Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»

Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»

Мухангалиев Нурлыбек Гайноллаевич

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Бірлік ауылы

М.Мирманов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

7 — сынып

Сабақтың тақырыбы

Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» 2-сағат

Мақсаты

Тақырып бойынша білімдерін жинақтап бекіту, үзіндінің сюжетін меңгерту, үзінді мәтініне талдау жасау.

Күтілетін нәтиже

А) Сайын Мұратбековтың өмір жолын және шығармаларын біледі.

Б) «Жусан иісі» шығармасының тақырыбын анықтайды және композициялық құрылысына талдай алады.

С) Сол кезеңнің жас сәби жүректерге қандай із салғанын түсініп зерделейді, бағалайды.

Керекті жабдықтар

Оқулық, жұмыс дәптері, қалам, ақынның портреті, кесте сызбалар, интербелсенді тақта, ресурстық парақтар, бағалау парақтары

Пайдаланылған әдіс–тәсілдер.

СТО: жоғары, төменгі дәрежелі сұрақтар,қызығушылықты ояту, РАФТ стратегиясы

АКТ: интербелсенді тақта арқылы аудио жазба тыңдату, тапсырмалар беру.

ЖАҢА ТӘСІЛДЕР: «Детальдарды қосу» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау, «Галерея» әдісі арқылы тақырыпты талқылау, «Ойлаудың алты қалпағы» әдісі арқылы сабақты бекіту, зерттеушілік әңгіме, екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау, кері байланыс

Тапсырмалар

№ 2 Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

№3 оқушылардың сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету.

№ 7 Бірлескен оқу: талантты және дарынды оқушылар.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Уақыты

минут

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

2 минут

2 минут

6 минут

1. Ұйымдастыру

2.Оқушылар өткен сабақта құстар туралы біршама мәлімет алып едік. Құстардың мына түрлері арқылы

3 топқа бөліп отырғызамын.

Ерліктің, еркіндіктің символы – Қыран.

Сүлулық пен әдеміліктің символы — Аққу.

Бейбітшіліктің символы – Көгершін

3. Үй тапсырмасын тексеру: үйге С.Мұратбековтың өмір жолы мен «Жусан иісі» шығармасы берілді

Үй тапсырмасын«Детальдарды қосу» әдісімен сұраймын. Әрбір топшамада бастапқы сөздер беріледі. Әрі қарай толықтырулар қажет. Әрбір оқушының жауаптарын қадағалап, тексеремін.

1. Оқу құралдарын шығарып сабаққа әзірлеу.

2. Таңдаған суреттері бойынша топқа бөлініп отырады, топ ережесін еске түсіреді.

3. Үйден оқып келген тақырып бойынша берілген сөйлемді толықтырады. Әр топтан өзара келісіп бір оқушы айтады.

Тұсаукесер

4 минут

Фариза Оңғарсынованың «Жетімнің монологін» тыңдатамын.

Оқушылар тыңдайды, сол бойынша ойларын айтады, талқылайды.

Негізгі бөлім

15 минут

«Галерея» әдісі

1 топ. Соғыстың зардабы

2 топ. Жетімнің тағдыры.

3 топ. Қазіргі балалық шақ.

Әр топ бірлесіп жұмыс жасайды. Берілген тақырып бойынша постермен жұмыс жасайды. Ойланады, ақылдасады, талқылайды, ойларын қағазға түсіреді.

Әр топ бір-бірін«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалалайды.

Әрбір топ өзіне берілген тапсырманы орындайды. Топ басшысы сабақтың әр кезеңі бойынша өз тобындағы оқушыны бағалап отырады.

Қорытынды

8 минут

3 минут

3 минут

2 минут

«Ойлаудың алты қалпағы» әдісімен сабақты бекіту. Алты оқушыға түрлі қалпақты кигізе отырып, тақырып бойынша ойларын тыңдау.

«Жетім дердің тағдырына кім кінәлі?» деген тақырып ұсынылады, сол бойынша бүгінгі тақырыппен байланыстыра сөйлеу.

«РАФТ» әдісі арқылы ойларын түйіндейді.

Үш топқаАян, оқушы, халық деген өздер беріледі.

«Бағалау» әдісі топ басшысына өз тобындағы оқушыларды бағалатамын. Ауызша кері байланыс орнатамын, өздерінің бүгінгі сабақ бойынша пікірлерін білу.

Бірлік ауылдық кітапханасының меңгерушісі Қанапия Тілегенқызының дайындған шағын кітап көрмесімен танысу.

Үй тапсырмасын беру:

1.«Жетім көрсең жебей жүр» шығарма

2.«Баяғыда жетім бала болыпты...» деп басталатын Аянның ертегісін жалғасытру.

Оқушылар сабақ бойынша алған білімдерін ортаға салады, бір-бірінің жауаптарын толықтырады, Көк қалпақ бар жауапты бір жерге тоғыстырып, қорытындылайды.

Топ басшысы өзіне берілген бағалау парағына тобындағы оқушының сабақтың әр кезеңіне қатысуына қарай бағалап отырады.

Осы әдіс бойынша оқушылар өз ойларын жазады.

Әрбір оқушы сабақтан алған әсерін айтады

Сайын Мұратбековтың басқа да шығармаларымен танысады.

Үй тапсырмасын тыңғылықты жазып алады.

Сабақтың өзіндік талдауы:

Сабақ бойынша өзгертулер

Осыған ұқсас жазбалар:

ФизикаҚайталау сабағы 7 сынып

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1152352

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар