Samsung - тың андроидтан бас тартпақ ойы бар

14 сәуір 2014 - Админ
Samsung - тың андроидтан бас тартпақ ойы бар

       «Samsung»  пен  «Apple» компаниялары патент дауымен соттасып жатқаны белгілі, осы сотқа байланысты құжаттарда samsung — тың өз операциялық жүйесін дамытатындығы жайында айтылған,  бұл құжаттарда тілге тиек етілген кейбір жайттарға назар аударсақ, Самсунгтың Алмаға, Гугылға және басқа да андроид жүйесін пайдаланатын серіктестеріне қандай көзқараста екендігін байқауға болады. Осы жерде бір нәрсе анық, самсунг осы андроидтың арқасында табысқа жетсе де, әр дайым өзінің системасын дамытуды ойынан шығармағандығын байқауға болады.


     Самсунгтың мұнысын түсінуге болады, 2010 жылы ақпаннан бастап самсунг өзінің андроид қосымшалары дүкенін ашып, өз тұтынушыларына қызмет көрсетуді бастағанымен, гугыл системаның иесі ретінде оның қызметтерін шектемеге ұшыратып келеді. Гугыл компаниясы өзінің Google play қосымшалар дүкенін кең етек алдырып, жарнама арқылы көп ақша тапты. Гугылдың басқалармен әріптестікке баруындағы басты мақсаты базарды иелену, бұл жағынан екі компанияның әріптестігі сәтті болды деп айтуға болады, самсунг әлем бойынша ең ірі смартфон шығаратын алпауыт кәсіпорынға айналса, гугылдың андроиды әлемде ең кең қолданылатын операциялық жүйеге айналды.


      Гугылға ең ұнамайтыны өз тұтынушыларының басқа компанияның қызметтерін пайдалануы, егер самсунг қатты бөлшек пен жұмсақ бөлшек өндірісін қатар дамытар болса, сөзсіз гугылмен мүдде қақтығысына душар болады, ол кезде самсунгке бағдарлама жасау өндірісін барынша дамытуға тәуекел етуден басқа амал қалмайды.


     Гугылдың қатты детал өндірісін дамытуға көңіл бөле бастауына ілесіп, самсунг сияқты тек қатты деталға арқа сүйеп отырған кәсіпорындар өз системаларын жасаудың маңызын түсіне бастады, самсунг тіпті өзінің Tizen атты жүйесін дамытып сынақтан өткізіп жатыр,  бұл өз кезегінде күндердің бірінде гугыл өз қатты деталдарын шығарып, андроидты пайдалануға тиым салатын күнге дайындық болса керек.


     Ал жалпы жағдайдан қарағанда самсунг жуық арада андроидтан бас тарта қоймайды, мұның 3 себебі бар:


1.  Самсунг әлі де гугыл үшін ең даңықты кәсіпорын.

2. Самсунг Алмамен араздасып жүргенде тағы бір бәсекелес тілемейді.

3. Tizen системасының қолданылуы көлемі әлі де өте тар және дамытып кемелдендіруді қажет етеді.


Қасен Сержан

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 3063713

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru