Оңтүстік Қазақстан және Жетісу өңірі

Алматы облысы

Алакөл аудана

Безродных орта мектебі

Тарих пәнінің мұғалімі Молдахметова Ғазиза Мұратқызы

Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан және Жетісу өңірі

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оңтүстік Қазақстандағы мәдени мұралармен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, ой — өрісін дамыту, тақырыпты деңгейлік тақырыптық тапсырмалардың көмегімен меңгерту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге үйрету, елін, жерін сүйетін отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары, сұрақ жауап.

Көрнекілігі: Қазақстан картасы, интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Амандасу

2. Оқушыларды түгендеу, сабаққа бағыттау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1.Тест тапсырмалары.

2.Сақ тайпаларының атауын ата.

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру

1. Сақтардың мәдени мұралары.

2. Бесшатыр қорымы.

3. «Алтын киімді адам»

4. «Аң стилі»

Сақтардың мәдени мұралары.

<img width="«418»" height="«330»" src="«file:///C:/Users/7272~1/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image002.gif»" v:shapes="«Объект_x0020_1»">

Бесшатыр — көне қорымдар тобы, сақ дәуірінің аса ірі ескерткіші. Алматы облысы Іле өзенінің жағалауынан 3 км жерде, Желшағыр тауының бөктеріндегі Шылбыр қойнауында. 1957, 1959 — 1961 жылдары Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі

К. Ақышев) зерттеді. Бесшатыр Қорым құрамында үлкенді-кішілі 31 оба бар. Олар батыстан шығысқа қарай 1 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 км болатын алқапты алып жатыр. 21-і таспен, ал 10-ы қиыршық тас араласқан топырақ үйінділермен жабылған. Қорым шартты түрде екі бөлікке (солтүстік және оңтүстік) бөлінеді. Солтүстік топқа Бесшатыр зиратының ең үлкен 2- және 3-обалары кіреді. Үлкендерінің диаметрі 45 м-ден 105 м-ге дейін, биіктігі 6 — 17 м-ге дейін, тиісінше орташаларынікі 25 — 38 м, 5 — 6 м, кішісінікі 6 — 18 м, 0,8 — 2 м.

Бесшатыр обасынан

·семсер,

·қола ұшты жебелер,

·темір пышақтар,

·шаш түйрегіштер,

·ақық моншақтар табылды.

Бұл заттар б.з.б 5-4 ғасырға жатады.

Есік обасы (б.з.б. 5 — 4 ғ.ғ) — сақ дәуірінен сақталған ескерткіш.

Алматыоблысы, Еңбекшіқазақауданының орт. Есікқаласының маңында, Есік өз-нің жағалауында орналасқан. 1969 — 1970 ж. Жетісу археолог экспедициясы (жетекшісі К.Ақышев, мүшелері Б.Нұрмұханбетов,

А.Г. Максимовалар) зерттеген. Бұл маңдағы сақ дәуірінен сақталған обалар бірнеше топқа бөлінеді.

Мұның ішінде ең көрнектісі — үлкен Есік қорымы. Қорым құрамында солтүстіктен оңтүстікке созыла ауданы 3 км² жерді алып жатқан 45 топырақ Оның диаметірі 60 метр, биіктігі 6 метр) оба бар.

“Аң стилі”.

Б.з.б. 8 ғасырдан бастап Еуразия далалы аймақтар өңірінде аңдарды бейнелеу-аңдық стиль пайда болды.

Бекіту: сұрақ-жауаптар және де тапсырмалар

Бағалау:

Үйге тапсырма беру:

Оңтүстік Қазақстан және Жетісу өңірі туралы оқы келіңдер

«Алтын адам» тақырыбына әңгімелеу.

Бесшатыр туралы қысқаша әңгіме құра.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1072388

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар