Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері

26 қараша 2014 - Админ
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері

Қазақстан Республикасы Білімжәне ғылым министрлігі

 

 

 

ТӘРБИЕНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

 

 

Астана    2014

 

Құрылымы

 

Кіріспе.....………………………………………………………......

3

1.

Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету.........................................

6

2.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің мақсаты мен

 

 

міндеттері.........................................................................................

7

3.

Тәрбие процесін ұйымдастырудың әдіснамалық негіздері..........

7

4.

Тәрбие жұмысыныңбасым бағыттары ..........................................

9

5.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерініске асыру

 

 

шарттары ...........................................................................................

17

6.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыруда күтілетін

 

 

нәтижелер .......................................................................................

18

7.

Глоссарий .........................................................................................

19

2

 

КІРІСПЕ

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері білім беру саласындағы мемлекеттік бағадарламаны жүзеге асыру аясында және қазақстандық қоғамда заманауи әлеуметтікмәдени трансформация ескеріле отырып дайындалды.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жалпыадамзаттық құндылықтардың басымдықтарын, адам өмірі мен денсаулығын, тұлғаның еркін дамуын, патриотизмгеңбексүйгіштікке,, адам құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеудікөздейді.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері республикадағы барлық үлгідегі білім беру мекемелерінде ұлттық дәстүрлер мен заманауи басымдықтарды сақтай отырып, оқу және тәрбие процестерінің көпөлшемділігі мен кіріктірілуін, мемлекеттік, қоғамдық және отбасылық тәрбие, тәрбиенің заманауи технологиялары әнеж оның басымдықтары ның теңгерімін қамтамасыз ету негізінде білім беруұйымдарының тәрбиелік әлеуетін арттыруға, тәрбие әдіснамасын, мазмұны мен құрылымын жаңартуға бағдарланған.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері Қазақстан Республикасы білім беру жүйесіндегі тәрбиенің басым бағыттарын, мақса ттарын, міндеттерін, бағалаукритерийлерін және механизмдерін анықтайды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілгендей, егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. Олар: Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы; қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім; зайырлы қоғам және жоғары руханият; индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім; Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы; тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы; еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Президент сондай-ақ, белсенді, білімді және дені сау азаматтар қалыптастыру, жаңа қазақстандық мәдениетті дамытуға жаңа серпін беру міндеттерін қойды. 2020 жылғы қазақстандық жастарды патриот, білімді, дені сау, жауапкершіліктіәне жжігерлі, и нновациялық экономика жағдайында табысты жұмыс жасайтын, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген, қазақ халқының құндылықтары мен мәдениетін бойына сіңірген, толерантты, әлемде танымал және құрметті тұлғаретінде көреміз.

Жалпыәлемдік тәрбие жүйесін зерттеу және талдау қорытындылары тәрбие мақсаттары, мазмұны, әдістері мен нәтижелері және қоғамдық құндылықтарөзарабайланысты екенінкөрсетіпотыр.

Бірқатар дәстүрлі, атап айтсақ, мұсылмандық (Египет, Иран, Кувейт), еуропалық (Англия, Австрия, Швеция, Финляндия), азиялық(Жапония, Корея, Индия), американдық тәрбие жүйелері алуантүрлі және бірегей бола

тұра, олардың барлығына дамудың күшті жақтарымен қатар, әлсіз жақтары да тән.

Еуропалық тәрбие жүйесіне дербестікті, жеке бас бостандығын құрметтеу, әуелсіздікт, қоғамның әлеуметтік негіздерін е скермеу және бағаламаутән.

Тәрбиенің азиялық моделінің артықшылығы – жоғары деңгейдегі ұжымшылдық, еңбексүйгіштік, тәртіптілік және әлеуметтік бағыныштылық болса, жеке бас жауапкершілігінің төмендігі, сенімсіздік, дербестікті басу – тәрбие моделінің кемшілігі болып табылады.

Қазақстандық тәрбие жүйесінің ерекшелігі – қазақ халқының діліне тән туған жерін, халқын сүю және құрметтеу, үлкенді сыйлау, кішіні қадірлеу,

ашықтық, қонақжайлылық, қайырымдылық, шынайылық,

толеранттылық

сияқты қасиеттерге негізделген тәрбиеге бағдарлану.

 

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің басты мақсаты «Қазақстан-

2050» − Мәңгілік Ел Стратегиясына қол жеткізудің

іргетасы болып

табылатын мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтар ескеріле отыра анықталды.

Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізген аз уақыт аралығында дүниежүзілік қауымдастыққа толық құқылы және беделді мүше болды, ол әлемдік экономикалық және мәдени кеңістікке белсенді түрде кірігуі басталды. Жаһанданупроцесіне кірігу шеңберінде қазақстандық жастар білім беру, ақпараттық және мәдени өзара алмасуға белсенді қатыса алды.

Оқушы жастардың санасында беделді білім алу уәжінің өсуі, әлеуметтік белсенділік, жаңа мамандықтарды және АКТ меңгеруге ұмтылыс, коммуникативтік құзыреттілік, мәдениетаралыққарым-қатынастың белсенді болуы сияқты жаңа позитивті трендтер пайда болды.Өз елінің тарихына, мәдениетіне және дәстүрлеріне, өз халқының мәдени мұрасына қызығушылығы арту негізінде ұлттық өзіндік сананың өсуі байқалады. Жаңа қазақстандық патриотизм, азаматтық, ізгілікке бағдарланған дүниетаным қалыптасупроцесіжүріп жатыр.

Елдегі оң өзгерістер білім беру ұйымдары қызметінің тәрбие жүйесінде өз көрінісін тапты. Тәрбие практикасында ізгілікті мұраттар, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар жүзеге асырылуда. Жалпықазақстандық діл, мәдени, ұлттық-тарихи дәстүрлер ескерілген ұлттың зияткерлік, рухани және шығармашылық әлеуетін жаңғыртуүшін жағдайлар жасалуда.

Мұғалімдердің кәсіби қызметінде үштілді білім беру саясаты, ақпараттық технологиялар қолдану ескерілген жастардың функционалдық сауаттылығы, көпмәдениетті тәрбие процесінің артуы байқалуда және т.б.

Республикада балаларға қосымша білім беру жүйесі зор мүмкіндіктерге ие болып отыр.

Жалпы білім беретінұйымдардың бүгінгі дамуын анықтайтын көптеген міндеттер жұртшылық тың, жергілікті қатрушы органдар дың, әденим демалыс орталықтары, отбасы, балалар мен жастардың қоғамдық ұйымдарының өзарабелсенді әрекеттесуі жағдайында ғана шешілуі мүмкін.

Республикада қамқоршылық кеңестерінің қызметі белсенді түрде кең тарай бастады.

Сонымен бірге,ұлттық тәрбие беру қажеттілігін түсіну мен балаларда және жастарда азаматтық көзқарас, патриоттық сезім, ұлттық құндылықтар қалыптастыру деңгейінің жеткіліксіздігі арасында қарама-қайшылықбайқалады. Жастар ортасында прагматикалық бағдарлану күшейіп барады, өмірлік құндылықтар арасынан қоршаған әлемге тұтынушылық және өзімшілдік қарым-қатынас, материалдық молшылыққа ұмтылыс, рақатқа табыну маңызды болып отыр. Жастардың бір бөлігіндеәлеуметтік-позитивті бастамашылық мүлдем жойылып, оның орнын мақсатсыз уақыт өткізу алмастырып отыр. Өмірлік жетістікке, жоғары әлеуметтік мәртебеге қол жеткізу табанды және нәтижелі еңбек етумен, қойылған мақсатқа дәйекті түрде жетубілігімен байланыстырылмайды.

Мектептегі әстүрлід оқу бағдарламаларының тәрбиелік әлеуеті жеткіліксіз, ұлғаныңт зияткерлік дамуына көп бағдарланған. Тәрбие жұмысында жастардың бос уақытын ұйымдастыруға, өңілк көтеру сипатындағыбірреттік шоу-шараларға көп көңілбөлінген.

Тәрбие жүйесінде жаһандану процесімен шиеленісіп отырған бірқатар төмендегі проблемалар:

-балалар мен қушыо жастардың батыстың мәдени құндылықтарына, сапасы төмен БАҚ ақпаратынажәне интернет-сайттарғабағдарлануы;

-қатыгездікті насихаттау, балалар мен жасөспірімдердің темекі шегуге, ішкілікке әнеж есірткіге, зорлық -зомбылыққа, оқушылар арасындағы жезөкшелікке тартылуы;

-еңбек тәрбиесі рөлінің төмендеуі;

-отбасылық құндылықтардың төмендеуі, отбасылық тәрбие дәстүрлерініңжойылуы;

-әлеуметтік жетімдік, балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид, нашақорлық, бүлдіргіш секталарға қатысужәне т.б. байқалады.

ЮНИСЕФ және ДДҰ 2012 және 2013 жылдардағы деректері бойынша Қазақстан суицид өрсеткіші жағынан жасөспірімдер арасында екінші орында, ал қыздар арасында бірінші орында. Қазақстан 10-14 жасар жасөспірімдер арасындағы өлім коэффициентінің деңгейі бойынша бірінші орында тұр.

Балаларға қосымша білім беру жағдайы жақсартуды қажет етеді. Республикадағы 680 қосымша білім беруұйымдарының ауылды жерлердегі саны – 284. Көптеген қызмет түрлері ақылы болғандықтан балалардың барлығына бірдей қолжетімді емес. Мұндай жағдайдың бірден бір себебі – нысаны балалар менқушыо жастарды рухани, адамгершілік, патриоттық дамыту болып табылатынәрбиеніт әлеуметтік құбылыс ретінде және мақсатты процесс ретінде жете бағаламау. Тек тәрбие ғана жастардың бойында олардың тұлға ретінде қалыптасуының негізі болып табылатынрухани-адамгершілік құндылықтарды жәнеқасиеттердіқалайды.

Тәрбие жүйесінде негізгі мақсаты тұлғаның өзіндік өзектену і мен мүмкіндіктерін және қабілеттерін толық ашу болып табылатын, адамның қажеттіліктеріне әнеж оларды қанағаттандыруға бағдарланған тұжырымдамадан бастап негізінде жеке даму тұрған түсініктерге дейінгіәлеуметтік-педагогикалық құндылықтар алмасуын көрсететін инновациялық көзқарас қажет.

Сонымен, қазіргі жағдайда тәрбиенің үйреншікті үлгісі тиімсіз болып қалды және жалпыадамзаттық әрі ұлттық құндылықтармен тәрбиеленген Қазақстан азаматын қалыптастырудың жаңа жағдайлары мен талаптарына

жауап беретінәрбиеніңТ тұжырымдамалық негіздерін

дайындаудың

объективті алғышарттары қалыптасты.

 

1. НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің нормативтік негізін Қазақстан Республикасының келесі стратегиялыққұжаттары құрайды:

–Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясы;

–Қазақстан Республикасының «Білім туралы»Заңы;

–Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы»Заңы;

–Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың«Қазақстан – 2050»: Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқынаЖолдауы;

–Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың«Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауы;

–«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың2011 -2020жылдарға арналғанмемлекеттік бағдарламасы»;

−«Барлық білім беру ұйымдарында оқытудың тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы29 маусымдағы№ 873 Қаулысы;

–ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 ж. 16қарашадағы № 521 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбиетұжырымдамасы;

–ҚР Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы №577 жарлығымен бекітілген Қазақстан« Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі 2013-2020 жылдарғаарналған тұжырымдамасы».

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын, Балақұқықтары туралы конвенцияны, Адамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарының халықаралық декларациясын, Үздіксіз білім беру бойынша ЮНЕ СКО ұсынымдарын ескереді.

 

2. ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Мақсаты: жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтармен тәрбиеленген, Қазақстан азаматы-патриотының қасиеттері, көшбасшылық қасиеттері бар, әлеуметтік және тұлғалық өзін-өзі анықтауға қабілетті білімді тұлға қалыптастыру.

Міндеттері:

1.Жаңадемократиялық қоғамдаөмір сүруге қабілетті азаматжәне патриот қалыптастыруға, тұлғаның саяси мәдениетіндамытуға ықпал ету.

2.Тұлғаның қоғам өмірі нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік әнеж этикалық принциптерін, оның моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.

3.Тұлғаны жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануға, ана тілінқазақ, халқының және Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетінқұрметтеуге тәрбиелеу.

4.Балалар мен жастардың құқықтық мәдениетін, құқықтық санасын,

балалар мен жастар ортасындағықатыгездік пен зорлық

-зомбылық

көріністеріне қарсы тұруәзірлігін қалыптастыру.

 

5.Бала ұлғасынт қалы птастыруда ата-аналардың ағарту жұмысына, олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін арттыруға, қамқоршылық кеңестерініңрөлін көтеруге ықпал ету.

6.Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету.

7.Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен тұлғаның кәсіби қалыптасуын және өзін-өзі іске асыруда саналықарым -қатынасынқалыптастыру.

8.Тұлғаның қоғамдағы жалпымәденимінез-құлықдағдыларынқалыптастыру, оның өнердегі жәнеболмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдауға, меңгеруге және бағалауға әзірлігін дамыту.

9.Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиетін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру.

10.Саламаттыөмір салтын, дене дамуы мен психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігінойдағыдай қалыптастыруүшін кеңістік орнату.

11.Табиғатты сақтауда белсенді азаматтық ұстаным тәрбиелеу; экологиялық сауаттылықпен мәдениетті жоғарыдеңгейдедамыту.

12.Ақпараттық мәдениет қалыптастыруға ықпал ету.

3. ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде тәрбие процесін ұйымдастырудың келесі әдіснамалықнегіздері анықталды:

 

Тұлғалық-бағдарлы көзқарас – өзара байланысты түсініктер, идеялар және іс-әрекет тәсілдері жүйесіне сүйену, тұлғаның өзін-өзі тану және өзін- өзі жетілдірупроцестеріне қолдаукөрсету, оның дербестігіндамыту.

Құндылықты (аксиологиялық) көзқарас – адамның әлемге, өзге адамдарға, өз-өзіне және т.б. қарым-қатынасын ұғынуымен және тұлғалық мағынасымен анықталатынжалпыадамдық жәнеұлттық құндылықтар.

Қызметтік көзқарас – тұлғаның оның қызметімен бірлігі, ол тұлғаның құрылымдарына тікелей және жанама түрдеөзгерісжасауды жүзеге асырады.

Құзыреттілік көзқарас – тәрбие мақсаттарын анықтаудың, тәрбие процесін ұйымдастыру мен оның нәтижелерін бағалаудың, оқ ушыларда олардың табысты әлеуметтенуін қамтамасыз ететін құзыреттіліктер қалыптастырудың ортақпринциптерінің жиынтығы.

Әлеуметтік көзқарас – әлеуметтік ақиқаттың тұлға мақсаты мен міндеттеріне бүкіл өмір бойы ықпал етуі, осы ықпалдың адам және қоғам үшін педагогикалықсалдарлары.

Жүйелілікті көзқарас – нысанды онықұрайтын бөліктердің жиынтығына жатпайтын және иерархиялық құрылымы бар күрделі құрылыс ретінде қарастыруды көздейді. Жүйелі түрде қарастыру құрылымдық компоненттерді, олардың қызметін бөліп көрсетуді, қызметтік-иерархиялықбайланыстар орнатуды, жүйеқұраушы факторларды анықтауды, сыртқы байланыстарды талдаудықажет етеді. Тәрбие жүйелерін, тәрбие процесін талдауда және құруда қолданылады.

Антропологиялық көзқарас – адамды оның әлеммен жан -жақтыбайланыстарында және тіршілік әрекеті көріністерін ің алуан түрлілігінде қарастыруға мүмкіндік беретін бірін біріөзара толықтыратын компоненттер жиынтығы, ол педагог-оқытушы-тәрбиешіні абстрактілі емес, деректі оқушыны, студентті өмір сүрудің күнделікті формасында, соның ішінде білім беруде нақты адамзат қоғамында тәрбиелеуге бағдарлайды.

Жаңа білім мазмұнына көшудегі тәрбие процесін ұйымдастыру келесіпринциптер арқылы іске асырылады:

Гуманистік бағыт принципі – педагогтың тәрбиеленушіге өз дамуына жауапты және дербес субъект ретінде қараудағы жүйелі қары м-қатынасы, оның тәрбие процесінде адамгершілік қарым-қатынас негізінде тұлғамен жәнеұжыммен өзара әрекеттесустратегиясы.

Диалогтық принципі– бір мезгілде қоғамдық мүдделерді сақтауда және тұлғалық-құнды мақсатты іске асыруда балалардың түрлі бірлестіктері, соның ішінде педагогтер ұйымдастырған мүмкіндіктерді жетекшілердің тәжірибе қалыптастыру, міндеттемелер мен ынтымақтастықтарды орындау, өзіндік менеджменткеқабілетін дамыту, әлеуметтік ұтқырлықты байқаудан өткізуүшін пайдалануды көздейді.

Мәденисәйкестілік принципі – тәрбие мәдениеттің жалпыадамзаттық құндылықтарына негізделуі және жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениет нормаларына сәйкес құрылуы тиіс.

 

Үздіксіздік принципі – тұлғаның күші мен қабілеттерін, оның кәсіби және жалпымәдени өсуін барынша толық іске асыруда оны тіршілік әрекетінің барлық кезеңінде жан-жақты дамыту, шығармашылық әлеуеті мен мүмкіндіктерін арттыру.

Табиғисәйкестілік принципі – табиғат дамуының ортақ заңдарының басымдығы; табиғи және әлеуметтік процестердің өзара байланысы; тәрбие жұмысындабілім алушылардың жынысы менжасерекшеліктерін ескеру.

Тұтастық принципі оқу және оқудан тыс қызметтердің кірігуімен қамтамасыз етіледі: оқу қызметі қазақстандық сәйкестіліктің когнитивті құрамдасын қалыптастырады; сабақтан тыс қызметте эмоционалды- құндылықты мінез-құлық компоненті дамиды.

Этникалық принцип – жалпыұлттық мәдениеттің гүлденуіне ықпал ететін әдениетжасаушым орта ны этникалық мәдениеттердің бірігуі, азаматтық келісім мен үйлесімге, қоғамдық қатынастарға қол жеткізу негізінде қалыптастыру.

4. ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде анықталған мақсаттар мен міндеттергеқол жеткізу тәрбие жұмысының басым бағыттарынанықтаудыкөздейді. Тәрбие жұмысының келесі 12 бағыты ұсынылады:

1.Қазақстандықпатриотизмжәне азаматтық тәрбие

2.Рухани-адамгершілік тәрбие

3.Ұлттық тәрбие

4.Құқықтық тәрбие

5.Отбасы тәрбиесі

6.Көпмәдениетті тәрбие

7.Еңбекжәне экономикалық тәрбие

8.Жалпымәдени жәнекөркем-эстетикалық тәрбие

9.Зияткерлік тәрбие

10.Дене тәрбиесі, саламаттыөмір салты

11.Экологиялық тәрбие

12.Ақпараттық мәдениет тәрбиесі.

Тәрбие жұмысын іске асыру тиімділігінөлшеуші ретінде критерилер ұсынылды, олар тұлғаның қоршаған әлемге, қандай да бір құндылықтарғажәнеқұбылыстарғақарым-қатынастар арқылыбайқалады.

 

 

Бірінші бағыт– Қазақстандық патриотизм және азаматтықтәрбие

Бұл бағыттыңмақсаты:

Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптастыруға, тұлғаның саяси мәдениетін дамытуға ықпал ету.

Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):

-Отанға, мемлекеттікқұрылысқа, мемлекеттік саясатқа, мемлекеттік идеологияға;

-ҚР Конституциясына, заңнамасына, мемлекеттік рәміздерге (елтаңба, әнұран, ту), құқықтық тәртіпке;

-елдегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімге, халықтар достығына;

-өз елінің экономикалық және әлеуметтік мәдени даму саласындағы және әлемдік аренадағыжетістіктеріне;

-басқа адамныңқұндылықтарына, құқықтары менбостандығына;

-өз өлкесінің (ауыл, қала, мөлтек аудан) табиғатына, мәдени-тарихиөміріне құрметпен қарауы, мақтаныш сезімінің болуы және

жауапкершіліктанытуы.

Іске асыру механизмдері

Сабақтар, оқу пәндері, сабақтан тыс іс-әрекеттер, қосымша білім беру. Ерлік, намыс және абырой тағылымдары. Дебат және пікірталас клубтары. Патриоттық форумдар, акциялар. Оқушылардың мемлекеттілік нышандарын және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білуге арналған байқаулар мен олимпиадалар. Қазақ халқының, Қазақстанда тұратын басқа этностардың мәдени мұрасы, дәстүрлері менәдет-ғұрыптарын зерттеу бойынша өлкетану экспедициялары. Мемлекетәдебиет,, өнер, ғылым қайраткерлерімен, соғыс ардагерлерімен және еңбек ардагерлерімен, қоғам қайраткерлерімен кездесулер. Балалар мен жастардың бастамашыл жобаларын дамыту. Балалар және жастар қозғалысы қызметін жандандыру

арқылы жүзеге асырылады.

Екінші бағыт– Рухани-адамгершіліктәрбие

Бұл бағыттың мақсаты:

Жалпыадамзаттық құндылықтармен, қазақстандық қоғам өмірінің нормаларымен әнеж дәстүрлерімен келісілген, тұлғаның рухани- адамгершілік және этикалық принциптерін, оның адамгершілік қасиеттері мен ұстанымдарынқалыптастыру.

 

 

Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):

-рухани-адамгершілік құндылықтарға, көпшілік мақұлдағанмораль нормаларына;

-өзінің қасиетіне, арынажәне парызына;

-ішкі бостандығына және адамгершілікшешім қабылдауына;

-адамгершілік тұрғыда өзінөзіжетілдіруіне, руханижәне нәтижелі қызметте шығармашылықәлеуетін іске асыруына;

-адамгершілікке жат қылықтар, руханисыздық, бедерсіздік

(нигилистік) көріністеріне;

-өзінің жәнеөзге халықтардың мәдениетіне, дәстүріне, әдет-ғұрпына;

-діни құндылықтарға жоғары адамгершілік байланыс орнатуы.

Іске асыру механизмдері

Оқытудың тәрбиелік әлеуетін күшейтуде оқу пәндері мазмұнына құндылықтарды кіріктіру; қосымша білім беру мүмкіндіктерін кеңейту;«Өзін-өзі тану» пәнін оқытуды жетілдіру; әлеуметтік, қайырымдылық жобаларды дайындауәнеж іске асыру, волонтерлықты дамыту; педагогикалық консилиумдар, ата-аналар институты әнеж т.б. арқылы

жүзегеасырылады.

Үшінші бағыт– Ұлттықтәрбие

Бұл бағыттың мақсаты:

Тұлғаны жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға, ана тіліне және мемлекеттік тілгеқұрмет, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу үшін кеңістік қалыптастыру.

Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):

-этникалықөзіндік санаға, этникалық сәйкестікке;

-мемлекеттік тілді және ана тілін меңгеруіне;

-өз халқының мәдени мұрасына;

-қазақ халқының және өз халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрпына;

-Қазақстанның этномәдениетіне;

-Қазақстандағы басқа этностардың мәдениетіне және этносаралық

бейбітшілік пен келісімге мақтаныш сезімін әнеж жауапкершілік

танытуы.

Іске асыру механизмдері

Сабақтар, оқу пәндері, қосымша білім беру, сабақтан тыс іс-әрекеттер.Этнопедагогика кабинеттерінқұру және жабдықтау; «Мәңгілік Ел» жобасы аясында акциялар,ҚР Елтаңбасы, Туы және Гимнін, қазақ халқының мемлекеттік тілін, әдениетім мен дәстүрлерін, Қазақстан тарихын білу бойынша байқаулар, олимпиадалар өткізу; өлкетану жұмыстары және т.б.

арқылы жүзеге асырылады.

Төртінші бағыт - Құқықтық тәрбие

Бұл бағыттыңмақсаты:

Балалар мен жастардың құқықтық мәдениетін, құқықтық санасын, балалар мен жастар ортасындақатыгездік пен зорлық -зомбылыққа қарсы тұрудаярлығынқалыптастыру.

Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):

-құқықтық тәртіп, мінез-құлық нормаларының бұзылушылығына қарсы тұруына;

-құқықтықнормабілімін меңгеруге;

-заң талаптарына, құқықтарына және міндеттеріне;

-құқықтың әлеуметтік құндылықтарын құрметтеуге;

-заңдылықтың бұзылуына қарсы күрес құралдарына;

-басқа адамдардың құқықтарын жәнебостандықтарын қорғауға;

-қатыгездікке, зорлық-зомбылыққа жәнет.б.қарсы тұруына;

-суицидтік мінез-құлыққажолбермеуге өз дайындығын көрсетуі.

Іске асыру механизмдері

Сабақтар, оқу пәндері, қосымша білім беру, сабақтан тыс іс-әрекеттер;құқық қорғау, әділет органдары қызметкерлерімен кездесулер; қоғамдық қорлармен бірлескен қызмет; әңгімелер, дәрістер, семинарлар, тренингтер, саяхаттар; ақпараттық-құқықтық материалдар тарату; «сенім қызметтері», «Мен және заң» акциясын ұйымдастыруарқылы жүзегеасырылады.

Бесіншібағыт— Отбасы тәрбиесі

Бұлбағыттыңмақсаты:

Бала ұлғасынт қалыптастыруда ата -аналарды қытуо, олардыңпсихологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін арттыру.

Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):

-отбасына;

-аға буынға, атасына, әжесіне;

-ата-анасына– әкесіне, анасына;

-аға-бауырлары мен әпке-қарындасына;

-туысқандарына;

-отбасы мүшесіретінде өзіне;

-өз отбасына жәнеұрпақты жалғастыруға;

-адамгершілік қағидаларды қолдауарқылы отбасының құндылықтарына және дәстүрлеріне;

-балаларының оқудағы және шығармашылықтағы табысы,

мектептегі тәрбие процесінің жетістіктеріүшін ата-аналарға;

-ата-аналардың мектептегі шараларды өткізуге;

-балалардыңпсихологиясына, дүниетанымынақұрметпен, ұқыпты

қарауы.

Іске асыру механизмдері

Білім беруұйымдарының қамқоршылық кеңестері және ата-аналар комитеті; Репродуктив денсаулық орталықтары, мамандардың кеңесін, бірлескен отбасылық шаралар өткізу; ата-аналардың мектеп өміріне қатысуы; әкелер, әжелер клубтары; ақсақалдар алқасы; мемлекеттік тапсырыс арқылы ата- аналардың психологиялық-педагогикалық жаппай оқуы; мемлекеттік емес ұйымдармен шығармаластық; аула клубтарының жұмыстарын қалпына келтіру; балалар мен жастардың қосымша білім беру нысандарына ақысыз негізде қол жеткізуін ұйымдастыру; элективті курстар, «Менің отбасым», «Жыл отбасы» фестивальдері, жақсы тәжірибесі бар отбасылармен кездесулер арқылыжүзегеасырылады.

Алтыншыбағыт— Көпмәдениетті тәрбие

Бұлбағыттыңмақсаты:

Білім беру ұйымдарының білім беру кеңістігін тұлға ның өзін-өзісәйкестендіруінің көпмәдениеттіортасы ретінде құру.

Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):

-мәдениетаралықәрекетке;

-мемлекеттік тілді, орыс және ағылшын тілдерінбілуге;

-толеранттылықпен ғалами пікір қалыптастыруға;

-көпмәдениетті тұлға қалыптастыруға қызығушылық, ұмтылыс

танытуы.

Іске асыру механизмдері

Сабақтар, оқу пәндері, қосымша білім беру, сабақтан тыс іс -әрекеттер.Халықтар достығы фестивальдері, байқаулар, тілдік және мәдени клубтар. Қазақстан халқы Ассамблеясымен және этномәдени орталықтармен ынтымақтастық; білім беру ұйымдарында Қазақстан халқы Кіші Ассамблеяларын құруарқылы жүзеге асырылады.

Жетіншібағыт— Еңбек және экономикалықтәрбие

Бұлбағыттыңмақсаты:

Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық пікірі мен кәсібиөзін-өзі анықтауына саналықарым-қатынасын қалыптастыру.

Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):

— мемлекеттің, өзөлкесінің экономикалық дамуына, инновациялық технологиялар енгізуге;

 

-кәсіптік білімге және еселі еңбекке;

-қоғамның материалдықжағдайынжақсартуға;

-еңбек қызметіндемақсатқа қол жеткізуге;

-нарықтық экономиканың заңдарына;

-мамандық таңдауына;

-үздіксіз білімнегізіндекәсібижинақылыққапозитивті көзқарас

танытуы.

Іске асыру механизмдері

Технология сабақтарындағы еңбек тәрбиесі, қосымша білім беру, мектептен тыс, сабақтан тыс іс -әрекеттер. Сенбіліктер, кәсіпорындарға саяхаттар, тәлімгерлермен, жаңашылдармен, табысты кәсіпқорлармен кездесулер, тәлімгерлік, дуальдық білім беру, кәсіби шеберлік байқаулары, студенттердің құрылыс әнеж педагогикалық отрядтары. «Өмірді және мансапты жоспарлау», «Кәсіби сынамалар» жобаларын іске асыру; «Технология» пәнінің материалдық-техникалық базасын нығайту арқылы жүзеге асырылады.

Сегізінші бағыт— Жалпымәдени және көркем-эстетикалық тәрбие

Бұлбағыттыңмақсаты:

Тұлғаның қоғамдағы жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, оның өнердегі жәнеболмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеружәнебағалауәзірлігіндамыту.

Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):

— қоғамда және қоғамдық орындардағыжалпығаортақмінез-құлық нормаларына;

-қарым-қатынас мәдениетіне;

-сөз мәдениетін сақтауға;

-эстетикалық түсініктерді жетілдіруге;

-көркемдік мәдениетсаласында эстетикалық мұраттарға,өнердегі және болмыстағы мінсіз сұлулыққа шығармашылыққабілеттер қалыптастыруға;

-ойлауға және шығармашылық қиялға, шығармашылыққызметке

құрмет көрсетуі.

Іске асыру механизмдері

Сабақтар, оқу пәндері, қосымша білім беру, сабақтан тыс іс-әрекеттер.Үйірмелер, әдеби клубтар және т.б.; театрларға, мұражайларға, көркемсурет көрмелеріне, галереяларға, тарихи орындарға саяхаттар; шығармашылық кештер, оқушылар жұмысының көрмелері, байқаулар; белгілі тұлғалармен, өнер қайраткерлерімен және т.б. кездесулер арқылы жүзеге асырылады.

 

Тоғызыншы бағыт - Зияткерлік тәрбие

Бұл бағыттыңмақсаты:

Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру.

Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):

-өмір бойы білім алуына;

-өздігімен білім алуы және алған ақпаратты пайдаланубіліктілігіне;

-сыни тұрғыданойлау, талдаужәне алған ақпаратты тиімді пайдалану қабілетіне;

-зерттеушілік жәнежобалық қызмет біліктерін, инновацияға қабілетті- лікті меңгеруіне;

-пікірталас жүргізудағдыларына;

-жасампаз қызметке;

— топтағы жұмысқа, корпоративтік рухты нығайтуға қызығушылық,

ықылас және талпыныс танытуы.

Іске асыру механизмдері

Сабақтар, оқу пәндері, элективті курстар, үйірмелер және қызығушылығы бойынша сабақтар, мектептік және желілік дебат турнирлері, оқушылардың бірлескен жобалық жұмыстары. Зияткерлік ойындар, байқаулар, тренингтер, викториналар, олимпиадаларғылыми, -техникалықконференциялар. Дарынды мамандармен және замандастарымен кездесулер. Психометриялық және социометриялық тестер менәдістемелер; көшбасшылықты дамыту жөніндегібағдарламалар және т.б.арқылыжүзегеасырылады.

Оныншыбағыт— Дене тәрбиесі, саламаттыөмірсалты

Бұлбағыттыңмақсаты:

Саламатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтаудағдыларын ойдағыдай қалыптастыру, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтаубіліктілігіүшін кеңістікорнату.

Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):

-денсаулық жағдайының скринингіне;

-әлеуметтік мақсаттар мен рухани қажеттіліктерге;

-теріс ықпалдарға қарсы тұрудың тиімдітәсілдерін меңгеруге;

-табиғи қабілеттерді орынды пайдалануға;

-денсаулық сақтауға жәненығайтуға, қауіпсіз және жауаптымінез- құлыққа;

-өмірдегі жаңа жағдайларға сабырлылығы;

-қауіпсіздік пен өмір сүруәрекетін қамтамасыз етуге;

-денсаулық сақтауортасын құруға;

-жаңаортағабейімделуге ықыласын және даярлығын көрсетуі.

 

Іске асыру механизмдері

Сабақтар, дене тәрбиесі және саламатты өмір салты сабақтары, оқу пәндері, қосымша білім беру, спорттық секциялар мен үйірмелер, ақпараттық-ағартукурстары, репродуктив денсаулық, нашақорлық, маскүнемдік, темекі тарту және АҚТҚ алдын алу жөніндегі семинар-тренингтер; денсаулық фестивальдері, спартакиадаларқауіпсіздік, бағдарлары; ақпараттық — диагностикалық материалдарды дайындау және тарату; «сенім қызметтерін» ұйымдастыруарқылы жүзегеасырылады.

Он бірінші бағыт— Экологиялық тәрбие

Бұлбағыттыңмақсаты:

Табиғатты сақтауда белсенді азаматтық ұстаным тәрбиелеу; табиғатқа аялы қарым -қатынас, оның байлығын еселеуге ұмтылыс қалыптастыру; балалар мен жастарда экологиялықсауаттылықтың «экологиялық санасының» жоғары деңгейін, табиғат пен қоғамның экоэволюциясын қабылдау қабілетін дамыту және күнделікті өмірде оларды басшылыққа алуы үшін жағдай туғызу.

Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы:

-экологиялық сауаттылыққа, табиғатқа, қоршаған адамдарға және өзіне, экологиялық қызметтің уәждемесі ментәжірибесіне;

-«адам-қоғам-табиғат» жүйесіне, туған өлке табиғатына, жергілікті, аймақтықжәне ғаламдық экологиялық проблемаларға;

-табиғаттыпайдалану және қоршаған ортанықорғаусаласындағы әр түрлі қызметке;

-адамдардыңөмір сүружағдайын анықтайтын табиғат ортасына;

-«Жасыл экономикаға» және энергияны сақтауға;

-экологиялық қауіпсіздік тәртібінің нормаларын сақтауға ұқыпты

жәнепозитивті көзқарасбілдіруі.

Іске асыру механизмдері

Сабақтар, оқу пәндері, қосымша білім беру, волонтерлық қозғалыстар; экологиялық форумдарға, ғылыми жобаларға, туған өлкеге жасаған экспедицияларға, туристік жорықтарға, сенбіліктерге, мектепті, ауданды, қаланы көгалдандыруға және абаттандыруға, жасыл желек отырғызуға, «Жасыл ел» қозғалысына қатысужәнет.б. арқылы жүзегеасырылады.

Он екінші бағыт — Ақпараттық мәдениет тәрбиесі

Бұлбағыттыңмақсаты:

Балалар мен жастардақпараттық өзара әрекеттесуде этикалық нормалары менқұндылықты мақсаттарын, ақпаратпен жұмыс жасауд а функционалдық дағдыларын қалыптастыру, білім беру процесінде жаңа құндылықты-маңызды білім алу негізінде тұлғалық ұстанымдарын жандандыру.

Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):

-ақпараттың түрлі дереккөздеріне;

-қажет ақпаратты іздестірудің тәсілдерімен арналарына;

-өз қызметінің түрлісалаларынан алынған ақпаратқа;

-Интернет-қауымдастыққақосылудеңгейіне;

-Интернеттегі девиантты мінез-құлыққа;

-ақпаратдереккөздерінөздігіменіздестірудің жолдары мен тәсілдеріне;

-Интернет-сауаттылыққа;

-жауапкершілікті мінез-құлыққажәне туындаған ақпараттықнәтижеге;

-ақпараттық қызметтегі жәнебайланыс жасаудағы этикалық нормаларғақызығушылықжәне ұмтылыс танытуы.

Іске асыру механизмдері

Сабақтар, оқу пәндері, қосымша білім беру, сабақтан тыс қызмет, рефераттар, ғылыми -зерттеу, ғылыми -тақырыптық ақпараттық жобалар, шығармашылық жұмыстар, баяндамалар, мәлімдемелер, мектептік және студенттік медиа-орталықтар, БАҚ, сайттар, кітапханаларды әріптеуд

арқылы жүзеге асырылады.

5. ТӘРБИЕНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІН ҚРБІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРУШАРТТАРЫ

Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету – тәрбие процесінің Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы нормативтік-құқықтыққұжаттарға сәйкестігі.

Ақпараттық қамтамасыз ету – тәрбие мәселелері бойынша заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану, мектепішілік әнеж жоғары оқу орныішілік БАҚ, баспа қызметін ұйымдастыружәнет.б.

Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету – педагог кадрлардың біліктілігін арттыру әнеж қайта даярлау, ғылыми -әдістемелік кешендер дайындау, вариативтікғдарламаларба, тәрбиелік және ақпараттық технологиялар енгізу. Тәрбие процесін ұйымдастырудың озат тәжірибесін анықтау, зерделеу және кеңінен тарату; тәрбие процесінде, сондай-ақ оны басқаруда жаңа технологияларды меңгеру; адамның рухани әлемін қалыптастыруынабіріздібағдарлану.

Ұйымдастыру-басқарушылық қамтамасыз ету – білім беру ұйымдарында және олардың құрылымдық бөлімшелерінде тәрбие жұмысын оңтайлы жоспарлау, олардың жұмысын үйлестіру негізінде тәрбие қызметін

тиімді ұйымдастыру үшін жағдай жасау; негізгі және қосымша білім беру мазмұнын кіріктіру; жұмыстың тиімді тәжірибесін ұдайы зерттеу, жалпылау және тарату, тәрбие процесіне мониторинг жүргізу, тәрбие процесі субъектілерінің пікірін зерделеунегізінде біртұтас білім беру кеңістігін құру. Зерттеушілік, инновациялық қызметті қолдау; отбасылық тәрбие жүйелерін және мектептің тәрбие жүйесіне отбасын қатыстыру ісін қайтажаңғырту.

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету – қажет материалдық,

техникалық жағдайлар жасау, тәрбие жұмысын республикалық және жергілікті бюджеттерденқаржыландыру, тәрбие п роцесіне қатысушыларды ынталандырудыңикемді жүйесін тиімдіпайдалану.

Психологиялық-педагогикалық қолдау балаларды тәрбиелеуде білім беру ұйымдары педагог -тәрбиешілерінің педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледждердің, ғылыми ұйымдардың профессорлық- оқытушылық құрамымен, ата-аналар қауымдастығымен және қоғамдық ұйымдармен серіктестігін және ынтымақтастығын білдіреді. Ол балалар мен жастардың әлеуметтік-педагогикалық қорғанысын қамтамасыз етуді, өзіндік құндылық пен психологиялық жайлылық сезімін қалыптастыруды; дамудағы психологиялық-педагогикалық кемшілікті түзетуді қажет ететін балалар мен жастардың түрлі категорияларымен жұмыс жүйесін жетілдірудікөздейді.

Назарбаев зияткерлік мектептері әрбиет жұмысының тәжірибесін трансляциялау және енгізу: тәрбие жұмысын академиялық пәндер, қосымша білім беру, сыныптан тыс шаралар және НЗМ жеке жобалары арқылы іске асыру практикасы. «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы, «Туған елге тағзым» өлкетану зерттеу экспедициясы, жазғы әлеуметтік практикалар, волонтерлық, әлеуметтік акциялар, зияткерлік ойындар әнеж т.б.

Кадрлық қамтамасыз ету тәрбие жұмысымен айналысатын педагог қызметкерлердің барлық категорияларының біліктіліктерін арттыру және қайта даярлауды; сынып жетекшілері, кураторлар, мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтердің функционалдық міндеттерін қайтадан бөлуді көздейді. Мектептерде тьюторлық институтын, еңбекақысы төленетін (штаттағы) сынып жетекшілерін енгізу. Жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша педагогикалық колледждер оқушылары және жоғары оқу орны студенттерініңпедагогикалық практикасынжаңғыртуды жүзеге асыру.

6.ТӘРБИЕНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАКҮТІЛЕТІННӘТИЖЕЛЕР

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері:

– Қазақстанда тұлға мінез-құлқының дұрыс уәждемелік-құндылықтыаясын;

 

–оқушы жастарда қазақстандық патриотизм, азаматтық сана, толеранттылық және көшбасшылық қасиеттер қалыптастырудың артып отырған деңгейін;

–жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардағы мәдениет негіздерін, ана тіліне жәнемемлекеттіктілге және этномәдениетке құрметті;

–рухани дамыған және жоғары адамгершілікті тұлға қалыптастыруда отбасы институтының тәрбиелік әлеуетін күшейтуді;

–өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі тәрбиелеуге жан-жақты саналы түрде қатысуды, табысты әлеуметтенуді, өз бетінше білім алуды және өзін -өзіжүзеге асыруды қамтамасыз етуітиіс.

Сонымен, Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің жалпы векторы білімді, адамгершілікті, жігерлі, көшбасшылық қасиеттері бар, таңдау жасау жағдайында өздігімен шешім қабылдауға даяр, ынтымақтастыққа және мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар, «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты − Мәңгілік Елге қол жеткізуде белсенді қатысатын адамды қалыптастыруға бағытталған.

ГЛОССАРИЙ

Тәрбие – тұлғаны мақсатты қалыптастыру процесі. Бұл арнайы ұйымдастырылған, басқарылатын және бақыланатын, соңғы нәтижесі қоғамға қажет және пайдалы тұлға қалыптастыру болып табылатын тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердіңөзара іс-әрекеті.

Азаматтық-патриоттық, құқықтық және көпмәдениетті тәрбие

гуманизмге, қазақ халқының тілін, тарихы мен әдет-ғұрпын құрметтеуге

және сүюге, оның озық дәстүрлерін сақтауға және дамытуға, Қазақстандағы басқа халықтардың мәдениетін зерделеуге, қабылдауға және меңгеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, құқықтық және саяси мәдениетті, дамыған ұлттық өзіндік сананы, ұлтаралыққарым-қатынас мәдениетін, әлеуметтік және діни толеранттылықты қалыптастыруы тиіс. Қазіргі жағдайда тәрбиеленушілердің құқықтық санасын, балалар мен жастар ортасында құқыққа қайшы көріністерге қарсы тұру даярлығын қалыптастыру зор маңызға иеболуда.

Рухани-адамгершілік тәрбие қоғам өмірінің нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген тұлғаның өзіндік санасын дамыту, этикалық принциптері мен оның моральдық қасиеттерін және мақсатын қалыптастыру үшін жағдай туғызуды көздейді.

Отбасылық тәрбие, айқындаушы буыны адамгершілік, рухани және гуманистік құндылықтар тәрбиесі басым адамдар арасында эмоциялық және тиімді қарым-қатынастардың әлеуметтік-тарихи тәжірибесін табыстау болып табылады. Алдыңғы кезекте балалар мен жастардың әлемдік және ұлттық мәдениет, ұлттық дәстүрлер және барша қазақстандық қоғам қажеттіліктері негізінде құрылған жалпыадамзаттық және ұлттық

құндылықтарға

бағдарлануы тұрады.

 

• Тұлғаның өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыруы. Өзін-өзі тану жас адамға қоршаған әлемді түсінуге және өзінің сондағы орнын сезінуге, өзінің өмірлік ұстанымын анықтауға, өзінің қоршаған әлемге көзқарасын жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан жүйелеуге көмектесуі тиіс. Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өзін- өзі өзектендіруіне, оның қабілеттері мен әлеуеттік мүмкіндіктерін жүзеге асыруда қажетті шарт болып табылады. Адам, сонымен өзін-өзі тануының нәтижесінде толысу сезімін, өмір қуанышын, оның мәнісін сезіне отырып тұлғалық өсужәнеөзін-өзіжетілдіруқабілетіне иеболады.

• Тұлғаның әлеуметтік-маңызды және жеке қасиеттерін,

ерекшеліктерін қалыптастыру (әлеуметтік бейімділік, әлеуметтік белсенділік, әлеуметтік тұрақтылық) әлеуметтік қарым -қатынас жүйесіндемінез-құлықтың өз стилін, шығармашылығын және дербестігін дамытуды, қоғамда болып жатқан өзгерістерге жылдам және тәнік (адекватты) әрекет етуді, белсенді өмірлік ұстанымы болуын көздейді.

• Коммуникативтік әдениетм қалыптастыру мінез-құлықпринциптерін анықтайды, құндылықтар жүйесін, мұраттары мен нормаларын көрсетеді және шығармашылық қызметте өзінің дербестігін көрсету үшін қарым-қатынас ұйымдастыруға, байланыстарды орнату, дамыту, өзара келісу, жолға қою және түзетужасауға көмектеседі.

Экологиялық тәрбие адамда табиғатқа этикалық көзқарастардың және қарым-қатынас этикасының пайда болуын және қалыптасуын, табиғат ресурстарының жай-күйіне жеке жауапкершілік сезімі мен адамдардың олармен орындыәрекеттесуін тәрбиелеуді көздейді. Экологиялық тәрбиенің негізі, ең алдымен, қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын сақтау, елдегі экологиялық жағдай туралы халықтың хабардарлығын қамтамасыз ету болып табылады.

Эстетикалық тәрбие сұлулыққа қатысу арқылы, көркем мәдениет арқылы, дәуірлер мен халықтардың көркем құндылықтарына қатысу арқылы, ұлттық және жалпыадамзаттық призма арқылыадамгершілік-рухани құндылықтар қалыптастыруды көздейді. Өнер құралдарының көмегімен дамудың қазіргі кезеңінде өзіндік санасы жаңа, анағұрлым жоғары деңгейдегі, тұжырымдамалы ойлауға, әлемді тұтас көре білуге, өзінің шығармашылық қызметінде ол туралы құндылықты түсініктерді іске асыруға, ұжымда өмір сүру білігіне, әлем мәдениетімен және адамдармен қарым-қатынаста өзін көрсете білуге қабілетті адам қалыптастыру маңызды міндетболып табылады.

Дене тәрбиесі және саламатты өмір салты н қалыптастыру жас адамда саламаттыөмір салтын қалыптастыруды, тұлғалық қасиеттер қалыптастыра бастауды психикалық тұрақтылықты және тиімді кәсіби қызметте қажеттерді қамтамасыз ететін өз мақсаты ретінде қояды. Оның құрамдас бөлігіне профилактикалық білім беру кіреді. Саламатты өмір

салтын қалыптастыру адам ағзасының мүмкіндіктері, оның қызметінің ерекшеліктері, адамның дене, психикалық және рухани денсаулығының өзара байланысы туралы түсінік беретін ағарту жұмысында ғана емес, сол сияқты тәрбиеленушілерді түрлі спорт түрлеріне тікелей баулу арқылы да жүзеге асырылуы тиіс.

Еңбек және экономикалық тәрбие балаларда, жасөспірімдер мен жастарда өзіне-өзі қызмет ету білігін және дағдысын, еңбек іс-әрекетінің әр түріне жауапты және шығармашылық қарым-қатынасын, ұжымда, топта жұмыс істеу біліктілігін; адамның өз әрекетінің мәнін және салдарын дұрыс бағалап, қажет ресурстарды жұмылдырып, олардың шынайы әсерін күшейте отырып, белсенді және жауапкершілікпен әрекет етуді, яғни жаңа өндіріс пен қоғамды құрубіліктілігін қалыптастыруды көздейді.

Кәсіби-шығармашылық тәрбие кәсіптік және тұлғалық маңызды негізгі құзыреттіліктерді (арнайы, бейіндік, коммуникативтік, әлеуметтік, зияткерлік, ақпараттық, дербес) және оның басқа түрлерін қалыптастыруды, білім алушылардыәсіптік қауымдастықтың дәстүрлері мен құндылықтарына бейімдеуді, кәсіптік этика нормаларын ұстануды көздейді.

Зияткерлік мәдениетті дамыту білім алушылардың белсенді ойлау қызметін дамытуды, олардыңсанасын шынайы, қарапайым біліммен байытуды, ойлау қабілетіндамытудыкөздейді.

Ақпараттық мәдениет – адамның жалпы мәдениетін құраушылардың бірі; дәстүрлі, сондай-ақ жаңа ақпараттық технологияларды қолданып жеке ақпараттық қажеттіліктерді тиімді қанағаттандыру бойынша мақсатты дербес қызметті қамтамасыз ететін ақпараттық дүниетанымның және білім мен білік жүйесініңжиынтығы.

Осыған ұқсас жазбалар:

БаяндамаОтаншылдық отбасынан басталады

Ұстаз үніҰстаз бақыты

Ұстаз үнісындарлы оқыту теориясы мен тәрбиенің 12 бағытын ықпалдастыра отырып, адами құндылықтары дамыған оқушы тәрбиелеу

ҰстаздарғаИмандылық-адам көркі

Қосымша пәндер«Құпиясы жоқ болса, өнердің құрметі де жоқ»

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1115533

Пікірлер (1)
Гүлзипа # 21 тамыз 2015 в 21:39 0
Жаңа 8 бағытқа байланысты айтарларыңыз барма

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар