үлгіде киінген үш би кіреді)

— Армысыздар, халайық!

1 – жүргізуші:

Қош келдіңіз, бабалар!

Үш кемеңгер дүлдүлім,

Сақтаған ел бірлігін

Қалың елім пір тұтар,

Қасиетті үш бабам тілім туралы не айтар?

Төле би:

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық?

Өсер бабаң байтақ далаң тұрғанда,

Қазақ тілің жасау керек мәңгілік.

Қазыбек би:

Жетер енді әркімге ермейік,

Қазақ болсын құлашты бір сермейік.

Қанға сіңген ана тілін халқым – ау

Шұбарлауға ешқашан жол бермейік.

1 – жүргізуші:

Ата – бабамыз ежелден үш нәрсені бойтұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өткен. Ол – ел, жер және тіл. Ана тілі – әр халықтың төл белгісі. Адам білімді, тәлім – тәрбиені тіл арқылы алады, мәдениетті, өнерді, салт – дәстүрімізді, ғылымды тіл арқылы үйренеді. Оның құдіреті, қасиеті туралы ақын толғаулары өте көп. Мысалы, Аян Нысаналин ағамыз:

Ана тілі деп атаудың себебі –

Анасындай қастерлесін дегені.

Өз анасын сыйлайтұғын әр адам

Өз тілін де құрмет тұтып келеді, — дейді.

2 – жүргізуші:

«Қазақ тілі – рухани байлығымыздың қайнар бұлағы» деп бекер айтылмайды. Қазақ елінде, қазақ жерінде қазақ тілі өркендеуі тиіс. Оған қазақ халұының ұрпағы ғана емес, Қазақстанды мекендеп жатқан барлық халық үлес қосуы тиіс. Ол үшін ана тіліміздің қадір – қасиетін өзіміз білуіміз, дәріптеуіміз, насихаттауымыз керек.

1 – жүргізуші:

1989 жылы қазан айында республикалық Жоғарғы Кеңес қабылдаған Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді.

Қазақстан Республикасының «Тәл туралы» заңы 11 сайлаған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс он төртінші сессиясында 1989 жылы 22 – қыркүйекте қабылданды. Тіл – ұлттың аса ұлы игілігі әрі оның өзіне тән ажырағысыз білгісі. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасынынң мемлекеттік тілі. Тіл байлығы – әрбір елдің мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес асыл мұра.

Әйтеке би:

Қазақ, қазақ болғалы,

Тіл үшін күрес көргені.

Көргені көп тілімнің,

Мүмкін емес өлмегі.

Төле би:

— Қош, балалар, бүгінгі тіл мерекесіне орай тақпақтарыңды тыңдай отырайық.

1. Аяжан:

Туған тілім – бабам тілім, өз тілім!

Туған тілім – анам тілім, өз тілім!

Туған тілім – далам тілім, өз тілім!

Туған тілім – адам тілім, өз тілім!

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудын қалса егер,

Жүрегімді суырып – ақ алыңдар!

2. Асылбек:

Ана тілім тастамайтын әліппем,

Болғаным жоқ әріптерін танып мен.

Өз тілімізді жақсы көру арқылы,

Достасамын басқа барлық халықпен!

3. Гүлзат:

«Ана тілдің құдіретін қанша айтсақ та түгесү мүмкін емес… біле білгенде адамдағы ұлттық мақтаныштың ұшқындары жүрекке тіл арқылы ұялайды, өмір бойы адамға ең тамаша эсситикалық ләззат беретін де ана тілің» Дағдыстанның халық ақыны Р. Ғамзатов

4. Ләззат:

«Қазақ тілі өткірлігімен бой балқытып, тамыр шымырлатып жан дүниеңді жандырып, құлақ құрышыңды қандырып, ұғымына қонымды, жүрегіңе тиімді тіл, керек кезінде көмейіне құм құйып, аузын аштырмай үнін шығармай, қоятын ғажап тіл...» Б. Момышұлы

5. Әділ:

Сүйемін туған тілді анам тілің,

Бесікте жатқанымда – ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымды,

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

6. Бота:

Менің ана тілім – шексіз бай, өте көркем тіл. Біздің тіліміз – ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазынамыз, өз атамекенімізде жүргендіктен, өз тілімізде сөйлеу басты парызымыз.

7. Еламан:

Қымбат маған ана тілім, бал тілім,

Қымбат маған дана тілім, ар тілім.

Ана сүтімен бірге сіңген бойыма,

Ана тілім – ардақ тұтар ар тілім.

8. Ақерке:

Өлең – жырмен арайланса, тау күліп,

Ардақтымды жырлап өтем ән қылып.

Мағжан, Қасым, Мұқағали жырлаған,

Жалғастырып жырлап өтем мәңгілік.

9. Жанна:

Қастерлейік қазақтың ана тілін,

Қайнаған қанысызбен баба тілін.

Бірлікке татулыққа ұран болған,

Бұрынғы тектілердің дана тілін.

10. Сұлтан:

Ана тілін жырлар өткен талайлар,

Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.

Қасиетті менің ана тілімде,

Өшпес мәңгі алаулаған алау бар.

11. Ләззат:

Туған жері – түп қазығы, айбыны,

Туған тілі сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт – санасы – тірегі.

Қадамына шуақ шашар үнемі.

12. Алмаз:

Ана тілі арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

13. Гауһар:

Ана тілім бақытым мен байлығым,

Ана тілім ардақтым да, аяулым.

Ана тілім өзіңменен дүл – дүлмін,

Ана тілім сенсіз қара даяумын.

14. Шоқан:

Тіл байлығы сарқылмайтын қазына,

Айтылатын өкпе наз бен базына.

Өз тіліңді шұбардатып сөйле деп,

Жазылған жоқ конституция заңына.

15. Қасиет:

Ана тілім шолпанымсың көгімде,

Ана тілім жарқыраған ай күнім.

Ана тілім сенсіз жалғыз отырман,

Ана тілім сені менен жайлымын.

16. Данияр:

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде мың – мың ыстық қаным бар.

Туған тілде әнім менен сәнім бар,

Туған тілім жүрек үнім наныңдар,

Нанбасаңдар,

Жүрегімді суырып – ақ алыңдар.

17. Нұрайна:

Тілді қорғау салтымызға жатпайды,

Тіл білмеген еш мархабат таппайды.

Өз тіліңнің тазалығын сақтасаң,

Ерсі кіріп ешкім кінә тақпайды.

18. Нұрбол:

Ана тілі біздің туған тіліміз,

Анамыздай сыйлап қағамыз.

Ана тілін бағаласақ қалай біз,

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.

Ана тілін кім аялай білмесе,

Анасынан безген ұл деп қараңыз.

19. Томирис:

Ана тілін білмеген,

Ақылы жоқ желікпес.

Ана тілін сүймеген,

Халқын сүйіп жарытпас.

20. Сымбат:

Тәуба, тәуба жаратқанға мың тәуба,

Біреу болсам қайтер едім жансауға,

Менің ұлтым қасиетті киелі,

Жасық емес асыл оның сүбесі!

21. Айдар:

Қымбат маған ана тілім бал тілім,

Қымбат маған дана тілім ар тілім.

Ақ сүті мен бірге сіңген бойыма,

Ана тілі ардақ тұтар алтыным.

Ана тілі жырлап өткен талайлар,

Жырлап қткен Ыбырай мен Абайлар.

Қасиетті менің ана тілімде,

Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.

1 – жүргізуші:

Ана тілім – абырой, ар – намысым,

Тілім болса болады қолда күшім.

Тіл болмаса қалайша орындалар,

Арман – ойым, мақсатым, алдағы ісім.

Халықтығым – біртұтас алыптығым.

Ана тілім – алдағы жарық күнім.

Төбем көкке жеткендей қуанамын,

Тілімнің құдіретін танып бүгін.

О, менің қасиетті Ана тілім,

Жебей көр астына алып қанатыңның.

Қазақ деген бойымда қаным барда

Өзіңсің көтеретін дара туым.

2 – жүргізуші:

«Қазақ тілі – рухани байлығымыздың қайнар бұлағы» деп бекер айтылмайды. Қазақ елінде, қазақ жерінде қазақ тілі өркендеуі тиіс. Оған қазақ халқының ұрпағы ғана емес, Қазақстанды мекендеп жатқан барлық халық үлес қосуы тиіс. Ол үшін ана тіліміздің қадір – қасиетін өзіміз білуіміз, дәріптеуіміз, насихаттауымыз керек, дей келе бүгінгі ашық сабағымызды осымен аяқтаймыз.

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ әдебиетіАхмет Байтұрсынұлы «Ақын ініме»

Қазақ әдебиеті7 «в» сыныбына арналған әдебиет пәнінен қысқа мерзімді жоспары

Қазақ әдебиетіСұлтанмахмұт Торайғыров «Бір адамға»

Қазақ әдебиеті7 - сынып қазақ әдебиетінен М.Әуезов «Көксерек» әңгімесін орташа мерзімді жоспарлау

Қазақ әдебиетіБағдарламаның жеті модулін қолдану әдістемесі көрсетілген тізбектелген төрт сабақтың топтамасын орташа мерзімді жоспарлау

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1152339

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар