«Айналайын анашым!» (ертеңгілік)

6 мамыр 2015 - салима торебай

«Айналайын анашым!»

Ертеңгіліктің мақсаты: адамзат баласын жарық дүниеге әкеліп, оны тәрбиелеп өсіретін ана екенін түсіндіру. Аналарды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Қымбатты балалар және біздің құрметті қонақтарымыз! Міне, бізге ең тамаша жыл мезгілі – көктем де келіп жетті. Күннің көзі қарды ерітіп, аналарымызға, әжелерімізге тіпті бүкіл дүние жүзінің әйелдеріне күлімдейді. Мейрамдарыңызбен асыл аналар, ақ жаулықты әжелер 8 наурыз мейрамы құтты болсын!

Жүргізуші: Бұл күнді тойлап жатыр барша халық,

Әйелдер күні бүгін халықаралық!

Жарыққа бізді әкелген аналарды,

Бүгінгі мерекемен құттықтайық!

Ұйытқысы жанұяның берекеміз,

Аналар, құтты болсын мерекеміз!

Әрқашан аналарым аман болса

Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз!

Залға музыка әуенімен ұл балалар кіреді.

Ұлдар биі.

Жүргізуші: Ау балалар бәрің қандай керемет сұлу жігіт болып кеткенсіңдер, ал тобымыздың қыздары қайда?

Жүргізуші: Балалар аналарың мерекеге, тойға барар кезде не істейді?(Балалар жауабы). Олай болса бізде сол жерлерден қыздарымызды іздейік.

Дүкен.

Қайырболат: Алло-алло сәлеметсізбе? Бұл киім дүкені ме? Біздің «Дайындық» тобының қыздары сіздерде бар ма екен?

Телефон жауабы: Сәлеметсіз бе! Иә, олар бұл жерде болған. Сәнді киім сатып алып мерекеге кетті.

«Сән салоны»

Қайырболат: Алло-алло сәлеметсізбе? Бұл сән салоны ма екен? Біздің «Дайындық» тобының қыздары сіздерде бар ма екен?

Телефон жауабы: Сәлеметсіз бе! Иә, сіздің топтың қыздары бізде болған. Сәнделіп қазір ғана таксимен мерекеге кетті, кутіп алыңыздар.

Музыка ойналып ішке қыздар кіреді.

Қыздар биі.

Ұлдар қыздарды отырғызады.

Жүргізуші: Бүгін наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі.

Армысың әжелерім, аналарым

Мейірбан аппақ көңіл даналарым.

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен

Құттықтайды сіздерді балаларың.

Кезекті балалардың аналарына арнаған тақпақтарына берейік.

Сапар: Сіздерде өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейрамыңмен,

Аяулы біздің аналар.

Сағадат: Мәпелейсің мені, анам,

Қолыңдағы құсыңдай.

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қысылмай.

Дүрдана: Мен деп кірпік қақпаған

Менсіз тамақ татпаған

Бақыты үшін баланың

Аман – сау жүр ақ мамам.

Ән: «Ақ мамам».

Жүргізуші: Балалар, сендердің әжелерің бар ма? Әжелеріңді жақсы көресіңдер ме? (Балалардың жауабы).

-Әжелерің де сендерді өте жақсы көреді, ертегі оқып береді. Олай болса, кәне, балалар әжелерімізге арнап тақпақ, өлеңдерімізді айтайық.

Дүрдана: Әже деген көп шығар,

Әжемдей менің жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі

Қандай ғажап күлкісі.

Гүлназ: Ертек қандай көп еді

Күнде айтып береді.

Қуанатын балаша

Әжем менің тамаша.

Әлижан: Аналарды сүйеміз,

Ақылын ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Ән: «Сағындым әже сағындым».

Жүргізуші: Мен үшін не керек

Бәрін іздеп табасың.

Айналайын анашым,

Жұмысыңа барасың.

Қайтып мені көргенде,

Шын сағынып қаласың.

Көрініс: «Үш ана».

Жүргізуші: Ойыннан келген Мадина

Әділет Қуыршағын іздеді.

Астынан үстелдің тапты да

Хал сұрауды көздеді.

Қызы: Қызым менің қалайсың

Қарақат Томсырайып қарайсың

Қарның ашып отырма

Тамақ ішсең жарайсың.

Егер тамақ ішпесең

Қу сүйек боп қаласың

Отыр кәне қасыма

Тамақтанып аласың. (қуыршағына тамақ береді).

Жүргізуші: Мадинаның осы сәт

Әділет Анасы үйге кіреді

Тағат таппай қызының

Қалын сұрап біледі.

Ана: Мадинажан бүгін сен

Айгерім Тамақ ішіп көрдің бе

Қызықтап әлде ойынды

Кешке дейін жүрдің бе?

Күнде саған ұмытпай

Тамағыңды іш деймін

Тіл алмайсың қырсығып

Осы сені не істеймін.( қызының қасына тамаққа отырады).

Жүргізуші: Анасының артынан

Әділет Аптығып әже кіреді

Ол дағы өз қызының

Қалын сұрап біледі.

Әже: Айналайын алтыным

Айшагүл: Шаршадың ба жарқыным?

Ішпедің-ау тамақты

Жайын ойлап жалпының.

Қарашығым, қарағым

Түсіңкі ғой қабағың

Сөткемен тұрып жұмыста

Болмай қалды ау тамағың.(қызының қасына отырады).

Жүргізуші: Аналардың елжіреп

Әділет Ет бауыры барады

Әрқайсысы сұқтанып

Өз қызына қарады.

Бәрі бірге қосылып: Қандай қиын, қараңдаршы

Қырсық мінез бала болу

Бәрінен де оңай емес

Білсеңіздер ана болу.

Хор: «Құттықтаймын мама!»

Ойын: «Кішкентай көмекшілер».

Роман: Достықты біз ойлаймыз,

Бірге күліп ойнаймыз.

Мерекеде қыздарға,

Достық жырын арнаймыз.

Ұлдардың ару қыздарымызға арнаған тақпақтарына кезек берейік.

Роман: Сабағы ылғи үздікті

Шығарса есеп ызғытты.

Арамызда Айшагүл,

Өзі ширақ қыз тіпті.

Ай секілді өзі де,

Сыңғыр-сыңғыр сөзі де.

Ақнұрдың өзі де,

Әдемі ғой көзі де.

Үмбет: Алар дәйім бестігін

Аққұба қыз кескінің.

Орта бойлы Інжу

Ақылды деп естідім.

Ыңғайы көңіл-күйінің,

Келгенде байқап бейімін.

Айтарымыз Айгерім

Еркесі ғой үйінің.

Қайырболат: Үздік оқып сабағын

Бәрімізге жағатын.

Гүлназ кейде қырсықса,

Түйіп алар қабағын.

Мерекеде көктемгі

Жақтырмайды өктемді.

Қарақатты байқаймыз,

Еркелігі көп тегі.

Азамат: Айтқанда әнді әуелі,

Ерекше шығар әуені.

Биязы қыз Толғанай,

Өзі де ұяң әдемі.

Сабағын да меңгерген,

Жақсылықты жөн көрген.

Ата-анасы Іңкәр деп,

Әдемі есім теңгерген.

Наурыз: Сабағынан қалмайды,

Жалқаулыққа бармайды.

Мерекеде Гүлденге

Ұлдар жырын арнайды.

Өзіңді ұлдар еледі,

Топтың өзің ерегі.

Сен де еліңе ардақты бол,

Сапар қыз дегелі.

Саған да жыр арналады,

Саусағынан бал тамады.

Үздіктердің қатарында,

Кішкентай қыз Дүрдана.

Би: «Тентегім»

Інжу: Бәрімізге анасың,

Біз үшін күн боп жанасың.

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын анашым!

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»

Гүлден: Баланың да тірегі

Дананыңда тірегі.

Шаншымасын ешқашан

Аналардың жүрегі.

Ақнұр: Сыйлайыншы гүлімді

Теріп алған даладан

Мейрамыңыз бүгінгі

Құтты болсын анажан!

Балалар аналарына сыйлықтарын таратып береді.

Жүргізуші:

Осымен біздің шағын ертеңгілігіміз аяқталды.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1150692

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар