М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы

21 сәуір 2016 - Жанша Текеева

 

Сабақ тақырыбы:             Қазақстан – өлең жолдарында

                         М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы            8-сынып            

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары:

Т/Ж3 Әдеби көркемдегіш құралдарды түсіну және меңгеру

АИ2 Негізгі ойды анықтау, автор ерекшелігін түсіну

v Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен көркем әдеби стильдің қолданысын түсінеді, өз көзқарасын қысқаша мазмұндайды және дамытады.

v Кең көлемді шығармалардағы автор көзқарасына және оқиға желісіне байланысты кейіпкердің көңіл күй дамуын талдайды.

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар :

[*]       өз көзқарасын қысқаша мазмұндай алады;

[*]      кейіпкердің көңіл күй дамуын талдай алады.

Оқушылардың көбісі:

[*]       шығармадан көркемдегіш құралдарды таба алады;

[*]       ойын дамыта отырып айтады;

[*]       шығармадағы автор көзқарасын талдай алады.

Кейбір оқушылар:

[*]       көркем әдеби стильдің қолданысын түсінеді;

[*]       көлемді шығармалардағы оқиға желісіне байланыстырып айтады.

Оқыту іс-әрекеттері:

Ж/Т Оқушылар поэмада қолданылған 10 әдеби тәсілді ерекшелейді.

Мысалы кейіптеу, эпитет, метафораны  қолдану. Топтарда олар өздері таңдаған тәсілдердің  нәтижелілігін талқылау үшін кезекпен айтады.

F

   Оқушылар эссе тақырыбын жоспарлайды: Мақатаев поэмасындағы қайғыны қалай түсінесіз? Эсседе цитаталар мен түсініктемелер кестесін өз идеяларын таңдап, ұйымдастыру үшін қолданады.

Пәнаралық байланыс: Биология пәні, өнер, музыка

Күтілетін нәтиже: Шығарманы жүйрік оқуы, поэманың сюжетін меңгеруге, ауызша да, жазбаша болжауға және сыни тапсырмаларға жетелейді.

Әдебиет теориясынан: Шығарманың композициясының құрылысы мен сюжетін танып білу. Әдеби көркем тәсілдерді талдауға үйрету.

Алдыңғы меңгерілген білім: Оқушылар  поэзия мен прозаны ажыратады.Назар аудару үшін балалардың өздері төңірегіндегі әлемді көру мен түсіну жолдарын табады. Бұл мәтіндерді оқу ауызша, болжап жазу мен сыни тапсырмалардың бірнеше түріне әкеледі.Тіл мен өнер, биология пәні  бойынша пәнаралық байланыстар ұсынылады.

                                                         

  Жоспар:

Сабақ кезеңдерінде жоспарланған іс — әрекеттер:

Оқушылармен  сәлемдесу.

Топқа бөлу.Құстардың суреттері арқылы 4 топқа бөлу.Сыныпта әр жерде ілініп тұрған суреттерді өз қалаулары бойынша таңдап алады.

1-топ. Жыл құстары.

2-топ.Үй құстары

3-топ. Суда мекен ететін құстар

4-топ. Ұша алмайтын құстар

Миға шабуыл.      Зейінді аудару

Құстардың дауысын естірту арқылы соның ішінде аққу құсының үнін ажырата  білу.

Аққу қандай құс? Қойылған  сұрақтарға  ауызша  жауап береді

Биология пәнінің мұғалімі А.Амангелдиева сөзі: Дайындаған тапсырмасы.Блиц сұрақтар арқылы шапшаң әрі нақты жауабы бағаланады. Ұпай беріледі.

ЖЖ 1.Аққудың өзіне тән ерекшеліктерін атап шығу. 2. оның мекені туралы мағұлматтар беру. 3.Құстың популяция қасиеттерін ашып шығу.

ТЖ  Мөлшерленген уақытта «Домино» ойыны арқылы берілген сұрақтарға жауапты дәлелдеп айту.

Н.Тілендиевтің  "Аққу " күйі ойналады.  Сұрақтар. Неге аққуды атуға болмайды?

Аққу туралы аңыз, ырым-жоралғыларды сұрау.

«Аққулар ұйықтағанда» поэмасы:  https://www.youtube.com/watch?v=k6DEYxv_Av0

 

                                           Сабақтың тақырыбын ашу

Сабақ тақырыбы  қазақша, орысша,  ағылшынша айтылады.

Мұқағали Мақатаевтың  "Аққулар ұйықтағанда" поэмасы

Наша сегодняшняя поэма на тему:  Мукагали Макатаева "Спящие лебеди"

Our today s poem on a subjest  M.Mаkataev  Sleeping swans.

"Әдебиет үйірмесі" стратегиясы

Топты сөйлету үшіін ой талқысына түсіріп, бір мәселе туралы талдап сөйлеу үшін ситуциялық сұрақтар дайындау.Сюжеттік байланысты анықтау. Топ спикерлері рөлдерін белгілейді. Топпен талқылайды, постерге жазып,өз көзқарасын білдіреді.Шығарма мазмұнына сәйкес түйінді сөздерді ортаға тастайды.Әр кейіпкердің әрекетіне баға беру. Ойларын түйіндеу.

Табыс критерийлері құрылады.

1. Шығарманың мазмұнын біледі.

2.Көркемдегіш құралдарды таба алады

3. Автордың көркем әдеби стильдік қолданысын түсінеді.

4.Өз көзқарасын қысқаша мазмұндайды және дамытады

"Әдебиет үйірмесі" стратегиясы бойынша тапсырма беріледі.

Шығарманың өн бойын шарлап, ақын қолданған сөз сұлуын іздене отырып, оның қолдану ерекшелігін егжей -тегжейлі түсіндіріп, талдау.Әр тәсілдің нәтижелілігі талқылау үстінде байқатады. Поэмадағы 10 әдеби тәсілді (кейіптеу, эпитет, метафораны) табады.Топта дәлелдейді.

Бағалау. Оқушылар  пікірлерін гүлдің күлтесімен

Сергіту сәті

 «Шын» — «Жалған» әдісі.

1.Ақын өмірі мен шығармашылығынан және поэма жолдарынан кейбір үзінділерден мысалдар келтіріп, тапсырма беріледі. "Шынын" көп тапқандарға "Керемет", "Тамаша" "Тапқыр екенсің" деген марапаттаулар айталады.

"Дөңгелек үстел" стратегиясы арқылы жазба жұмысын жүргізу.

Эссе жазу. "Егер мен  ақындық шабытыма қамшы бассам, поэманы былайша аяқтар едім ".

Осындай тақырыппен 4 топқа эссе жазу тапсырылады. Топтағы оқушы саны ескеріледі.

Талқылайды,өз ой пікірлерін айтады.

Эссені айналдыра отырып жазып шыққан соң, әр топтан 1-2 оқушы оқып, талқылайды,өз ойын айтады,

Оқушылар өз жұмыстарын бағалайды.

                        "Екі жұлдыз, бір тілек"

"Банк" стратегиясымен оқушылар поэмадағы өздеріне анық емес сөздерді шығармадан тауып, оны "түсініксіз сөздер"  топтамасын кіргізіп талдау үшін  "Асыл сөздің сыры" банкісіне салып отырады.Оны кейін сөздікпен жұмыс жасау арқылы мағынасын ашады.

Рефлексия. Сабақ туралы   Менің пікірім....

                                               Менің ойымша....

                                              Мен ойлағандай...

Үйге тапсырма. Поэманы оқи отырып, әсерлі тұстарына анализ жасау.

 

Текеева  Жанша  Тажибаевна

НЗМ оқытушысы

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Бейнелеу өнеріСәндік натюрморт

2 сыныпЖылу Ф.Оңғарсынова

Ұстаз үніАта-ана мен мектептің қарым-қатынасы ұрпақ тәрбиесінің қайнар бұлағы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1068836

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru