Геометриялық пішіннен кілемше модельдеу

10 ақпан 2017 - Күнсұлу Қасенова

Пәні: Еңбекке баулу

Сыныбы: 2

Уақыты:

Сабақтың тақырыбы: Геометриялық пішін ою. Геометриялық пішіннен кілемше модельдеу

Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат – міндеттері:         

а)ақпараттық құзіреттілік:

Геометриялық ою-өрнек түрлері туралы ақпарат беру.

ә)коммуникативтік құзіреттілік:

Геометриялық пішіннен ою жасауды үйрету.

б)проблеманы шешу құзіреттілігі:

Оюды күнделікті тұрмыста қолдану.

Сабақтың типі:

Аралас

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Ынтымақтастық, білім беруді ізгілендіру.

Сабақтың әдісі:

Түсіндірмелі-иллюстративті, машықтық.

Пәнаралық байланыс:

Әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері, дүниетану.

Оқыту құралдары:

Қалып үлгі, қайшы, қағаз, желім, қарындаш.

Сабақтың барысы

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І.Ұйымдастырубөлімі

Амандасу, түгендеу; оқу-құралдарының дайындығын, кезекшінің жұмысын тексеру; сабақтың мақсат-міндеттерін таныстыру; бүгінгі сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту, назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты – еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты – еңбек.

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек.

Амандасады; оқу-құралдарын дайындайды, кезекшілік  міндеттерін атқарады;  сабақтың мақсат-міндеттерімен танысады; көңіл-күйі көтеріңкі болады, мұғаліммен бірге өлең жолдарын қайталайды.

 

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты – еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты – еңбек.

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек.

Сынып сабақққа психологиялық тұрғыдан дайын, мұғалім мен оқушылар арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнайды.

ІІ.Жаңа материалды түсіндіру.

Оқушылар бүгінгі өткелі отырған тақырыбымыз: «Геометриялық пішін ою. Геометриялық пішіннен кілемше модельдеу». Балалар қазақтың ою-өрнегі — үй-жиһаздарын, сәндік, тұрмыстық бұйымдар мен киімдерді нақыштап безендіруге қолданылатын өрнектер. Жаппай дамыған кезеңінде (19 ғасырдан кейін) қазақтардың үй жиһаздарын әшекейлеуге кең көлемде қолданған ою-өрнектерді, негізінен: зооморфтық, өсімдік сипатты, геометриялық, космогониялық түрлерге жіктеуге болады. Олардың ішінде жануарлардың сыртқы пішініне, мүйізіне, тырнағына, мойнына, табанына, т.б. мүшесіне ұқсас ою-өрнектер халық арасына (зооморфтық түр) кең тараған. Сонымен қатар үй жиһаздарында геометриялық ою-өрнек түрі жиі кездеседі. Ол барлық дерлік бұйымдарда орын алады, көбінесе, жалпы композиция құру барысында негізгі күрделі ою-өрнектерді жалғастырушы, толықтырушы рөлін атқарады. Кейде әр қилы орындалған сызықшалар 40 – 50° көлбеу орналасса, бір тұстарда қосарласа тартылады. Ол үй жиһазының жиектеріне, бүйірлеріне, қапталдарына нақышталады. Көбінесе, кебеже, әбдіренің орта тұсында шеңбер, сызық түрінде бедерленеді.

-         Балалар қандай геометриялық оюларды үй бұйымдарында кездестіреміз?

-          Дұрыс айтасыңдар! Бүгін біз сол геометриялық пішіндерден кілемшені безендіреміз.

Өздеріне керекті мәліметтерді дәптерлеріне жазып отырады.

 

-          Үй бұйымдарында геометриялық ою-өрнектердің үшбұрыш, төртбұрыш, сүйірбұрыш, айқышты, сопақша түрлері  кездеседі.

Оқушылар ою-өрнек туралы мәлімет алады.

Ою-өрнек түрлерімен танысады.

Өз білімдерін ортаға салады.

 

ІII.Машықтық кезең.

-          Алдымен балалар бізге қажетті құрал-жабдықтарымызды даярлайық. Бізге түрлі-түсті қағаз, қатырма қағаз, желім, қайшы және қалып керек болады. Осы құралдармен жұмыс жасау үшін қауіпсіздік ережесін еске түсірейік.

 

 

 

-          Жарайсыңдар. Олай болса жұмысымызды бастайық.

1.     Өздеріңе ұнаған түстен қатырма қағаз таңдаңдар.

 

                 

 

 

 

2.     Сол түске сәйкес түрлі-түсті қағаз алыңдар.

 

 

 

 

 

3.     Берілген дөңгелекті, үшбұрыш пен шаршыны қалып үлгімен бастырып, қиыңдар.

                    

 

4.     Сол пішіндерді әдемілеп өз қиялдарың бойынша қатырма қағаз бетіне өрнек құрастырып, желімдеңдер.

 

-          Ол жұмысты аяқтасақ шығармашылық тапсырма жасауға көшелік. Геометриялық пішіннен кілемше модельдеу.

1.     Тағы да өздеріңе ұнаған түстен қатырма қағаз алыңдар.

            

 

 

 

2.     Содан соң түрлі-түсті қағаз дайындаңдар.

 

 

 

 

 

3.     Үшбұрыш пен төртбұрышты қалып үлгі бойынша бастырып, қиыңдар.

 

 

 

 

 

4.     Сол пішіндерді пайдаланып өрнек құрастырыңдар. Кілемшенің ортасынан бастап желімдеңдер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5.     Кілем жиегін өрнекпен көмкеріңдер. Оны үзік жолақ арқылы немесе белгілі өрнекті алуға болады.

Сергіту сәті

Ұсталардай тарсылдатып,

Шегені де қағамыз.

Әшекейлеп, әдемілеп

Қағазды да қиямыз.

Қайшымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайды.                                                                                1. Еңбек сабағына арналған ұшы доғал қайшыны пайдалану.                                            2. Қайшының ұшын жоғары қаратып ұстамау.                               

3. Қайшыны ашық күйінде қалдырмау.                                                  4.Екінші адамға қайшыны сабы жағымен ұсыну.                                                                                        5. Жұмыс соңында қабына салып қою.                                                                                     

 

Ұсталардай тарсылдатып,

Шегені де қағамыз.

Әшекейлеп, әдемілеп

Қағазды да қиямыз.

Оқушылар қауіпсіздік ережесін естеріне түсіреді. Қайшымен жұмыс жасағанда оның қолдану жолдарын есте сақтайды.

 

 

 

 

Жұмыстыорындау арқылы шеберліктерін шыңдайды.

 

Геометриялық пішіндерді пайдалана отырып кілемшені безендіреді.

Сергіту сәтін жасап бір серігіп қалады.

IV. Үйге тапсырма

Геометриялық пішіндерді пайдалана отырып өрнекті күрделендіріп, кілемшені безендіруді аяқтау.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

 

Үй тапсырмасына кіріседі, келесі сабақта мәлімет беруге дайындалады.

VI.Қорытынды.

Бағалау

-          Балалар бүгін біз кілемшені қандай оюмен безендірдік?

-          Геометриялық оюларды қолдана аламызба?

-          Жарайсыңдар! Балалар жұмыс жасаған жерлерімізді жинаймыз,құралдарымызды саламыз.

Сабақ барысында белсене қатынасқан оқушыларды бағалау.

— Сабақ аяқталды! Сау болыңыздар!

— Біз кілемшені геометриялық пішіндерден ою жасау арқылы безендірдік.

— Иә, үй жиһаздарын безендіруде т.б.

 

 

 

 

Күнделіктеріне баға қойғызады.

Марапатталады.

— Сау болыңыз!

Оқушылар қойылған қорытынды сұрақтарға жауап береді.Жұмыс жасаған орындарын жинайды.Оқушылардың жұмысын бағалайды. Сабақ қорытындыланады.

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышҰлттық киімдер. Тымақ тігу.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 4320337

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар

Нургиза Кульджина
Аузы қисайыпты
10 қараша 2017 - НҰр+1 - 0 - 0
Нургиза Кульджина
Иассауидан қалған сөз
10 қараша 2017 - НҰр+1 - 0 - 0
Әжуа:
Әжуа:
8 қараша 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0
Қазақ пен арақ
Қазақ пен арақ
7 қазан 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0
Коррупция
Коррупция
5 қазан 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0