Шығысытың қос шынары

17 маусым 2015 - гүлжазира жолжанова

Сабақтың тақырыбы: Шығыстың қос шынары

Сабақтың мақсаты: Жас жеткіншек ұрпақтарды Мәншүк пен Әлияның өмірбаяны мен ерлік істерін баяндау барысында Отансүйгіштікке, ерлік рухқа баулу.

Сабақтың түрі: тәрбие сағаты

Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, баяндау, ой толғау

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, суреттер, слайдтар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.

-Оқушылардың сабаққа қатысымын қадағалап, назарын сабаққа аудару

Кіріспе сөз: Жетсек деген арманымыз көп еді

Айтылған жоқ махаббаттың өлеңі,

Бізді туған күнімізбен құттықтап,

Ешкім бізге гүл ұсынған жоқ еді

Бірақ ерте, тым ерте жандық біз,

Жанарлардан мөлдір жас боп тамдық біз

Жанымызды құрбан еттік осылай,

Біздей ерте солмау үшін барлық қыз – деп Әлия мен Мәншүк апамыз елі мен жері үшін, болашағы үшін жандарын құрбан етті.Олардың рухына бір минут үнсіздік жариялаймыз.

Жүргізуші:

Әлия мен Мәншүк туралы баяндама

1 – оқушы.

Абырой атағына намысың сай,

Жаулардың төбесіне түсірдің жай

Керемет кешегі өткен ерлігіңді

Ешқашан ұмытпаспыз, қос апатай.

2 – оқушы.

Отан – ана жылағанда шерленіп,

Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт

Қара бұлтты қақ жарайық дедік те,

Қолымызға қару алдық ерленіп.

3 – оқушы.

Сынған жоқ өлсең – дағы сенің сағың,

Өлген жоқ өрлей түсті жастық шағың

Еске алып мәңгі саған бас иеміз,

Қос әпке, торқа болсын топырағың

Жүргізуші:

Соғыстан қалт еткен кезде шығыстың қос шынары алыстағы елдеріне хат жазатын еді.Бірде майданның алғашқы шебінде жүріп, Мәншүк Алматыдағы апасы Әминадан посылка алып, алмаға қарап апасын еске алып отырған кезде, Әлия да қағазды тізесіне қойып, еліндегі бауыры Сапураға хат жазады.

(Әлияның Сапураға соғыста жазған хаты)

« Сәлем саған Отаным

Сәлеметсің бе, қымбатты сіңілім Сапура. Жиі – жиі хат жазамын деймін саған, бірақ жағдай мүмкіндік бермейді.Сенің жазған хатыңды алған соң бірнеше рет хат жаздым, оны алған, алмағаныңды білмеймін. Жақында менен ұзақ уақыт хат болмаса, таңданба, бұрынғы адреске жаза бер, себебін кейін хабарлармын. Көкеме, жеңешеме және басқа да туыстарға менен көп – көп сәлем айтып хат жазарсың. Егер көре қалсаң, мен үшін балалардың бетінен сүй. Өз денсаулығыңды, өмірің жайлы жиі хат жаз. Бетіңнен сүйдім Әлия»

Ән: «Катюша»

Жүргізуші:

Елеңдеумен, келер деумен күндіз – түні,

Қайран шеше, білсе уақыт озғанын

Жылдар бойы жүрді – ау үзбей үмітін,

Бозаң белден күтіп қыршын боздағын

(Мәншүктің анасына жазған хаты.)

«Қымбатты мама»

Көптен күткен хат пен посылканы тура алғы шепке жүргелі тұрған сәтте алдым.Бұл 1943 жылдың 10 – шы қыркүйегі еді. Өзіме бір – ақ алма тисе де, мен қатты қуандым.Кішкене сыйлықты мен сияқты күткен жауынгерлер мен командирлер талап кетті.Үлкен рахмет.Түнде мүлдем дерлік ұйықтамаймыз, ал күндіз тынығамыз.Міне, қалт еткен сәтті пайдаланып, сізге жауап жазып отырмын.

Қымбатты әпкетай! Бүгін күндіз сәл тынығайын деп жатыр едім, бірден ұйықтап кетіппін.Сізді түсімде көрдім.Жалпы қазіргі өміріміз көңілді: фашистермен қару тілімен келіссөз жүргізіп жатырмыз.Жеңіспен оралған соң, айтатын нәрсе көп – ақ.Қолыңды қатты қысып, құшып сүйемін.Қызыңыз Мәншүк.Менің майдангер жолдастарым сәлем айтып жатыр.

Жүргізуші: Ән: «Мен қазақ қыздарына қайран қалам»

4 – оқушы.

Мәншүк апай батыр қыз
Ардақтаймыз атын біз
Ұқсап Мәншүк апайға
Өсіп келе жатырмыз.

5 – оқушы.

Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып
Жеңіс келді қуандық көңіл тасып
Жауды жойып батырлар елге оралды
Ата — анамен қауышты құшақ ашып

6 – оқушы.

Әлия, Мәншүк қайсар қызы қазақтың
Ерлігіне таңданамын ғажап тым
Солар төккен қызыл қанның арқасы
Қазақстан аспанында азат күн

7 – оқушы.

Мектебіне, бақшасына бүлдіршін
Барсын, күлсін, анасымен бір жүрсін
Бейбітшілік күні жанса төбеде
Әлия, Мәншүк біреу емес мың гүлсің!

Жүргізуші: Соғыстағы ардақты әкем мен асыл атама және қамқор ағамаамандық хат (Оқушылар соғыс кезеңін елестете отырып, өздерінің аталарына хат жолдайды. 2,3 – оқушы өз хаттарын оқып, почташы жігітке тапсырады.)

Би: «Синий плоточек»

8 –оқушы.

Әлия, Мәншүк өлмегені сол болар
Қос қарлығаш ардақталар қорғалар
Қазақ өткен ұмытпаса тарихын
Болашаққа егемендік жол болар.

9 – оқушы.

Мамыр келді ағаштар бүрін жарып
Бейбіт өмір оралды күні жарық
«Шүкір» деп әжелер жүр ақ жаулықтың
Ұшымен көздің жасын сығып алып

Даламыздың даңқысың

Балауса гүл балғын қыз.

Жанын қиып, халқы үшін,

Жанып жүреген ақ жұлдыз

Жүргізуші:

Сұрақ – жауап

1. Ерлікті қалай түсінесіңдер?

2. Қазақтың батырларын атаңдар

3.Ерлік, батырлық туралы мақал – мәтел білесіңдер ме?

4.Өзіңді ерлік іс жасадым деп ойлайсың ба?

5. «Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені» дегенді қалай түсінесіңдер?

6. Соғысты қалай түсінесіңдер?

7.Әлия туралы не білесіңдер?

8.Мәншүктің қысқаша өмірбаянын айтыңдар

9.Ер адамға тән мінез

10.Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды?

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

Жүргізуші:Соғыс! Зұлмат соғыс! 1941, 1942, 1943, 1944, 1945 осы 5 жыл ішінде қаншама өмір қиылып, қанша отбасы өз тіректерінен айырылды. Осы сұм соғыста тек жігіттер ғана емес сонымен бірге жігіттермен қоса аруларымыз да соғысқа аттанған еді.Қазіргі таңда дүниені дүрліктірген соғыстың жарын таңын қуана көз ашып, күңірене еске аламыз.Осымен «Шығыстың қос шынары» атты тәрбие сағатымыз аяқтлды. Уақыт бөліп келгендеріңізге рахмет!

    Хор : Ешкім де, ешқашан да, ештеңе де ұмытылмайды

Үйге: «Соғыстың салқын ызғары» немесе «Ерте солған бәйшешек» ой толғау

Абай атындағы орта мектеп

Тәрбие сағаты

Өткізген: Жолжанова Гүлжазира

2014 – 2015 оқу жылы

(Әлияның Сапураға жазған хаты)

« Сәлем саған Отаным

Сәлеметсің бе, қымбатты сіңілім Сапура. Жиі – жиі хат жазамын деймін саған, бірақ жағдай мүмкіндік бермейді.Сенің жазған хатыңды алған соң бірнеше рет хат жаздым, оны алған, алмағаныңды білмеймін. Жақында менен ұзақ уақыт хат болмаса, таңданба, бұрынғы адреске жаза бер, себебін кейін хабарлармын. Көкеме, жеңешеме және басқа да туыстарға менен көп – көп сәлем айтып хат жазарсың. Егер көре қалсаң, мен үшін балалардың бетінен сүй. Өз денсаулығыңды, өмірің жайлы жиі хат жаз. Бетіңнен сүйдім Әлия»

(Мәншүктің анасы Әминаға хаты)

«Қымбатты мама!

Көптен күткен хат пен посылканы тура алғы шепке жүргелі тұрған сәтте алдым.Бұл 1943 жылдың 10 – шы қыркүйегі еді. Өзіме бір – ақ алма тисе де, мен қатты қуандым.Кішкене сыйлықты мен сияқты күткен жауынгерлер мен командирлер талап кетті.Үлкен рахмет.Түнде мүлдем дерлік ұйықтамаймыз, ал күндіз тынығамыз.Міне, қалт еткен сәтті пайдаланып, сізге жауап жазып отырмын.

Қымбатты әпкетай! Бүгін күндіз сәл тынығайын деп жатыр едім, бірден ұйықтап кетіппін.Сізді түсімде көрдім.Жалпы қазіргі өміріміз көңілді: фашистермен қару тілімен келіссөз жүргізіп жатырмыз.Жеңіспен оралған соң, айтатын нәрсе көп – ақ.Қолыңды қатты қысып, құшып сүйемін.Қызыңыз Мәншүк.Менің майдангер жолдастарым сәлем айтып жатыр »

« Шығыстың қос шынары »

(Әлия мен Мәншүктің өмірбаяны)

Отаным үшін бар іске

«Дайынмын!» деп ант берді

Пилотка, шинел үстінде,

Маңдайда қызыл жұлдызы

Солдаттар полкі ішінде,

Қазақтың жүрді қос қызы – деп жырлағандай шығыстың шынарлыры туралы қысқаша өмір дерек

Мәнсия Мәмбетова – Орда елді мекеніндегіМәмбетовтер отбасында дүниеге келген.Әкесінің аты – Жеңіскәлі, анасы – Тойылша.5 жасынан бастап әкесінің туысқаны Ахмет пен Әмина Мәмбетовтер тәрбиесінде болған.

Қазіргі таңда Нариманов көшесінде, яғни Мәншүк тұрған үйде мұражай орналасқан. Семей, Алматы қалаларында білім алып, дәрігер болуды арман еткен.

Әлия Молдағұлова – Қобда өзені бойындағы қазіргі Бұлақ ауылында дүниеге келген.Әкесі – Нұрмағанбет, әжесі – Тәжікен.Нағашы ағасы Әубәкірдің қолында өсіп, ағасымен бірге Алматы, Жамбыл, Москва, Санкт – Петербург қалаларында тұрып, білім алады.Сабағын жақсы оқып, «Артекте» демалады.

Үзбейтін еді гүлдерді,

Жем тасып құсқа беретін

Кішкентай қос қыз жүрегі,

Даланы жақсы көретін – дегендей Әлия мен Мәншүк апаларымыз қазақтың кең байтақ даласын қорғап кетті.

Орындаған: Райбек Әсемназ

Осыған ұқсас жазбалар:

Тәрбие сағатыДосымның тілі – менің тілім

Тәрбие сағатыНаурыз- жыл басы

БастауышЗиянды заттардың алдын алу

Тәрбие жоспарыСыр- сұхбат

БастауышМақтанышым-мемлекеттік рәміздер

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119745

Пікірлер (1)
Базаргул Агимбекова # 24 маусым 2015 в 19:53 0
Ержүрек батыр қыздарымыз ел есінде мәңгілік сақталады, патриоттық мәні зор.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар