Менің Президентіме менің тілектерім

25 қараша 2015 - Админ

Армансыз адам- қанатсыз құспен тең

                                                                                                     (Халық даналығы)

       Арман ...

      Осы  бес  әріптен  құралған  сөзде  күрделі  әрі  терең  мағына  жатыр. Әр адам  өмірде  пенде  болып  жаратылған  соң  оның  арман тілектері болады. Меніңше,  армансыз адам  жоқ  шығар, деп  ойлаймын. Ия, қанатсыз  құс  көкке  ұшып  самғай  алмайды. Сол  сияқты адам баласы  да армансыз өмір сүре алмас. Ал  арман  тілектеріміз  орындалуы  үшін  болашақта   алдымызға мақсат қоюымыз керек.

 

     Негізі, адам  баласы кішкене  кезінен  армандап  қиялға  беріледі. Тіпті, ертегі   кейіпкерлеріне  еліктеп  өседі. Өсе  келе  өмірге  деген  көзқарасы өзгеріп,  одан  кейінгі  арман-тілектері  басқаша  қалыптасады.  Әр адам әр  түрлі  армандайды. Ал  менің  арманым-кішкене  күнімнен  бастап дәрігер болу.  Ақ  халатты  абзал жан, әрі білікті маман иесі атанып, халқыма  өз  қолымнан  келгенше  көмектесу.

 

     Еліміздің біртуар азаматы,  қазақ  халқының  маңдайына  біткен  жарық жұлдыздарының бірі, Қазақстанның  мақтанышына  айналған  ұлы тұлға- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамызға, яғни президентке  айтар тілектерім  өте  көп....

     Солардан басты-басты  үш арман тілегіме тоқтала кетейін...

 

    1-ші тілегім мынадай:

  -Қазақстан Республикасы, қазақ елі әрқашан еңсесі биік, керегесі кең, қуатты, ешқашан өшпейтін, өлмейтін, рухы биік, жәдігердей  атадан- балаға  мирас  болып  жалғаса  беретін  ел  болсын. Көп жылдық тарихы бар  мемлекет  ретінде  тамырын  тереңге  жайған  алып бәйтеректей жапырақтары  сарғаймай, қазақ халқы мәңгі  жасыл  болып  гүлденсін. Қазақстан- барлық  қиын-қыстауды  басынан  өткерген  халық, оларды сынақ  деп  қабылдап, қазіргі  уақытта  елбасының  көреген саясатының   арқасында    ел бірлігі сақталып, әлем  таныған   ел  болып  жатырмыз. 

  -Президент  мырза, менің арман тілектерім орындалып, шынайыға айналса  деп тілеймін. Халқымыз  тыныш, бесіктегі  бала мен үйдегі ананың  бақытын  армандаймын.

 

     Одан  кейінгі  2-ші  арманым: 

  Ата-ана  үмітін  ақтау,  ер  азамат  ретінде жоғарыда  айтып  өткендей  сауатты  дәрігер  атанып, тек   жақсы жақтарымен  еліме  қызмет  ету.  Өз  орнымды  тауып, ата-ана, туған-туыс, бауыр  бәріне  көмектесіп,  дүниеде  бір  кірпіш  болып қалансам  екен  деймін.

 

     3-ші  тілегім  сізге  арналады,  Президент  мырза. Сізге  алғысым  шексіз, сіздің  қазақ  еліне  сіңірген   еңбегіңіз  орасан  зор. Осыншама  көп  ұлттан  тұратын   мемлекетті   жұмылған  жұдырықтай   уысыңызда  ұстап, олардың  ынтымағын  арттырып, бейбіт  күнді  сақтап   отыруыңыздың  өзі  нағыз көшбасшы  екендігіңізді  көрсетеді.

 

   Сізге шын жүректен тілерім:

  — Отбасыңызға   денсаулық, ұзақ  ғұмыр, бақыт,  береке  тілеймін.  Қазақтың  бірлігін  ойлап, татулығын,  тыныштығын  бұзылмайтындай  етіп, өзіңіздің  тапқырлығыңыздың   арқасында еліміздің  мәртебесін  биіктерге  көтере  береді  деп  сенемін!

     Лайым, Алла  тағала қазақ елін тіл көзден,  бәле жаладан,қауіп- қатерден қорғасын. Бірлігіміз  жарасқан,  дамыған  мемлекет болайық. Әрбір  қазақтың  жүрегі  «қазағым», «Қазақстаным « деп соғып  тұрсын. Мемлекетіміздің  патриот  азаматтары  мен   азаматшалары  көбейсін.

     Міне,  сол үшін де мен Оразбақ  Мирас  Бауыржанұлы сабағымды жақсы оқып, болашақта білімді,  көзі  ашық азамат  болып,  Қазақстанның  көркеюіне  өз  үлесімді  қосқым келеді. Қазақ  елін әлемге танытқым  келеді.

   Туған жерім, қазақ  елі, Қазақстан  жасасын  !!!

 

Ізгі  ниетпен  7 «А» сынып оқушысы:

 Оразбақ Мирас Бауыржанұлы

Осыған ұқсас жазбалар:

Тәрбие сағатыТұңғыш президент

ЖаңалықтарЕлбасы жолдауда қағазбастылық жайын да айтты

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1084964

Пікірлер (2)
Жамила Даукараева # 9 желтоқсан 2015 в 18:08 0
Жарайсың, Оразбақ!Елімізде сендей жастар көп болсын
акнур # 15 желтоқсан 2015 в 11:18 0
керемет саған ұқсаған еліміздің патриот ұлдары көбейе берсін.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар