Анамды ойласам

15 желтоқсан 2016 - Құралай Орманова

Алматы облысы

Райымбек ауданы

Сарыжаз орта мектебі

11 сынып оқушысы

Әбдірәсіл Дидар Ерболқызы

 

Анамды ойласам...

(Эссе)

           Перзентхана. Дәрігерлер ерсілі-қарсылы жүгіріп жүр. Арасында бір медбике жас ананың өлім мен өмір арасында арпалысып жатқанын айтты. Кенеттен шырқырап жылаған сәби дауысы естілді. Жаңағы ананың жүзіндегі қорқыныш бірден сейіліп, жадырап сала берді. Терең дем алды да жас сәбиді қолына алып қапсыра құшақтады. Мен сол кезде өзімнің жарық дүние есігін ашқанымды түсіндім. Ақырындап қана кішкентай жанарымды ашқанда алдымда әлемнің ешқандай кереметі тең келмейтін, сұлулығынан көз сүрінетін, жүзінен мейірім төгілген бір жан маған махаббатпен қарап тұрды. Бұл көзқарастан ол жанның менің өмірімнің бір бөлшегі екенін бірден ұқтым. Жарық дүниеге келгенде көрген алғашқы бейнені сөзбен айтып жеткізе алар емеспін. Маған деген шексіз сүйіспеншілікті мөлдіреген жанарынан анық байқауға болады. Ал, менің шала-шарпы ашылған көзімнен ештеңе де ұға алмайсың, есесіне енді ғана өз дүрсілін бастаған  жұдырықтай жүрегімнің тек сол кісі үшін соғып жатқанын білемін.

          Мен өсе келе маған өзінің бар ықылас мейірімінін төгіп жүрген жанның небәрі үш-ақ әріптен құралған «ана» деген асқақ атқа ие екендігін білдім.

           Сәби кезімде мейлі күндіз, мейлі түн болсын көп жылайтынмын. Түннің бір уағында анашым еш қиналмастан әуезді үнімен мені тербететін. Маған ақ сүтін беріп, маңдайымнан иіскеп тәтті ұйқыға батыратын. Сондағы анамның айтқан бесік жыры менің құлағымда әлі күнге дейін сыңғырлап тұр. Анашым тіпті менің былғанған жаялықтарымды да еш жиіркенбестен тазалап жуатын. Сондағы асыл анашымның еңбегін ойласам – Аллама сансыз шүкіршіліктер айтам. Себебі ананың перзентіне деген сүйіспеншілігі не нәрсеге болмасын төтеп беруге қауқары жетеді екен.

          Кейіннен мен еңбектей бастадым. Уақыттар жылжыған сайын мен аяғыма тік тұрып, жүруге ұмтылдым. Ал, сол кезде менің қолымнан ұстап, тәй-тәй бастырған да аяулы анашым еді. Менің әр басқан қадамыма сеніммен қарап, одан әрі алға қарай жылжуыма жәрдем берді. Құлаған сәтте әрдайым жанымнан табылатын. Дәл осы мезеттегі анашымды ойласам-өмірге деген талпыныс та перзентке деген сенімділіктен туындайтынына тағы бір мәрте көзім жете түседі. 

          Уақыттар жылжып жатты. Менің тілім шыға бастады. Көмекші періштем маған дұрыс сөйлеуді де үйретті. Ең алғаш «ана» деген сөзге тілім келгенде анашымның қалай қуанғанын көрсеңіз ғой. Тіпті  қуаныштан көзіне жас алған болатын. Сол сәттегі ардақты анашымды ойласам-менің сыйлаған титтей қуанышымның өзі анам үшін үлкен бақыт екенін түсінемін. Әлемдегі барлық сұлулардың жүзіндегі күлкі, менің періштемнің маған қарап жымиған сәтіне тең келмейді.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 2956396

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Здесь нет никого ;-)