Есімше

17 қазан 2015 - Батима Түсіп

Сабақтың тақырыбы: Есімше.

Сабақтың мақсаты: білімділік – есімше және оның жасалу жолы мен түрлері, өзіндік ерекшілігін ұғындыру арқылы білім дағдыларын қалыптастыру, теорияны практикамен ұштастыру;

дамытушылық – талдау қабілеттерін шыңдай отырып, өзіндік ойлау белсенділігі мен шығармашылық қабілетін дамыту;

тәрбиелік -атақты адамдар өмірінен үлгі алып, елінің саналы азаматы болуға тәрбиелеу. Шәкірттерді рухани құндылықтар арқылы имандылыққа, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетуге, ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: топтық жұмыс.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, тест, өздік жұмыс, оқулықпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта, сызба, кеспе қағаздар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, музыка

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, оқу- құралдарын тексеру, оқушыларды түгелдеу, назарын сабаққа аудару.Оқушылар 3 топқа бөлінеді.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

«Жетіқарақшы» ойыны арқылы етістерді қайталау.

Өткен тақырыпты қайталауға арналған тест сұрақтары

1. Етістің қанша түрі бар?

А) 5 В) 4 С) 6 Д) 3 Е) 7

2. Өздік етіс жұрнағы жалғанып тұрған сөзді көрсетіңіз.

А) Отырғызылды. В) Жыламады. С) Жуынды. Д) Айтты. Е) Келді.

3. Ырықсыз етіс жұрнағы жалғанып тұрған сөзді табыңыз.

А) Шапты. В) Шабылды С) Шабысты. Д) Шаппады. Е) Бақты.

4. Өзгелік етіс жұрнағы жалғанып тұрған сөзді табыңыз.

А) Сөйлемді. В) Сөйлесті. С) Сөйленді. Д) Сөйлеттір. Е) Сөйлеседі.

5. Ортақ етіс жалғанып тұрған сөзді табыңыз.

А) Қазды. В) Қазылды. С) Қазғызды. Д) Қазысты. Е) Қазады.

6. Өздік етіс болып тұрған сөзді табыңыз.

А) Жуын, киін. В) Жудырды, оқытты. С) Сөйлесті, қазысты.

Д) Қойылды, сүртілді. Е) Кел, оқы.

7. Өзгелік етіс болып тұрған сөзді табыңыз.

А) Келді, оқыды. В) Оқыттыр, жазғыз. С) Теріс, жинас. Д) Келер, бітірер. Е) Саған, сенімсіз.

8. Ырықсыз етіс болып тұрған сөзді табыңыз.

А) Сара оқыды. В) Төсек жиналды. С) Ол келтірді. Д) Біз түсіністік.

Е) Меруерт келді.

9. Өзгелік етістің барлық жұрнағы қатар жалғанып тұрған қатарды көрсетіңіз.

А) Толтырысты, дұрысталды. В) Көргіздір, сұрастырғыз.

С) Асықтыртты, араластыртпа. Д) Болдыртқызбады, жаттаттырғызды.

Е) Тұрақтат, оратқызды.

10. Ортақ етісті анықтаңыз.

А) Соңғы кезде үшеуің ерекше бөлініп жүрсіңдер.

В) Әуре етпегендеріңіз жөн болар.

С) Бір жылға кетіп бара жатқандай жиналдың ғой.

Д) Екеуі де өздеріне қатысты көп нәрсені айтысты.

Е) Шынтемір арбасынан түсіп, диірменге келді.

ІІІ. Жаңа сабақ.

а) Слайд бойынша оқушылармен жұмыс жасау.

Есімше – әрі етістік, әрі есімдер қызметін атқаратын етістіктің ерекше түрі. Есімшелер екі түрлі қызмет атқарады.

1.Есімше іс-әрекетті, қимыл-амалды білдіріп, етістік қызметін атқарады. Мысалы: мен оқығанмын, сіз оқырсыз, ол оқитын т.б.

2.Есімше есім сөздер мағыналарында жұмсалып, есімдерше көптеледі, тәуелденеді, септеледі және жіктеледі.

Қызметі

-ған/-ген,-қан/-кен -шы/-ші

-ар/-ер/-р -с

-атын/-етін/-йтын/-йтін

1.Бастауыш

Ерінбеген етікші болар (мақ.)

Саған айтарым осы.

Айтатыным жоқ.

2.Баяндауыш

Жауын жауар, көк шығар.

Ол саған айтатын.

3.Анықтауыш

Домбыраны қолға алсам, Ағылған жыр мен күй көрем. (Ж..) Өсер малда өлім жоқ.

Айтар сөзім осы.

Айтатын адамды іздеу керек.

4. Толықтауыш

Ұялғанды, жауап айтпағанды кешірмейтін әке мінезі Абайға мәлім. (М.Әуезов)

5. Пысықтауыш

Осыны сезген сайын Абай тоқтаусыз жыр тереді. (М.Әуезов)

[img width=«42» height=«31» src=«file:///C:/Users/ACFC~1/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image001.gif» hspace=«6» vspace=«6» v:shapes="_x0000_i1025"> Есімше етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне, сондай-ақ етіс және болымсыз етістік тұлғаларына төмендегідей жұрнақтар қосылу арқылы жасалады: /слайд/

І. Мәтінмен жұмыс.

1. Мәтінді мәнерлеп оқу. /1-топ/

2. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіздер. /2-топ/

3. Мәтіннен есімшелерді табыңыздар. /3-топ/

Қазақ халқының ән өнері

Қазақ халқы әнге бай. Біржан сал, Ақан сері, Абай, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай тағы басқа әнші-композиторлар өшпес рухани байлық қалдырған. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, құлақтан кіріп бойды алатын әсем әндер сыйлаған. Қазақ мерекесі, қазақ мәжілісі, ырымы, дастарқаны мен отырысы ешқашан ән мен күйсіз өткен емес. Ән – адамның ой-сезімін білдіретін, тәрбиелейтін өнер жанры. Ән адамды қуантатын, мұңайтатын, жылататын өнер.

ІІ. Кітаппен жұмыс.

Оқулықтан 258-жаттығуды орындату. /жұптық жұмыс/

ІІІ. Интерактивті тақтада жұмыс

Берілген етістіктерді есімшеге айналдыру.

Қоңырау соғылды – соғылған қоңырау

Ақындар айтысты – айтысқан ақындар

Шалғын жайқалды – жайқалған шалғын

Тас қаланды – қаланған тас

Шам сөнді – сөнген шам

ІУ. Шым-шытырық ойыны

Шым-шытырық есімшелер мен зат есімдер тақтада көрсетіледі. Сол есімшелерді мағыналық жағынан сәйкес келетін зат есімдермен тіркестіріп сызықтар арқылы жалғайды.

V. Мақалдарды аяқтап, есімшелерді тап.

1.Өнерлі жігіт өрге .......,

Өнерсіз жігіт жер соғар.

2.Білекті бірді ........,

Білімді мыңды…

3.Сөз… қолқа жоқ.

4.Аңдамай… ауырмай өледі.

5.Көз… жерге сөз жетеді.

6.Ер жігіттің екі… өлгені,

Еменнің иілгені –….

2. Айтылған сөз –… оқ.

8. Қарға сұңқар болмас, есек тұлпар…

9. Арғымақ аттың баласы,

Аз оттар да, көп жусар.

Азамат ердің баласы

Аз… да, көп жортар.

10. Сырын… аттың сыртынан жүрме.

УІ. Кестені толтырыңыз.

Жақ

Өткен шақ

Келер шақ

І Мен

Жаз+ған+мын

Жаз+ар+мын

ІІ Сен

ІІ-с Сіз

ІІІ Ол

УІІ тапсырма. Мәтіннен есімшені тауып, қай шақта тұрғанын анықтаңыз.

Музыка өнері

Музыка мәдени тәрбиелік роль атқарады. Адам сезімін, ойын дыбыс арқылы суреттейді. Қазақтың көне музыка өнерінің өкілдері — Әбу-Насыр-Әл–Фараби, Қорқыт, Қазтуған, Асан қайғы. Қазақтың 50-ден астам музыкалық аспабы болған. Оның ішінде домбыра, шаңқобыз, сырнай, сыбызғы аспаптары кең тараған. Бүгінгі күнде әр үйдің төрінен орын алатын қазақтың қара домбырасы әлемге әйгілі аспап болып танылған.

VІІІ. Бекіту:

Біз бүгін нені үйрендік, білім қорымызға қандай мәліметтер қосылды?

IХ. Үйге тапсырма:

1-тапсырма. Құрамында есімше кездесетін бес сөйлемнен тұратын мәтін құрастырыңдар. Есімшелерге тұлғалық талдау жасаңдар.

2-тапсырма. Құрамында есімше сөз бар мақал-мәтел тауып жазыңдар. Есімшелердің мағынасын түсіндіріңдер.

Осыған ұқсас жазбалар:

МатематикаРационал сандарды бөлуге есептер шығару

Қазақ тіліЕсімшенің түрленуі 7 - сынып

Қазақ тіліТұйық етістік

МатематикаРационал сандарды бөлуге есептер шығару

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1150682

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар