"Қазақстан ұстаздарының әлеуметтік порталы" деп аталатын бұл жоба, Қазақстанның білім беру кеңістігіндегі, оның ішінде ғаламтор әлеміндегі бостықты толтыруды көздейді. Өздеріңіз білетіндей Қазақ тілді ғаламтор әлемінде білім саласына қатысты сайттар көбейіп келеді, сол сайттардың ішінен ешқайсысына ұқсамайтын, өзіндік ұстаным қалыптастырып, өзіндік функцияларымен ерекшеленетін портал құру біздің көздеген мақсатымыз болды, осы барыста көп іздендік, басқа сайттарды зерттедік, сараптама жасадық, немен ерекшеленеміз деп ойландық. Бұдан бұрын сайт құруда жиналған тәжірибемізден қортындылар шығардық, көпшілік әріптестеріміздің (ұстаздардың) ІТ технология жағынан әлі де ең бастапқы деңгейде тұрғандығын назарға алдық. Ең бастысы сапалы да қолжетімді ортақ білім қорын құруды мұрат еттік.
Осы қорытындыларды сарптай келе сайттың функционалдық мүмкіндіктерін ұстаздарға барынша бейімдеуге тырыстық, көп сөзді қысқартып сайттың нақтылы мүмкіншіліктеріне көшейік;
1. Бұл сайт әлеуметтік сипаттағы сайт болғандықтан ең әуелі тіркелгеніңіз жөн, тіркелу арқылы сайтты қолданудағы мүмкіншілігіңіз артады, сайттың 80 % мүмкіншілігі тіркелу арқылы ғана сізге қолжетімді болмақ.
2. Тіркелгеннен кейін сіз өз жеке блогыңызды құра аласыз, немесе бұрыннан бар ұжымдық блогтарға өз жазбаңызды жариялай аласыз.
3. Топ құра аласыз немесе бұрыннан бар топтарға мүше болуға өтініш бере аласыз, мысалы «Математика ұстаздары» деген топ құрылса ол жерде тек математик ұстаздар ғана өзіндік сұрақтарды талқылай алады және тәжірибе алмасады, материал жариялайды.
4. Сұрақ-жауап бөлімі, бұл жерге өзіңізді толғандырған кезкелген сұрақ қоя аласыз, басқалар қойған сұрақтарға жауап бере аласыз.
5. Форум, бұл жерде белгілі бір тақрыпты, жарияланған сабақты немесе басқа да материалдарды ортаға тастап талқылауға болады.
6. Жеке бұрыш, өзіңіз туралы барлық ақпараттар мен сіз жариялаған барлық материалдар осы жерде жинақталады, оның ішінде суреттер мен видеолар да қамтылады.
7. Басқа қолданушыларға достасу ұсынысын жіберіп өзіндік аудитория қалыптастыра аласыз.
8. Чат, сайттағы онлайн досыңызбен тікелей хабар алмасып сөйлесе аласыз.
Сайтты жаныңызбен жақын тартып бауыр басып қалатыныңызға сенімдіміз, ол үшін кішкене белсендірек болыңыз, жазба жариялаңыз, пікір білдіріңіз, қолданушылармен достасыңыз, біз сізді күтеміз.
Барлығымыз бірігіп ортақ күш шығарсақ алынбайтын асу болмайды, кемелденген, сапалы білім ресурысын қалыптастыра аламыз, бұл өз кезегінде біздің жан жақтылы бола түсуімізге, білім деңгейіміздің өсуіне үлкен себеп болатындығына сенемін.
Осыған ұқсас жазбалар:
Ұстаз үні → БІЛІМ ОРДАСЫНДАҒЫ АЛАЛАУ НЕМЕСЕ ІРІКТЕУ МЕ, ӘЛДЕ ІРІТУ МЕ?
Ұстаз үні → ҰЛТ БОЛАМ ДЕСЕҢ, ҰСТАЗЫҢНЫҢ ХАЛІН БІЛ!
Жаңалықтар → 500 бірлікке ие болған алғашқы ұстаз белгілі болды.
Ұстаз ұйымдастырушы → Педагогикалық шеберлік
Жаңалықтар → Оқулық сапасының жыры әлі де жалғасуда
- 7181032