Жай бөлшектерді оқу және жазу

26 қаңтар 2014 - Админ
Жай бөлшектерді  оқу және жазу

 Атырауоблысы

    Құрманғазы ауданы

    Б.Бегалиев атындағы орта мектеп

   .Қуаншалиева Сания Есенқызы

    Математика пән мұғалімі

 

 

Сабақ тақырыбы:  Жай бөлшектерді  оқу және жазу.

 

Сабақтың мақсаты:

 

Білімділік:   

 

Оқушыларға бөлшек сандар, үлестер, бөлшектің алымы мен бөлімі туралы түсінік беру.

 

Дамытушылық: оқушылардың математикалық ойлау қабілетін дамыту және пәнге қызығушылығын арттыру.

 

Тәрбиелік: Алған білімдеріне жауапкершілікпен  қарауға,  өз мүмкіндігіне  сенуге, үлкен жетістікке  ұмтылуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі:  жаңа ұғымды меңгерту

Әдіс-тәсіл: ойын технологиясы

Құрал-жабдығы: интерактивті тақта, видео ролик

Көрнекілігі: слайдтар, карточкалар,

Сабақтың жүру барысы

 

І. Ұйымдастыру

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Жаңа сабақ бастаймыз.

Саламатсыз ба оқушы

 

 Мамандық алғың келе ме,

Мамандық өзі немене?

Айналаң толған мамандық,

Айналаң толған өнеге.

Тыңдайық, кәне, ойлайық,

Білімге терең болайық.

Осы өлең жолдарында не туралы айтылып тұр. Мектепте алып жатқан біздің болашақ  мамандықтың баспалдағы. Ендеще сол баспалдаққа көтерілу кезінде қандай қасиеттерді бойымызға сіңіруіміз керек. Егер тапсырмаларды дұрыс орындасақ сол қасиеттер анықталады. Тапсырмаларды 1-3 балдармен бағаланып, сонында барлық балдар қосылып есептеледі.

 

 

  ІІ. . Ой қозғау Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге қандай тапсырма берілді? Қанекей осы тапсырмаларды ауызша тексеріп жіберейік.

ІІІ.  Қызығушылығын ояту (кубизм әдісі)
     Қайталау сұрақтары.
(слайд 7)

1. Жай сандар деп қандай сандарды айтады?

2. Құрама сандар деп қандай сандарды айтады?

3. Сандардың 2;5;10 – ға бөлінгіштік белгілері?

4. Сандардың 3;9 – ға бөлінгіштік белгілері?

5. Санды жай көбейткіштерге жіктеу дегеніміз не?

6. Ереже: ЕҮОБ қалай табамыз?

   IV. Жаңа сабақ

                         Жай бөлшектерді  оқу және жазу.

 

1. Электронды оқулық арқылы түсіндіру

2. Мысалы: Жер телімі 9 бөлікке бөлінген. 4 гүлшіде — көк, 3 гүлшіде — сары,

2 гүлшеде — қызғылт жұлдызгүл тұқымы болады. Әрбір гүлші бір атызға ғана отырғызады. Сұрақ: Жер телімі бірдей қанша атызға бөлінді?

?- қызыл,?- сары,?- қызғылт

1/9; 4/9; 3/9; 2/9 бөлшектің алымы, бөлімі, оқылуын түсіндіру.

Ереже:

Жай бөлшектің бөлімі бүтіннің қанша тең бөлікке бөлінгенін, алымы ол бөліктердің нешеуі алынғанын көрсетеді. 1: 9=1/9

Бөлшек сызығы бөлу дегенді білдіреді.

4/9; 4 — бөлінгіш, 9 — бөлгіш

Бірнеше мысалдар арқылы тақырыпты түсіндіремін.

1 см қанша дм болатынын табайық:

1дм=10см. Демек, 1 дм — дің 1/10 бөлігі 1 см — ді құрайды.

Жауабы: 1 см=1/10 дм

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

V. Теория және практика»

Оқулықпен жұмыс  № 392.395.396.397№395

1=4/4,

1=8/8,

1=12/12,

1=10/10,

1=100/100

№396 жай бөлшектерді жазу.

№397

1) 7: 12=7/12 — 14: 20=14/20

9: 11=9/11 — 30: 41=30/41

8: 7=8/7 — 61: 100=61/100

2) 4/7 = 4: 7 — 2/5= 2: 5

9/12 =9: 12 — 8/11= 8: 11

5/9= 5: 9 — 7/4=7: 4№399

 

1) Барлығы 120

Шырша ағашы 120: 5*1=24

Жауабы: 24

2) Барлығы 57

Бояулы суреттер 57: 3*1=19

Жауабы: 19

 

 

VI.Шығармашылық тапсырма.«Кім алғыр»

 

 

 

VII.Ой қозғау «логикалық есептер»

 Нашар оқитын оқушымен жұмыс карточка таратылады

 

 

VIII Тест жұмысы:

1. Қай сан құрама сан болады?
1) 22
2) 23
3) 1
2. 144 санының бөлгішін  тап?
1) 11
2) 12
3) 14
3. Қай сан жай сан болады?
1) 10
2) 29
3) 54
4. Өзара жай сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші
1) 2
2) 7
3) 1
5 ЕҮОБ (10;15)=?
1) 5
2) 6
3) 7
6 ЕҮОБ (160;180)=?
1) 16
2) 24
3) 20
7. Қай сан құрама сан болмайды?
1) 21
2) 23
3) 1
 

 

IX. Үй тапсырмасы. № 345, 347.

 

X. Бағалау.

 

XI.Қорытындылау.  (слайд 22)

— Бүгін біз қандай мақсат қойдық? 1. Жай бөлшектің бөлімі нені білдіреді?

2. Жай бөлшектің алымы нені білдіреді?

3. Екі натурал санның бөліндісін жазу тәсілдері қандай?

4. Натурал санды жай бөлшек түрінде жазуға бола ма? (Есептерді

Демек, балалар, белгілі бір маман иесі болу үшін біздің біліміміз терең болуы керек және оған көп дайындалу қажет.                            

 

 

 

                                 

Осыған ұқсас жазбалар:

МатематикаИнтелектуалды білім сайысы

МатематикаДұрыс бөлшектер. Бұрыс бөлшектер.

МатематикаНатурал көрсеткішті дәреже

МатематикаСабақтың тақырыбы: «Бөлу»

БастауышМатематика №1 сабақ. Тақырыбы: Заттың қасиеттері. (үлкен-кіші,ұзын-қысқа,артық-кем).

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1917308

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар