Зат есім

10 ақпан 2015 - Гулмира Султанова
Зат есім

Оңтүстүстік Қазақстан обылысы

Шардара ауданы

М.Горький атындағы жалпы орта мектебі

қазақ тіл пән мұғалімі

Сұлтанова Гүлмира Мыңбайқызы

Cабақтың тақырыбы: Зат есім

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ тілінің морфология саласынан білімдерін дамыту

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Зат есімнің сұрағы, лексика – грамматикалық мағыналары, ұғымдары, құрамы мен құрылысы, түрленуі туралы теориялық білімдерін арттыру.

Дамытушылық:Тақырып бойынша берілген материалдарды жүйелі орындауға үйрету, тапсырмалар арқылы оқушылардың білімдерін практикалық дағдымен ұштастыру

Тәрбиелік: Оқушыларды ана тілінің қадір–қасиетін жете түсінуге үйретіп, білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: дамыта оқыту, деңгейлеп оқыту, ойын әдісі, хабарлау, сұрақ-жауап.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру,

қортындылау, бағалау.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, суреттер.

Пәнаралық байланыс: математика, ағылшын тілі, орыс тілі.

I.Ұйымдастыру.

«Оймақтай ой»

«Ана тілін білмеген-

Ақылы жоқ желікбас.

Ана тілін сүймеген

Халқын сүйіп жарытпас»

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Қайталау-білім анасы»

1.Сөзжасам. Сұрақ-жауап әдісі.

1.Сөзжасам дегеніміз не?

2.Сөздерді қалай талдаймыз?

3.Сөздер тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?

4.Түбір сөз дегеніміз не?

5.Туынды сөз дегеніміз не?

6.Қосымша дегеніміз не?

7.Сөз бен сөзді не байланыстырады?

8.Сөзге не үстеме мағына береді?

9.Қандай қосымша жаңа сөз жасайды?

10.Сөздер құрамына қарай нешеге бөлінеді?

11.Дара сөз дегеніміз не?

12.Күрделі сөз дегеніміз не?

13.Күрделі сөздің түрлері?

2.Күрделі сөздер. Топпен жұмыс.

Төрт топ күрделі сөздің төрт түрін кеспе қағаздан таңдап алады. Тақтадағы жаттығудан теріп жазады.

Ұлболсын, алыс-жақын, тату-тәтті, АҚШ, ақсүйек, бидай өңді, қырықаяқ, Әсемпаз, БҰҰ, қолма-қол, төсек-орын, ҚазМИ, бозторғай, жетіқарақшы, МАИ, Есенкелді, тұлпар, тасбақа, кітапхана, ақ сары, кеше, ақ жүрек, АлМУ, бүгін, қырық тоғыз, Алатау, саяси-көпшілік, педколледжге, апалы-сіңлілі, Қазақстан, тоғыз құмалақ, аткомге, алмұрт, дәріхана, ақ көйлек, медколледж, бір асым ет, қаһарман, аунап-қунап, дәріхана, мәдениет сарайы, сөз таптары, апалаң-топалаң, қара торы, ақ тайлақ, он үш, ақсақалдар, әрқашан.

Біріккен сөздер

Қос сөздер

Қысқарған сөздер

Тіркесті сөздер

Логикалық тапсырма.

3.Сөз таптары. Суреттегі түймедақ гүлінің сөз таптарына қандай қатысы бар деп ойласыңдар? Жақсы балалар, сөзжасам, сөз табы, атауыш сөздер жайында жалпы білімдеріңнің қаншалықты екенін көрсете білдіңдер.

Бүгінгі жаңа сабағымыз осы сөз табына тікелей байланысты.

III. Жаңа сабақ.

Балалар, қазір күз мезгілі жемістер, көкөністердің барлығы самсап пісіп тұр.

Тақтадағы суретке қарап, жемістердің қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қалай аталуын айтсақ, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы шығады.

1.Алыстан мұнартып не көрініп тұр?

2.Таудың бөктерінде жап-жасыл нелер жатыр?

3.Қыраттардың етегінде аппақ не тұр?

4.Алты қанат ақ үйдің ішінде кімдер бар?

5.Үйдің жанында кімдер отыр?

6.Әжейлердің жанында не тұр?

7.Аспанда не күлімдеп тұр?

Сонымен, кім? не? деген сұрақтарға жауап беріп, белгілі бір заттың немесе құбылыстың атауы болатын сөздерді зат есімдер дейміз.

IV. Сергіту сәті. «Қаражорға»

2. Интерактивті тақта арқылы зат есімнің мағыналық түрлерін сызбалар арқылы көрсету.

Ережесі. Түрлері. Мысал:

Біркелкі заттарды, құбылыстарды жаппай атайтын сөздер Жалпы есім: Тау, құс, адам, өсімдік, т.б

Арнайы берілген есімдер мен атаулар Жалқы есім: Алатау, Ақерке, Жетісу, т.б

Нақтылы тануға болатын зат атаулары. Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын зат есімдер Деректі зат есім: кітап, маман, дос, су, т.б

Көзге көрінбегенмен, адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын құбылыс, ұғым атаулары Дерексіз зат есім: Ауа, ой, бақыт, арман, т.б

Балалардың жаңа сабақтан алған білімдерін тиянақтау мақсатында семантикалық картаны толтыртамын.

Рет саны

Мысалдар

Деректі

Дерексіз

1

Ақыл

2

Білім

3

Дәптер

4

Көңіл

5

Тұз

6

Қуыршақ

7

Ұстаз

8

Аброй

Мысалы : жалпы есім жалқы есім

Адам---------------------------?

?------------------------------Балбырауын

Ән -----------------------------?

?-----------------------------Астана

Әнші--------------------------?

?------------------------------Алатау

Өзен--------------------------?

?-----------------------------Қызғалдақ

Жаңа сабақты бекіту

V.Оқулықпен жұмыс.

Жаңа сабақты түсінгендігімізді байқау үшін, пысықтауға оқулықтағы 110–жаттығуды орындаймыз. Берілген сөздерді төрт топқа (дерікті, дерексіз, жалпы есім, жалқы есім ) бөліп жазыңдар. (Тақтамен жұмыс)

Ақпан, шаттық, Жасұлан, Астана, Алтынай, ел, ата-ана, шабындық, қала, дәптер, жайлау, тау, өзен, сезім, ар-ұждан, алтыбақан, көл, бала, әке, туған-туысқан, амал-айла, Қазақстан, бозбала, малшы, ой, жұмыс, бұйражапырақ (өсімдік), Жолдыаяқ, парта, қалам, кітап, көл, көңіл, ауыл, жолдас-жора, Айша бибі, Қаратау,«Қаракесек», Бекболат, «Арман», жолбарыс.

Деңгейлік тапсырма

112 – жаттығу. Төменде берілген сөздерге байланысты өз жандарыңнан жұмбақ, жаңылтпаш немесе шағын өлең құрастырыңдар.

Жұлдыз, дос, арман, бәйтерек, қыран, бақыт.

I-деңгей Мәтін құрастыру.

II-деңгей Жұмбақ, жаңылтпаш шығару.

III-деңгей Өлең шығару.

IV. Бағалау. Балаларды жетондар арқылы бағаладым.

ҮІ.Үйге тапсырма: 111-жаттығу. Зат есімдерді теріп жазып, мағыналық түрлерін атап беріңдер.

VII. Рефлексия

“Сауалнама” түрі арқылы

1. Мен сабаққа қатыстым белсенді / енжар.

2. Сабақтағы өз жұмысыма ризамын / риза емеспін.

3.Мен үшін сабақ қысқа / ұзақ болып көрінді.

4.Сабақ барысында шаршадым / шаршамадым.

5.Менің көңіл — күйім көтерілді / төмендеді.

6.Сабақтың тақырыбы маған түсінікті / түсініксіз

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ әдебиетіБилер сөзі-нақылдың көзі

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083452

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар