ҰБТ-ға дайндыққа арналған сынақ-сұрақтары. (жалғасы)

20 қаңтар 2016 - Нургиза Кульджина

ҰБТ-ға дайындыққа арналған сынақ-сұрақтары    (жалғасы)

9 сыныптың Қазақстан тарихы оқулығы бойынша дайындалған

 

236. Қазақстан кәсіподақтарының І конференциясы қашан өтті?

1948 ж  (  кәсіподақ мүшелерінің саны 1940 жылы 1 млн,

1963 ж 3 млн 281 мың болды, бұл жұмыс істейтіндердің 89 % -ы)

237. Бірқатар көркемөнер қайраткерлерінің қуғынға ұшырауына себепкер болған «Звезда», «Ленинград» журналдары туралы қаулы қашан шықты?

1946 ж БК(б)п Орталық Комитеті шығарды

238. «Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет инрститутының жұмысындағы өрескел саяси қателер туралы» қаулысы қашан шықты және  қазақ халқының қай кезеңдегі рухани мұрасын зерттеуге шек қойылды?

1947 ж.   Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңін зерттеуге шек қойылды

239. Мәскеуде «Дәрігерлер ісі», Ленинградта «Ленинград ісі» деп аталған саяси науқан жүріп жатқан кезде Қазақстанда қандай іс жүрді?

«Бекмаханов ісі»

240. Дарынды тарихшы, ғалым Ермұхан Бекмаханов қандай еңбегі үшін айыпталды?  

1946 ж  «ХІХ ғ 20-40 жж Қазақстан» деген докторлық дисертациясында Кенесары қозғалысы туралы материалы үшін (орысқа қарсы, Ресейге қарсы деп айыптады)

Ол «Қазақ КСР тарихы» атты көлемді еңбектің авторларының бірі (1943 жылы Алматыда жарық көрген)

241. Е. Бекмахановты ресми тұрде саяси айыптау қашан басталды?

1950 ж желтоқсанда «Правда» газетінде «Қазақстан тарихы мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан баяндайық» деген мақаланың жариялануы

242. Е. Бекмаханов қандай жазаға тартылды?

25 жылға бас бостандығынан айырды. (1951ж айыпталды – 1954 ж ақталып шықты)

 

243. 1940 және 1950 жж әділетсіз саяси айыптауға ұшырағандарды ата?

А. Жұбанов, Қ. Жұмалиев, Б. Сүлейменов, Е. Ысмайылов, І. Кеңесбаев, С.Мұқанов,

 Қ. Сәтбаев, Ю. Домбровский, М. Әуезов

244. Осы айыптау салдарынан Қазақстанды тастап кетуге мәжбүр болғандар кімдер?

Қ. Сәтбаев, дарынды жазушы Ю. Домбровский

Ұлы жазушы М. Әуезовке Отанынан тыс дерден баспана іздеуіне тура келді

245. Биология, медицина, геология ғалымдарына қандай айып тағылды?

«космополит» деген айып, яғни өзгеше ойлайтындар

 

246. Сталиннің жеке басына табынушылықты айыптаған КОКП –ның ХХ съезінен кейінгі кезең қалай аталды?                                                «Хрущев жылымығы»

247. Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы мырышын қашан берді?         1947 ж

248. Республикада химия өнеркәсібі қашан пайда болды?                                        1960 ж

249. Химия өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары Қазақстанның қай жағында орналасты?

Оңтүстігінде

250. Соғыстан кейінгі онжылдықта земент зауыттары  пайда болған қалалар:

Семей, Қарағанды, Өскемен, Шымкент, Сазтөбе

251. Кірпіш зауыттары қай қалаларда пайда болды?

Талдықорған, Өскемен, Қызылжар, Қостанай

252. 1945 ж республика теміржолының ұзындығы қанша болды?                 8 212 км

253. автомобиль жолдарының ұзындығы қанша болды?                      108 мың шақырым

254. еңбекшілерге өнеркәсіп және азық түлік өнімдерін карточкамен өлшеп  қашан жойылды?

1947 ж соңында

255. Ақша реформасы қашан жүргізілді?                              1947 ж

256. Еңбекшілердің жалақысы қалай  өсті?

1940 ж- 29,8 сом

1950 ж – 62 сом

1965 ж – 97,4 сом

257. Кейбір қалаларда пәтерлерге  газ қашан беріле бастады?                         1958 ж бастап

258. Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім қашан қабылданды? 

1954 ж көктемде

259. Тың игерудің алғашқы екі жылында республикаға қанша адам келді?          

640 мың (оның 150 мыңы механизаторлар)

 

260. Тың игеру Қазақстанның солтүстігіндегі 6 облысты жүргізілді, соларды ата?

Ақмола,  Көкшетау,   Қостанай,

Павлодар,   Торғай,  Солтүстік Қазақстан

261. 1954 жылдың өзінде тың игеру жөніндегі жоспар артығымен орындалып, қанша жер жыртылды?                                                        6,5 млн га тың жер жыртылды

262. Тың игерушілер 1956 жылы қанша астық жинады?                      16 млн тонна астық

263. 1956-1958 жж республикада тағы да қанша тың жер игерілді?            4,8 млн га

264. Күріш өндіруден рекордты өнім алуға қол жеткізген кім?

Ыбырай Жақаев, Қызылорда обл. Шиелі ауданы,

«Қызыл ту» ұжымшарының звено жетекшісі

265. 1940-1950 жж Қазақстанда қанша жаңа қала пайда болды?            

15 жаңа қала, 86 қала тұрпатты поселке

266. Жеті жылдық жоспар қай жылдарды қамтиды?                      1959 – 1965 жж

267. Тың игеру барысында Қазақстанға қанша адам қоныс аударды?   

1960 ж басына дейін   2 млн-ға жуық

268. Теміртауда  наразылық қашан болды?                       1958 ж

269. 1959 жылы республикада адам саны қаншаға жетті?             

9 млн. 295 мыңға  (қазақтар 2 млн. 787 мың — 29%-ды құрады)

270. Қытайда тұратын қазақтар Қазақстанға қашан оралды?

1950 ж ортасынан бастап – 1960 ж. басына дейін  200 мың адам келді

271. 1965 жылы мал басы қаншаға жетті?            39 млн

272. Қазақ КСР Ғылым академиясы қашан құрылды? 

1946 ж маусымда. Академияның тұңғыш президенті болып  Қ.Сәтбаев сайланды.

273. Қазақ КСР Ғылым академиясын құруға көмек көрсеткен орыс ғалымдары кімдер?

С.И. Вавилов, И.П. Бардин, А.М. Панкратова

274. 1958 жылы қандай институт құрылды?

Қазақ КСР ҒА-ның Философия және құқық институты

275. Тіл білімі, әдебиет және өнер институты қашан  шаңырақ көтерді?                 1961 ж

276. «Қазақ КСР тарихының» екі томдығы қашан жарияланды?              1957 – 1959 жж

277. «КСРО-да социализм толық және түпкілікті жеңіске жетті» деген ресми партиялық тұжырым қашан қабылданды?                                           1950 ж соңында

278. М. Әуезов «Абай» романының екі кітабын қашан жазып бітірді?                 1947 ж

Шығарма КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды. 1955 ж «Абай жолы» эпопеясы дүниеге келді. 1959 ж «Лениндік сыйлық» берілді.

279. 1950 жылдардағы көркем әдебиет қайраткерлері:

Ғ. Мүсірепов– «Оянған өлке» романы

С. Мұқанов– «Сырдария» романы, «Өмір мектебі» трилогиясы

Ғ. Мұстафин– «Шығанақ», «Миллионер», повестері, «Дауылдан кейін», «Қарағанды» романдары

280. Ұйғыр жазушысы Х. Абдуллиннің шығармасын ата?               «Гүлстан» повесі

281. Орыс жазушысы И. Шуховтың одаққа танымал болған кітабы.

«Тың игерушілер»

282. Соғыстан кейінгі онжылдықтағы Қазақстандағы театрлар туралы:

Қазақ театрлары Ташкенттен, Мәскеуден арнайы білім алыпкелген актерлермен толықтырылды.

Орыс драма театрының басшысы- Я.С. Шейн

Жасөспірімдер театры басшысы- Н. Сац

283. Соғыстан кейінгі жылдардағы суретшілердің шығармалары:

Қ. Телжанов – « Жамал», «Атамекен»

С. Мәмбеев – «Тауда», « Киіз үй қасында»

М. Кенбаев – «Шопан әні», «Сұхбат»

284. Тоқырау жылдары қай   мерзімді қамтиды?

1960 ж ортасынан – 1980 ж ортасына дейін

285. Кеңес әскерлері қашан Ауғанстанға кіргізіле бастады?                 1979 ж желтоқсанда

 

 

286. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев кім?

*1960 ж — Қаз.КП Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы болып сайланды

*1962 ж – Қаз КСР-і Министрлер Кеңесінің төрағасы

* 1964-1986 жж Қаз.КП Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы

287. Қазақ КСР-інің соңғы Конституциясы қашан қабылданды?

1978 ж наурызда бүкілхалықтық талқылауға ұсынылды

1978 ж 20 сәуірде Жоғары Кеңесте қабылдау рәсімінен өтті

288. Мәскеуде оқитын қазақ жастары  1960 ж ішінде қандай ұйым құрды?

«Жас тұлпар» бейресми ұйымы, ұйымдастырушысы Мұрат Әуезов

«Жас қазақ» ұйымы- Қарағандыда

«Тайшұбар» ұйымы – Семейде құрылды

289. «Жас тұлпар» ұйымының ықпалымен 1970 жылдары әлемнің көптеген елдеріне танымал болған ансамбльдерді ата?

«Гүлдер»,  «Дос-Мұқасан»,   «Айгүл»

290. Олжас Сүлейменовтың 1975 жылы жарық көрген  кітабы?                  «Аз и Я»

291. Целиноград оқиғасы қашан болды?                

1979 ж 16 маусымда   (Неміс автономиясын құру туралы шешімге наразылық)

292. Неміс автономиясын құру жөніндегі комитетке басшылық жасаған кім?

А. Коркин– Қаз-н КП Орталық комитетінің екінші хатшысы

Неміс автономиясының астанасы Ерейментау қаласы  деп белгіледі

293. 1954 ж Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған ұйғыр сазгерінің симфониялық поэмасын ата?

«Ризвангүл» поэмасы

294. 1967 жылы республикада қанша  кәсіпорын болды?                       193

295. Қазақстанда көмірөндіру қашан айтарлықтай өркендеді?                 1970 ж

296. Жаңаөзеннен (Маңғыстау облысы) алғашқы мұнай қашан алынды?               1965 жылы  

297.1960 жылы Павлодардағы машина жасау зауытының негізінде құралған қандай зауыт?

Трактор зауыты

298. 1960 жылдары қай жерлерде қандай зауыттар іске қосылды?

Семейде – кабель зауыты

Өскеменде- конденсатор,

Алматыда – төмен вольтты аппараттар зауыты

Кентауда – тарнсформатор

Текеліде – аккумулятор

299. Семей полигонында  қанша жарылыс болды?

1949-1963 жж 113 ашық жарылыс

1963 – 1989 жж 343 жерастылық жарылыс (қуаты 150 кт)

300. Капустин Яр полигоны қай жерде жұмыс істеп тұрды?                 Батыс Қазақстанда

301. Қой өсіруші комсомол жастар бригадалары қашан, кімдердің бастамасымен құрылды?

1971 жылы Шұбартаулықтардың бастамасымен

302. Жалпыға бірдей міндетті жеті жылдық білім беру ісі қашан қайта қолға алынды?

1949 жылы

303. Жалпыға бірдей міндетті сегіз  жылдық білім беру қашан басталды?

1962-1963 оқу жылында

304. Жалпыға бірдей міндетті орта  білім беру қашан басталды?            1970 жылы

305. Алты жастан бастап оқыту шаралары қашан қарастырылды?          1984 жылы

306. 1980 жылдың ортасында республикада ЖОО саны қанша болды?    

55  ЖОО, 246 арнаулы оқу орны

307. 1960-1970 жж  белгілі ғалымдарды ата?

* У.М. Ахметсафин  — гидролоия және гидрофизика саласында нәтижелі еңбек етті

* М.А. Айтқожин – генетика мен микробиолгоия саласында

* А.И. Бараев – топырақ қорғаудың жаңа жүйесін жасауға зертеу жүргізді

308. Ең жоғарғы Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған жазушы кім?

Ғабит Мүсірепов

309. Дж. Неру атындағы халықаралық сыйлыққа ие болған жазушы кім?

Әнуар Әлімжанов.  әл Фараби туралы «Ұстаздың оралуы» романы үшін

310. «Адамға табын, Жер енді!» поэмасының авторы кім?    

О. Сүлейменов.   1961 ж сәуірде тұңғыш ғарышкерге арналған

311..»Қыз Жібек» фильмінің режиссері кім?                   Сұлтан Қожықов

312. 12 томдық «Қазақ совет энциклопедиясын» шығару қашан аяқталды?      1978 жылы

313. 1970 жылы республикада өткізілген маңызды іс-шаралар

* әл Фарабидің 1100 жылдығы

* ІІ Менделеев съезі

* Азия және Африка жазушыларының Ү мәслихаты

314. Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы қашан болды?             1986 ж 17-18 желтоқсанда

315. Желтоқсан  оқиғасының салдары қандай болды?

* 8500 адам  ұсталды

* 1720 адам жарақат алды

*1200 адам жұмыстан қуылды

*12 ЖОО- ның ректорлары  орнынан түсірілді

*246 студент оқудан шығарылды

* 99 адам сотталды

316. Желтоқсан қаһарманы Қайрат Рысқұлбековке қандай айып тағылды?

Жасақшы « С. Савицкийді  өлтірді» деген

317. Желтоқсан оқиғасына қатысқан жастарға қандай  айып тағылды?

«ұлтшыл» немесе  «қылмыскер»

318. Желтоқсан оқиғасын айыптауға арналған коммунистік әкімшіліктің ұйғаруымен қандай құпия жоспар жасалды?                                            «Бұрқасын – 86»

319. Желтоқсан оқиғасы қашан ақталды?

1989 ж  Н. Назарбаевтың  биліккке келуінен кейін

Желтоқсан оқиғасы туралы арнайы комиссия құрылды, оның төрағасы М. Шаханов болды

320. «Қазақ ҚСР-інің тілдер туралы заңы» қашан қабылданды?        1989 ж 22 қыркүйекте     

321. 1988 жылы  ақталған қазақ зиялылары кімдер?

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931)

Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931)

Міржақып Дулатұлы (1885-1935)

Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1937)

Мағжан Жұмабаев (1893-1938)

322. Қазақстанда алғаш рет балама депутаттар дауысқа түскен Жоғарғы және жергілікті кеңестерінің  сайлауы қашан өтті?                                                  1989 ж күзде

323. Семейдегі ядролық сынақ полигонын жаптыруды көздеген қозғалыс қашан құрылды?

«Невада-Семей» қозғалысы деп аталды,       1989 ж  28 ақпанда

 Олжас Сүлейменовтың жетекшілігімен құрылды

324. «Невада-Семей» қозғалысының  «5 — 5» формуласы нені білдіреді?

әлемдегі аса ірі полигондарды жабуды

325. 1990 жылы құрылған қозғалысты ата?

«Азат» азаматтық қозғалысы. Мақсаты КСРО-дан бөлініп, жеке мемлекет болу

326. 1990 жылдың соңында Қазақстанда Қазақстанда саяси-қоғамдық бірлестіктер саны қаншаға жетті?                                           100-ден асты

«Славян»  қоғамы славян ұлт өкілдерінің мүддесін көздеді

«Видергебурд» неміс ұйымы  тб

327. Тәуелсіздік қарсаңындағы ірі баскөтерулер

* 1989 ж шілде – Қарағанды шахтерлерінің ереуілі

* 1989 ж маусым – Жаңаөзендегі оқиға

*1991 ж 15 қыркүйек – Оралдағы оқиға

328. 1990 жылы қарашада қай елмен  біріккен «әл-Баракабанк — Қазақстан»  банкі құрылды?

Сауд Арабиясымен

329. 1991 жылдың бірінші жартысында Қазақстанда қанша біріккент кәсіпорын тіркелді?

24 елдің қатысуымен 35 кәсіпорын

330. Жоғарғы Кеңестің ұйғаруымен Президенттік қызмет қашан енгізілді?     1990 ж сәуірде

331. Қазақстанның егемендігі қашан жарияланды?                        1990 жылы 25 қазанда

332. КСРО-да «тамыз бүлігі» қашан болды?                                  1991 жылы  19 тамызда

333. Н.назарбаев КОКП ОК  Саяси бюросының құрамынан шығатынын қашан мәлімдеді?

1991 жылы 23 тамызда

334. КСРО қалай ыдырады?

* 1991 ж 8 желтоқсанда – Минскіде Белорусь, Украин, Ресей басшылары

* 1991 ж 13 желтоқсанда – Ашхабадта Орат Азия мен Қазақстан  басшылары

*1991 ж 21 желтоқсанда – Алматыда ТМД  дүниеге келді

335. Қазақ КСР-і Қазақстан Республикасы деп қашан аталды?       1991 ж 10 желтоқсанда

336. Бірінші Президент сайлауы қашан болды?              

1991 ж 1 желтоқсан Сайлауға қатысқан 88,23 % халықтың 98, 78  %- ы

Н. Назарбаевқа дауыс берді

337. Тәуелсіздік үшін қазақ халқы үзбей қанша уақыт күрес жүргізді?   

Екі жарым ғасыр

338. Қазақ халқы үстемдікке қарсы қанша көтеріліс жасады?        400-ге жуық  

339. Қазақстан БҰҰ-на қашан мүше болды?                        1992 ж 2 наурызда

340. ҚР-ң Қорғаныс министрлігі қашан құрылды?             

   1992 ж 7 мамырда. Тұңғыш Қорғаныс министрі Сакғадат Нұрмағанбетов болды

341.1992 жылы республикада қандай заңдар қабылданды?

* шілде – «ҚР-ң ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» заңы

* шілде – «ҚР-ң Ішкі істер әскерлері туралы» заңы

*2 шілде – «ҚР-ң Конституциялық сотын сайлау туралы»

*  желтоқсанда – «ҚР-ң қорғанысы мен Қарулы күштері туралы»

* тамыз – «ҚР-ң Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы»

342. ҚР-ң Елтаңбасы мен Туының жаңа үлгілері қашан қабылданды?     1992 ж   маусым

343. Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы қашан қабылданды?

1993 ж 28 қаңтарда Жоғарғы Кеңесте

Конституция 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды

344. Жоғарғы Кеңес өзін-өзі қалай таратты?

1993 жылы 13 желтоқсанда Жоғарғы Кеңестің төрағасы

С. Әбділдин  оның таратылғанын  реми түрде жариялады

345. 1993 жылдың соңында Қазақстанда ресми тіркелген ұш партияны ата?

* Социалистік партия

*Қазақстан Республикалық партиясы

* Қазақстан Халық конгресі партиясы

346. ҚР-да Жаңа партамент өз жұмысын қашан бастады?          

1994 ж 19 сәуірде Парламент төрағасы Ә. Кекілбаев сайланды

347. Жаңа парламент 1995 жылы көктемде неге таратылды?

1994 ж 7 наурыздағы сайлауда кейбір учаскелерде

сайлау  тәртібінің бұзылуына байланысты

348. ҚР Президентінің өкілеттік мерзімін  2000 жылы 1 қаңтарға дейін ұзарту туралы рефернедум қашан болды?

1995 жылы  сәуірде (Қазақстан халық ассамблеясының үндеуіне сәкес)

349. ҚР-ң жаңа Конституциясы қашан қабылданды?       

1995 ж 30 тамызда Референдумда

Конституция 98 баптан, 9 бөлімнен тұрады

350. Конституцияның 9 бөлімін айт

І. Жалпы ережелер               ІІ. Адам және азамат     ІІІ.  Президент     ІҮ. Парламент

Ү. Үкімет    ҮІ.  Конституциялық Кеңес    ҮІІ. Соттар және сот төрелігі

ҮІІІ. Жергілікті мем-к басқару және өзін-өзі басқару.   ІХ. Қорытынды

351. Қазақстан Халқы Ассамблеясы қашан құрылды?              1995 жылы

352. Президенттің өкілдік мерзімін  7 жылға ұзарту туралы  Конституцияға өзгеріс қашан енгізілді?                                        

1998 ж   Парламенттің шешімімен

(2007 жылы қайтадан 5 жылға сайланатын болып өзгертілді)

353. ҚР парламентінің құрамы қандай?           Мәжіліс депутаттар саны – 107 (98-і партиялық тізіммен, 9 –ықаз.халық Ассамблеясынан), сенат депутаты саны- 47

354. Ұлттық валюта-тенге қашан айналысқа енді?            1993 ж 15 қарашада

355. ҚР-да «зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заң қашан шықты?      1998 ж 1 қаңтар

 

 

356. 1999 жылғы санақ бойынша Қазақстанда қанша  адам тұратыны анықталды?

14 млн  952, 7 мың  (1989 ж  16 млн 199,2 мың болған еді)

2009 ж санақ бойнша 16 млн-нан асты

357. 1991- 2011 жж  шетелдегі қанша қазақ отанына оралды?

860 мың

358. Индустриалы-инновациялық даму стратегиясы қай жылдарды қамтиды? 

2003-2015 жж

359. Қазақстанда өндірілетін өнімдер дүние жүзінің қанша еліне таныс?       126 еліне

360. Тәуелсіздік жылдары салынған жолдар:

1,5 км теміржол төселді, 40 мың км автомобиль жолдары салынды

361. 2011 жылы астық өнімі қаншаға жетті?                       26 млн тоннаға

362. Қазақстан, Ресей, Беларусь басшылары Кеден одағын құру жөніндегі құжатқа қашан қол қойды?                                             1995 ж

363. Қазақстанның тәуелсіздігін екі аптаның ішінде таныған елдер саны  қанша?

18 ел (алғашқылары Түркия, АҚШ, Қытай, Германия, Пәкістан)

364. Қазақстан қанша уақыт Ресейдің бодандығында болды?           Екі жарым ғасыр

365. Тәуелсіздіктің алғашқы жылы елімізді қанша ел таныды?

108 ел танып, оның 70-інің дипломатиялық өкілдері ел сатанасында жұмысқа кірісті

366. Қазақстанның халықаралық ұйымдарға мүше болуы:

* БҰҰ-на  — 1992 ж 2 наурызда (Нью-Йорк)

* ЕҚЫҰ-на – 1992 ж 8 шілдеде (Хельсинки)

367. ҚР-да бағаны еркіне  жіберу туралы  жарлық қашан шықты?                    1992 ж 6 қаңтар

368. Алғаш теңге шыққан кезде долларға шақандағы құны қанша болы?             4,7 теңге

369. Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) қашан құрылды?             

Шанхай қаласындағы басқосуда -   1996 ж 26 сәуір

1997 ж – Мәскеуде,   1998 ж – Алматыда,  1999  ж  — Бішкекте кездесті

370. ШЫҰ – на  неше мемлекет кіреді?    6 мемлекет

Қазақстан, Қырғыз ,Қытай, Ресей, Тәжік,  Өзбек

371. Қытай мен Қазақстан арасындағы даулы 1000 шаршы шақырым жер мәселесі қалай шешілді?

Даулы жердің  — 57 % — ы Қазақстанға,  43 %-ы Қытайға жатады деп шешілді

372. Қазақстанда дүниежүзілік және дәстүрлі дін өкілдерінің съезідері қашан өтті?

2003 ж, 2006 ж,  2009 ж, 2012 ж

ІІІ съезге БҰҰ жүйесі қатысты, 35 елден 77 делегация келді

373. Қазақстан ЕҚЫҰ-на (Еуропалық қауіпсіздік жіне ынтымақтастық ұйымы) қашан төрағалық етті?                                                     2010 ж желтоқсанда Астанада саммит өтті

374. ҰҚШҰ (Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы)  қашан құрылды?

1992 ж 16 мамырда   Ташкентте

375ИЫҰ (Ислам ынтымақтастық ұйымы) төрағалығы қашан Қазақстанға өтті?

2011 ж

376. Дүниежүзі қазақтарының бірінші құрылтайы  қашан өтті?

1992 ж қыркүйек-қазан айларында  Алматыда

Құрылтайға 40 жуық елдерден 3 млн 200 мың қазақ қатысты

Дүниежүзі қазақтарының   32 % -ы

377. Президенттің Жарлығымен жарияланған жылдар – қалай аталды?

1996 ж – Жамбыл жылы

1997 ж- «Жалпыұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы»

1998 ж – «Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы»

1999 ж – «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы

378. ҚР-ның тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы қашан мақұлданды?      1995 ж

379. Ұлттық Ғылым академиясының Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты  қашан, қандай журнал шығара бастады?

1998 ж «Отан тарихы»  атты жаңа журнал

380.Н. Назарбаевтың 1999 жылы жарық көрген кітабы.

«Тарих толқынында»

381. Абайдың 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде қашан тойланды?                1995 ж

382. М. Әуезовтың 100 жылдығы қашан дүниежүзілік деңгейде аталып өтті?        1997 ж

383. ЮНЕСКО көлемінде Қ. Сәтбаевтың 100 жылдығы қашан тойланды?              1999 ж

384. «Қазақтың Қанышы» романының авторы кім?                              Медеу Сәрсеке

385. «Мәдени мұра»  бағдарламасы  қашан жарияланды?                       2004  ж

386. О. Сүлейменовтың  дүниежүзі тілдерінің  заңдылықтарын саралаған көлемді еңбегі қалай аталады?                                                      «Жазу тілі»

387. Арал және ондағы адам тағдыры туралы роман қалай аталады және оның авторы кім?

«Соңғы парыз»  авторы  Әбдіжәміл  Нүрпейісов

388. Қабанбай туралы  «Дарабоз»  дилогиясының авторы кім?                 Қабдеш  Жұмаділов

389. Ел астанасының  Ақмолаға көшетіндігі қашан хабарланды?                   1995 ж қыркүйек

390. Қай жылы астана Ақмолаға көшірілді?                                                       1997 ж

391. Ақмола қаласы Астана деп қашан атала бастады?                                      1998 ж маусым

392. Қай жылы астананы ЮНЕСКО «Бейбітшілік қаласы» деп атады?              1999 ж

393. Дүниежүзілік көрме ЭКСПО Астанада қашан өтеді?                            

2017 ж 10 мамыр – 10 қыркүйек. Оны өткізетін алаңның аумағы 25 га

394. «Қазақстан -2030» стратегиясы қашан жарияланды?                1997 ж  

Оның 7 бағыты:

І. Ұлттық қауіпсіздік

ІІ. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы

ІІІ.  Экономикалық өрлеу

ІҮ. Қазақстан азаматарының денсеулығы, білімі мен әл-ауқаты

Ү. Энергетика ресурстары

ҮІ. Инфрақұрылым, көлік және байланыс

ҮІІ. Кәсіпқой мемлекет

395.  Бірінші Президент күні алғаш рет қашан аталып өтілді?                  

2012 ж 1 желтоқсанда

396. ҚР-ң  Мемлекеттік Туының  авторы кім?                 

Шәкен Ниязбеков

397.ҚР-ң Елтаңбасының авторлары кімдер?    

Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков

398. ҚР-ң Гимнінің авторлары кімдер?

Сөзі – Жұмекен Нәжмеденов,   Нұрсұлтан Назарбаев

Музыкасы -  Шәмші Қалдаяқов

399. «Қазақстан -2050» стратегиясы қашан жарияланды?

2012 жылы желтоқсан

400. 2012 ж Лондон  ХХХ жазғы олимпиадасында жалпы қанша рекорд  жасалды?

96 рекорд, оның 11-і қазақстандықтардың еншісінде.

Қазақстандық спортшылар  13 медаль – (7 алтын)  алып 12 орынды иеленді

 

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

ТарихДүние жүзі тарихынан сынақ сұрақтары

Ұстаз үніЭйнштейннің сұрағы (2% ға жатасыз ба әлде 98% ға ма)

ТарихҚазақстан тарихынан сынақ сұрақтары (7 сын. оқулығы)

ТарихҚазақстан тарихынан сынақ сұрақтары

ТарихДүние жүзі тарихынан сынақ сұрақтары

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141179

Пікірлер (1)
Базаргүл Алтынбекқызы # 16 наурыз 2016 в 23:08 0
ҰБт-ға тест тапсырмалары жылдар бойына өте қажет деп есептеймін.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар