Қайын жұртқа ат қою

11 ақпан 2015 - Askar Naymantaev
Қайын жұртқа ат қою

-Өзім казашка болсам да, нағыз казашка болу қиын екенін енді біліп жүрмін. Ужас!!! Қаншама дәстүр, қаншама салт, просто не возможно!

Қазақтың дәстүрлерін жаттап алғаннан, правила дорожного движениені жаттау оңай шығар. Еще «ЕНЕ» деген инспектор болады ғой. ГАИшник дегенің Ененің алдында ерунда! Папам қазақ, мамам қазақ, значить, өзім де казашкамын. Но, біздің үйде казакша сөйлемейтіндіктен, мен… мен… ну, өздерің түсінесің ғой. Атам да, әжем де қазақ. Оларда қазақша сөйлемейтін. Атамның өзі мені «Великий, могучий – русский языкке» сөйле деп үйреткен.

Ал енді келін болдық. Күйеуді полюбила, и попала туда, куда надо! Ужас!!! Бір ауыз орысша білмейді бұлар! Срочно қазақша сөйлеу керек болды. Потому что «бай» керек! «Байдан» айырылуға болмайды. Күйеуім айтты: «Тіл үйренгің келсе, қазақша ән айт. Әсіресе халық әнін айтсаң, қазақша судай ағасың» — деді. Содан бастап ән айта бастадым. Ничего, тіл үйреніп келемін. Байқап тұрған боларсыздар результатын?

Но, мен сіздерге айтайын, ужас! Қиын болды. Бір күні ыдыс жуып жатып, ыңылдап тұрғам:

Алақанға, алақан.

Күлімдейді көзің.

Құшағымда қуаныш,

Жанымда сен өзің… – де-е-еп әндетіп тұрсам, Енем келіп. «Келінжан, қазақ қайын ата, қайын ағаларының атын айтпайды. «Қуаныш» деген қайын ағаң, әндетіп айтып тұрғаның дұрыс емес» деді. Ну, ладно, өзгерте салдым:

Алақанға алақан,

Күлімдейді көзің.

Құшағымда «қайын ағам»,

Қасымда сен өзің!

Сосын мына әнді де өзгерту керек болды:

«Бұлбұл құс туған жерден гүл іздейді,

Күдерін құштарынан бір үзбейді.

Келесің гүл боп еркем көз алдыма,

Өзіңді мен іздемей кім іздейді» деген әнді білесіңдер ғой? Вот, «Құштарбек» деген атамыз бар екен, «Еркебай» деген қайын аға бар екен, содан бұл ән былай өзгерді:

«Бұлбұл құс туған жерден гүл іздейді,

Күдерін «қайын атадан» бір үзбейді.

Келесің гүл боп «қайын аға» көз алдыма,

Өзіңді мен іздемей кім іздейді» – дедім! Ал, ендеше!

«Алмабек» деген ағамыз, «Текемет» деген апамыз, «Дәурен» деген қайнымыз бар екен, сосын тағы бір ән өзгерді.

«Қайын ағамның» бүріндей-ау,

« Қайын апамның» гүліндей-ау.

Өтіп «қайным» бара-жатыр,

Сізбен бізге білінбей-ау.»

Қайын ағаларға балама ат қою – ужас! Ауылдың жартысынан көбі менің қайын атам или қайын ағам. Қазақта қайын аға неге кө-ө-п болады осы?! Ал қайындарым деген… охо! Қытайдың саны жетпейді! Аттарының өзі, ну, енді не знаю, қазақ та атты қоя береді екен… Оларға өзіңше ат қою, это мучение!

«Аубай» деген ат естіп па едіңіздер? Мен бірінші естігенде есім ауып қалды. «Бай» дегені понятно, «ау» дегенін түсінбей күйеуімнен сұрап едім, «ширинка» деді! Ал ендеше!

«Крутой жігітте жау болмайды,

Юбкада ау болмайды» — дегенді естіп едім… Не деп ат қоям деп әбден қара терге түстім. Өзі күнде келіп үйден шай ішеді. «Келіннің шайын сағындым» деп келе береді, келе береді. Бір күні тағы келді. Амандасқаннан кейін, «Төрлетіңіз, «Памперс қайын аға» дедім. Содан бері келмей кетті.

«Кемпірбай» деген мұғалім қайын ағам бар. Оның атын қалай өзгертемін? Көп қиналдым… Ары ойлап, бері ойлап… ақыры: «Әжелер ансамблі» деп ат қойдым! «Рахат» деген қайын ағама оп-оңай ат қойдым! «Каиф!» дей салдым! «Сағат» деген қайын аға – «Будильник» болды!

«Әйнекбек» деген ат болады екен! Енді не істеймін? Ақыры оны «Форточка» деп атадым. «Алтынбек» деген қайын аға – «Золотой кольцо!» болды, «Тұңғышбай» деген атам – «Первый превосходный!» болды. «Қошқарбай» деген атамды – «Самец!» дедім.

Журналист қайын ағам – «Принтер», экономист қайын ағам – «калькулятор», хирург қайын ағам – «Джек потрошитель», стомотолог қайын ағам – «Фильм ужасов», ал проокурор қайын ағама қазақша ат қойдым – «Барса-келмес!» деп. Вот так!

Қайныларға оңды — солды қоя бердім. «Мейрамбекті» — «Вечеринка» деп, «Қалдыбекті» — «Наколка» деп, «Жорғабекті» — «Тойота» деп, «Орысбекті» — «Москвич» дей салдым.

Қайын енемнің аты – «Тынышгүл». Мен оны – «Коммунизм» дедім. Күйеуімнің руы – «Ұлтарақ». Қазір мені бүкіл ауыл «Саламандрдің» келіні дейді. Өзім қойғам! Қатырғамын, ә?

«Ғанибет» деген үлкен әже бар. Менен бұрын ол кемпірді көлеміне қарай бүкіл ауыл «Диван апа» дейді екен. Қазір ән айтқанда былай айтамыз:

Белес, белес, белес пе,

Белес жақын емес пе.

Осы отырған отырыс,

«Диван апам» емес пе!

Бәрінен өзімнің де қайын атамның аты… ужас! Енді… атамды батыр болсын деген шығар, тарихта өткен ұлы батырдың атын қойған ғой…

Мен ғана емес, бүкіл ауыл атай алмайды ол кісінің атын. Әуелі туған балалары айтуға ұялады. Ұялғандары соншалық паспортқа фамиляларын өзгертіп жазған. Енді батырдың, белгілі батырдың аты ғой ол! Анау-мынау емес, «Көтібар» батырдың аты! Ой, ужас! Айтып қойдым ғой! Ұят-ай!

Ауылдағылар ол кісіні «Дәу ата» дейді. Балалары паспортқа «Артбаев» деп жазылады… Ал мен, сол атама ат қойдым ғой! Еще как қойдым! Әуелі өлең шығардым! Несіне жасырамын? Өзім таңдап тиген күйеуімнің әкесі болса, оның несіне ұяламын! «Что естественно, то не безобразно!» деген ғой атам қазақ! Менен қазір «Кімнің келінісің?» деп сұрай қалса, мақтанышпен былай деймін:

Жұбайым Творгтің серігімін… Күйеуімнің аты – Қатықбай.

Жұбайым Творгтің серігімін,

Енемнің еркелеткен елігімін,

Атамның аты-жөнін сұрасаңыз,

Сізде де бар, менде бар,

Тіпті барлық елде бар.

Пілде де бар, итте бар,

Шыбында бар, битте бар.

Суда жүзген китте бар.

Айта алмайтын елдің ауыз, еріні,

Мен боламын Абыройдың келіні!

Так что, мен атама – «Абырой!» деп ат қойдым! Қазір мені бүкіл ауыл уважает! Сенбесең паспортымды көрсетейін. Қазір мен документ бойынша – Абыройева Әпитөк Напитоковнамын! Вот так!!!

Осыған ұқсас жазбалар:

Сценарий​«Қарттарым – асыл қазынам» қарттар күніне кездесу кешінің сценарийі

Қосымша пәндер«БАЯҒЫДА ....» немесе, «Гүлденген әлем!»

Сценарий«Үздік қаржыгер» интелектуалдық ойынының жоспары

Тәрбие сағатыТәуелсіз елім - Қазақстаным

СценарийСоңғы қоңырау кешіне арналған сценарий

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1068713

Пікірлер (3)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru