М.Дулатов "Шешенің балаларын сүюі" өлеңі

24 ақпан 2015 - Жаннат Анесова

Тақырыбы: М.Дулатовтың « Шешенің балаларын сүюі » өлеңі

Мақсаты:

білімділік: ХХ ғасыр әдебиетінің көрнекті өкілі М.Дулатовтың өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасау, «Шешенің балаларын сүюі» өлеңімен таныстыру, өлеңнің идеясын ашу.

дамытушылық:берілген тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық ізденістерін қалыптастыру, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

тәрбиелік: оқушыларды өмірдегі ең ардақты жан – ананы сүюге, қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: оқыту, сұрақ –жауап, талдау, АКТ, СТО әдістері, шығарм.жұмыс.

Пәнаралық байланыс:қазақ тілі, қазақстан тарихы, музыка

Сабақтың көрнекілігі: М.Дулатовтың шығармалар жинағы, слайд – суреттер, интербелсенді тақта.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдасын тексеру

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

III. Мақсат қою

IV. Жаңа материалды түсіндіру

V. Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу

VI. Сабақты бекіту

VІI. Үйге тапсырма

VІII. Бағалау

Тақырыбы: М.Дулатовтың « Шешенің балаларын сүюі » өлеңі

Мақсаты:

білімділік: ХХ ғасыр әдебиетінің көрнекті өкілі М.Дулатовтың өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасау, «Шешенің балаларын сүюі» өлеңімен таныстыру.

дамытушылық:берілген тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық ізденістерін қалыптастыру, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

тәрбиелік: оқушыларды өмірдегі ең ардақты жан – ананы сүюге,қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі : оқыту, сұрақ –жауап, талдау, СТО әдістері, шығарм.жұмыс.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақстан тарихы, музыка

Сабақтың көрнекілігі: М.Дулатовтың шығармалар жинағы, слайд – суреттер, интербелсенді тақта.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық

Бүгін біз үшін ерекше күн. Өйткені бүгін біздің сыныпқа қадірлі қонақтар келіп отыр. Біз қашаннан қонағын төрге оздырып, бар тәттісін қонағының алдына қойған қонақжай халықпыз. Ендеше, балалар, келген қонақтарға әдемі әдебімізді, білікті білімімізді, өрнекті өнерімізді, мәнерлі мәдениетімізді ұсынып, риза етейік.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

    1.Шығармашылық жұмыс: «Жыр алыбы -Жамбыл»(презентация, хабарлама)

    2.«Сұраншы батыр» өлеңінен үзінді жаттау

    3.Сұраншы батыр туралы тарихи деректер жинау(хабарлама)

Мұғалім сөзі: Балалар, Жыр алыбы- Жамбыл ақынды да, Ақынның өлеңдеріне арқау болған Сұраншы батырды, Өтеген батырды, Амангелді батырды дүиеге әкелген аналар. Батырға да, ақынға да, данаға да жарық дүние сыйлайтын ана. Экранға назар аударайықшы, балалар.

Біздің қазақ әдебиетінде ана тақырыбына қалам тартпаған жазушы мен ақын кемде- кем. Ана бізге жарық дүние сыйлаушы, өмірдің тірегі, отбасының ұйытқысы. Ендеше, біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз ана туралы болмақ. Бүгін біз балалар, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі М.Дулатовтың« Шешенің балаларын сүюі » деген өлеңімен танысамыз.

III. Мақсат қою

IV. Жаңа материалды түсіндіру

Міржақып Дұлатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайреткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері. Туған жері — Сарықопа уезінің, Торғай облысының үшінші ауылы (қaзipri Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбел" ауылы).

Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер -тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдарыТорғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болады. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді. Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі. Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, «ауыл мұғалімі» атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты хәлін көріп, түңіле түршігіп, тебірене толқиды.

1906 жылы Петербургке барып қайтады. Бұл сапарынан ол саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын болып оралады. 1907 жылы Петербургте шыққан «Серке» газетіне “Жастарға" деген өлеңін, бүркенпік атпен «Біздің мақсатымыз» деген мақала жариялайды. Мақалада Міржақып қазақ халқының басындағы қиын жағдайдың анық себептерін саралап, отарлық саясатты әшкерелейді. Патша өкіметі мақала авторын тұтқындамақ болғанмен, бүркеншік аттың иесін таба алмайды. 1909 жылы Петербургте М. Дулатовтың «Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Бұл кітап та патша әкімшілігінің қуғындауына ұшырайды. 1913 жылы ол Ахмет Байтұрсыновпен бipre "Қазақ" газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады. 1920 жылы Ташкентке келіп, сондағы “Ақ жол" газетінде қызмет атқарады. 1922 жылы жазықсыз қамауға алынады. Түрмеден шыққан соң, 1922-1926 жылы Орынбордағы ағарту институтында оқытушы болады. 1928 жылдың аяғында бip топ қазақ зиялыларымен бipre қамауға алынады да, он жылға сотталып,1935 жылы тұтқында қайтыс болады.


Өлеңдері: Алашқа, Зар заман, Мектепке, Елім – ай, Жас қазақ, қайдасың?
Шешенің балаларын сүюі, т. б
Әңгімелері: Жазғы кеш, Оқымысты бала, Күз.Қасқыр қысты қалай өткізеді?
Шалдың үш баласы, Ешкімге жауыздық қылма, т. б.
Романы:Бақытсыз Жамал
Аудармасы: А. С. Пушкиннен, Абу Фирас Шиллер, Лермонтовтан, т. б.(М.Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы туралы бейнебаян көрсетіледі)

    1.Өлеңді үнтаспадан тыңдау. Өлеңнен алған әсерлерін сұрау

    2.Екі шумақтан екі оқушыға мәнерлеп оқыту

    3.Өлеңнің мазмұнына талдау жасау. Әр шумағын мәнерлеп оқи отырып, ананың балаға деген қамқорлығы, сағынышы қалай суреттелетінін түсіндіру.

    4.Өлеңнің идеясы не, балалар?

    5.Өлеңде біз кімнің портретін көрдік?

V. Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу

Зымыран сұрақтар

1. Ақын осы өлеңі арқылы қандай ой айтпақ болды?

2. Қазіргі қоғамда анаға деген құрмет қандай дәрежеде?

3. Ана туралыхалықарасында қандай аңыздар бар?

4. Ана туралы қандай даналық сөздер бар?

VI. Сабақты бекіту

1-қатар. Өлеңге сатылай кешенді талдау.

1.Авторы.

2.Тақырыбы.

3.Тегі.

4.Жанры.

5.Идеясы.

6.Өлең құрылысына талдау:

шумақ

тармақ

бунақ

буын саны

ұйқасы

7.Өлеңнің тілі

Тұрақты тіркес:

Риторикалық сұраулар арқылы: сұрай арнау

8.Өлеңдегі ажарлау. Эпитет:

9.Өлеңнің түйіні.

2-қатар. «Ана – кәусар бұлақ» ойтолғау жазу немесе өлең құрастыру

3-қатар. «Аналар әлемі».Семантикалық кесте толтыру

Ақын-жазушылар

Менің атым- әйел, мына қыздың анасымын! Бәрін де анадан тудыңдар.

Ана керек! О, адамдар ана керек адамға, Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.

Жақсы жігіт ел- жұртының қаласындай, Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай

Күлдей күңгірт шашы бар, Тоқсан бесте жасы бар, Көз дегенің – сұп-сұр көр. Тасбиық санап бүгіліп, Жерге қарап үңіліп, Көрше ауыр күрсінер, Менің бір қарт анам бар. Неге екенін білмеймін-Сол анамды сүйемін.

Ана,
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жайтүсіпжатқанда да құламадың

Әбділда Тәжібаев

Сүйінбай Аронұлы

Ғабит Мүсірепов

ТөлегенАйбергенов

Мағжан Жұмабаев

Мұқағали Мақатаев

Тренинг- Эпитет. Әр оқушы өз аналарының есімінің бірінші әрпінен басталатын эпитет сөз тауып жазу.

Тест тапсырмалары арқылы оқушылар жауаптарды белгілеп, парталасымен ауыстырады. Осыдан кейін арнайы шкала бойынша бірін- бірі бағалайды.

1. М.Дулатов қай облыста дүниеге келген?

А) Семей облысы. Б) ОҚО. В) Талдықорған облысы. С)Торғай облысы

2. Міржақып қандай оқу орнында оқыған?

А) Орынбор рабфагінде. Б) Петербург артеллерия училищесінде

В) Торғайдаорыс- қазақмектебінде.С)Ахмет- Риза медресесінде.

3. Солкезеңдегіқазақоқығандарының бас қосатынорнықайжерболды?

А) Алматы. Б) Омбы. В) Торғай. В) Орынбор

4. Омбыдаолкімментанысады?

А) Шәкәрім. Б) А.Байтұрсынұлы. В) М. Жұмабаев. В) Ж. Аймауытов

5. Міржақыптың «Жастарға» деген өлеңі қай газетте басылды?

А) «Түркістан уалаятының газеті». Б) «Серке » газеті.

В) «Дала уалаятының газеті». С) «Айқап» журналы

6. Ел санасын ояту мақсатында А.Байтұрсыновпен бірігін қандай газет шығарды?

А) «Түркістан уалаятының газеті». Б) "Қазақ " газеті

В) «Дала уалаятыныңгазеті». В) «Айқап» журналы

7. Автор проза саласындакүшінсынапқандай роман жазды?

А) «БақытсызЖамал». Б) «Ақбілек». В) "Қалың мал". С) «Абай жолы»

8. М.Дулатов қайжердедүниесалды?

А) Петербургте. Б) Торғайда. В) Сосновец бекетінде. В) Уфада

9. Міржақыптыңанасы кім?

А) Дәмеш. Б) Айғаным. В)Жамал. В) Ұлжан

VІI. Үйге тапсырма

1.М.Дулатов « Шешенің балаларын сүюі » өлеңін жаттау

2.Шығармашылық жұмыс. Ана тақырыбында бейнебаян, презентация жасау, сурет салу

VІII. Бағалау

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1115538

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар