"Мұқағалиге арнау" оқушылар шығармашылығы

10 сәуір 2014 - Админ

Мұқағалиге  арнау

Ағамыз жастайынан  ақын болған,

Мұқағали  ардақты  да,  атақты жан.

Құрметтеп  елдің  бәрі  ағамыз деп,

Болапмын  артынан  қуар ақын оған.

 

Оқығалы  келемін  естіп жырын,

Балалармен оқимыз өлең- мұңын.

Мұқағали  есімін  ұмытпайық,

Поэзияға із салған  ұлы ақынын.

Әбдіраманова Ақжол

№162 орта мектептің 7- сынып оқушысы

Қожамберді  ауылы, Жаңақорған ауданы, Қызылорда  облысы

 

Мұқағали атама

 Бас иіп  поэзия  иесіне,

Таласып  оқимыз ақынның өлеңіне.

Талай  қуат қостың  қуаныш  егесіне,

Талай  үлес  қостың  өмір үлесіне.

 

Сыңарың  қалды  поэзия  жазылмаған,

Сырларың  қалды  көңілде  айтылмаған.

Дәптерің  қалды парағы аудармаған,

Өмірің  қалды  артыңда  жалғаспаған.

Нүрсейіт Асылжан Серікұлы

№162 орта мектептің  7- сынып оқушысы

Қожамберді  ауылы, Жаңақорған ауданы, Қызылорда  облысы.

                                                                                                        

Мұқағали Мақатаевқа  арнау

Ерді  жастар  бұл күнде артыңыздан,

Айналайын  қасиетті  салтымыздан.

Қазақ деген  кең  пейіл ардақты ғой,

Өзіңіздей  қасиетті  ұл туғызған.

 

Сыпайы  сөздің  басы  әдеппенен,

Ал біреулер  сенделіп  әлекпенен.

Осындай ұлы ақынның  батасымен,

Бұл  күнде  қандай  адам  дәметпеген.

 

Ұлылар елдің  көркі  дейді  халқым,

Ұлы ақын  шығарады  елдің  даңқын.

Мұқағали  атамыздың  өлеңдері,

Қазірде  шығарып  тұр елдің  атын.

 

Талай қазақ  сізді  нұрға  теңеген,

Талай қазақ  сізді қолдап- жебеген.

Ал біреулер  боламын деп өзіңіздей,

Еңбектеніп, өлең жазып   ерлеген.

 

Авторы :  Әлібеков   Асылбек Мұратбекұлы

№162 орта мектептің  7- сынып оқушысы

Қожамберді  ауылы, Жаңақорған ауданы, Қызылорда  облысы.

 

 

 

                                           

Мұқағалиға  арнау.

 

 Әр  түрлі  ғой  әр ақын ой  арасы,

Сол ішінде Мұқағали  дарасы.

Мұқағали- ақындардың   жаңасы,

Мұқағали- нағыз   қазақ  баласы.

 

Өлеңдері  жарқыраған  күн секілді,

Халық  рухын  көтерер  үн секілді.

Мұқағали  өлеңдері  бір ерекше,

Халқыменен  сырласқан   мұң  секілді.

 

Халқы  оны заманында  түсінбеді,

Мұқағали  шырылдады, түсін деді.

Тірісінде  қадірлі  болмай  қалып

Ол өлгенде халқы  бір күрсінбеді.

 

Сүйді  ол қазақ деген халықты,

Шаңдатпай-ақ дара жолды  салыпты.

Қалайша  халық оны танымаған,

Атқанда  емес ,  күн  батқанда   таныпты.

 

Енді  тапты  халық  жақын  сырласын,

Ақындар  да тек  сол үшін  жырласын.

Қадірлейік Мұқағали Хантәңірін,

Еліміздің мұңын  жырлап озғасын.

 

Авторы :  Ақбай  Ратбек  Серікұлы

Қожамберді  ауылы

  №162 орта мектептің  8- сынып оқушысы. 

Жаңақорған  ауданы.

Қызылорда  облысы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141873

Пікірлер (2)
Таланттар мектебі # 12 қаңтар 2015 в 11:16 0
Ұстаз керек. Болмайды. Осы бетімен "жақсы" деп жіберіп қоймай, өлең жазуды, ұйқас іздеуді үйрету керек.Өлең жазғыларың келсе тіл, әдебиет пәнінің мұғалімі достарың болсын.
Nur Kasiet # 15 наурыз 2015 в 19:01 0
"Халқы оны заманында түсінбеді" деген жолдарын ауысытырып тастау керек еді деп ойлаймын.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар