Туым тұғырлы, Елтаңбам еңселі, Әнұраным айбатты

23 қаңтар 2015 - Айымкөз Шакирова

Тақырыбы: Туым тұғырлы, Елтаңбам еңселі, Әнұраным айбатты

Мақсаты:Елтаңба, Ту, Гимн туралы түсініктерін нығайту.Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту. Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Гимнін қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Түрі: ойталқы

Әдісі: топтық жұмыс, Эдвард де Боно“6 ойлау қалпағы”, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: слайд, бейнеролик, қалпақтар, жүрешелер

Сабақ барысы: Сыныпты шеңберге тұрғызып, Мемлекеттік рәміздер бейнеленген жүрекшелер (жүрекшелер алты түсті) арқылы топқа бөлуҚолдарына алған жүрекшелерді рәміздерге деген ерекше сезім, махаббатпен жүрек тұсына қойып тұрып, Гимн орындау.

(Сыныпты жүрекшелерде бейнеленген рәміздердің бейнелері арқылы үш топқа бөліп отырғызу)

Кіріспе сөз

Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылады.

Мемлекеттік рәміздер — тәуелсіздігіміздің, егемендігіміздің жарқын бейнесі. Тәуелсіздікке қол жеткізген кезеңде төл рәміздеріміз де дүниеге келді. 1992 жылдың 4 маусымында Елбасы Н.Назарбаевтың қол қоюымен тұңғыш рет еліміздің Туы, Елтаңбасы бекітілді. 1992 жылдың 11 желтоқсанында Мемлекеттік Гимн қабылданды. Арнайы Жарлыққа сәйкес, 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтетін болдық.

Рәміздер — белгілі бір елдің өмір салтын, бүкіл болмыс-ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын білдіретін белгі. Әр елдің Мемлекеттік рәміздері географиялық, мәдени, тарихи жағдайларына байланысты қалыптасады. Мемлекеттік рәміздердің ұлттық патриотизмді қалыптастырудағы рөлі ерекше.

Рәміздер — мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекетті мемлекеттік саяси рәміздерсіз елестету мүмкін емес. Әрбір Қазақстан азаматы Мемлекеттік рәміздерді аялауға, жанашырлықпен қарауға, құрметтеуге, сонымен қатар жұмыс орнында дұрыс қолдану мен насихаттауға жүктелген жауапкершілікті түсінуі тиіс. Мемлекеттік Тудың түсі оңып кетпеуін, бүлінбеуін, биікте желбіреп тұруын қадағалап, бақылау жұмыстарын жүргізуі қажет.

Бейнеролик тамашалау

Бейнероликті тамашалай отырып әр топ өзіне қажетті мәлімет жинақтап отырады. Бейнероликті тамашалап болған соң әр топ

«Тұғырлы Туым»

«Еңселі Елтаңбам»

«Айбатты Әнұраным» тақырыптары бойынша бейнероликтен жинақтаған мәліметтермен бөліседі, постер қорғайды

Өзіміз туған аулымызыда рәміздері қай жерлерден көріп жүрміз?

(оқушылардың жауаптары тыңдалады, жауаптан соң оқушыларды сабақтың басында үлестірілген жүрекшелердің түсі арқылы алты топқа бөліп отырғызу)

Слайд арқылы оқушыларға суреттер көрсетіледі.

Суреттерді көргенде қандай сезімде болдыңыз?

Рәміздеріміз тиісті дәрежеде, дұрыс қолданылып келе ме?

(Эдвард де Боно “6 ойлау қалпағы” арқылы өз ойларын білдіреді)

6 қалпақ

žАқ (ақ бұлттар) — фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру

Рәміздердің қолданылуына байланысты нақты деректер мен фактілер келтіреді.

žҚызыл (от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру

Рәміздердің қолданылуына байланысты өздерінің ішкі сезім, пікірлерін білдіреді

žҚара (тұман) – негативті ойлау, мысалы: “бұл орындалмайды, себебі....”

Рәміздеріміздің дұрыс қолданылмайтынын айтып, қарсы шығады. Рәміздерді қолданудағы кемшіліктерге тоқталады

žСары (күн) — оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!»

Рәміздерді қолданудағы кемшіліктер болса да, жасалып жатқан жұмыстардың жақсы жақтарына тоқталады.

žЖасыл (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар

Рәміздерді қолдануға, насихаттауға байланысты жаңа ұсыныстар мен идеялар айтады

žКөк (аспан) – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды.

Барлық айтылған ойларды қорытып, өздерінің ішкі сезімдерін білдіреді.

Қорытынды

Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатып тұр. Бүгінгі елтаңбамыз ел тарихының тереңінен тамыр тартып, ұлттық рухымызды биіктетіп, шаңырағымыздың беріктігін паш етіп, республикамыздың қанатты тұлпардай ұшқырлығын айғақтап келеді.

Ұлттық рухымызды асқақтататын қазақ елінің рәміздерін әрқашан биік ұстайық!

Барлығы бірге «Көк тудың желбірегені» әнін орындайды.

Кері байланыс

Туымыз әрқашан биіктен желбіресін деген мақсатпен тақтада ілулі тұрған бәйтерекке көк стикерлерге жазылған тілектері мен сабақ туралы ойларын жазып, жапсырады.

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышЗиянды заттардың алдын алу

Тәрбие жоспарыСыр- сұхбат

БастауышМақтанышым-мемлекеттік рәміздер

Тәрбие сағатыНаурыз- жыл басы

Тәрбие сағатыДосымның тілі – менің тілім

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141082

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар