Төтенше төнген нәубет

4 сәуір 2014 - Лаззат Куанова

Төтенше  төнген  нәубет

Сабақтың   тақырыбы: Төтнше   төнген  нәубет

Мақсаты: оқушыларды  жат  ағымдардан  сақтандыру ,«секта» туралы  түсініктер  беру. Дін  туралы  түсінігін  кеңейту

Сабақтың  түрі: ой   тастау,  пікірлесу.

Көрнекілігі:  интерактивті  тақта, слайдтар, видео роликтер.

Сабақ  жүрісі:Ұйымдастыру  бөлімі

Негізгі  бөлім

Қорытынды  бөлім

 

          1.Ұйымдастыру

Мұғалім:құрметті  оқушылар  бүгінгі  біздің «Төтенше  төнген  нәубет» атты сынып  сағатымызға  қош  келдіңіздер!

Өз  ойларымызды  пікірлерімізді  ортаға  салып  отырайық.

        2.Негізгі  бөлім

 

Дін  туралы  түсінік  беру

 

                                       Әлемдік  дін

 

 

 

ислам                                                                       христиандар

                                 буддизм

 

                        

                                         

 

 

 

                       И  с л  а  м

                      

                                  

                                   

     ханбали          ханафи           шафиғи           малики     

 

Осы  төрт  мазһабтың  ішінде  халқымыздың  ділі  мен  табиғатына  жақыны  бабаларымыз  әу  бастан   таңдаған  бірегей  мазһабы  «Ханафи» мазһабы.  Исламда  ұлттың  бір  мазһабта  болуының  артықшылығы  көп  халық  біртұтас,  ынтымағы  мен  бірлігі  күшті   ұйымшыл  болатыны  дәлелделінген.

Орталық  Азияда  қанша  ғасырлардан  бері  діни  алауыздықтың  болмай,  ұрыс- керіс,  дау- жанжалдан  іргесін  аулақ  ұстауының да  бірден –бір   сыры осында.  Өйткені  құлшылық    амалдарының  бір  болуы  ондай  жат  пиғылдың  тууына  жол  бермейді.

 

«Секта» дегеніміз  не?

«Секта» термині  латынның «sekta» сөзінен  шыққан  және  екі  түсінігі  бар:

а)  бір  бөлігі

б)  ой, ілімі бейнесі.

 

Сәйкесінше, латын  тіліндегі»secare- «кесіп  тастау» (бүтіннің  бір  бөлігі)

Және «sedge»-«еру»(ілім мен ой  бейнесінде  біреудің   артынан) сөздер «sekta» сөзінен  туынды  болып  табылады.

Секта- бұл  белгілі  бір  сеніммен бөлініп  шығып, сол  сенімнің  қағидаларына  жатпайтын  теріс іс-әрекеттер  жасайтын  топ.

 

                                       Секта

                                                                      христиандық

Шартты                                                      секталар

секталар                      миссионерлік

                                         секталар       

 

Шартты  секталар-(бұлар  дінге  күмәнмен  қарайды)-қауіптілігі   жағынан  үшінші  орында.

Адамды  арбау  басты  методикасы:Әл-ауқатты  жақсартуға, кіріс  мәселесін  жақсартуға,  депрессиядан    құтқаруға   уәде  беру  арқылы  өз  сектасына  кіргізу.  Көбіне   орта  жастағы  азаматтарды  арбайды.  Кейде  бұл  секталар   адамның  ақшасын, дүниесін  тартып алуды  көздейді.

Християндық  секталар-  секталардың  ішінде екінші түрі

қауіптілігі  жағынан  орта  дәрежелі секталар деп  атайды.

Бұл  секталар  өз  дінінің   өзге  діндерден  жоғары   тұратынын  сендіруді  көздейді.

Миссионерлік  секталар

-үшінші  түрі:: миссионерлік  секта.( негізгі  әрекет  адамды  ұйқыдан  айыру  арқылы   үгіт  насихатына  сендіру) Миссионерлік  секта  көбіне  жасөспірімдерді  арбайды. Бұл  секталар ежелгі  және  қазіргі  заманғы  психотехниканы   пйдалана  отырып,  адамды  ақыл  есіне  айырады да,  оны   барлық  айтқандарын  орындайтын  мәңгүртке  айналдырады.(зомбироват етеді)  Бұл  өте қауіпті.

 Діни  ағымдардың  атқаратын  қызметі:

-Ислам  атын   жамылып, бейбіт  өмір  тыныштығын  бұзу;

-Бүкіл  әлемдік  халифат  құру.Бұлар  үкіметті  де, мемлекетті де  иен  шекарасын  да  мойындамайды. Ал  пайғамбарымыздың(с.ғ.с)»халифалық  менен  отыз  жылға  дейін  жалғасады, одан  соң  патшалық  пен  әмірлік  басталады»-деген хадисін  көзге  ілмейді;

-Ислам  қағидаларын  бұрмалап  өзгерістер  енгізу;

-Мұсылмандар  арасын  жікке  бөліп,  дүрдараздық  туғызу;

-Мемлекет  жүйесін  құлатып, билікке  қол  жеткізу;

-Қазақтың  шығу  тегі  мен  елінің  тарихын   мойындамау;

Ұлттық  салт-  дәстүрді бидғат(жоққа  шығару) санау;

Ата  заңымыз  бен өзге  заңнамаларымызды  мойынсұнбау;

 

Қорытынды:

                            Тұжырымдама

Біз   тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді  мәңгі  ұмытпауға, оны  әрдайым  есте  сақтауға  мінддеттіміз.  Басқа  діни  секталардың  арбауына  түсу,  өз  дінін,  өз  отанын   сату      деген  сөз.  Себебеі,  дін  біздің  рухани  болмысымыз,  бүгініміз  бен  ертеңіміз  және  болашағымыз. Біз  түрімізбен  емес  керісінше  тілімізбен  және  салт -  дәстүрімізбен  қазақпыз.

 

 

       

Осыған ұқсас жазбалар:

Тәрбие сағатыДосымның тілі – менің тілім

БастауышМақтанышым-мемлекеттік рәміздер

Тәрбие сағатыНаурыз- жыл басы

БастауышЗиянды заттардың алдын алу

Тәрбие жоспарыСыр- сұхбат

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1062434

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар