С. Дөнентаевтың "Заман кімдікі", «Бозторғай» өлеңі

1 мамыр 2014 - infust

Аты-жөні: Камзина Марпуга Слямкановна

Білімі: жоғары

Мамандығы: ҚазМУ, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Пед. стажы: 25 жыл

Жұмыс орны: Алматы қаласы, «Жаңа Ғасыр» №175 гимназиясы

Келелі мәселесі:Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылғын арттыру, тілін дамыту.

әдебиет, 6-сынып.

Сабақтың тақырыбы: С. Дөнентаевтың «Заман кімдікі», «Бозторғай» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

а) С. Дөнентаев туралы мәлімет беру. Өлеңдерін мәнерлеп оқу, талдау, өлеңнің мазмұнын, тақырыбын, идеясын ұғындыру;
ә) Өз ой-пікірлерін айта білуге, шығармашылық жұмыстарына баға беруге тәрбиелеу;

б) Ізденіп оқуға ынталандыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі:, интерактив тақта, слайдтар: «Сәбит- қазақ ақыны», «С.Дөнентаев туындылары», «С.Дөнентаевтың өмірдеректерінен фото-суреттер»

Сабақтың әдісі: түсіндіру, салыстыру, талдау, топтау, сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы.
Пәнаралық байланыс. тарих, география.Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгелдеп, сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ.
Үй тапсырмасын сұрау.
1 – топ М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы
2 — топ. «Казақ тілі» өлеңі
3 — топ. «Мен кім?» өлеңі

Шығармашылық жұмыс: «Ана тілім – айбыным» «Мен кіммін?» эссе (көркемсөз) жазу

«Еркін жауап» стратегиясы: ( Үй тапсырмасын қорытындылау)Ана тіліне деген сүйіспеншілігіңді сурет не сөйлем арқылы түсіндіру.

ІІІ. Жаңа сабақ

І.«Қызығушылықты ояту» кезеңі

1-слайд. Сабақтың эпиграфы: « Сәбит –мысал жанырыныңшебер ақыны. «Бозторғай»- патша үкіметінің әкімдерін келістіріп сынаған өлең». Бейсенбай Кенжебаев

«Түсіну» стратегиясы.С. Дөнентаевтың өмірі мен шығармашылығы

«Топтастыру» стратегиясы. Ақын өміріне, ақындық қасиетке байланысты сөздерді теріп алып топтастыру. Ақынның ақындық, тұлғалық бейнесін жасау

1-4-слайд «Сәбит – сан қырлы талант иесі».

<img width="«12»" height="«45»" src="«file:///C:/DOCUME~1/komp02/LOCALS~1/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image001.png»" v:shapes="_x0000_s1027">сыншы журналист

<img width="«50»" height="«31»" src="«file:///C:/DOCUME~1/komp02/LOCALS~1/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image002.png»" v:shapes="_x0000_s1033"><img width="«37»" height="«40»" src="«file:///C:/DOCUME~1/komp02/LOCALS~1/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image003.png»" v:shapes="_x0000_s1032"> ағартушы-демократ ақын

<img width="«153»" height="«81»" src="«file:///C:/DOCUME~1/komp02/LOCALS~1/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image004.png»" alt="«Овал:" с.="" дөнентаев="" (1894-1933)»="" v:shapes="_x0000_s1026">

<img width="«55»" height="«12»" src="«file:///C:/DOCUME~1/komp02/LOCALS~1/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image005.png»" v:shapes="_x0000_s1030"><img width="«56»" height="«12»" src="«file:///C:/DOCUME~1/komp02/LOCALS~1/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image006.png»" v:shapes="_x0000_s1029"> публицистқоғам қайраткері

<img width="«12»" height="«41»" src="«file:///C:/DOCUME~1/komp02/LOCALS~1/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image007.png»" v:shapes="_x0000_s1028"> жазушы<img width="«44»" height="«32»" src="«file:///C:/DOCUME~1/komp02/LOCALS~1/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image008.png»" v:shapes="_x0000_s1034"><img width="«36»" height="«15»" src="«file:///C:/DOCUME~1/komp02/LOCALS~1/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image009.png»" v:shapes="_x0000_s1031">

сатирик ақын

аудармашы

ІІ: Топпен жұмыс: 1 — топқа: «Мағынаны тану» стратегиясы.«Заман кімдікі?» Әділет туралы ойланып-толғанатын ақын өлеңдерінің ерекшелігі қандай? Риторикалық сұрақ дегеніміз не? Сұрақ-жауап 1.Заман кімдікі? 2. «Ой қозғау» және«Еркін жазу» стратегиясы. Ал бүгін ше? Қазіргі заман кімдікі? «Менің өлең туралы пікірім» 5-слайд

Сәбит заманы

Бүгінгі заман бейнесі

Мұғ. сөзі: «Заман сені билемесін, сен заманды биле» деп Абай айтқандай, жаңа заманауи дамудың көшінен қалып қалмайық..

2 — топқа: «Суреттеу» және «Сипаттау» стратегиясы «Бозторғай» мысал өлеңін мәнерлеп оқу, мазмұнын ашу. Өлеңдегі кейіпкер бейнесін сипатта… Мысал өлең дегеніміз не? Қандай мысалшы ақынды білесің? А.Байтұрсыновтың қай мысалына ұқсас? Қандай мақал есіңе түседі?

6-слайд. (Кестені толтыру)

Мысал өлеңдегі кейіпкер-лер

бозторғай

қырғи

бөдене

қаршыға

лашын

қаз

шүре-гей

бүркіт

Өлеңнен тауып, сипаттап жаз

сорлы, кедей кемтар құс (халі нашар)

төре, опа бермес кәпір, құстар-дың жауы

өз басын қорғай алмай жүрген сорлы

жыртқыш құс, шүре-гейдің қас жауы

хан, қаз-дың қас жауы

момын кедей

жалқау кедей

құс патша-сы

«С. Дөнентаев кейінгі ұрпақ есінде қазақ өлеңінің бозторғайы болып қалды». Құлбек Ергөбеков
3 — топқа: 2.«Талдау» стратегиясы (Өлеңдерін талдау, теориялық ұғымдар бойынша, өлеңді құрылысына қарай талдау). Екеуі де а, а, б, а-қара өлең ұйқасы, 11 буынды, 3 бунақ, 4 тармақ, 6 шу-мақты өлең. Эпитетті тауып жаз.

Проблемалық сүрақ:

Бозторғай бүркітті тапты ма? Оқушы өз ойын айтады. Бүгінгі заманмен байланыстырып қорытындылайды.

ІІ. Қорытындылау: Сәбит — қазақ ақыны, мазмұнды, қысқа өлеңнің шебері, сыншыл ақыны, мысалшы, Абай ман Сұлтанмахмуттан кейінгі сатирик ақын. Олөмір шындығын боямасыз қалпында, реалистік сарында суреттейді.
ІV.Бағалау V. Үйге тапсырма. Сәбит Дөнентаевтың «Заман кімдікі?» өлеңін жаттау, «Бозторғай» мәнерлеп оқу, сахналық қойылымға даярлану, өмірі мен шығармашылығы. (реферат жазу)

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ әдебиетіАйтыс- халық қазынасы

Қазақ әдебиеті"Толағай" әдеби ертегісі

Қазақ әдебиетіҚозыкүрең (2сағаты)

Қазақ әдебиетіД.Исабеков "Ата үміті" (1 сағаты)

Қазақ әдебиетіАлпамыс батыр жырының кейіпкерлері

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 2461868

Пікірлер (13)
karina # 20 қараша 2014 в 20:46 0
мына сабақтағы бозторғай өлені қайда
зарина # 24 қараша 2014 в 20:43 0
соны айтам
Sayazhan # 26 қараша 2014 в 18:50 0
мен сендермен келиспейм сабак жаксы болган
Дарын # 24 қараша 2014 в 22:20 0
БозторғайБозторғай зорлық көріп тұрымтайдан,
Таяныш таба алмапты қырдан, ойдан.
Болыпты мұңын шақпақ, зарын айтпақ,
Қырғиды жолықтырып көрсе қайдан.
Ағып жүр оқтай зырлап, көрмей дамыл,
Шыбындан жанын сұрап бір құдайдан.
Тілегі, көздің жасы қабыл болып,
Ақыры-ақ тапты іздеп бір тоғайдан,
Томарда, келсе, қырғи бұғып отыр,
Жемсауы ыңқ-ыңқ етіп шығып отыр.
Түрі бар бір нәрсені аңдығандай,
Орнында қозғалмастан нығып отыр.
Келді де, сәлем берді төресіне,
Аз-ақ тұр шықпай жаны денесінде.
Шақты кеп тұрымтайдың мінездерін:
«Ей, тақсыр, бейбағыңды көресің бе?»
Қырғи сәл торғай сөзі бітер-бітпес,
«Сабыр қыл! – деді, – тоқта еш нәрсе етпес»,
Қазірде қол бос емес, жұмыс қатты,
Аз күтсең жаның шықпас, күнің өтпес».
Деген соң, торғай кетті, амал бар ма?
Тұруға сөз қайтарып заман бар ма?
Қалжырап, қажып, жүдеп қайтты сорлы,
Бірде ұшып, бірде қонып томарларға.
Бір жерге демалуға бөгеледі,
Тағы ұшып ол орнынан жөнеледі,
Түбінде бір томардың бұғып жатқан
Бір кезде көзі шалды бөденені.
Бөдене қылды ишара: «Мұнда кел», – деп,
«Ағаңның мынау жатқан жәйін көр», – деп,
«Мені аңдып бір жау қырғи отыр еді,
Білдің бе, кетті ме екен хабар бер», – деп.
«Жеп қойды ұстап алып жолдасымды,
Сонан соң білдім мен де оңбасымды.
Білмеймін, әлі күнім екіталай,
Кетіп ем қашып, қорғап өз басымды».
Мұны естіп ішін тартты торғай пақыр:
«Ешкімге опа бермес мынау кәпір.
Мынадай болмас, сірә, істің сәті
Айтайын қаршығаны тапсам ақыр».
Деп ойлап, іздеп кетті қаршығаны,
Мұң шағып, ішкі шерін аршығалы.
Көлдегі көп үйректің арасынан
Шулаған қаршығалап зар шығады.
Тыңдаса, бұл дауысты жақын келіп,
Әр жерде бір шүрегей жатыр өліп.
«Бұлардың бәрін қырған бір қаршыға,
Мен мәңгі1 келіп жүрген бұған сеніп».
Деді де, бір түкіріп ұшты аспанға,
«Қайткенде айла табам шыбын жанға?
Бұлардың бәрінен де бекзат еді,
Барайын, – деп ойлады, – лашын ханға».
Көп іздеп неше түрлі бейнет көріп,
Оны да бір мезгілде тапты келіп,
Түбінде бір теректің бекзадасы
Жеп отыр қаздың етін көкірек керіп.
«Жаным-ау, мынау біздің төреміз бе?!
Шынымен ақтық көрмей өлеміз бе?
Кемтарға бұлар қайтып кек әпермек?
Құдірет көн деген соң, көнеміз де».
Дағдарды осыны айтып торғай сорлы,
Жеріне барам деген барып болды.
Бүркітке – құс патшасы жолығуға,
Кезіпті жер-жиһанды оңды-солды.
Тапқанын бүркітті іздеп, таппағанын,
Шаққанын, ішкі мұңын, шақпағанын.
Білмеймін, әлі күнге естігем жоқ,
Жатқанын жаны тыныш, жатпағанын
ешкім # 27 қараша 2014 в 08:55 0
Маған эпитет метафора теңеу және тәрбиелік мәні керек
сембаив нкрик # 22 желтоқсан 2014 в 20:29 0
Нехеу
Ай Нураханова # 24 қараша 2014 в 13:23 0
Немене ақындардың өлеңін табу сонша қиын
ешкім # 27 қараша 2014 в 08:42 0
Неге 6 шумақты санап айтсаң 17 ғой дұрыстап санасыз
$$$ешкім$$$ # 1 желтоқсан 2014 в 18:00 0
Ақындардын олендерин талдауды кім біледі
Аружан # 3 наурыз 2015 в 13:24 0
мен білемін
Айсауле # 7 желтоқсан 2015 в 23:50 0
кешенді талдау жасап берші Сабит Дөнентаевтың бір өлеңіне
Ұлбосын # 19 қараша 2015 в 20:23 0
Ақындар өлеңін сатылай кешенді талдау былай жүзеге асырылады:
Авторы: Мағжан Жұмабаев
Тақырыбы: Ғасыр басындағы ақынды толғандырған тіл тағдыры.
Идеясы: Ана тілінің келешегіне деген ақын сенімі мен үміті.
Жанр түрі: Өлең
Шумақ саны: 4
Тармақ саны:16
Бунақ саны:3бунақты
Буын саны:11буынды
Ұйқас түрі: Қара өлең ұйқасы
Тәрбиелік мәні: Ана тілін құрметтеу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
асылтас # 26 қараша 2015 в 20:09 0
достар маган ой деген такпакты жазып бериндерш

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru