Табиғатты қорғау – егеменді елімізді қорғау (тәрбие сағаты)

Сабақтың тақырыбы: Табиғатты қорғау – егеменді елімізді қорғау

Сабақтың мақсаты: оқушыларға Мұқағали шығармашылығын оқыта отырып, ондағы табиғат сыйын, сұлулығын ашып, экологиялық — танымдық тәрбиеге баулу

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.

— Оқушылармен амандасу
— Сабаққа қатысымын қадағалау
— Бар ынта, зейіндерін сабаққа аудару

Психологиялық дайындық

Біз тәртіпті баламыз
Дархан қандай даламыз
Әсем қызыл гүлдерге
Қызығып біз қараймыз

Жүргізуші:

Әй, табиғат!
Шеберсің – ау, шеберсің.
Көрмегенді көрсетерсің, берерсің
Ұлан-ғайыр байлығыңды місе етпей,
Ашкөзденген адамдарға не дерсің?

Табиғат – сөзін тарқату
Т- тылсым
А-ауа
Л-лас
И-иммунитет
Ғ-ғажайып
А-аспан
Т-топырақ

Жүргізуші

… Аман ба екен ақ иық қырандары,
Асқарында шақырған ұларлары
Тастары да тауымның сүйікті еді,
Тағылары жүр ме екен киіктері.


«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» мақал – мәтел айтып жарысу

Жүргізуші

… Ауа, шіркін! Не деген жұпар едің!
Жұта бергің келеді, жұта бергің
Жалғыз – ақ осы ауамен қоректенсең,
Досым сен, бұл өмірден ұтар едің.


Табиғат сөзіне ассосация жазу

Жүргізуші

...Әр жотаны қуалап мың бұлағы,
Желідегі құлындай шыңғырады
Қыран келіп киікке сорғаласа
Басын шайқап ну орман қынжылады

Керекті сөзді орнына қойыңдар

1)… – жүрек жас қайың!
Жанымды айырбастайын
Сен адам бола бастасаң,
Мен қайың бола бастайын
Келісесің бе, жас ...

2)Неге?
Неге қарайсың соншама ерек?
Айырмамыз, арамыз сонша бөлек.
Аққу деген – адал құс, айналайын,
… аман – сау қонса керек.

3)…, орманда,
Мына титтей тоғайда,
Топ – топ киік жайылатын
Сол – ойда
Үміт үзіп үріккен аң, ұшқан құс,
Енді қайтып бұл өңірге жолай ма?!
Жасауы жоқ жаққа оралу оғай ма?!

Керекті сөздер: айдынына,қайың, тау, жапырақ

Қорытынды:

Тоғай еді қара судың ар жағы,
Қайда кеткен қамысы мен талдары ?!
Не күзетіп, нені бағып жүр екен ?!
Қайда кеткен мына ауыл бағбаны.

Осыған ұқсас жазбалар:

Тәрбие сағатыДосымның тілі – менің тілім

БастауышЗиянды заттардың алдын алу

Тәрбие жоспарыСыр- сұхбат

БастауышМақтанышым-мемлекеттік рәміздер

Тәрбие сағатыНаурыз- жыл басы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119719

Пікірлер (1)
Базаргүл Алтынбекқызы # 19 шілде 2015 в 23:25 0
XXI ғасырдың экологиялық апатынан құтылудың жолдарын тез тауып, табиғаттың бұзылуын, азып- тозуын тоқтатуға жұмсаса жер жүзінде үйлесімді өмір жалғаса берері сөзсіз.Бұған негіз болатын жағдайлар бар. Оларға: адамның еркін дамуы,рухани дәстүрлер,қоғамдағы шынайы демократиялық үрдістің қанат жаюы жатады.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар