Қазақ халқының ұлттық салт –дәстүрлері

19 сәуір 2017 - Жанша Текеева

Сабақ жоспары     Сынып: 9               Мектеп: Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

САБАҚ: Қазақ тілі 9 Т1                       Мұғалімнің аты-жөні:  Текеева Жанша Тажибаевна

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Дәстүр мен мәдениет

Сабақтың тақырыбы:   Қазақ халқының ұлттық  салт –дәстүрлері

Осы сабақ  арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

О4 Оқылған мәтін негізінде  түрлі  көзқарастарды дәлелдеп қорытынды шығарады, шешім қабылдайды.

Сабақтың мақсаттары:

Ø  Барлық оқушылар: Мәтін негізінде  түрлі  көзқарас-

тарды дәлелдейді;

Ø  Көптеген оқушылар: Оқылған мәтін бойынша қорытынды ойды шығарады;

Ø  Кейбір оқушылар: Түрлі  көзқарастарды  дәлелдей отырып, шешім қабылдайды.

Дағды: Білу, түсіну

Күтілетін нәтиже   Мәтін негізінде түрлі көзқарастарды дәлелдей отырып, түсіндіру;  Өз көзқарасын ортада ашық білдіре алады

Қолдану   Дәлелденген ойынан түйінді  шешім шағара біледі. Өз көзқарасынан қорытынды шығарып, нақты шешім қабылдайды

Жетістік критерийлері:

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

Оқылған мәтін негізінде  әртүрлі  көзқарастарды дәлелдей алады.

Дәлелді ойдан қорытынды шығара біледі және нақты шешім қабылдай алады.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылардың грамматикалық, лексикалық нормаларды оқып білуі:

 Мәтіндегі негізгі ойға өз көзқарасыңды орынды білдіре білу; Дәстүр мен мәдениет туралы  пікірді өмірмен байланыстыра айту; қозғалған жағдаятты байланыстыра талдауда тілдік норманы дұрыс қолдана білуге дағдылану;

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер;

Ойды жеткізуде қыстырма сөзді орынды қолдану; Нақты дәлелді мысалға ала отырып, тұжырымды оймен шешім қабылдай білу. Сауын айту, қымызмұрындық, қынаменде,

қонақасы, босаға майлау, ат тергеу, бастаңғы, ауыз тию, бәсіре атау, жиенқұрық, ерулік,

Ұлттық құндылықтар:

Оқушылардың бір-біріне құрметі, әдептілікті сақтау, шынайы, еркін ойды білдіруі, адалдық пен ашықтық, қасиетті құндылықтарды қадірлеу және сақтай білуі.

Пәнаралық байланыс:

Көзқарасын білдіруде тіл нормаларын сақтай отырып, Әдебиетпен, дәстүрдің ескі, жаңасы туралы ой қозғағанда Қазақстан тарихымен, халықтың хал-ауқатына талдау бергенде психологиямен байланыстырады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Т/А1 Берілген ақпаратты түсіну

О2 Негізгі ойды анықтап, мәтіннің құрылымын ажыратып оқу

Сабақтың жүру барысы

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың бастапқы кезеңі

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың белсенді оқыту әрекетін  арттыру мақсатында сабаққа

Қызығушылығын ояту

Сыныпқа жарты минуттық шағын бейнебаян көрсетіледі.

https://www.youtube.com/watch?v=froM9H6-qIY

Блум таксономиясы

4  Білу: ортаға қазақтың ұлттық  дәстүрлері туралы бірнеше сөздер таратылады.Сауын айту, қымызмұрындық, қынаменде,

қонақасы, босаға майлау, ат тергеу, құда түсу, ұрын баруы, келін түсіру, неке қию, шілдехана, беташар,

байғазы беру, базарлық, бата-тілек, бастаңғы, ауыз тию, бәсіре атау, жиенқұрық, ерулік,

Осы сөздерді өз еріктеріңізше топтарға бөліп, флипчартқа жапсырыңыз.

4  Қамту: неліктен сол топқа жатқызғаныңызды түсіндіретін 1 сөйлем жазыңыз.

Дифференциация. Сұрақтар: басқа қандай дәстүр түрлерін атай аласыз? Тауып жазғандарыңыздың кейбірінің мағынасын ашып айтыңыз.

Кері байланыс. Сабақтың мақсаттары мен жетістік критерийлері таныстырылады. Сынып оқушылары дәстүр мен салтқа байланысты берілген сөздерден өздері 4 топ құрайды. 1.Көне дәстүрлер. 2. Қазіргі дәстүрлер.3.Қазақтың той салты.  4. Көшіп-қону дәстүрі.

Сабақтың ортасы   Мағынаны тану

  Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері қалыптасты. Халқымызды осы күнге аман-есен жеткізген, ұлт ретінде сақтап қалған осы салт-дәстүрлеріміз десек қателеспеспіз.

Сыныпқа тапсырма. Тайм менеджмент  Қазақтың салт-дәстүрлерін қаншалықты жақсы білесіз?  Шағын сауалнама жүргізу.

1. Атастыру дегеніміз не?

А) Жігіт жағының қыздың қалыңмалын төлеуі.

Ә) Жесір қалған әйелдің жұбайының жақын туыстарына тұрмысқа шығуы.

Б) Қазақ халқының дәстүрлі ғұрыптық салты, қыз бен жігіт ата-аналарының өз балаларын бір-біріне үйлендіру жайында ақ ниеті.

2. Бәсіре деп нені атайды?

А) Қазақ шаңырағында дүниеге ұл бала келгенде, сол күндері бірге туған көршінің баласы бәсіре болып есептеледі.

Ә) Қазақ шаңырағында дүниеге ұл бала келгенде құда-жекжатқа арналып сойылатын мал бәсіре деп аталады.

Б) Қазақ шаңырағында дүниеге ұл бала келгенде, сол күндері туған құлынды немесе ботаны нәрестенің бәсіресі деп атайды.

3. Қазақта байғазыны кімге береді?

А) Жаңа киім кигенде немесе жаңа зат алғанда үлкені кішіге, яғни балаға.

Ә) Жаңа киім алғанда туған-туыс, жора-жолдасқа.

Б) Қалыңдықты ертіп әкелген әйелдерге.

4. Екі немесе үш жігіт басын қосып, дәулетті үйде ауқаттануы қалай аталады?

А) Сал-серілік Ә) Деңгене  Б) Дәм тату

Сауалнамаға жауапты стикерге жазып тақтаға жапсырады.

Оның 3-іне толық жауап берген топ «Жарайсыңдар!», «Мықтысыңдар!» мен мадақталады.     f   Оқушылар бір-бірін бағалайды.

Топтық жұмыс. Сыныпқа тақырыпқа сай бірнеше мәтіндер таратылады.

1-топ. Көне дәстүрлер.

   Бүгінгі қазақ бойында кемішін тартып бара жатқан қасиеттерге шақыратын салт-дәстүр бұрынғы  заманда көптен де көп болған. Өйткені атам заманғы қазақтың өмір салтының өзі тұтастай дерлік жомарттық, қонақжайлық, т.б. толып жатқан ізгі қасиеттерімен мәнді-мағыналы көрінеді.
  Қазақ болып жомарт болмау, қонақжай болмау, адал да ізгілікті болмауға мүмкін еместей. Мұны кез-келген қазақ түскен үйінен «қонақасы» талап етуге хақылы деген «Жеті жарғы» қағидатынан аңғаруға болады.

 Сондай салт-дәстүрдің бірі — сауын айту. Бір елде ас, үлкен той болатын болса ол туралы күні бұрын бірнеше ай, жыл бұрын жан-жаққа хабар жолданып, сауын айтылады. Мұның мәнісі жиынға келетін әр ел батыр палуанымен, жүйрік атмен, ақын-жыршысымен, сойыс-сабасымен келсін дегені екен. Яғни сауын айтылған жиын көптің күшімен атқарылатын болған.

  Ескідегі қазақ қоғамында «Сауын алу» деген де салт болған. Малы жоқ адамдар ауқатты адамдардан сүтін пайдалану үшін «сауынға» деп белгілі бір мерзімге сауа тұратын бие немесе сиыр сұрап алады. Сауын алушы алған малын төлімен аман әкеліп тапсыруға кепілдік береді екен.Осындай ұлттық дәстүрімізде өзіндік орны бар, қазақтың жайсаң, жомарттығын танытатын дәстүр, салтымыз қаншама?!

     Қазақ баласын жомарттықтан, кеңпейілдіктен тайдырмаған тәрбиесі мол  дәстүрлерімізден ажырамайық.        www.kyzdaralemi.kz

2-топ. Қазіргі дәстүрлер

  Меймандостық – қазақтар үйіне келген әр қандай мейманды (оның қайсы ұлт болуына қарамай) таныса да, танымаса да жылы шыраймен құшақ жая қарсы алып, сыйлап күтеді. Өзінің аяулы асын қонақасыға береді. «Қонақасы – қазақтың бөлінбеген еншісі» болып есептеледі. Қонақ келсе «қой сойып, қол қусыру» – қазақтар үшін аса абыройлы іс және жалтартпайтын міндет. Өте қадірлі қонақтарға тай сойылып, қонақасын беріп аттандырады. Сойылатын малды алдымен қонақтар отырған үйдің босағасына әкеліп, бата тілейді. Қонақтар бата жасаған соң мал сойылып, ет асылады. Ет піскенше меймандарға кең дастарқан жайылып, дастарқанға құрт, ірімшік, бауырсақ, жент, сары май қойылып, қаймақтаған шай құйылады. Шайдан соң жаздыгүні болса қымыз, қыстыгүні болса езілген құрт беріледі. Осы кезде әдетте үй иесі жағынан домбыра шертіліп, күй тартылып, ән айтылады. Ет піскен соң қолға су құйылып, ет тартылады. Қонақтар алдына қойылған қойдың басы, жамбасы, сүбесі тағы басқа жіліктерден жасалған табақ тартылады. Қонақтың ең сыйлысы бастың оң езуінен бір кесіп жеп, оң құлағын кесіп табаққа қойып, басты үй иесіне қос қолдап қайтарады. Мейман күтуде малдың он екі жілігінің өз алдына мәртебесі бар. Жасы үлкен сыйлы қонақтарға бас пен жамбас, күйеу мен келінге асықты жілік пен төс тартылады. Балаларға тіл, құлақ, бүйрек, жүрек беріледі. Тамақ жеп болған соң ас қайтару, яғни бата тілейді, қонақтардың қолына су құйылады. Міне, қазақ халқының мейман күту дәстүрі осындай!                                                                       bilim-all.kz/

3-топ. Қазақтың той салты.

Түйемұрындық - ұзатылып бара жатқан қыздың атының ноқтасынан, не түйесінің бұйдасынан ұстап жолда отырған ауыл адамдарының кәде сұрауы. Қыз кәде беруге тиіс. Кәде алған жұрт оған бақыт тілеп, батасын берген. Бұл бүгіндегі «Арқан керуге» ұқсас ғұрып сыңайлы.
  Бүгіндегі «Қыз ұзату» тойының кәде-қауметі де аз көрінбейді. Дегенмен олардың көпшілігінің ата-баба салт дәстүрімен «үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын» да көріп жүрміз.
  Ескілікте Шарғы деген дәстүр де болған екен. Бұл дәстүр бойынша ұзатылған қыз өзінен кейінгі сіңлісіне басына тартатын орамалын береді. Бұл ендігі кезек сенікі «бақытыңды тап» дегенді білдіреді. «Шарғы» салынған қызға жеңгелері, замандастары бас қосып, тілек білдіріп келіп шай ішеді екен.
  Ілгеріде Ілу салу деген де дәстүр болған. Жаңа түскен келінге барған жерінде үйін көрсету ағайынға міндет болған. Жас келін шақырған үйге көйлек, киім-кешек, мата, кілемше сияқты тартуын ала барған. Соны ілу салу атаған. Күйеу бала да қайын жұртына барғанда ілу салған. Жас келінге ағайындардың үй көрсету дәстүрі қазір де бар. Дегенмен бұл көпшілік қолданыста ілу салу деп аталмайды, шамасы. «Келінді шақырып шай беріп жіберейік деп едік, шай беріп жібердік» деп білместікпен, шұбалтып айтып жатады.      www.kyzdaralemi.kz

4-топ. Көшіп-қону дәстүрі.

 Ерулік – көшпелі қазақ халқы көші-қонды аса келелі іс санады. Көшу- қазақтар үшін салтанат есептелді. Қазақ санасында көше алмай жұрттан қалудан үлкен қорлық жоқ. Қазақ қауымы көшкен күні – еруде кимейтін жақсы киімдерін киеді, көштегі жүк артқан түйеге кілем-кілемше, сырмақтарын оң бетіне қаратып жауып, салтанат етеді. Еру отырған ауылдар жанына келіп, қонған ауылды жабыла қарсы алып, «Қоныс жайлы болсын» айтып, олардың жүгін түсірісіп, үйін тігіседі және «ерулік» апарады. Бұл ерулікке дастарқан көтеріп, шай апару, сабалап қымыз апару, тіпті қой сойып апаратындар да болады. Бұл көшіп, шаршап келген туыс- жұрағаттарына жасалған сый-құрмет және қамқорлық еді. Бұл істер ағайын арасында «еруге қару» ретінде алма- кезек болып отырады. Мұны қазақтар «ағайын берекесі»деп атайды.
  Көшіп келе жатқан көш еру отырған ауылдар үстінен өткенде тоқтамаса да адамдары дәм татады. Олар ат үстінен сусындап кетеді. Қазіргі кезде жаңадан көшіп келіп қоныстанған көршіні бұрыннан тұратын адамдар үйіне шақырып қонақасы береді. Бұл жаңа адамдарды бөтенсіретпей өз ортасына тартудың, сыйласудың үлкен белгісі. Мұның әлеуметтік, қоғамдық мәні де бар. Мысалы, жаңа көшіп келген үйде отын, су болмайды. Оны әкелуге біраз уақыт керек. Міне, кең ойлап, терең толғайтын қазақ салты мұны да ұмытпаған.
  Еру – «Еру отырған ауыл көшіп келіп керегесін жаймай, жаппаның астында жатқан ауылға ерулік бермесе үлкен ұятқа қалатыны ертеден келе жатқан салт». Көшіп бара жатқан үй ұзақ жолда өздері де, ат-көлігін де тынықтыру үшін жолда отырған бір ауылдың жанына келіп 1- 2 күн аялдайды. Үй тікпей абылайшылап (шаңырақты уықпен көтеріп отыру) немесе жаппа тігіп (керегелердің басын қосып) отырады. Көшулердің мұндай аялдауын «еру» дейді. Осындай кезде ауыл адамдары келіп, сәлемдесіп, жөн сұрасады. Оларды «ерулікке» шақырып, қонақ етіп, риза қылып, жолға шығарып салады. bilim-all.kz/

v  Сынып мәтінмен танысып, оқып, өзара көтерілген  мәселені талқылайды.

 Мәтін мазмұнына сай туындаған жағдаяттарға өз көзқарастарын білдіре отырып, төмендегі стратегия арқылы нақты бір шешімге келеді.

                       «Төрт сөйлем» тәсілі

1. Пікір. Оқыған мәтін бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.

2. Дәлел. Мәтін негізінде  түрлі  көзқарастарды  бір сөйлеммен дәлелдейді.

3.Мысал. Дәлелдеген ойын өмірмен байланыстырып, қорытынды шығарады.

4. Қорытынды. Өз пікірін түйіндей отырып, шешім шығарады.

Ф бағалау.Топтар бір-бірін бағалау үшін критерий құрып алады.

Жетістік критерийі.Өзіндік пікірін бір сөйлеммен жаза алады. 3-5 ұпай Түрлі көзқарастарды  бір сөйлеммен дәлелдейді. 3-5 ұпай

Дәлелді ойын өмірмен байланыстырып қорытындыға келеді. 5 ұпай, Өз пікірін түйіндей отырып, шешім шығара алады. 5 ұпай

Дифференциация. Тапсырма.

Дәлелденген мәліметтерді алып, «Табыс кестесі» стратегиясы бойынша көне мен қазіргі дәстүрлерді байланыстырып, сынып болып бір шешім шығара білу.

[Картинки по запросу екі жұлдыз бір тілек] [Картинки по запросу екі жұлдыз бір тілек] Кері байланыс.  БІР ТІЛЕК

http://www.kyzdaralemi.kz/tarbyelik-jarasady-kyz-balaga/143-dastyr-turaly-ne-bilemiz.html  http://bilim-all.kz/article/2

Сайт материалы Дәстүр туралы не білеміз?

Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. С.Кенжеахметұлы. Алматы. «Ана тілі»1994ж

Сабақтың соңы

 Рефлексия. Сабақтың кіріспесі. Ортаңғы бөлігі.Соңы. Бағдаршамның түсімен келтіріңіз.Қызыл түс сабақтың ең сәтті тұсы, сары түс қосарым, айтарым бар, жасыл түс сәтсіз тұсы десеңіз бояп флипчартқа жапсырыңыз.

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Тәрбие жоспарыТөрлет Әз наурыз!

Тәрбие жоспарыАрайлы алтын күз

Бастауыш"Алтын күз келді!" -ертеңгілік

БиологияЭкологиялық білім берудегі ұлттық әдет-ғұрып, салт-сананың маңызы

Қазақ тіліБөлім:Дәстүр мен мәдениет. Сәлемдесу дәстүрі

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 2693355

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Үздік авторлар

1