Лепті сөйлем

7 қараша 2016 - Айсулу Юсупова

 

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 8 

Сабақ тақырыбы: Лепті сөйлем

Сабақ мақсаты:

1.білімділік: Сөйлем туралы білімдерін кеңейте отырып, лепті сөйлемнің ережесін түсіндіру; Жасалу жолдарын мысалдар арқылы дәлелдеу;

2.дамытушылық: Берілген тапсырмаларды ережеге сүйене отырып талдайды, өзіндік пікір айтуға, ойлай білуге дағдыланады;;

3. тәрбиелік: бір-біріне деген сыйластыққа, сөз құдіретін түсінуге ықпал ету;

 

Сабақ түрі: дәстүрлі

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,  түсіндіру, талдау, ой толғау, жеке жұмыс;

Көрнекіліктер: слайд, әдеби оқулықтар

Оқу-әдістемелік құралдар: Қазақ тілі және әдебиеті журналы

 

САБАҚ БАРЫСЫ:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу;

2. Сынып тазалығын тексеру, оқу-құралдарын түгендеу.

3. Бүгінгі күнді тақтаға жазып, зейіндерін сабаққа аудару

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

    Сұраулы сөйлемге көркем әдебиеттен мысалдар жазып келу.

 

ІІІ. Өз біліміңді тексер. (Сұрақ-жауап әдісі)

 

1.     Сөйлем дегеніміз не?

2.      Сөйлем неше түрге бөлінеді?

3.      Хабарлы сөйлем дегеніміз не?

4.      Жасалу жолдары қалай?

5.      Сұраулы сөйлем дегеніміз не?

Неше түрге бөлінеді? Мысал келтір

 

 

IV.Жаңа сабақ (слайд арқылы түсіндіру)

 

Лепті сөйлем – дегеніміз айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатымен айтылған сөйлем түрі.

 

Лепті сөйлемдердің жасалу жолдары:

Сөйлемнің етістік формалары арқылы: 

     Мысалы: Ол жетіп келмесі бар ма! Даусы мұнша зор болар ма!

2. –ақ, -ау, -ғой, -ай  шылаулары арқылы:

Мысалы: Үйіңе бара ғой! Сен тамаша  жігітсің-ау!

Көңіл-күй одағайлар арқылы:

Мысалы: Па, шіркіннің сөзі!  Уһ, шаршап қалыппын ғой!

4. Интонация арқылы:

Мысалы: Жау жойылды!  Жау жойылды!

 

V. «Кітап-досың, ақылшың»

 

1. 24-жаттығу.Лепті және сұраулы сөйлемдерді көшіріп жазыңдар

 

2.      Интерактивті тақтадағы «Астана» қаласының суреті бойынша лепті сөйлемдері бар, шағын мәтін құрастыру.

 

3.      Төменде берілген лепті сөйлемдердің жасалу жолдарын анықта.

Ғайшажанды жылатып қойған сен итсің ғой!

-Әй, бейшара кедей-ай!

-          Мына Медеудің бозбалаларын шығарыңдар,

 жаудың бізге керегі жоқ!

-           Күйеу келіп қалды, түсіріп алайық, мұнда келіңдер!

-          — Біздің байдың өзіне сол керек емес пе!

-          — Шық, азғын! Сыртқа шық!

-          — Саған да атар таң, шығар тау бар ма екен!

 

 

VІ. Сабақты қорытындылау.

 

Лепті сөйлем дегеніміз не?
Мысал келтір
Жасалу жолдары

 

 

VІІ.  Үйге тапсырма.

 

26 – жаттығу.

Ережелерді қайталау

 

VІІІ.  Бағалау.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 2716087

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Үздік авторлар

1