Египеттегі ғылым мен мәдениет

24 маусым 2014 - Нургиза Кульджина

6 «А» сыныбы Ежелгі дүние тарихы тарихы

Сабақтың атауы

Египеттегі ғылым мен мәдениет

Сілтеме

Мысыр елінде билеуші болған Бейбарыс сұлтан туралы қысқаша мәлімет беру

Жалпы мақсаты

Египеттегі ғылым мен мәдениеттің дамуы, Жеті кереметтің бірі пирамидалар туралы білім беру

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

Диалог әңгіме жүргізілуі кезінде оқушылардың оқиға туралы мәлімет ұсынуы, топтағы оқушылардың бірін-бірі толықтыруы, келісімге жетуге тырысуы.

Сабақта туындаған негізгі идеялар

Тапсырмалар

· Египеттегі жазудың шығуы, ғылыми білімдердің дамуы туралы білім беру;

·Әдебиеті мен өнері туралы өз көзқарастарын білдіруіне жағдай жасау;

·Отансүйгіштікке тәрбиелеуді жалғастыру

4 топқа бөлу.

1-тапсырма. Үй тапсырмасы бойынша тапсырмалар.

(топтар өз аттарын қорғайды, тест тапсырмаларына жауап 2 — тапсырма Слайтпен жұмыстар

Сергіту сәті Суреттерге қарап қимылдар жасайды

3 тапсырма:

Оқулықтағы мәтінді оқу (Египеттегі мектеп, 1-2топқа, Пирамидалар салу 3-4 топқа)

4 — тапсырма Ментальды карта жасату.

Біздің мектептен айырмашылығы;

— Пирамиданың ерекшелігі

5 — тапсырма Бейбарыс сұлтан туралы қысқаша түсінік беру.

Топ басшысының бағалауы мен

оқушылардың өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалім немен айналысады, оқушы немен айналысады.

Топқа біріктіру. Қиылған суреттер арқылы топқа бөлу

1-топ. «Ніл» тобы,

2-топ. «Перғауын» тобы,

3-топ. «Жазғыштар» тобы

4-топ. «ІІІ Тутмос

тобы

1 – тапсырма. Үй тапсырмасы бойынша тапсырмалар:

1) Әр топ өз аттарын қорғайды

2) Тест тапсырмалыры:

1. Египетті алғаш біріктірген перғауын

А) ІІІ Тутмос В) Хеопс С) Менес

2. Египет астанасы

А) Мемфис В) Фивы С) Саис

3. Египетте шағын мемлекеттер пайда болды

А) бзб ҮІ мың жылдық В ) бзб ІҮ мың жылдық С) бзб Ү мың жылдық

4. Египет оңтүстікте қай елге жорық жасады?

А) Синай В ) Нубия С) Сирия

5. Египеттіктер құлдарды қалай атады?

А) тіл алғыштар В) сөйлейтін құрал С) тірі өліктер

КІЛТІ: 1С, 2А, 3В, 4В, 5С

2 — тапсырма Слайдпен жұмыстар

1-слайд. Египет діні

2- слайд: Ғылыми білімдер: математика, астрономия, медицина

Сергіту сәті

Суреттерге қарап қимылдар жасайды

3-слайд: Храмдар, пиармидалар суреттері

3 тапсырма:

Оқулықтағы мәтін :

Египеттегі мектеп, 1-2 топқа, Пирамидалар салу 3-5 топқа. Тапсырманы, топпен талдап,

4-ші тапсырманы орындайды: Ментальды карта жасау тапсырылады.

Біздің мектептен айырмашылығы;

— Пирамиданың ерекшелігі

Египеттің Қазақстанмен қандай байланысы бар деп ойлайсыңдар? (Бейбарыс сұлтан туралы айту: Бейбарыс Сұлтанның Дамаскідегі кесенесі жаңартылды, сұлтан туралы кино түсірілді. т.б.)

5 -тапсырмаТоп басшысының бағалауы мен

оқушылардың өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру

Дереккөздер және жабдықтар: интерактивті тақта, слайд, А4 қағаз, фломастерлер, карта, т.б.

Кейінгі тапсырмалар

§ 7,8. «Синхуеттің басынан кешкендері» хикаясынан үзіндіні оқу.


Рефлексивтік есеп

6 «А» сыныбы Ежелгі дүние тарихы тарихы

Ашық сабақ өткізу кестесіне сәйкес 6 «А» сыныбына Ежелгі дүние тарихы пәнінен сындарлы оқыту әдісін қолдана отырып «Египеттегі ғылым мен мәдениет» тақырыбында сабақ өткіздім. Оқушыларды 4 топқа бөліп, орындарына отырғызғаннан кейін, топта психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында бір-біріне сәттілік тіледі. Топ басшыларын анықтады. Бағалау парағымен танысты. 1-топ. «Ніл» тобы, 2-топ. «Перғауын» тобы, 3-топ. «Жазғыштар» тобы, 4-топ. «ІІІ Тутмос» тобы.Үй тапсырмасы бойынша әр топқа өз топтарының аттарын қорғату арқылы өткен тақырыптар туралы білімдерін тексердім. Ніл – әлемдегі ең үлкен, әрі ең ұзын өзен. Перғауын – патша, басына тәж киді, билігінде шек болмады.Жазғыштар – перғауынның бұйрығын жазып, салықты есептеген. ІІІ Тутмос – перғауын, көрші елдерге жеңісті жорықтар жасаған. Оқушылар өз топтарының аттарын бірінен кейін бірі толықтырып, өз білімдерін көрсетті. Екінші тапсырма өткен тақырыптар бойынша 5 тест сұрақтарын топпен ақылдасып орындады. Орындаған тесттерінің жауаптарын басқа топтар тексерді. Тест кілті интерактивті тақтада көрсетілді. Жаңа тақырыппен таныстырып, мақсат, міндеттерін айтқаннан кейін слайдпен жұмыс, онда бірінші глоссарий – иероглиф, папирус, храм, астрономия, дін т.б сөздермен түсіндірме жұмыстары жүргіздім. Жазу материалы папирус туралы мәтіннен жеке тапсырма орындады. Египеттің ғылыми білімдерінің пайда болуына әсер еткен жағдайлар туралы, египет күнтізбесі, египет діні, әлемнің жеті кереметінің алғашқысы Египет пирамидаларының қалай салынғаны туралы оқушылар қызыға оқыды. Египеттің картадағы орнын анықтады. Қазақстанмен байланысы туралы сұлтан Бейбарыс туралы қосымша материал пайдаландым. Алдымен Бейбарыс туралы не білетіндерін сұрадым. Олар Бейбарыс туралы кино көргендерін айтты. Оқулықтағы мәтін :Египеттегі мектеп туралы 1-2 — топқа, Пирамидалар салу туралы 3-5 топқа.оқып топпен талдау тапсырылды. Ментальды карта жасау тапсырмасының тақырыбы — Біздің мектептен ежелгі Египет мектебінің айырмашылығы туралы. Топ басшысының бағалауы мен оқушылардың өзін-өзі бағалауын ұйымдастырдым. Өзін-өзі бағалауда оқушылар өздеріне жоғары баға берді, бұдан мен оқушылардың тақырыпты жақсы меңгергенін байқадым. Ашық сабаққа жас мамандар, оқу ісі меңгерушісі, басқа да мұғалімдер қатысып, пікірлерін айтты.

Сабақта қолданылған слайдтар:

<img width="«182»" height="«109»" src="«file:///C:/WINDOWS/TEMP/msohtml1/01/clip_image002.gif»" v:shapes="_x0000_i1025">


Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119688

Пікірлер (1)
Серік Ұзақбайұлы # 7 қаңтар 2015 в 01:07 0
Жақсы жазылған ҚМЖ және рефлексия

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар