тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы

29 маусым 2015 - гүлжазира жолжанова

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы

Мақсаты: Тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, болашаққа сеніммен қадам басу, жас ұрпақты отаншылдыққа, адамгершілікке, елжандылыққа, Отанына адал қызмет етуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, осы тақырыпқа байланысты слайдтар, рәміздер, суреттер

Жүргізуші:

Ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың ең асыл мұраты – еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреген ақындарымыз «егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» деп жырлап өтті. Қазақтың құлан жортса тұяғы тозатын, қыран ұшса қанаты талатын ұлан – ғайыр даласы бар. Ата – бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен сол даланы қорғап қалды. Көптен күткен, тарихы терең айтулы мерекелерімізге де қол жеткіздік.

Хор: Ән ұран

Жүргізуші:

Желтоқсан – майдан, жанжалы деме көшенің,

Желтоқсан – зары боздағын көмген шешенің

Сызылған қанмен желтоқсан ұлы шекара,

Бүгіні мен кешенің

Жыр шумақтарына кезек берейік

1 – оқушы

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді

Туымызды бізге ешкім бермеді

Ел тізгінін қолына алу жолында

Қыршын кетті талай қазақ ерлері

2 – оқушы

Желтоқсанда, Алматыда ақ қарда

Алма бақтар ақ қырауға батқанда

Күңірене күн күркіреп тау жақтан

Жайдың оты жалаң қақты шатқалда

Бурыл көктің көкірегін тілгілеп

Найзағайлар от бишігін тұр білеп

3 – оқушы

Аман қалаған шабуылдан жүздеген

Батыр халық екенбіз ғой біз деген

Аямаған жұрттан нанын тұзбенен

Жомарт халық екенбіз ғой біз деген

4 – оқушы

Республика! Ерікті ел – Қазақстан

Келді ақыры көп күткен жаз алыстан

Келді алыстан аңсатып, армандатып,

Торды бұзған мен де бір арыстан!

Жүргізуші:

Жас арудың жанарында – Желтоқсан

Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан

Қаралы өмір қайыстырған халқының,

Қара тұман қабағында – Желтоқсан

Ерлігі үзілмеген қазақ халқының перзенттері ретінде Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға бас иіп, Желтоқсан құрбандарын еске алу үшін 1 минут үнсіздік жариялаймыз.

Жүргізуші:

«Желтоқсан оқиғасы» көрініс

Жүргізуші:

Әр қазақтың есінде сақталады

Желтоқсандық өрендер ақталады

Ел намысын қорғаған сарбаздарым

Ерліктерің мәңгілік сақталады

Би: қазақ биі

Жүргізуші:

Біз қазақпыз –

Ел үшін атқа мінген,

Жанып жатқан лапылдап отқа кірген

Бойтұмар ғып ар – ұждан қазынасын

Ерлеріміз ел намысын сақтап жүрген

Хор: «Атамекен»

Жүргізуші:

Елімнің атын айтсам – Қазақстан

Жерімнің атын айтсам – Қазақстан

Қойнауы қазынаға толған мекен

Байлығының атын айтсам – Қазақстан

Тәуелсіздік тақырыбында жыр шумақтар

5 – оқушы

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған!

Бұл далаға жылап келіп, уанғам,

Бұл даланы көріп алғаш, қуанғам

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О тәңірім, Бізді баққа жолықтыр!

6 – оқушы

Атыңнан айналайын, қазақ деген

Қазағым, қайсарлығың ғажап дер ем

Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай

Көрсең де көресіңді азаппенен

7 – оқушы

Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын

Желтоқсанда шықты алаңға жастарым

Әр ұрпақтың құрбандары жеткілік

Дербестікке құн сұрамақ басқа кім?

8 – оқушы

Кім танымас тербелеген тал бесікті

Болаққа айқара аштық кең есікті

Барша ел аузын ашып тамсанумен

«Қандай ғажап егемен ел десіпті»

Жүргізуші:

Кең далалы кең пейілді қазақпыз

Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз

Қас тағдырдың қиқаңына көнбейміз

Ел намысын ешбір жауға бермейміз,

Сертің осы, азат жігіт, азат қыз!

Қара жерде қылтыңы жоқ бір елім,

Әрі биік, әрі кеңбіз, тереңбіз

Хормен: Өсе бер, өркендей бер, тәуелсіз қазақ елі!

Осымен «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Халық үшін қам жеген қазақ ерлерін естен шығармай, әрқашан мақтан тұтып, тәуелсіздік туын көкке мақтанышпен желбіретейік.

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышМақтанышым-мемлекеттік рәміздер

БастауышЗиянды заттардың алдын алу

Тәрбие жоспарыСыр- сұхбат

Тәрбие сағатыНаурыз- жыл басы

Тәрбие сағатыДосымның тілі – менің тілім

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141106

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар