Бір ел - бір тағдыр

Сабақтың тақырыбы: «Бір ел – бір тағдыр»

Сабақтың мақсаты:

    1.Оқушылардың өз мемлекетінің тарихына деген танымдық қызығушылықтарын жандандыру.

    2.Балалардың өз Отанына деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыруға, өз елінің тағдырына қатыстылығы барлығын сезіндіруге мүмкіндік туғызу.

    3.Халыққа достастықпен және сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.

    4.Қазақстанда мекендейтін барлық ұлт өкілдерінің тағдыры да, мақсаты да, ниеті де бір екенін көрсету.

    5.Кез-келген ұлт өкілдері бақытты өмір сүруге құқылы екені туралы әңгімені алып келу.

Сабақты жабдықтау: Мемлекеттік рәміздер, Шаңырақ (сәулелерімен), ағаш (балалардың алақандарымен), сөзжұмбақ.

Сабақтың жүру барысы:

Ұйымдастыру бөлімі.

Мұғалім сөзі.

    -Балалар, бүгінгі сабақты мен ежелгі бір өсиет әңгімеден бастағым келіп тұр. Тыңдаңдар.

    «Бірлік күші»

Бір ұлы патша болыпты. Оның отыз ұлы бар екен. Ол өлер алдында балаларын шақырып, отыз жебе әкелуге бұйырады. Оларды мықтап буып байлайды да, ұлдарына сындыруды бұйырады. Балалары қанша тырысса да, оларды сындыра алмайды. Содан соң оларды шешіп, бір-бірлеп игенде, бәрін де сындырып шығады. Ол сонда ұлдарына:

-Егер сендер бір-біріңмен қол ұстасып тату жүрсеңдер, мына буылған жебелерді сындыра алмағандарың сияқты сендерді де ешбір жау сындыра алмайды. Ал егер бөлініп кетсеңдер, жау сендердің бәріңді де бір-бірлеп талқандайды. Сөйтіп, өздеріңді де, туыстарыңды да, еліңді де жоқ қылады, — деп өсиетін айтыпты.

НЕМЕСЕ (қысқартуға болады)

«Қонақасы»

Давным-давно, в те времена, когда еще было совсем мало людей на свете, жил премудрый старец, который приручил диких верблюдов, лошадей, коров, овец, коз и стал первым скотоводом в казахских степях. Было у него три сына. Добрые сыновья во всем повиновались отцу и с великим усердием пасли и охраняли его стада, табуны и отары.Вскоре совсем одряхлел старик. Призвал он как-то к себе сыновей и сказал им:
— Скоро умру, дети. Оставляю вам все, что нажил трудом и умом. Разделите мой скот на четыре равные части, возьмите себе каждый по стаду и продолжайте с успехом дело отца. Изберите лучшие пути для кочевок, любите и умножайте скотину, живите дружно и учите добру свое потомство… Поклонились сыновья отцу, поблагодарили за дар, но прежде чем выйти из юрты, обратились к нему с вопросом:

— Не ослышались ли мы, родитель наш, и верно ли поняли твой наказ? Нас трое, а ты распорядился разделить скот на четыре части. Кому же ты оставляешь четвертую часть?

Умирающий ответил:

— Четвертую часть своего скота я оставляю… вашему гостю. Пусть всякий, кто нуждается в пище и крове, кто по желанию или нужде явится в ваше жилище, найдет у вас приют, ласку и обильное угощение. И если гость ваш из скромности станет отказываться от пищи и питья, скажите ему, что он ест и пьет свое, а не ваше, ибо в вашем достоянии есть и его доля.
Миновали века. Распространились люди по степи. Род старшего сына образовал Старшую орду, среднего — Среднюю, младшего — Меньшую. Многое переменилось в жизни с тех пор. Но во все века, годы и дни крепок был в степи обычай гостеприимства. Кто бы ни заходил среди дня или ночи в жилище казаха, каждого ждали привет и почет, мирный отдых и щедрое хлебосольство — «конакасы».

    -Бұл аңыз – әңгімелер неге үйретеді? (Балалардың талқылауы)

    -Ал, біздің сыныптағы қарым-қатынастар қандай?

    -Қалай ойлайсыңдар, біз адамдармен қандай қарым-қатынаста болуымыз керек?

    -Балалар, біз шамамен 16 миллион адам, жүзден аса ұлт пен ұлыс өкілдері бір отбасындай тұрып жатқан мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Бәріміз ортақ үйде, бір шаңырақтың астында тұрып жатырмыз.

    -Ал, қазір, өз шаңырағымызды құрайық. Оның сәулелеріне біздің елімізде тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерін жазып қояйық. (сәулелерді жасау)

    -Ал, біздің Республикамызда тұрып жатқан барлық халықты қалай атаймыз? (Қазақстандықтар)

    -Балалар, әрқайсымыз қандай қасиетке ие болуымыз керек? (балалардың жауаптары: ақылды, мейірімді, әділ, қонақжай, адал, сыпайы ...)

    -Өзіміздің «Адамның қасиеттер ағашын» құрастырып көрейікші, үстелдеріңде қағаздан қиылған алақанның суреті жатыр, сол алақанға әрқайсыларың адамның 5 қасиетін жазыңдар (балалар жазып, тақтаға іледі).

    Сергіту сәті.

«Хорошо — жақсы» сергіту – ойынын ойнауға ұсынамын (балалар өз партасының жанында тұрады)

Хорошо, что солнце светит? (күннің бейнесін көрсетеді)
Хорошо! (алақандарын соғады)
Хорошо, что дует ветер? (желді көрсетеді)
Хорошо! (алақандарын соғады)
Хорошо идти с друзьями? (адымдайды)
Хорошо! (алақандарын соғады)
Хорошо прижаться к маме? (өздерін құшақтайды)
Хорошо! (алақандарын соғады)
Хорошо в краю родном? (қолдарын екі жаққа созады)
Хорошо! (алақандарын соғады)
Хорошо там, где наш дом? (үй бейнесін көрсетеді)
Хорошо! (алақандарын соғады)
Хорошо кружиться в танце? (айналады)
Хорошо! (алақандарын соғады)
Хорошо быть казахстанцем? (бас бармақтарын көрсетеді)
Хорошо!

    -Ал, біздің Республикамыздың азаматтарының барлығына ортақ нәрсе не? Кім біледі? Сөзжұмбақты шеше отырып, осы сұраққа жауап беріп көрейік.

    1.Мемлекет басшысы.

    2.Көгілдір түсті тікбұрышты күн мен қыран бейнеленген мата

    3.ҚР екінші астанасы

    4.Мемлекеттің таңбасы

    5.Салтанатты ән

    6.ҚР негізгі заңдары жазылған ең басыт кітап

    7.Республикамыздың елордасы

    Балалар, ортада бөлініп шыққан сөз нені білдіреді? (Патриот)

    Патриот – өз Отанын адал сүйетін, қызмет ететін, өз мүддесін ел мүддесі жолында құрбан қылатын, басқа ұлттар мен ұлыстарға кеңпейілділікпен қарайтын адам; өзінің Отанына берілген, оның мүдделеріне қызмет ететін адам.

    -Ал, біз өзімізді патриотпыз деп айта аламыз ба?

    «Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер.
    «Бір ел» — бұл барлығымыз үшін ортақ Отан.
    «Бір тағдыр» — бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!- Біздің ортақ болашағымыз – бұл өскелең Қазақстан! – деп елбасымыз айтып көрсетті.

Қорытынды:

— Қолымызбен ұстасып, дөңгеленіп тұрамыз, әрқайсыларыңның қолдарыңда гүл бар, өз елімізге, жерімізге бір тілек айта отырып, сол гүлді бір-бірлеріңе бересіңдер. Соңында үлкен гүлшоғы шығады.

— Егер де адамдар біздің ағаштағы қасиеттерге ие болса, онда Жерде соғыс, араздық жоғалады. Адамдар азап, қайғы-қасірет шекпейді және бір-біріне деген мейірімділікпен, қайырымдылықпен қарайтын болады. Қандай ұлт өкілі болсаң да – бұл бәрібір.

— Бүгінгі сабағымызды Қазақстан туралы мына бір өлеңмен аяқтағым келіп тұр.

Отанды біз атамекен

Деп аялап атаймыз,

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз.

Отанды

Жас, кәріміз де,

Туған жер деп сүйеміз,

Өйткені онда бәріміз де

Туып, өмір сүреміз.

Отанды әркім анасындай

Қастерлейді, бағалап.

Өйткені, Отан баласындай

Бізді өсірер аялап.

Отан деген – атамекен,

Отан деген – туған жер.

Отан – ана,

Отан – үлкен

Қазақстан – туған ел!

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ тіліЕтістіктің шақтарын қайталау

Қазақ тіліЖалқы есім және жалпы есім

Қазақ тіліАтаулы сөйлем 8 класс

Қазақ тіліСөз тіркесінің байланысу тәсілдері. Интонация арқылы байланыс

Қазақ тіліЭвфемизм мен дисфемизм

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1129970

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар