8 сыныптың Қазақстан тарихы бойынша сынақ сұрақтары

28 желтоқсан 2015 - Нургиза Кульджина

8 сыныптың Қазақстан тарихы  бойынша сынақ сұрақтары

 

1. Тәуке ханның мирасқоры кім?                        Қайып

2. Қалмақтармен Аякөз өзені бойында шайқас қашан болды? Кімдер басқарды?

1718 ж   Қаракерей Қабанбай мен Жауғашар (Шақантай)

3. Жоңғария барлық күшін қазақ еліне жұмсауға мүмкіндік алуына қандай оқиға себеп болды?

Цин императоры Кансидің қайтыс болуы  

4. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасы  қашан болды?                1723-1727 жж

5. Жау соққысына төтеп бере алмаған Ұлы жүз бен Орта жүздің бірқатар рулары қайлай қарай беттеді?  

Шыршық өзенінің Сырдарияға құяр сағасына өтіп, Ходжентке беттеді

6. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасына байланысты туған мұңлы-зарлы ән?

«Елім-ай» әні

7. Жоңғар шапқыншылығынан әсіресе қатты ойрандалған қай өңір?

Жетісу өңірі

8. Жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті қашан басып алды?           1725 ж

9. Қазақтың үш жүз жасақтарының басқыншыларға тізе қосып біріккен қимылдары қашан басталды?  

1726 ж Бұланты өзені жағасында жоңғарларға ойсырата соққы берді. (Торғай даласы)  «Қара сиыр» деген жерде 60 мың қолмен жеңіске жетті

 

10. Жоңғарларға қарсы шайқасқа қолбасшылық жасау қазақ билерінің шешімімен кімге жүктелді?                                  Әбілқайыр ханға (1680-1748)

11. Әбілқайырдың басшылығымен қалмақтарға күйрете соққы берген «Аңырақай» шайқасы қашан болды?                        1730 ж

12. Әбілқайыр Кіші жүзді Ресей империясы құрамына қабылдау туралы  елшілікке кімдерді, қашан  жіберді?

1731 ж 19 ақпанда     Сейітқұл Қойдағұлұлы мен Құтлымбет Қоштайұлы

13. Әбілқайыр мен оның саясатын қолдаған Кіші жүздің қанша старшыны, қашан Ресей қоластына кіруге ант берді?   

29 старшыны, 1731 ж қазан айында

14. Орынбор комиссиясының басшысы көрнекті тарихшы В.Н. Татищев  қашан, қай жерде қазақ сұлтандарының съезін шақырды?         

1738 ж. Орынборда

15.Орта жүз билеушілері Абылай сұлтан мен  Әбілмәмбет хан Ресей билігін мойындаған жылы?                            1740 ж

16. 1748 жылы Әбілқайыр өлгеннен кейін Кіші жүзде екі хандық пайда болды, соларды ата? 

 * оңтүстік –шығысы – Батыр сұлтан

* солтүстік-батысы – Нұралы ханның иелігінде болды

17. 1735 ж Башқұртстанда азаттық күресте орыс патша әскерлерінің қуғынына ұшыраған қанша башқұрт бас сауғалап Қазақстанға қашты?            

50 мың башқұрт, басшылары Батырша

18. Жоңғарияның дербес ел ретінде қашан жойылды?                      1758 ж

19. Бұрынғы жоңғар жерінде қашан, қандай империялық әкімшілік бірлестігі құрылды?                        1761 ж                   Шыңжаң (жаңа шекара)

20. ХҮІІІ ғ 40-50 жж салған әскери шептері:

* Горькая шебі – Сібір редутынан Омбыға дейін, ұзындығы 553 верста;

* Ертіс шебі – Омбы бекінісінен Ертісті қамти отырып, Кіші Нарын бекінісіне дейін, ұзындығы * 1684 верста;

* Колыван шебі — Өскеменнен басталып алтай тауларын, Колыван зауытын басып өтіп, Кузнецк шебімен жалғасады, ұзындығы – 723 верста;

* Пресногорьковск шебі– Звериноголовск редутынан Омбы бекінісіне дейін.

 

 

21.ХҮІІІ ғ екінші жартысында қазақ-орыс саудасының белгілі болған орталықтарын ата?          

 Жәміш, Железинск, Омбы, Семей, Өскемен, Бұқтырма

22. ХҮІІІ ғ 60 ж соңы – 70 ж басында 330 жуық қазақ көпестері сауда жасап тұрған айырбас сауданың ірі орталығы болған қала?                Семей

23.Қаз дауысты Қазыбек пен Абылай қай жылы 158 саудагерді қай қалаға жіберді?                               1765 ж  Жәміш бекінісіне

24. Ташкент, Бұқар, Қоқан, Қашқар көпестері жиі келетін  сауда орталығы?

Қызылжар (Петропавл)

25. Жайық жағасына жақын жерде қазақтардың малын жаюға ресми шек қойылған жыл?                                            1756 ж қыркүйек

26. Патша үкіметі қазақтардың мал жаюына Ресей бекіністерінен  қанша жерге тыйым салған ?         

алғашында 10 шақырым, кейіннен 50 шақырым жерге дейін жақындамау

27.Абылай (1711-1781) неше жасынан бастап жоңғарларға қарсы күреске қатысты?  15 жас

28. Абылайдың жоңғарлар тұтқынында болған жылдары?     1741-1743 жж

29. 1757 ж Қазақстан шекарасына басып кірген Қытай қолбасшылары кімдер?

Фу Дэ, Чжао Хой (кикілжің келссөзбен шешілді)

30.Ресей үкіметі Абылайды қашан Орта жүздің ханы етіп бекітті?

1778 ж 24 мамырда

31. Абылай хан билігі кезінде қандай жаңа өзгерістер жасады?

* хан билігіне қойылған шектеулерді мойындамады

* билер қызметіне шек қойды

*егін шаруашылығын дамытуды қолдады

* ағаштан үй тұрғызуды жақтады

32. Абылайдың өте бір ұнатқан ақыны, кедей ортадан шыққан жырау кім?

Тәтіқара жырау

33. Абылайдың бас мирасқоры кім?                       Уәли

34.Е.И. Пугачев  бастаған шаруалар соғысы қашан болды және оған қай жүздің қазақтары қатысты?

1773-1775 ж. Орта жүз бен Кіші жүз қазақтары

35. Е.И. Пугачев  бастаған шаруалар соғысына қазақтардың қатысуына түрткі болған не?                                                                 Жер мәселесі

36. Жоғарғы Ертіс бойына қандай бекіністер, қашан салынды?

* Жәміш (Ямышевск)  — 1716 ж     Омбы – 1716 ж

* Железинск – 1717 ж

Семей (Семипалатинск) – 1718 ж

Павлодар – 1720 ж       Өскемен  — 1720 ж

37. Сырым Датұлы бастаған көтеріліс қашан, қай жерде болды?

Кіші жүзде   1783-1797 жж (14 жылға созылды)

38. 1785 ж жазында болған кіші жүз старшындарының  съезі қандай шешім қабылдады? 

Нұралыны хандықтан тайдыру жөнінде. Нұралы 1796 жылы Уфаға жер аударылды, 1790 жылы сол жақта қайтыс болды

39. Орынбор өлкесінің билеушісі кім?                 барон      О.А. Игельстром

40. Сырым тобының хан сарайына шабуылы қашан болды?

1797 ж 17 наурызда Есім ханды өлтірді (1795 ж хан сайланған еді)

41. Сырым Датұлы Қаратай сұлтанның қуғынынан құтылу үшін қайда кетті? 

1797 ж Хиуа хандығына өтіп кетті, сол жақта 1802 жылы қайтыс болды

 

42. Сырым Датұлы Кіші жүздің қай руынан шыққан?             Байбақты руы

43. Сырым көтерілісінің нәтижесі қандай болды?

Жеңілгенмен патша үкіметі Жайықтың оң жағасына мал жаюға рұқсат беруге мәжбүр болды

 

 

44. Қазақ  даласын Орта Азияның  ішкі аудандарына өтетін «Кілт пен қақпа» деп қараған орыс патшасы кім?                                        І Петр

45. Қазақ хандығы туралы мағлұматтарды оқып, зерттеп жүйеге келтірген «Сібір таихының атасы»  атанған ғалым кім?                         Миллер

46.Қазақ тарихын зерттеуде еңбегі зор ғалым,  «Орынбор тарихы» еңбегінің авторы кім?                                                                         П.И. Рычков

46. Н.П. Рычковтың Еділ қалмақтарының қазақ даласы арқылы Қытайға қашуы туралы құнды мәәліметтер беретін еңбегі қалай аталады?

«Қырғыз-қайсақ даласы туралы күнделік жазбалар»

46.ХҮІІІ ғ өмір сүрген ақын-жырауларды ата?

* Ақтамберді  (1675-1768)

* Тәтіқара – Абылайдың керемет қасиеттерін жырлаған

* Үмбетей  (1706-1778) – Жауғашар т.б. батырларға жыр арнаған

* Бұқар жырау (1684-1781) – Абылайдың кеңесшісі болған

* Жанақ ақын(1775-1846) – «Қозы Көрпеш – баян сұлу» поэмасының ерекше нұсқасын қалдырған суырыпсалма ақын.

47. Ресей үкіметі көпестерге өздерін қорғау үшін қарулы топ құруға қашан рұқсат берді?                                                                                  1803 ж

48. Семейде екі қалалық жәрмеңке қашан ашылды?                 1855 ж

49. Орта Азияме сауда байланысын дамытуда маңызды рөл атқарған қала?           Петропавл қаласы

50. «Сібір қазақтарының жарғысының»  авторы кім және қашан қабылданды?                      1822 ж         М.М. Сперанский

51. «Жарғы» бойынша  басқару қалай өзгерді?             Орта жүзде хандық билік жойылды. 3 сатылы басқару енгізілді.(округ, болыс, ауыл). Округ -15-20 болыстан, болыс – 10-12 ауылдан, ауыл – 50-70 шаңырақтан құралды.  

 

52. 3 сатылы басқарудың басшыларын ата?

Округты – аға сұлтанбасқарды. Оны сұлтандар 3 жылға сайлады.

Болысты – болысбасқарды, билік мұрагерлікпен берілді

Ауылды – старшындарбасқарды, 3 жылға сайланды.

 

53. «Жарғы» бойынша сот істері нешеге бөлінді?                      

3-ке бөлінді: қылмыстық істер, талап ету, шағым айту

54. Кіші жүзде хандық билік қашан жойылды?               1824 ж «Орынбор қазақтарын басқару жөніндегі» реформа бойынша. Реформа авторы – П.К. Эссен.

55.1804-1815 жж орыстар Бөкей Ордасынан қанша жылқы сатып алды?    48 мың

56. 1812 ж соғыста Бородино     шайқасында көрсеткен ерлігі үшін күміс медальмен марапатталған кім?                                    Майлыбайұлы

57. 1812 ж соғыста   көгілдір ленталы медальмен марапатталған кім?

Қарынбай Зындағұлұлы – 1-тептяр полкінің старшыны

58. 1-тептяр полкінің жасауылы Сағит Хамитұлы қандай орденге ие болды?

3-дәрежелі «Қасиетті Анна» ордені

59. Қазақтардың ішіндегі жауынгер ақын кім?                Әмен Байбатырұлы

60. «Горгий» орденінің кавалері атанған кім?     Нарынбай Жанжігітұлы

61. 1812 ж соғыста қазақтар қандай полк құрамында болды? 

Башқұрт полкі құрамында

62. Абылай ханның немерелерінің бірі Саржан Қасымұлы  қалай өлтірілді?

1836 ж Қоқан ханы зұлымдықпен өлтіртті

63. Кенесары Қасымұлы (1802-1847) көтерілісі қай жылдарды қамтыды?

1837-1847 жж

64. Кенесары көтерілісінің қозғаушы күші кімдер?       Қазақ шаруалары

65. Кенесары әскерінің жеке отрядын басқарған батырларды ата?

Ағыбай, Иман, Жоламан Тіленшіұлы, Бұқарбай, Бұғыбай, Аңғал батыр, Жеке батыр, Байсейіт батыр, Сұраншы батыр

66. Кенесары отряды Ақмола бекінісіне тұтқиылдан қашан шабуыл жасады?

1838 ж мамыр

67.Кенесары көтерілісіне қанша сұлтан, би, старшындар қатысты?          80-нен аса

68. 1841 ж. тамызда Кенесары қолының Ташкентке жорығы неге жүзеге аспай қалды?

Сарабаздар арасында жұқпалы аурудың тарауынан

69. Кенесарыға қарсы тұрғанқазақ феодалдарынан 44 сұлтан  мерт болған шайқас қашан болды?                                               1844 ж 20-21 шілдеде

70. Кенесарының Сарыарқадан Ұлы жүзге бет алуының басты себебі неде? 

Қоқан хандығының езгісіндегі қазақ руларына көмек көрсету

71. Кенесары  қашан хан сайланды?                                       1841 ж

72. Кенесары көтерілісшілері 1845 жылы қазан, қараша айларында  қандай бекіністерді алды?                                               Созақ, Жүлек, Жаңақорған

73. Кенесары қырғыз жеріне қашан басып кірді?                  1847 жылдың басында

74. Кенесары қолы  қырғыз манаптарымен көтерілісте  қашан, қай жерде жеңіліс тапты?                           1847 ж Майтөбе /Кекілік сеңгір/  деген жерде

75. Көтерілістің жеңілісіне әсер еткен Кенесарыдан бөлініп кеткен  сұлтан мен би кім?

сұлтан Рүстем, Сыпатай би

76. Бөкей ордасының (Ішкі орда) өмір сүрген жылдары?                  1801 – 1845 жж

77. Бөкей ордасында  хан сарайы қай жерде салынды?        Жасқұс  деген жерде

78. Бөкей ордасында 1836-1838 жж көреліс  бастаған старшындар кімдер?

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы – беріш руынан шыққан

79. Жәңгір хан Исатай мен Махамбетті Орынбор генерал-губернаторына қалай деп сипаттады?                                               «елдің шырқын бұзушы, бүлікші»

80. 1836 ж. Исатай туы астына қосымша қанша ауыл көшіп келді?          20 ауыл

81. Исатай мен Махамбет Жәңгір ханның сыбайласы Балқы Құдайберген ауылын қашан, қай жерде ойрандады?                Теректіқұм деген жерде.  1837 ж 15 қазанда

82. Баймағамбет  Айшуақұлы мен зеңбіректері бар Геке бастаған жазалау отрядының біріккен әскерімен қай жерде соңғы шайқас өтті?          

1838 ж 12 шілде Ақбұлақ деген жерде, Исатай қаза болды

83. Жанқожа Нұрмұхамедұлы  Хиуа бекінісін қашан құлатты?          1843 ж

84. Жанқожа батырдың Хиуалықтармен күресі қай жылдары болды?     

1845-1850 жж

85. Орыс патша үкіметіне қарсы Жанқожа батырдың көтеріліс болған жылдар?

1856-1860 жж

86. Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс қай жылдарды қамтыды?

1855-1858 жж

87. Қазақстанға жер аударылған декабристерден ерекше көзге түскені кім?

С. Семенов болды

88. ХІХ ғ бірінші ширегінде Цин империясымен саудада орны ерекше болған қалалар?

Өскемен, Семей, Перопавл

89. 250 кашмир шәлісін тұңғыш Қазақстанға жеткізген  грузин көпесі кім?  

Семен Мадатов

90. Тентектөре бастаған көтеріліс қашан болды?                                 1821 ж

91. Ұлы жүздің қай руы алдымен Ресей құрамына алынды?     66 мың жалайыр руы

92. Орта жүз бен Ұлы жүз аумағы жапсарында пайда болған бекіністер?

Ақтау, Алатау, Қапал, Сергиопаоль, Лепсі

93. Ұлы жүз қазақтарын басқару туралы ресейлік пристав қашан құрылды?  1848 ж

94. Верный бекінісі қашан салынды?                                    1854 ж

95. 1855 жылы  Ұлы жүз приставы резиденциясы Қапалдан қай қалаға ауыстырылды?

Верныйға

96. Верныйда  су диірмені  және сыра зауыты қашан салынды?

Су диірмені – 1857 ж; сыра зауыты – 1858 ж

97. Верный бекінісінде Шоқан Уәлиханов қашан тұрған?    ХІХ ғ 60 жылдары

98. Ұлы жүз бен Қырғыз елінің шекаралық ауданында тұрғызылған бекініс?  

Кәстек бекінісі, 1859 ж

99. Ұзынағаш түбіндегі шайқас қашан болды?           1860 ж 19-21 қазан

100. Ресейдің құрамына 4 мың шаңырақ қоңырат, 5 мың шаңырақ бестаңбалы руы қашан кірді?                                                        1863 ж

 

101. 1864 ж Ресей  үкіметінің Қоқан хандығына жіберген тобы қандай бекіністерді алды?                        Шу алқабын, Мерке, Әулиеата, Түркістан бекіністерін

102.Орыс әскерлері Ташкентті қашан басып алды?                 1865 ж шілдеде

103. Орыс әскерлері Бұқар ххандығын қашан басып алды?      1866 ж басында

104. 1868 ж Қоқанға тәуелді қазақ жері қай генерал-губернаторлыққа бағындырылды?

Түркістан генерал-губернаторлығына

 105. Хиуа хандығы қашан жеңіліске ұшырады?                           1873 ж

106. Қазақ жерінде ашылған оқу орындары:

1789 ж Азиялық училище

Әскери училищелер – 1813 ж Омбыда, 1825 ж Орынборда

1841 ж Ішкі ордада орысша және татарша сауат ашатын мектеп

1831 ж 18 қыркүйекте Семейде училище

1836 ж Өскеменде училище

1850 ж Орынборда қазақтарға орысша білім беретін мектеп

108. Орынбор өлкесіндегі қазақтардың тұрмыс жағдайын сипаттайтын повест жазған кім?                                                 В.И. Даль   «Бикей мен Мәулен» повесі

109. Орынборда А.С.Пушкин қашан болды?             1833 жылы болды.  

Ол Оралда «Қозы көрпеш-Баян сұлу» поэмасымен танысты

110. ХІХ ғ бірінші жартысындағы ақын-жазушылар:

Махамбет Өтемісұлы (1804-1846); Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867)

Шөже Қаржаубайұлы (1808-1895); Сүйінбай Аронұлы (1822-1895)

111. 1829 ж Махамбет шаруалар толқуына қатысқаны үшін қай бекіністе қапаста болды?                                   Калмыков бекінісінде

112. Махамбет пен Исатай көтірілісіне қатысқан ақын?             Шернияз

113. ІІ Александр патша бекіткен реформалар:

1867ж 11 шілдеде «Сырдария мен Жетісу обл-н басқару туралы уақытша Ереже»

1868 ж 21 қазанда «Орынбор және батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ереже»

114. Реформа бойынша қазақ жері қалай басқарылды?

3 генерал-губ, бөлінді: Түркістан, Орынбор, Батыс Сібір генерал губернаторлықтары

115.Әр генерал –губернаторлық 2 облысқа бөлінді:

Түркістанға– Жетісу, Сырдария  облыстары;  Орынборға – Орынбор, Торғай облыстары;, Батыс Сібірге– Семей, Ақмола облыстары кірді

116. 1867-1868 жж реформа бойынша 5 сатылы басқару енгізілді, соларды ата?

Генерал –губернаторлық, облыс, уезд, болыс, ауыл

117. 1867-1868 жж реформаға қарсы көтерілістер қай жерлерде болды?

1868-1869 жж Орал мен Торғайда, 1870 ж Маңғыстауда

118. Маңғыстаудағы көтеріліс басшылары кімдер?

Бақташылар Досан Тәжіұлы, Иса Тіленбайұлы

119. «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру»  туралы жаңа Ереже қашан қабылданды?                              1868 ж

120. Тұңғыш жәрмеңке қай жерде ашылды?                 Бөкей Ордасында  1832 ж

121.Жәрмеңкенің басты дамыған өңірін ата?             Ақмола облысы

122. Аса ірі Ботов (Қоянды) жәрмеңкесі қашан қай жерде ашылды?

1848 ж  Қарқара уезіндегі Талды-Қоянды деген жерде

123. Ресей мен Қытай арасындағы келісім  шарттар қашан жасалды

       1851 ж –Құлжа келісімі;  1860 ж Пекин шарты;  1864 ж Шәуешек шарты;

1881 ж ақпанда Петербург шарты

124. 1882 ж Верныйдың ауқаты көпесі  В.А. Юлдашев қай елден кеме алдырды?

Англиядан

125. «Түркістан өлкесін басқару және онда жер –салық өзгерістерін енгізу туралы» Ереже қашан бекітілді?              1886 ж 2 маусымда

 

 

 

 

126.ХІХ ғ мен ХХғ басында қазақ жерінде қанша жаңа қала пайда болды?     19 қала

127. Қазақстан жұмысшы табының негізгі шоғырланған саласын ата?

Тау-кен өнеркәсібі

128.»Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы» Ереже қашан бекітілді?                                                1891 ж 25 наурызда

129. Түркістан өлкесінде қандай облыстар құрылды?           

Сырдария, Ферғана, Самақан (өлкенің орталығы Ташкент қаласы)

130. 1891 ж 25 наурызда Ережеге сай  дала генерал губернаторлығына қандай облыстар кірді?        Ақмола, Семей, Жетісу (орталығы Омбы қаласы болды)

131. Қазақстанның алтын өнеркәсібінде әйелдер үлесі жалпы жұмысшылардың қанша пайызын құрады?                          1873 ж – 12% ,  1898 ж   — 17,8%

132. Кен орындарында балалар еңбегі қашаннан бастап кеңінен пайдалыныла бастады?                ХІХ ғ 90 жылдары.   16 жасқа дейінгі жасөспірімдердің жұмысшылар арасындағы үлесі 14% құрады

133. Қазақстанда ереуілдер (баскөтерулер) қашан қай жерлерде болды?

1849 ж- Көкшетау кен орнында – 150 жұмысшы қатысты,

1888 ж — Өскеменде кен өндірісінде

1891 ж — Өскемен уезінің Владимирск алтын кенішінде –ұйымдасқан түрде болды

134. Ұйғырлар мен дүңгендер Жетісуға қашан қоныс аударды? 

1881 ж күзінен -1884 жж – 45 мың ұйғыр, 5 мың дүңген келді

135. Қазіргі Алматы облысының жерінде 6 ұйғыр болысы ұйымдастырылды, соларды ата?        Жаркент, Ақкент, Ақсу-Шарын, Малыбай, Қорамса, Қарасу

137. 1905 ж Қазан қаласында басылып шыққан ұйғыр халқының төл туындысы қалай аталады, авторы кім?  «Он екі мұқам», авторы Мусса бен Айса Сайрами

138. Дүниежүзіне белгілі ғалым Семенов-Тяньшанский Қазақстанның қай жерлерінде болды?                                                    Верныйда, Семейде, тб.

139. 1847-1857 жж  қазақ жерінде айдауда болған украин ақыны кім?

Т. Г. Шевченко («Менің ойларым» өлеңі)

140. Шоқан Уәлихановтың (1835-1865) шын есімі кім?       Мұхаммед-Қанапия

141. Шоқан оқуға әкесімен Омбыға қашан келді?                   1847 ж   12 жасында

143. Шоқан кадет корпусын 18 жасында бітіріп, қандай атаққа ие болды? 

1853 ж корнет деген офицерлік аттаққа

144. Шоқанның саяхатқа барған жерлерін ата?

1856 ж – Ыстықкөлге,    1856 ж күзде – Құлжаға(Семенов-Тяньшанский екеуі )

1857 ж – Алатау қырғыздарына,         1858-1859 жж – Қашқарияға

1859-1861 жж – Петербургте болған

145. Шоқаның ақырғы еңбегі қалай аталады, қашан шықты?

«Қытайдағы дүңгендер көтерілісі» 1865 ж «Русская инвалид» газетінің №51 санында жарияланды

146. Шоқан қай жерде қайтыс болды?  1865 ж сәуірде Алтын Емел жотасының Көшен тоғаны деген жерде албан руының аға сұлтаны Тезектің ауылында

147.Ы. Алтынсариннің  орыс-қазақ мектептеріне арнап жазған 2 оқулығын ата?

«Қырғыз хрестоматиясы»,  «Қырғыздарды орыс тіліне үйретуге негізгі басшылық»

148. Абай Құнанбаев (1845-1904) білім алған медресе.    Ахмет Риза медресесі

149. Абайдың ұла Әбдірахман қай жерде білім алды?

Петербургте Михайлов артиллерия училищесінде

150. Қазақ жерінің сұлулығын бейнелеген «Лепсі өлкесін қоршаған таулар» картинасының авторы кім?                                 В. Верещагин

151. Суретші  Н. Хлудовтың шығармаларын ата?   «Көш», «Мал айдау», «Отынға бару»

152. Қазақ музыка аспаптары жұртшылыққа таныстырылған Мәскеу көрмесі қашан болды?

1872 ж

153. ХІХ ғ ІІ жартысында ұлттық музыка өнерінің дамуына із қалдырғандар:

Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862)  40 астам күй шығарған (Саржайлау, Балбырауын)

Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889) 60 -тан астам күйлері сақталған (Сарыарқа)

Дәулеткерей Шығайұлы (1820-1887) 40-қа жуық күйі сақталған

Біржан Қожағұлұлы (1834-1897)  40-қа жуық әндері жеткен

Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929) 70-ке жуық әні бар

Ақан сері  Қорамсаұлы (1843-1913)

Ықылас Дүкенұлы (1843- 1916) –күйші, қобызшы, сазгер

154. Тұңғыш маркстік құпия ұйым қашан құрылды?                1902 ж Орынборда 

155. А. Байтұрсыновтың «Маса» атты жинағы қашан басылып шықты?    1911 ж   Орынборда

Осыған ұқсас жазбалар:

Ұстаз үніЭйнштейннің сұрағы (2% ға жатасыз ба әлде 98% ға ма)

ТарихДүние жүзі тарихынан сынақ сұрақтары

ТарихҚазақстан тарихынан сынақ сұрақтары

ТарихДүние жүзі тарихынан сынақ сұрақтары

ТарихҚазақстан тарихынан сынақ сұрақтары (7 сын. оқулығы)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1084885

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар