Қытай атынан қысқы олимпиада ойындарына қатысатын тұңғыш қазақ

9 ақпан 2018 - Админ
Қытай атынан қысқы олимпиада ойындарына қатысатын тұңғыш қазақ

Аршынғазы Шәкенұлы  1995 жылы 18 шілдеде Қытайдың Шин Жияң өлкесі Үрімжі ауданында дүниеге келген,

Бойы 185 см,   Салмағы 83 кг.

Айналысатын спорт түрі: Конкимен сырғанау. (Speed Skating)

Қатысатын жарыс түрі:   1500 метр     (Басталуы: 13 ақпан 20:00)

                                          3000 метрге топтық сырғанау.  (Басталуы: 24 ақпан 17:45)

Аршынғазы 2010 жылы Өлкелік Кәсіптік спорт техникасы институтының мұздан сырғанау мамандығына оқуға түседі. Сол жылы Шин Жияң өлкесінің құрамасына қабылданады. 2010-2017 жылдар аралығында қытайдың ішкі біріншіліктеріне сан мәрте қатысқан Аршынғазы, талай мәрте жүлделі орындарға ие болды. Оның ішінде 1500 метрден бірнеше рет қытай чемпионы атанды. 10000 метрден бір рет ел чемпионы атанды. 3000 метрге топтық сырғанаудан бір рет ел рекордын жаңартты.

Бұл жолғы олимпиадаға қытай атынан 86 спортшы барады, өзге ел атынан қатысып жатқан қандасымызға шын ниетімізбен сәттілік тілейміз.

Осыған ұқсас жазбалар:

ХимияХимия пәнінен олимпиада есептерінің шығарылу жолдары

Шет тілдеріАғылшын тілінен олимпиада тапсырмалары

- 2319470

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Блогтағы жазбалар