Туысым – түп-тамырым, қазығым. Тәрбие сағаты.

1 мамыр 2014 - infust

Аты-жөні: Камзина Марпуга Слямкановна

Туған жылы: 21. 05. 1963 жыл

Білімі: жоғары

Мамандығы: ҚазМУ, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Пед. стажы: 25 жыл

Жұмыс орны: Алматы қаласы, «Жаңа Ғасыр» №175 гимназиясы

Келелі мәселесі:Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылғын арттыру, тілін дамыту.

Сабақтың тақырыбы: Туысым – түп-тамырым, қазығым. Тәрбие сағаты.

Сабақтың эпиграфы: Өткеннің өнегесі – бүгіннің баға жетпес байлығы.

Н.Назарбаев

Сабақтың мақсаты: Жеті атаны білу арқылы өзіңді тану. Атадан үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие алу. Ата текті құрметтеу, ұрпақ жалғастығы, отбасы құндылығы және тектілік туралы ұғымды ұғыну. Өзінің кім екенін, ағайын-тумаларының қайдан шыққанын білгізу, ұрпаққа шежіре үйрету, шығармашылыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі:

1-слайд. Туысым – түп-тамырым.

2-слайд. Туған-туыс дегеніміз – өсіп шыққан ағаштың бұтақтары

3-слайд. Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында» кітабынан берілген дәйексөз

4-слайд. Қазақ халқының жеті ата шежіресі

5-слайд. Менің әулетімнің шежіресі

6-слайд. Менің әулетімнің шежіресі

7-слайд. Туысым – түп-тамырым, қазығым

8-слайд. Туысым – түп-тамырым, қазығым

9-слайд. Қазақ халқының жеті ата ауқымындағы туыстық атаулары

10-слайд. Қазақ халқының жеті ата ауқымындағы туыстық атаулары

11-слайд. Ойтолғау «Менің әулетімнің шежіресі»

12-слайд. Фото-суреттер

6.видеоролик, Х.Ғапжамилов «Шежіре – тектілік»

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру, зейінін сабаққа аудару

Кіріспе. Мұғалім сөзі:

1-слайд. Мұғ.сөзі:

Мектеп қабырғасында тәрбиеленіп жатқан жас ұрпақтарға осы ұлттық тәрбиені сіңіріп, оның ерекшелігін терең білуге, құрметтеуге, үйретуге тиіспіз еген мақсатта ұйымдастырылған «Туысым—түп тамырым, қазығым» атты ашық тәрбие сабағымызды бастаймыз.

2-слайд.

Ешкім де туысқан- туғансыз, ағайынсыз емес. Кім болса да адамнан шығып, адамнан тараған, ал адам да сол көп жапырағы бар бұтақ пен көп тамырлары бар ағашқа ұқсайды. Туған-туыс дегеніміз де сол бір түбірден өсіп шыққан ағаштың бұтақтары тәрізді. Адамның көрген тәрбиесі, алған нәрі, бұрынғыдан қалған мирас-мұрасы, бәрі-бәрі алпыс екі тамыр арқылы тұла бойға тараған қаны бір түп ағаш тәрізді.

Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ, ағайын- туысын, нағашы жұртын, ата-тегін, руын, ел- жұртын тани білуге ерекше көңіл бөлген. «Жеті атасын білу» заң болған. Ата-бабаларымыз өз тегінің шығу тарихын білуді әр азаматқа парыз деп ұққан. «Жеті атасын білмеген ер жетім», «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген аталы сөз содан қалса керек.

3-слайд.

Елбасының сөзімен айтсақ,…

демек, баланың өзінің шыққан тегін білуі — оның азаматтық, елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады екен.

Ән «Туысқандар» («Ақ маржан» әнімен )

Туысқандар – аяулы туысқандар,

Бір анадан туғандай туыс жандар.

Бір-біріне бүйрегін бұрысқандар,

Бір-біріне жүректен ұғысқандар.

Сәл нәрсеге бұртиып суысқандар,

Сәл нәрсеге мәз болып ұғысқандар.

Жиі-жиі көрмесе сағынғандар,

Туысқандар ежелден әділ жандар.

1-оқушы. Әсел

«Жеті атасын білмеген — жетесіз» деген немесе «Жылқы жеті тегіне тартып туады» деп, халық адамның да арғы тегіне тартып туатынын айқындап, «біреу әкеге тартып туады, біреу әкеден артық туады» деп ұрпағының «артып туғанын» тілеген. Жеті ата: 1.Бала 2.Әке 3.Ата 4.Арғы ата 5.Баба 6.Түп ата 7.Тек ата (ата-тек деген сөз осыдан шыққан)

2-оқушы. Мадина

Жеті атаңды таны дегенде, ата-тегіңнің кезінде болған жақсылығын үлгі аларсың, батыр болса – ел қорғаған, шешен болса – әділ билік айтқан болар, содан үйренерсің, еңбекте ер атанған болса – одан үлгі аларсың деген болу керек.

3-оқушы. Дінмұхаммед

Жердің жүзі мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден-ақ 7 санында сиқырлы күш бар деп санаса, киелі, қасиетті деп ұғатын да ұлттар бар. Біздің ата-бабамыз 7 санын қастерлеп, бірқатар таным түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң жүйелерді жеті санымен атайды. Алла Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі Тауратта жеті саны 500 рет қайталанады.

4-слайд. Мұғ. сөзі:

Қазақ халқының жеті ата шежіресі дегеніміз – халқымыздың әрбір отбасында атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып, берік орнығып, заңдылыққа, халықтық тәрбие құралына айналған ізгі іс-әрекеттер, тәлім-тәрбиелік қағидалар, жалпыға ортақ әдептілік, инабаттылық нормалар жиынтығы.

Алланың бұйрығымен өмір сүріп, жеті атасын білуі – бір бас бидайдан 7 сабақ шығарып, 700 дән бергенмен бірдей.

Ән «Өмір – өзен» Орындайтын: Елшібек

4-оқушы. Әсем

Бауырласқан тәніміз

Бұзылмаған антымыз

Кең даланың ежелгі

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз, — дегендей ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан тәрбиелік маңызын жоймаған тамаша дәстүріміз бар.

5-слайд. «Жігіттің үш жұрты»

6-слайд. «Жігіттің үш жұрты»

5-оқушы. Анар

Сол дәстүріміздің бірі – жігіттің үш жұрты. Адамның өзінің ағайын жұрты, қайын жұрты және нағашы жұрты болатынын жақсы білеміз. Үш жұрты аман тұрғанда жігіт дүниеден кемшілік көремін деп ойламайды. «Тарыққанда жебеушім, зарыққанда демеушім бар» деп мақтаныш етеді.

7-слайд «Туысым –түп-тамырым, қазығым »

8-слайд «Туысым –түп-тамырым, қазығым »

9-слайд «Қазақ халқының жеті ата ауқымындағы туыстық атаулары»

10-слайд «Қазақ халқының жеті ата ауқымындағы туыстық атаулары»

2-жүргізуші. Әсем

Кім өтер, кімдер қалар,

Рухым өшіп менің қайта жанар.

Еңіреп ата-бабам өтіпті-ау деп,

Кейінгі ұрпақтарды есіне алар, — дей келе,

«Менің әулетімнің шежіресі» Оқушылар шығармашылығыбойынша айтылатын кезеңге сөз берейік.

11-слайд (ойтолғау)

1.Жетінші атаңа дейін тегіңді саралап жаз.

2.Олардың игі істері мен дәстүрлерін айта аласың ба?

3.Текті білудің қандай мәні бар? Тек туралы өз түсінігіңді жаз.

4. Адамның неше жұрты болады? Өз жұртың жайлы шағын әңгіме құрастыр.

Мұғ.сөзі:

Әр оқушының ұрпақ жалғасын мен тектілік тәрбиесін қалай түсінетіне, құлақ түрейік.( Думан, Гауһар, Қалмахан, Гүлназ, Ескендір… )

12-слайд (фото-суреттер)

Балалар, үй тапсырмасы бойынша дайындап келген ойталғауын оқиды.

Мұғ.сөзі:

Отбасы мүшелері балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймаған, олардың қандай адам болғанын, өнегелерін үлгі етіп отырған. Әрі сол арқылы отбасы шежіресін жалғастыруды мақсат еткен. Қазіргі медицина ғылымы дәлелдегендей, жеті атаға дейін қыз алыспау да қанның тазалығын, яғни ұлттың таза болуына әкеледі екен, екіншіден, қазақ ұрпағы жеті атасына дейін араласып отырса, ынтымағы жарасқан ел болатынын білген.

6-оқушы. Нұрхан

Тектілік – адам бойындағы асыл қасиеттердің, парасаттылықтың үлгісі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа рухани азық береді. Тектілік құбылысы жақсы адамның кездейсоқ қалыптаспайтынын, ата-бабалардан берілетін дүниетанымдық, психологиялық т.б. бейімділіктері болуға тістілігін көрсетеді. Тектілік гендік түрде берілетін биологиялық қасиет қана емемс. Нағыз тектілік сыпайылықтан, кешірімпаздықтан, мейірбандықтан көрініп, осы ізгі ниетпен ешкімді төмендетпей, шеттетпей биіктеуге мүмкіндік береді. Қаптаған тобырдың арасынан біртектінің төбесін көрсем, мәз болып, қуанып қалап. «Тектен нәр алған тозбайды» дегендей, лайым текті бабаларымыздың ақ жолынан алшақтата көрмесін.

8-оқушы: Сельма

Текті жан деген кім? Қазақ біреудің білік-бітімін, мінез-болмысына, хам-харекетіне, ақыл-парасатына риза болса, «Апыр ай, бұл текті жан екен ғой!» деп сүйінеді. Демек, тектілік дегеніміз – қасиетті ұғым. Тектілік адамға ана сүтімен, әке тәрбиесімен бойға дарып, бірте-бірте өмірді тани келе, біле келе кемелдене түседі. Айналаңдағы адамдардың тыныс-тіршілігі, болмыс-бітімі, сенің өзіңше ой түюіңе түрткі болады. Қазақ «тегі жақсы» деген бір ауыз сөз арқылы адамды өсіріп, «тексіз», «жаман» деген бір ауыз сөз арқылы өшіріп отырған. «Сол тексіз немені қойшы» деп ұлдан үмітін үзген.

Ән «Әкешім» Орындайтын: Қалмахан

Қазақ отбасында баланы өмірге дайындау дәстүрінің бірі – шежіре үйрету. Оның негізгі мақсаты – ата-текті білу, ұрпақ тазалығын сақтау. Шежіре ақыл-ойға қозғау салып, адамды тануға итермелейді. Өзінің кім екенін, ағайын-тумаларының қайдан шыққанын білу өте қажет. Осы арқылы жігіттің тұлғалық қасиеті танылған. Сондықтан халық «Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар» дейді. Балалар, сендер өз ойларыңды айттыңдар, барлықтарың да өз тектеріңнің қайдан шыққанын біледі екесіңдер, енді бейнетаспадан Х.Ғапжамиловтің «Шежіре — тектілік» сұхбатын тыңдайық.

Қорытындылау:

9-оқушы: Мирас

Тектілік туралы мақал-мәтелдер:

Тілі жоқтың тегі жоқ,

Тегі жоқтың елі жоқ

Тектен нәр алған тозбайды

Көргені жақсы көш бастар

Дөңгелектің шегі жоқ

Көргенсіздің тегі жоқ

Көп беріп көргенсіздің қызын алсаң,

Тік тұрып мейманыңа қызмет етер.

Аз беріп көргесіздің қызын алсаң,

Қойныңа бір жатқанын міндет етер.

Өлгенді қадірлемесең де, жәбірлеме.

Тексізді төрге шығарма

деген мақалдарда ата-бабаларымыз тектілік ұлы адамдық қасиет екенін өз перзенттеріне жан-жақты ұғындырып, басқа бақ қонса таситын, бақ тайса жаситын тексіз адам болмауды ерекше ескертіп отырған.

Мұғ.сөзі:

-Мақал-мәтелді өзіміз қалай түсінеміз?

-Мақалды сөзімізге қосып айтсақ, сөзіміз дәмді болады.

8-оқушы: Самат

Ей, жігіттер!

Сендерге артар міндет көп,

Көтер биік ата салтын құрметте.

Ақтай білсең ата-баба үмітін,

Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп

-Ендеше, біздің өзіміз даярлаған мақал-мәтел айтысына кезек берейік.

7-оқушы: Гүлім

Дүниеде ең жақының кім? Деген сұраққа мен ата-бабамнан қалған ескірмейтін есті сөзімен жауап берейін:

Тату болса – ағайын жақын

Ақылшы болса – апайың жақын

Бауырмал болса – інің жақын,

Набатты болса – келінің жақын

Алдыңа тартқан адал асың

Қимас жақын – қарындасың

Би «Қызғалдақтар » Орындайтын: Гүлім

Көрініс. «Шөбере»

Қатысушылар: Кәкен (Серікбол), бала (Елшібек), баба(Дінмұхамед)

Би« » Орындайтын: Әсем

1-жүргізуші:

Бүгінгі сабағымызды аяқтай отырып, өмірлеріңіз сырлы, күндеріңіз нұрлы болсын дей отырып, ежелден келе жатқана ата дәстүрі «Ата сөзі – бата сөзі» демекші үлкен кісіден бата сұраймыз. Халық батаны «киелі сөз» деп жоғары бағалаған. Сондықтан гимназиямыздың аға әдіскері Мұқан Түңлікбаев ағайдан бата сұраймыз.

Бата.

2-жүргізуші:

Ата-бабаларымыздың асыл сөз өрнектерін қастерлеп, әрдайым жадымызда сақтайтын боламыз.

Келесі кездескенше сау болыңыздар. Келгендеріңізге рахмет!

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ әдебиеті7 - сынып қазақ әдебиетінен М.Әуезов «Көксерек» әңгімесін орташа мерзімді жоспарлау

Қазақ әдебиеті7 «в» сыныбына арналған әдебиет пәнінен қысқа мерзімді жоспары

Қазақ әдебиетіБағдарламаның жеті модулін қолдану әдістемесі көрсетілген тізбектелген төрт сабақтың топтамасын орташа мерзімді жоспарлау

Қазақ әдебиетіСұлтанмахмұт Торайғыров «Бір адамға»

Қазақ әдебиетіАхмет Байтұрсынұлы «Ақын ініме»

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1066241

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru