ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕМЕЛЕР МЕН ТИІМДІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНДІРУ

11 қараша 2014 - Құралай Жұмажанова
ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕМЕЛЕР МЕН ТИІМДІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНДІРУ

     ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру  бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Сондықтан да оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, барлық оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талап қойылды. Осы талаптарды ескере отырып, алдыма қойған мақсатым — оқушыны оқуға  қызықтыратын, қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның негізгісі — оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың ойлау дағдыларын  жетілдіру, өздігінен   білім алу процесінде бірлесе әрекет ету.

   Демек, әр ұстаз, жас маман  біріншіден, педагогикалық шығармашылық  пен шеберлігін арттыру қажет, екіншіден әдістерді сол қалпында қолданбай, оны жағдайға байланысты тиімді сәйкестігін таба білу керек, үшіншіден, үздіксіз шығармашылық ізденісте болу керек, төртіншіден, сабақ заман талабына сай құрастырылған жөн.

   Білім берудің жаңа мазмұны оқушы мен мұғалімді  үздіксіз білім алуға қажеттілігін,  жаңа білім игерудегі шығармашылық қарым-қатынасын,   өз еркінше білім мен іскерліктерін қалыптастыруға негізделеді.    Жаңа заман мұғалімі өз білімін қолданумен қатар, шәкірттерін зерттеушілік-ізденушілік әрекетін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін меңгеру керек. Алдыңғы сатыда ұстаздың өзі ізденімпаз болғаны аса маңызды.

   Қазіргі таңда әдіс-тәсілдің тиімдісін  мұғалім өз еркімен таңдайды. Қ.Жұбанов айтпақшы: «Егер мұғалім пәнді жақсы білсе, онда дұрыс әдісті де табады». Сондықтан түрлі әдіс-тәсілдерді саралай отырып, тиімдісін өзіндік ой еңбегімен ұштастыра алса, әр сабақ өз нәтижесін беретініне сенемін. Заман талабына сай шәкірт шығармашылығын дамытуға, мұғалімнің қажеттіліктеріне жан-жақты жауап беретін тиімді технологиялар шексіз.  Тәжірибеде сол технологияларды қолдану, оңын-солын тану, зерттеу, пысықтап анализ жасау — әр ұстаздың міндеті.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі өте зор. XXI көшбасшысы – жаңашыл, ізденімпаз, шебер ұстаз. XXI ғасыр ұстазы бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, өмірге реалистік тұрғыдан қарайтын, терең біліммен қаруланған оқушы тұлғасын сомдау үшін өзі де шеберліктің шыңынан көрінуі тиіс.Қазіргі таңда оқу үрдісінде қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда сан-алуан жаңа әдіс-тәсілдері ментехнологиялар сапалы білім беруде үлкен рөл атқарады. Атап айтатын болсақ, «Сынтұрғысынан ойлау», М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы», Қ.Бітібаеваның «Логикалық модельмен оқыту технологиясы» сабақ барысында оқушыларға сапалы және терең білім беруде атқаратын қызметі орасан зор.

Кез – келген педагог тұлғаны тәрбиелеуде сыныпта өзара ақпарат алмасу, оларды бір – бірімен бірлесе отырып, білімдер мен дағдыларын қалыптастыруға және өз ойларын еркін жеткізіп, ортаға салып, талдап, нәтиже шығара білуге бейімдеу үшін ақпараттық орта құруы қажет.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын ақпараттық инновациялық технологиялар арқылы өткізе отырып, интербелсенді тақтамен жұмыс жасуға машықтыруға болады. Әр түрлі презентацияларды, видео материалдарды көру және қолда бар материалдармен өздері сабақтарды құрастыра алады. Компьютермен жеке дара жұмыс жасау барысында, деңгейлік тапсырмаларды орындау жұмыстары тиімді жүргізіледі. Алдын ала мұғалімнің даусымен жазылған аудио-мәтіндерді, ән- күйлерді тыңдау жұмыстары жүргізіледі. Өз білімдерін тексеру мақсатында электронды тестпен жұмыс жасау, электронды оқулықтармен жұмыс жасуға машықтандыру.
Шығармашылық, іздену жұмыстарында интернет, сайттардан қажет деректерді тауып, пайдалануға үйретуге болады. Жұмыстарын, жобаларын, презентацияларын сыныптың алдында қорғауға үйрету – педагоикалық міндеттерді шешудегі жаңалығы.
        Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы білімнің дайын күйінде берілмеуі. Нақты жағдайда «мынаны былай жазу немесе айту керек » деп көрсетпей, оқушының өзінің шығармашылық ойлауының орын алуына мүмкіндік беру, шешім қабылдауға үйрету,  жауапкершілігін артыру.

 

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ең басты өлшемі – оның тиімділігі, нәтижелігі, жаңашылдығы

Мақсаты:

Тиімділігі:

Нәтижесі:

Білім алуға ұмтылатын шәкіртке жол көрсету, оқуға қызығушылығын ояту, сабақта оқушыны ізденіске бағыттау, оның шығармашылық тұлғасын қалыптастыру.

Оқушыларды өз ойын еркін жеткізуге дайындау, сабақты өткізу барысында стратегиялардың барлығы үш кезең арқылы жүзеге асуы, мұғалімнің сапалы сабақ өткізуіне мүмкіндік туғызу,

ғылыми-теориялық тұжырымдамаларының тереңдігімен ерекшеленеді.

Оқушының қызығушылығын арттырады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады, терең білім алуға жағдай жасап қана қоймай, коммуникативтік қатынасын қалыптастырады, оқушыны ізденіске жетелейді.

Технология құрылымы 3 кезеңнен тұрады:

1.     Қызығушылықты ояту;

2.     Мағынаны тану;

3.     Ой-толғаныс.

         І кезеңде алынған мәлімет жазылады, тыңдалынады, талқыланады, жұмыстар жеке – жұптаса – топтаса орындалады. Мысалы, қандай да тақырыпты өтпес бұрын оны баланың жас еркшелігін ескеріп, қызығушылығын арттыратындай  өмірмен байланысы бар қарапайым әдістерді қолдануға болады. «Синонимдер» тақырыбын өткенде тақтаға «жүздесу, амандасу, сәлемдесу, есендесу т.б.» деген сөздерді жазып, мағыналарына талдау жасап, оқушыны өзіндік бір ойға жетелеп, ереже шығаруға немесе «Буын түрлерін» өткен кезде ертегі әлемімен ұштастырып: «Ерте, ерте, ертеде  Буын деген бай бопты, Оның Бітеу, Тұйық, Ашық атты үш ұлы болыпты. Үш ұлының мінездері үш түрлі болыпты...» деп бастап, оқушыларға ұлдарының есімдеріне сәйкес әрқайсысына мінездеме берулерін сұрай отырып, анықтама құрастыруға болады. 7- сыныпта «Шақ түрлерін» өткенде мына жұмбақ арқылы өмірмен байланыстыра отырып тақырыпты ашуға болады. Мәселен, Таңертең төртеу, түсте екеу, кешке үшеу. Осы жұмбақ арқылы адам өмірінің өзі үш шақтан тұратындығын анықтауға болады.  8-сыныпта құрмалас сөйлемді өткен кезде төмендегі мысалдарды келтіріп, оқушының өмірлік ұстанымын анықтауға болады.Адам туған тілін құрметтемесе,  өзін де құрметтемейді (Шартты бағыныңқы сабақтас),Ғалым болу  — міндет емес, білімді болу – парызың (Қарсылықты салалас), Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену үшін, біз білімді болуымыз керек (Мақсат бағыныңқы сабақтас),  Біз қазақ тілін дамытуымыз керек, себебі ұлт болашағы тіліне тәуелді (Себеп-салдар салалас), Менің ойымша, мақсатқа жетудің үш жолы бар: білім жолы, еңбек жолы, сенім жолы (Мезгіл бағыныңқы сабақтас). Ал тақырып оқушыларға таныс, бұрын өткен болса, онда «Суреттер сөйлейді» атты тәсілмен (Иассауидің «Даналық кітабы» атты тақырыпты өткенде интерактивтік тақтаға ғұламаның өміріне байланысты суреттер ілінді  ) оқушылардың бұрынғы алған білімдерін еске түсіруге болады. Әдебиет сабағында  мәтіннің тақырыбын ашу үшін оқушылардың ассосациясын кестеге түсіруге болады. Оқушының ойын автор ойымен салыстыру үшін «Венн диаграммасын » пайдалануға болады. Бұл әдіс арқылы оқушы өз дербестігін, ұқсастығын ажырата алады.

9- сыныпта  А. Яссауидің өмірі мен шығармашылын (Даналық кітап — Алланың қасиетін баяндайтын кітап)  өткен кезде оқушыларға түрлі түсті қағаз беріп, осыдан бүгінгі сабақтың модулін құрастыруды  сұрадым.  Оқушылар берілген қағаздан күннің шуағын, Құран кітабын, адамның алақанын, жүректі ойып алып: «Жүрегінде Аллаға деген сенімі, иманы бар адамның тілегін Алла тағала қабыл етіп, нұрын жаудырады» деген ойларын ортаға салды. Осындай ой шеберлігін шынықтыратын тапсырмалар арқылы тың жаңалықтар да ашуға болады. Ол үшін мұғалім ізденіске жетелейтін зерттеу тақырыптарын беруге болады. Мысалы, «Асан қайғының Жерұйықты қазақ жерінен іздеу себептері мен болжамдары», «Махамбеттің ерлік философиясы», «Ғ. Мүсірепов шығармаларындағы аналар галереясы», т.б

          “Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту” жобасында жұмыс жасауды бастаған мұғалімдер бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты, жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.
1-кесте

Д ә с т ү р л і    с а б а қ т а р

Мұғалімнің әдістері 

Оқушының іс-әрекеті

Тақырыпты түсіндіреді

 Мазмұнын айтып береді

Кейіпкерлер туралы айтып береді 

Кейіпкерге мінездеме береді

Мәтіннің идеясын анықтайды 

Оқулық бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады

Мәтіннің көркемдік ерекшелігін мысалдар арқылы түсіндіреді 

Мәтіндегі негізгі сөздерді тауып, айтып береді, дәптерлеріне жазады

Тақырыпқа шығарма жазуды тапсырады 

Шығарма жазады

Сабақты қорыту сұрақтары жалпы қойылады 

Жауап береді

 

2-кесте

RWCT    с а б а қ т а р ы

Мұғалімнің әдістері 

Оқушының іс-әрекеті

Топқа бөліп, ой қозғайды 

Ұжыммен жұмыс жасайды

Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды 

Мәтінмен өздері танысады

Мәтіндегі ең құнды нәрсені анықтауды ұсынады 

Әр түрлі әдістер арқылы мәтінді зерттейді.
 

Кейіпкердің ерекшеліктерін тануға бағыттайды 

Жеке кейіпкерлерді талдайды, өздерін олардың орнына қойып, қарайды, салыстырады.

Мәтіннің тілдік ерекшелігі туралы сұрақ қояды 

Әр түрлі әдістер арқылы шығарманың негізгі мазмұнын анықтайды.

Өз ойларын жазуды ұсынады 

Ойларын қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді.

Ойларын қорытуға бағыттайды. 

Өз тұжырымдамасын жасайды

 

Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді.
Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында:

* бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды;

* өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;

* бір-біріне құрметпен қарауға;

* өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;

*  өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;

*  мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;

* достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындық-ты шешуге көмектесуге;

* белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды

Соның ішінде толғануды тиімді етуге лайықталған “Венн кестесі”, “Бес жолды өлең”, “Көрнекілік арқылы баяндау”, “Семантикалық карта” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Мәселен: “Венн кестесі” арқылы өз ойынан қорытып сөз шығару, екі затты салыстырып айырмашылығы, ұқсастығы туралы сөз ойлап табу оқушы үшін үлкен ойды қажет етеді. Бұл стратегиялардың қай-қайсысы болмасын оқушының ізденісін,қызығушылығын дамытады.Пәнге деген өзгеше көзқарас қалыптасады.Әр сабақты оқушымен санаса отырып, жүйелі жүргізуде сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегиялық бағыттары ұстаздарға үлкен қолғабыс тигізеді.

Нәтижесінде:

  v   оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады;

  v   оқушылардың мектептік, қалалық, сайыстарға белсене қатысуда құштарлықтары дамиды;

  v   оқушылардың қалалық, облыстық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болады;

  v   әр түрлі оқулардан жүлделі орын алады;

  v   білім сапасы жоғарылайды;

     Қорыта айтқанда, инновациялық білім беру әдістемелері  — тиімді құралдың бірі. Инновациялық білім -  іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет пәндердің мазмұнын тереңдетуге, ұстаздың кәсіптік шеберлігін арттыруға, оқу ісін дамытуға бағытталған. Ең бастысы, оқушыны келешек өмірге дайындап, білім-біліктерін, іскерлігін өмірде қолдауға жағдай жасайды.



 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Күнтізбелік жоспарТехнология 7 сынып, аптасына – 1 сағат, күнтізбелік, (қыздарға)

ТехнологияСабақтың тақырыбы: Ілмек бізбен іліп тоқу

ТехнологияШи тоқу өнері

Күнтізбелік жоспарТехнология – 6 сынып, күнтізбелік, аптасына – 1 сағат (қыздарға)

Күнтізбелік жоспарТехнология - 5 сынып, күнтізбелік, аптасына – 1 сағат, (қыздарға)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1096902

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар