Мейірімділік - асыл қасиет

7 қаңтар 2016 - Ayapbergen Nugmanov

Өзін-өзі тану

Мейірімділік – асыл қасиет

 (10 – сыныпқа арналған сыныптан тыс сабақ)

         Қ.Х.Нугманова

БҚО, Бөрлі ауданы,

Ақсай каласы ЖББ №3 орта мектеп

«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі

Мақсаты:

Балалардың «мейірімділік», «қайырымыдылық», «құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

 

Міндеттері:

-         мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

-         өзара сыйластық қарым қатынастарын дамыту;

-         мейірбандылыққа тәрбиелеу;

 

Ресурстар: слайд, оқушылардың мейірімділік тақырыбына салған суретері, нақыл сөздер.  

 

Сабақ барысы:

 

Ұйымдастыру кезеңі.

 

            Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

            Ынғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

            Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

            Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

            Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

            Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.

            Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын»

            Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

            Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

            Жаймен көзіңізді ашуға болады.

            Рахмет!

            Қандай сезімде болдыңыздар? Ойларыңызбен бөлісіңіздер.

 

Мұғалімнің сыйы. Мұғалімнің әр сабаққа үлкен қуанышпен, шабытпен келуі балалар үшін өте маңызды. Сондықтан да оқушылар оқулықтан таба алмайтын, мұғалімнің өз жүрегінен сыйлап, өзі айтып беретін мәтін дайындап келуінің балаларға әсері мол. Онда сабақ барысын да ашылатын құндылықтың мәнін ашатындай болуы керек және оны түсіндіруге көп сөзді қажет етпейтіндей түсінікті тілде баяндалуы керек. Оның мазмұны терең, әр баланың жүрегіне жол таба алатындай болуы керек. Әңгімелеу барысында мәтіннің мазмұны оқушылардың шығармашылық шабытын оятатындай болуы қажет.

 

Бейнефильм «Адамды сүю»

 

Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру:

Біз бүгінгі сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Балалар мейірімділік әр адамның жүрегінде өмір сүреді. Мейірімділікті адамның көзінен көруге, іс-қимылынан табуға болады. Мейірімді адамды барлығы жақсы көреді.

 

Әңгімелесу

-         Бейнефильм бойынша әсерлерің қандай?

-          Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?

-          Өздерің мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

 

 Балалардың жауаптарын түйіндеу:

-          Адамдар бір-біріне жылы сезімдерін білдіріп, айналасындағыларға тек жақсылық ойлап, игілікті істер жасау арқылы ғана мейірімділікті таныта алады.

 

Мейірімділік— адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады. “ Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады” (Шәкерім). Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан. Ж.Баласағұн “кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең — мейірімділік көресің” деп, мейірімділікке зор мән берген екен.

 

            Үй тапсырмасын тексеру

«Мейірімділік – асыл қасиет» тақырыбына эссе жазу.

Өз қалаулары бойынша бір-екі оқушыға оқыту

 

Мақал-мәтелдер

Қайыр қылсаң, бүтін қыл.

Игіліктің ерте – кеші жоқ.

 Кең болсаң, кем болмассың.

Жақсы да, жақсылық та жалпыға ортақ.

 

Түйіндеме

Ана – халықұғымында жаратушы. Олай дейтінім табиғатты да, адамды да дүниеге әкелуші ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан басталады. Табиғаттың барлық жанға бірдей болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігінен сақтап қалуы өз қолында.

Шығармашылық жұмыс.Оқушылар үлестірілген жеміс бейнесіндегі қағазшаларға мейірімділік таныту жолдарын жазып тақтаға жүрекше құрастырады.

 

Топпен ән айту

Жан досым

Iздегенде табылатын қасыңнан,

 Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.

 Көрiспесек сағыныштан жүдейтiн,

 Кiм бар екен бала күнгi досыңнан!

 

 Қайырмасы:

 Жан досым, үстем болсын мерейің,

 Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,

 Сырымыз да бiтпесiн,

 Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпесiн!

 

 Қос бұтағы секiлденiп ағаштың,

 Қатар жүріп сырымызды сан аштық.

 Жол тапсақ та бiрге жүрiп жол таптық,

 Адассақ та бiрге жүрiп адастық.

 

 Қайырмасы:

 Жан досым, үстем болсын мерейің,

 Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,

 Сырымыз да бiтпесiн,

 Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпес

 

 Өмір өзі арқамызға жүк салып

 Бәрімізді қияларға жұмсады

 Қатар ұшқан құсқа ұқсадық әлде біз

 Қатар жанған екі шамға ұқсадық

 

 Жан досым, үстем болсын мерейің

 Әрқашан жеңісіңді көрейін

 Сырымыз да бітпесін

 Жырымыз да бітпесін

 Жырымыз да бітпесін

 

Соңғы тыныштық сәті

(ақырын музыка үнін қосу). Ал қазір көздерінді жұмып, сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет!

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1124462

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар