Мақсат және мөлшер үстеуі

Сыныбы: 6 Пәні: қазақ тілі Күні: 25.02.2015 ж
Сабақтың тақырыбы: Мөлшер үстеуі
Сабақтың мақсаты: Қимылдың немесе сынның мөлшерін білдіретін үстеу түрлеріне сипаттама беріп, оқушыларға мәлімет бере отырып білімділіктері мен ойлау қабілеттерін арттыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
— Оқушылармен амандасу;
— Сабаққа дайындықтарын қадағалау;
— Зейіндерін сабаққа аудару;
Үй тапсырмасын сұрау. 306 – жаттығу.Көркем әдебиет үлгілерінен сын – қимыл үстеулеріне бес мысалдан жазып келдіңдер ме?
Үй тапсырмасын бекіту.
1.Үстеудің неше түрі бар?
2.Сын – қимыл үстеуі қалай жасалады?
3. қандай сөз табымен тіркеседі?
Жаңа сабақ
Мөлшер үстеуі.Мөлшер үстеуі қимылдың немесе сынның мөлшерін, көлемді дәрежесін, шама – шарқын білдіреді де, қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? сияқты сұрақтарға жауап береді.
Мөлшер үстеуі кейде етістіктермен тіркесіп, қиылдың мөлшері мен шама – шарқын білдірсе, сын есімдермен тіркесіп, сынның мөлшерін білдіреді. Мысалы; сонша күлкілі емес, едәуір өсіп қалыпты
Мөлшер үстеуі де құрамы жағынан негізгі я туынды түбір немесе күрделі түбір бола береді.
Жаңа сабақты меңгерту жаттығулары
308 – жаттығу.Берілген үстеулерін құрамы жағынан жеке бағандарға (дара, күрделі ) бөліп көшіріңдер.

Онша, мұнша, сонша, неғұрлым, соғұрлым, қыруар, бірқыдыру, талай, бірталай, аз, көп
309 – жаттығу.Мөлшер үстеуін табыңдар, жасалу жолын айтыңдар.
Неғұрлым аз жәбір көріп өскен бала өз намысын жақсы түсінген азамат болып өседі. Адамның ілгерілеу талабы неғұрлым биік болса, соғұрлым оның қабілеті, таланты тез, өмірлі болып дамиды. (Н. Чернышевский)
Қосымша тапсырма:
Мына сөйлемдерді мөлшер үстеуін қатыстыра отырып толықтырыңдар.
1.Жігіттің даусы… саябырлады, кейін естілмей қалды.
2.Біз күткен поезд мезгілінен… кешігіп, түн ортасы ауа келді.
3.Құрмаштың өлгенін әкесі кеше ғана естіді, оған… батып кетті.
4.Әбіш… қабақ шытып, кеудесінен қолын түсірді.
5.Абай… іркілмей, осында келген шаруасын айта бастады.
Жаңа сабақты бекіту
310 – жаттығу. Берілген үстеулерді қатыстырып, «Біздің аулада» деген тақырыпқа бір – бір сөйлемнен айтып шығыңдар.
Анағұрлым, қыруар, бірен – саран, недәуір, азғантай
Мысалы; Біздің аула өзге ауылдағы аулалардан анағұрлым әдемі әрі кең.
Үйге: 311 – жаттығу. Мөлшер үстеулерін қолдана отырып, жаңылтпаш, жұмбақ құрастырып келіңдер.
Бағалау. Оқушылардың сабақты қалай меңгергеніне байланысты бағалау.






Сыныбы: 6 Пәні: қазақ тілі Күні: 02.03.2015 ж
Сабақтың тақырыбы: Мақсат үстеуі
Сабақтың мақсаты: Үстеудің басқа сөз табынан ерекшелігін, сұрақтары мен қалай жасалатындығын оқушыларға түсіндіре отырып, ойлау қабілеттерін арттыру
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
— Амандасу
— Түгендеу
— Сабаққа бейімдеу
Үй тапсырмасын сұрау
Көркем әдебиеттен күшейткіш үстеулеріне мысалдар жазып келіңдер.
Үй тапсырмасын бекіту
1. Күшейткіш үстеуінің қызметі
2. Сұрақтарын айтыңдар
3. Оған жататын сөздерді айтып шық.Мысал келтір.
Жаңа сабақ
Мақсат үстеуі қимылдың, іс – әрекеттің болу мақсатын білдіреді де, қалай? не мақсатпен? Деген сұрақтарға жауап береді. Мақсат үстеулері сан жағынан көп емес. Оған: әдейі, жорта, әдейілеп, қасақана т.б. сөздер жатады.
Жаңа сабақты меңгерту
316 – жатығу. Мақсат үстеуді табыңдар.
Балдағы бар бір жігітті көрдім де,
Қасақана сауал бердім келдім де. (Қ.Аманжолов)
Қыздың даусын әдейі құбылтып, сызыла сөйлейтін әдеті де осы сәт байқалмай қалды. (М.Иманжанов)
317 – жаттығу. Төмендегі сөздердің синонимдерін жазыңдар.
1.Әдейі –
2.Ілгері –
3.Қыруар –
Қосымша тапсырма
«Менің сыныбым» деген тақырыбына шағын ой толғау жазыңдар. Ішінде мақсат үстеуі болуы керек.
Жаңа сабақты бекіту
Сөз қума
Жорта — айтып — еді — ол — ренжип — апасына — қалды
Абайсызда — алды — үстел — құлатып — үстінен — құмыраны
Қасақана — істегені — анықталды — Дулаттың — ол — істі
Үйге: 318 – жаттығу. Мақсат үстеулерін қатыстыра отырып, сынып өміріне қатысты, шым – шытырық оқиға үлгісінде «Ол әдейі ойластырылған еді» атты әңгіме құрастырыңдар
Бағалау
Оқушыларды қабілеттеріне, белсенділігіне байланысты бағалау

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1110011

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар