Қозыкүрең (2сағаты)

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы

КММ Академик О.А. Жаутыков атындағы

№1 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

екінші (негізгі) деңгейдегі мұғалімі

Нарымбекова Гульнар Шайзадаевна

Сыныбы: 6-сынып

Пәні: қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов «Қозыкүрең»2-сағаты

Қозыкүрең әңгімесіндеі тұлпар бейнесі

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сыни тұрғыдан ойлау, постер қорғау, «Үш жақты түсіндірмелі күнделік», интерактивті тақтамен жұмыс, Венн диаграммасы, топпен жұмыс, Синкуейн (бес жолды өлең), шығармашылық жұмыс.

Көрнекілігі: Слайдтар, плакат

І.Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру(4 мин)

Мақал-мәтелдердің қиындысы арқылы 3 топқа бөлінеді. Мақалдың мәнін ашады.

    1.Жақсы аттан жал кетсе де, әл кетпейді

    2.Жақсыда мін жоқ, жүйрікте сын жоқ

    3.Жақсы ат алдынан сүрінбейді, артынан сүрінеді

-«Жануарым-ай, аман-есен келген екенсің ғой. Айшылық жолды алты аттап, Алатауыңа жеткен екенсің-ау… Елсіз-сусыз шөлдерден, асу бермес белдерден өтіп, туған жерге қалай жеттің екенсің?» Бұдансен не ұқтың, мәнісін қалай түсіндің?

Үйге тапсырма: «Менің тұлпарым» ойтолғау

Ойлау деңгейі/мақсаты

Күтілетін нәтиже

Тапсырма (түрткі сұрақтар, жағдай)

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау формасы

Білу

Түсіну

(10 мин)

«Қозыкүрең» әңгімесінің мазмұнын біледі. Шығармашылық қабілеті артады.

Сұрақтарға жауап бере отырып әңгіме мазмұнын тиянақтайды.

Өз пікірін айтуға дағдыланады, шығармашылықпен жұмыс жасайды.

    ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

    1.Бәйге

    -Әңгімедегі қырғыз-қазақ достығының үлгісін көрсететін кімдер?

    -Ералы мен Жұмаханды өте жақындастырып жіберген нендей оқиға?

    -Ағыбайлардың Төреқұл аулына аса салтанатпен бару себебі не?

    -Әңгімеде айтылатын ашаршылық қазақ елінің басынан қай жылдары өткен?

    -Әңгімеде қырғыздың қандай жер-су атауларын ұшыраттың?

    -Әңгімедегі кейіпкерлерді ата.

    -Суретші Ержан қырғыз бен қазақтың бет пішінінен қандай өзгешеліктерді аңғарды?

    -Қозыкүрең оқиғасы қай жылдары болған?

    -Саяқбай Қозыкүреңнің қашуға дайындалып жүргенін қандай әрекеттерінен байқады?

    -Жатып қалған Қозыкүреңді тұрғызу үшін Саяқбай қандай емдік шаралар қолданды?

    2.Шығарма «Сыналған достық»

    Өзін-өзі бағалау парағы (түсіндіру)

    Оқушының аты-жөні:

    Шығарманың бағалануы

    Ұпай саны

    Баға

      1.

    Мазмұны мен идеялығы

    5-10

    39-40-«5»

    38-36-«4»

    35-тен төмен-«3»

    2.

      Ой-пікірдің жүйелігі

    5-10

      3.

    Стилі

    5-10

      4.

    Грамматикалық сауаттылығы

    5-10

Сұраққа нақты жауап береді.

Жазып келген шығармасын оқиды. Критерий бойынша өзін-өзі бағалайды.

Топ басшының ұпайы.

Өзін-өзі бағалау

Қолдану

(8 мин)

Тапсырманы өздігімен шешеді.

Берілген тапсырманы жан-жақты қарастыра отырып шешеді.

1-топ

Үш жақты түсіндірмелі күнделік

Әңгімедегі таңқалдырған оқиға

Неліктен?

Сұрақ




2-топ

Жылқы малының қасиеттері (топтастыру)

3-топ

«Бес жолды өлең» құрастыру

Зат есім: Қозыкүрең

Сын есім:

Етістік:

Сөз тіркесі:

Синоним:

Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

Сергіту сәті

Бейнефильм «Ең күшті жүйріктер» 2:15

Әр топ өз тапсырмаларын орындайды,қорғайды.

Топ басшысының бағасы

Талдау

(10 мин)

Оқиға мен әрекеттер туралы өз пайымдауын жасайды.

Әңгіме мазмұнының шеңберінен шығып, ой қорытады, салыстырады.

Тапсырма

1.Әңгімедегі Қозыкүрең оқиғасы баяндалған жерін мазмұндау

2. — Қозыкүрең әңгімесі неге Қозыкүрең деп аталған?

— Саяқбайдың Қозыкүреңге сүйіспеншілігін толық теріп айт

-Әңгімені оқығанда өзіңді қандай сезім биледі?

Венн диаграммасы

Қ. Жұмаділов

«Қозыкүрең»

ұқсастығы

С.Жүнісов

«Ақырғы бәйге»




Сұраққа жауап береді.Өз сезімдерімен бөліседі. Екі әңгімені салыстырады.

Топ басшысының бағасы

Жинақтау

( 8мин)

Шығармашылыққа баулу

Шығармашылықпен жұмыс істеу.

Қозыкүреңге хат

Бір-біріне ой тастап, топпен жұмыс жасайды.

Топ басшысының бағасы

Бағалау

(5 мин)

Оқушылардың өзіндік көзқарасы, пікірін қалыптастыру, білім мазмұнын бағалауға үйрету

Сұраққа өздігінше жауап береді

Өзге топтағы оқушылардың бағалауы

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ әдебиетіД.Исабеков "Ата үміті" (1 сағаты)

Қазақ әдебиетіАлпамыс батыр жырының кейіпкерлері

Қазақ әдебиетіАйтыс- халық қазынасы

Қазақ әдебиеті"Толағай" әдеби ертегісі

Қазақ әдебиетіС. Дөнентаевтың "Заман кімдікі", «Бозторғай» өлеңі

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083417

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар