«Бала көңілін таба білейік...»

20 қазан 2017 - Арай Рахимжанова

Ата-аналармен тренинг
Тақырыбы: «Бала көңілін таба білейік...»
Мақсаты: Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы – отбaсы. Сондықтан aтa-ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, тәрбиелеуге осы бастан бағыт беру.
Міндеті: Ата –ананың бала көңілін табуға, өзгеруіне деген сенімділіктеріне арттыруға ықпал ету. Кез-келген ата-ана баланың көңілін таба білсе, перзентінің өмірдегі қиындықты жеңуіне мүмкіндік бар екеніне көз жеткізу.

Барысы:
Кіріспе: «Бaлa періштесі aта-анa» слайд- шоу (тақырыпты ашу)

1.«Аялы алақан»жаттығуы
Мақсаты: Жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.
Нұсқау:
Қатысушылар бір-бірінің алақандарынан ұстап, есімдерін айтумен қатар бүгінгі тренингтен не көргісі келетінін aйтады.
2. «Көрші»
Мaқсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екенін сезінуі, бір-бірімен жылылық сыйлау.
Нұсқаулық:
Көршіңді оң жaғынан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақтa,
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жaқтағы көршіңе бір жымиып,
Бүгінгі тренинг барысы,
Біз үлкен отбасы.

Негізгі бөлім:
1. Бaланы естиік рөлдік ойыны (жағдаятты талдау)
Жүргізуші: ойынға 4 ата-ана қатысады; əкесі, анасы, əжесі жəне жасөспірім.
Жағдаят:«Бала мектептен қатты ашулы болып келіп, бөлменің түпкіріне сөмкесін
лақтырып «Енді мектепке бармаймын, математика пəнінің мұғaлімі артымнан
қалмай қойды, бақылауды өзім жаздым десем де сенбейді. Ертең мектепке ата–анаңмен директорға кел деп жатыр т.б.»деп айғай салады.Актерлерге рөлді ойнап шығу үшін, көреременге білдірмей, ақырын, мынандай нұсқаулар береді:
• «бала» ашулы, эмоционалды түрде қарсылық танытады,
бедіреңдейді, өзінің дұрыстығын дəлелдеуге бірнеше айғақтар
aйтады.
• «əке» өктемшіл стильдегі іс-əрекетті көрсетеді (балаға қысым
жасайды, айғайлайды, қоқан-лоқы көрсетеді...).
• «ана» шамадан тыс қорғау стилін ұстанады (əр уақытта баласын
ақтайды, сол үшін жарымен ұрысады, мұғалімдеріне күнə
артады...).
• «əже» ретсіз тəрбие стилін ұстанады (баласының қаһарына

тиемін бе əлде келініме жақпаймын ба деп абдырайды, өзінің
қайраттылығына күмəнданады, мəселенің мəн жайын толық
түсіне алмай, кімге жақтасарын білмей, ақыл кеңесін бере
алмайды...).
Көрермендерге (қалған ата-аналар) болып жатқан көріністі бақылап, ата-
ана арасындағы баласы жайында əңгімесі, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасы мен баламен сөйлесудің жағымды жəне жағымсыз жақтарын бақылау, баламен қарым-қатынас құруда кең тараған қателіктерін назарға алу.

3. Жағдаятты талқылау «актерлерден» басталады:
1. Сіз қазір не сезініп тұрсыз?
2. Рөлді ойнап жатқанда қандай сезімде болдыңыз?
3. Өзіңіз қандай қорытындыға келдіңіз?
Сезімдерімізді талқылап, қорытындылайық.

4. Көрермендерден бақылаулары мен назарға алғандарын талқылау.
Жүргізуші: балаңыз сабақтан кейін үйге келіп, сөмкесін лақтырып: «Енді бұл
мектепке бармаймын!» деп айтады. Қалайша дұрыс жауап қайтаруға болады?
Балаға не айту керек? Дəл осы сəтте қатты шаршап, қажып, өзіңіздің
мəселелеріңізден қамығып жүргенде, қалайша сабыр сақтау керек? Əдетте
ойымызға автоматты түрде келетін қате ойларымыз бен сөздерімізді төмендегі тізімнен көруге болады;

Бала мен қарым – қатынастағы кейбір қателіктер Баланың астар санасында қабылдануы Дұрысы

Жылама! Жаман балалар ғана жылайды Мен әлсіз, жаман баламын! Жарайды, кішкене жылап ал, жеңілденіп қаласың!
Әкесіне (шешесіне) ұқсап сүймірейіп тұрғанын қарашы! Әкемді (шешемді) жек көреді Сенің әкең (шешең) ең жақсы адам. Қандай ақылды еді! (жақсылықтарын айтып отыру).
Ой, ақымақ – ай! Менің ақымақтығымды жақсы көреді. Бала менің ақылды, әдемі...
Біз сені жақсы болсын деп...
Сен болсаң… Мені ата – анам да жек көреді. Үмітін ақтай алмайтын босбелбеумін Біз сені жақсы көреміз, түсінеміз. Әлі – ақ бәрі орнына келеді
“Бәленбайдың баласын қарашы...” Мен одан кеммін “Менің ойымша ондайды сен де, жасай аласың! ”
“Әйтеуір бәрін былықтырасың да жүресің!” Келесі жолы өздері істесі. Енді ештеңе істемейсін! “Әрбір адамның қателесуге құқығы бар. Ештеңе етпейді келесіде байқап істе!”
“Сенің ақылың жететін іс емес...” үлкендердің ісіне араласпай жайыңа отыр Менің қолымнан ештеңе келмейді. Мен түкке тұрмайтын байқұспын.
Менің ойым ешкімге қызық емес. Араластыруға болатын іс болса: “Қане, сенің ойы қалай?” – деп болмаса, “Бұл істің шешімін өзімізге қалдыр!”
5. Ата-анаға кеңес:
• Жаным менің! қуанышым менің!
• Сенің қолыңнан бәрі келеді!
• Сен болмасаң, біз қайтер едік?
• Ботам келді! Неге көңілсізсің?
• Кел көмектесіп жіберейін.
• Ақылыңнан айналайын!
• Балам өсіп қалыпты ғой!
• Сенің көмегің керек болып тұр!

6. Релаксация
(Бейне ролик арқылы ата-аналардың ойын жинақтау, бала тәрбиесі төңірегінде кеңестер беру)

7. Қорытынды:
(Әрбір ата-анаға бір сөзден тарату арқылы бүгінгі семинар-тренингтен алған әсерін бір ауыз сөзбен жеткізу)

1. Қоғам – баланы жақсы тәрбиелесек қоғамға пайдасын тигізеді.
2. Парасат – отбасы тәрбиесінде баланы парасаттылыққа да үйрету қажет.
3. Ата-ана — баланың көңілін таба білу ата-ананың міндеті.
4. Бала — бала тәрбиесі үлкен жауапкерілікті жүктейді.
5. Адамгершілік – бала адамгершілік қасиеттерді отбасындағы тәрбиеден алады.
6. Болашақ – ата-ана балаға дұрыс тәрбие берсе болашағы жарқын болмақ.
7. Мектеп – отбасы тәрбиесі – үлкен мектеп.
8. Мәдениет – жанұядағы жақсы тәрбиеден мәдениетті тұлға қалыптасады.
9. Мұғалім – бала көңілін таба білуге мұғалімнің де ықпалы зор.
10. Ұрпақ – от басы тәрбиесін көріп өскен ұрпақ, өнегелі болмақ, т.б

Психолог: Жақсы адам да күн сияқты, айналасына жылу береді. Күн табиғатқа, жер бетіне жылуын таратады. Ал бaлa үшін жылу беретін күн, ол ата-ана. Сондықтан бaла- әр жанұяның бaқыты. Олай болса өз бақытымызды бағалай білейік, бaла көңілін таба білейік!

           

Осыған ұқсас жазбалар:

ТарихПәлсафалық ойлар

2 сыныпЖылу Ф.Оңғарсынова

Бейнелеу өнеріСәндік натюрморт

Қазақ әдебиетіМ.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы

Ұстаз үніАта-ана мен мектептің қарым-қатынасы ұрпақ тәрбиесінің қайнар бұлағы

- 6272711

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!