Ақтамберді жырау

8 қаңтар 2017 - Назымкүл Жайымова

Күні: 10.12.2016

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сыныбы: 9а

Сабақтың  тақырыбы :       Ақтамберді жырау  «Күлдір-күлдір кісінетіп»

Сабақтың мақсаты :

 а)Ақтамберді    жыраудың – өмір   жолы мен  еңбектеріне тоқтала отырып,     шығармаларының  идеялық мазмұнынын ашу, талдау, «Күлдір, күлдір кісінетіп

өлеңінің мазмұнын ашу талдау, Ақтамберді ақын туралы білімдерін толықтыру

ә) білімділік танымын, шығармашылық қабілетін, тілдік  қорын, ізденістерін арттыру;

б) Отансүйгіштікке, шыншылдыққа, батырлық пен елін қадірлеуге баулу.   

                              

Сабақтың түрі :                                аралас  сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап, интерактивті, шығармашылық

                                                             іздену, әңгіме, көрнекілік

Сабақтың көрнекілігі :                   оқулық, тірек сызбалар, интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс :                   тарих

 

                                       Сабақтың барысы : 

 І. Ұйымдастыру кезеңі :

      Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау

ІІ.  Үй тапсырмасын сұрау

1) Доспамбет жыраудың толғауларын жатқа сұрау                           7 минут

 

2) Үй тапсырмасын пысықтау :
1. Жыраулар поэзиясы қай ғасырларды қамтиды? XV-XVIII ғасыр
2. Жыраулар поэзиясының негізгі тақырыбы қандай?
3. Жыраулар өз заманының қандай өзекті мәселелерін жырларына арқау еткен?
4. Жыршы, жырау, толғау сөздерін қалай түсінесіңдер? 
(Толғау деп- өмір, тіршілік туралы терең ой мен толғанысқа құрылған шығарманы айтамыз.)
5. XV-XVIII ғасырларда өмір сүрген қандай жырауларды білесің?
6. Жыраулық өнер дала «Абызы»деп аталып, кімнен бастау алған?           3 минут

 

 ІІІ.  Жаңа сабақ

1.      Ақтамберді жырау туралы қысқаша бейне-ролик                                   2 минут

2.      Өзім қысқаша түсінік беремін                                                                   5 минут

Сарыұлы Ақтамберді (1675 — 1768) атақты жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері. Ұлы жүздің Ошақты руынан. Әкесі Сары мен шешесі Сырбикеден жалғыз туған. 
Қазақ тарихындағы аласапыран кезеңде өмір сүрген Ақтанберді «дұшпаннан көрген қорлығым, сары су болды жүрекке. Он жетіде құрсанып, қылыш ілдім білекке. Жауға қарай аттандым, жеткіз деп, құдай, тілекке» деп, өзі айтқандай, он жеті жасында ақ қолына қару алып, ел қорғауға аттанады. 
Ол 1742 жылы Орта жүз ру басшыларының Орынборда ант беру жиналысына өкіл болған. 1738-1752 жылдары қазақ-қалмақ арасында болған қанды қақтығыстардың барлығына дерлік қатысқан. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасының зұлмат қан кешуін бастан өткерген. Ес білгеннен бастап 70 жыл бойы ат үстінен түспей елі мен жерін қорғаған қас батыр, айтулы шешен, қабырғалы би, атақты жырау болған. Қазақ жауынгерлерінің азаттық, құлдық жөніндегі түсініктері, көшпелі халықтың тыныс-тіршілігі болашаққа деген сенімі, адалдық-жауыздық, қиянат, әділетсіздік хақындағы таным-түсініктері Ақтамберді талғамынан өтіп жыр-толғауға айналған. Ақтамберді өз толғауларыңда ерлікті, батырлықты жырлаған. Өйткені, елдің ерлігін сақтар, оны сыртқы жаудан қорғар — батыр ұлы. Ақынның әйгілі Бөгембай батырға жыр арнауы да осыған байланысты. Ол жігіттің жігіттігі де қанды шайқаста сыналады деп біледі. Ақтамберді Сарыұлы 1675 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Қаратау баурайында  дүниеге келіп, 1768 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы Жүрекадыр деген жерде күмбез қойылған

Толғаулары:

“Күлдір-күлдір кісінетіп», «Түйе мойнына тұз кесер», «Жылқыдан асқан мал бар ма?», «Балпаң-балпаң кім баспас?”, “Жауға шаптым”, “От басар орны отаудай”, “Уа, қарт Бөгенбай!”, “Күмбір-күмбір кісінетіп”, “Сылпаң да, сылпаң жортармын”, “Көк көгершін, көгершін
           Жыраудың «Жағалбай деген ел болар», «Жағаға қолдың тигенін», «Жел, жел есер, жел есер» толғауларындағы жалғыздық, жарлылық мәселелерінің жырлануы. 
«Балпаң балпаң кім баспас», «Жауға шаптым», «От басар орыны отаудай» секілді біраз жырларында жұртшылықты ата жаумен айқасқа шақырады. 
Күлдір, күлдір кісінетіп», «Уа, қарт Бөгенбай», «Жауға шаптым ту байлап», «Заманым менің тар болды» және тағы да басқа өлең-толғаулары батылдыққа, ізгілікке, патриоттық күй-сезімдерге толы.
Балаларыма өсиет» деп аталатын толғауы соңғы туындыларының бірі болса керек. Жырау балаларын тірліктегі бірлікке, талап-мұратқа, татулыққа үндейді. Жас ұрпақтың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруы елді мақсатына жеткізерін ескертеді. Халықты алауыз мінездерден сақтандырады. 
     Ойраттармен арадағы соғыста өзінің асқан ерлігімен де, жалынды жырымен де көзге түседі, қазақ жерін жаудан аман алып қалуда ерен қызмет көрсетеді. Ақтамберді өз басынан кешірген сол қиын сәттерді жыр-толғауларында өрнектеген.

Жапанға біткен терекпін,                        

Еңсемнен жел соқса да теңселмен,         

Қарағайға қарсы біткен бұтақпын,         

Балталасаң да айырылман,

Сыртым — құрыш, жүзім — болат

Тасқа да салсаң, майырылман! —         

деген жолдардан оның ерлік, батырлық қасиетін әрі қайсар мінезін қапысыз танимыз. Ақын өзінің бар өмірін елі, халқына, оның елдігін, бүтіндігін сақтап қалу жолына арнаған. Жыраудың "ел-жұртты қорғайлап, өлімге жүрміз бас байлап" деген жолдарынан мұны айқын аңғарамыз.

 

3.      Оқулықпен жұмыс                                                                    5 минут

1-топ

1.      Ақтамберді толғауларының басты тақырыбы не?

2.      Ойраттармен арадағы соғыс туралы не айтылған?

2-топ

3.      Ақын жігіттің жігіттігі туралы не айтқан еді?

4.      Ақынның жылқы малының қадір-қасиеті туралы айтқандары

3-топ

5.      “Күмбір-күмбір кісінетіп” толғауы не туралы?

6.      “Балаларыма өсиет” өлеңі туралы не білесің?

 

ІҮ. Білімді бекіту               Ақын өмірі туралы ассоциация құру                      3 минут

Ақтамберді өмірі мен шығармашылығын жинақтап, Топтастыру стратегиясы

Ақтамберді

 

    Толғаулары:

“Күлдір-күлдір кісінетіп», «Түйе мойнына тұз кесер», «Жылқыдан асқан мал бар ма?», «Балпаң-балпаң кім баспас?”, “Жауға шаптым”, “От басар орны отаудай”,   “Уа, қарт Бөгенбай!”, “Күмбір-күмбір кісінетіп”, “Сылпаң да, сылпаң жортармын”, “Көк көгершін, көгершін”

 «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауын аудио-таспадан тыңдату                         3 минут

Кітаппен жұмыс: Кітаптан « Күлдір, күлдір кісінетіп»  өлеңін мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.

Өлеңдерін көркемдік ерекшелігіне қарай  талдау                                               2 минут

Күлдір-күлдір кісінетіп,

Күреңді мінер ме екеміз?

Күдеріден бау тағып,

Қамқапты киер ме екеміз?...

 

Ассонанс

Аллите

рация

Қайталау

Архаизм

“Күмбір-күмбір кісінетіп”

 

www.bilimland.kz сайтынан «Ақтамберді Сарыұлы шығармашылығы» тақырыбындағы тапсырмаларды орындау                                                        10 минут

 

Ү. Қорытынды:                                                                                                    3 минут

Ақтамберді  кім?

Туған

жері

Қайтыс болған жері

Қай жылдары өмір сүрген?

«Күмбір күмбір кісінетіп» толғауының

 тақырыбы, идеясы

Тілі,

көркемдік өрнектер

атақты жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері

Оңтүстік Қазақстан облысы Қаратау баурайында

Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы Жүрекадыр

1675-1768

Ерлікті, батырлықты жырлаған

 

 

ҮІ. Білімді бағалау:   Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.                                                1 минут

 

ҮІІ. Үйге тапсырма:

Ақтамберді туралы кімдер жазды?

Кімдердің шығармашылығында бар?

«Күлдір-күлдір кісінетіп» өлеңін жаттау                      1 минут

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Күнтізбелік жоспарГеография пәнінен күнтізбелік жоспар (9-сынып)

МатематикаАрифметикалық және геометриялық прогрессия

Күнтізбелік жоспарБиология пәнінен күнтізбелік жоспар (9-сынып)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1874655

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар