Қасымша жырлау (Оқушы шығармашылығы)

11 сәуір 2014 - Лаззат Куанова

    Құрметті   ғаламтордағы  оқырман  қауым, біздер Қ.Аманжоловтың «Өзім  туралы» өлеңін   оқығаннан кейін Қасымша    жырлауды  ұйғардық

   Қасымша  жырласақ..… .   

 

 

 

 

                             

 

Өзім туралы

 

Опорный  орта  мектебі

7-сынып  оқушысы

Нұрланов  Бағытжан

 

Өзімді айта кетсем Бақытжанмын,

Әкемнен қалған жалғыз ұрпағымын

Атам да,әкем де менің жүріп кеткен,

Нағашы атамның бір торпағымын.

 

Досым бар көптеп-көптеп әлдеқандай,

Доспын деп біреулер мені алдағандай.

Отбасым аман болсын тек өзіме,

Анам бар, апам да бар асыл айдай.

 

Жауым азда, досым көп бір арманым,

Тез өтіп кетеді де бұл жалғаным.

Сондықтан отбасымды қадірлейін,

Бұл өмірде шыныменде қинамаймын.

 

 

 

Өзім жайлы

 

Нұрлыбекова  Арайлым

7»ә»сыныбы

 

 

Сәлем бердім, мейірман аналарым,

Армысыздар,әкедей паналарым.

Ата-анамның ардақты қызы едім,

Аққу құстай көл жағасын жағаладым.

Атым Арай, Таз руының еліненмін,

Маңғыстаудың-Боранқұлдың жеріненмін.

Осылайша,өзімді таныстырып,

Көңілден  арай  нұрды  төгілтемін

Ана сүтін, шын ниетпен, ақтаймын.

Ата-дәстүр салтында, мен сақтаймын.

Жамандықтың қас жауы болып жүрмін,

Жақсылыққа мен өзімді баптаймын.

Сүйемін, Отанымды,құндылықты,

Жүрегім адалдықты үн қылыпты.

Сыйындым, тек  Аллаға құдіреттің,

Қызымын мен Исаев Нұрлыбектің.

Өзім жайлы айтып болдым, көп созбайын

Барымша тереңдетіп сөз қозғайын.

Тағылым мен білімді қатар берген,

Ұстазым сізді қалай ұмытайын.

 

Ғиниятова Индира

Опорный  орта  мектебі

7»ә» сыныьы

 

Өз жайымда мен өзім айтайында

Көңілімде қуаныш жай барында.

Айтайында  мен мына өз жайымда

Достарыммен көңілді тұрғанымда.

 

Елді мекен Боранқұлды мекен еттім

Осында туып өсіп, ойнап күлдім.

Достарыммен әрқашан тату болып

Ренжіген досқа адал көңіл бөлдім.

 

Бүгін міне туған күнім қуанышты

Керемет арайланған  көңіл хошы.

Осы өмірге әкелген мына мені

Рахмет ана,әке алтын жүзді.

 

 

 

                  

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1084899

Пікірлер (1)
Таланттар мектебі # 12 қаңтар 2015 в 11:12 0
Әдебиет пәнінің мұғалімдеріне бір көрсетіп алсаңдар,.. Өлең жазудың қаншама ережесі бар. Тіпті Абайдың айтқанынан бастап, ұйқастарды да орын-орнына қойып түсіндіріп береді. Талпыныстарыңз жақсы, ұстазсыз болмайды бірақ.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар