Білім және Ғылым министрлігі ағылшын тілі курсына келген мұғалімдеріне төленетін стипендия туралы айтты

23 қараша 2016 - Админ

ҚР БҒМ ағылшын тілі курстарының тыңдаушыларына тиесілі стипендиялардың осы аптаның соңына дейін төленетіндігі туралы мәлімдеді. 

 

КТК телеарнасының эфирінде Алматыда өтіп жатқан ағылшын тілі курстарына ел аймақтарынан келген 500 ұстазға тиесілі стипендиялардың үш аптадан бері төленбегені туралы сюжет көрсетілді 
https://www.youtube.com/watch?v=kEBcc5xS8N0


    Олар – 2016 – 2019 жылдарға арналған Мемлекеттік білім саласын дамыту бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, өткізіліп жатқан курстардың тыңдаушылары – педагогикалық ЖОО мұғалімдері. 2021 жылдан бастап қазақстандық ЖОО-дар ағылшын тілін жетік білетін мамандарды даярлауды бастамақ. Жоғары оқу орындарына келетін абитуриенттердің ағылшын тілін меңгеріп, ЖОО бағдарламаларына жеңіл кірігуі үшін 2019 жылдан бастап 10-11 сынып оқушылары 4 пәннің арасынан (химия, физика, биология, информатика) екеуін таңдап, ағылшынша оқиды. 

 

Осы мақсатта Білім және ғылым министрлігі мектептердің пән мұғалімдері мен педагогикалық ЖОО ұстаздарына арналған ағылшын тілі курстарын ұйымдастырып отыр. 

 

— Қазір тіл оқыту курстарын педагогикалық ЖОО-ның 1500 ұстазы өтіп жатыр, — дейді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Дархан Ахмед-Зәки, – Курстар пәндер мен білім бағдарламаларын ағылшын тілінде оқытуды 2008 жылдан бері жүргізіп келе жатқан 4 ЖОО-да – Абай атындағы ҚазҰПУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТ, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ базаларында өткізіліп жатыр. Курстардың басты бағыты – ағылшын тілі мен пәндерді ағылшын тілінде оқыту үшін тілдік біліктілікті жоғарылату. Бұл іс коммуникативтік методикаға сүйеніп, Content and Language Integrated Learning (CLIL) контенттік оқытудың халықаралық практикасына сай жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, ұстаздар өз пәндері аясындағы ағылшын тілі білімдерін, ең аз дегенде, бір деңгейге көтеретіндігіне сенімдіміз. 

 

Курстарға қатысатын ұстаздардың ЖОО-дағы еңбекақылары сақталып, стипендия міндетті түрде төленеді. Сол стипендиялар төленбей тұрғаны анықталды. Елімізде тіл үйрету курстарын ұйымдастыру ісі тұңғыш рет жүргізіліп жатыр. Бұл бұрын соңды жасалмай, жаңадан игеріліп жатқан іс болмағандықтан, оны ұйымдастыру барысында барлық жағдаяттарды ескеруге тырыстық. Дегенмен, іс жүзінде кейбір олқылықтардың орын алғанын көріп отырмыз. Қазір курс тыңдаушыларына тиесілі стипендиялардың төленуі үшін барлық қажетті шаралар қолға алынып, мұғалімдердің алдындағы берешек осы аптаның соңына дейін толықтай өтеледі. Бұл мәселе министрліктің қадағалауына алынып отыр.

Осыған ұқсас жазбалар:

ЖаңалықтарБатысқазақстандық ұстаз бен шәкірттің «ЭКСПО алаңшасы» республикада үздік деп танылды

ЖаңалықтарҚР БҒМ «География - менің таңдауым» байқауын ұйымдастырмағанын хабарлайды

Ұстаз үніМәңгілік білім алу – ел мұраты

Ұстаздарға​ Математиканы оқытуда ББД бағалаудың нормасы

Білім жаңалықтарыБілім министрлігі жекеменшік бала бақша ашуға шақырады

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 2477122

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru