Көкөністен жасалатын тағамдар

30 сәуір 2015 - Құралай Орманова

Алматы облысы, Райымбек ауданы

Сарыжаз орта мектебінің

технология пәні мұғалімі

Нұрғазиева Рысжан

Тақырыбы: «Көкөністен дайындалатын тағамдар. Картоп котлеті»

Мақсаты:

Көкөністен жасалатын тағамның түрлерімен таныстыру.

Білімділік:

Көкөніс тағамының құндылығымен және тағам жасау жолдарымен таныстыру

Дамытушылық:

Күнделікті алған дағдыларын, шеберліктерін шыңдап дамыту.

Тәрбиелік:

Ұқыптылыққа, тындырымды жұмыс істуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас

Көрнекіліктер: Плакаттар, буклеттер.

Керекті құралдар: Картоп 2-дана жұмыртқа, тақтай, жұқа табақ, қыздырылған су май.

Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу 2)түгендеу 3) Үй тапсырмасын сұрау

Сабақтың барысы: Көкөніс тағамдарының құндылығы адамның организміне жеңіл сіңетін дәрумнедердің мөлшеріне қарай анықталады.

Көкөніс тағамдарын жақсы, сапалы дайындау үшін тазартылған көкөністі ұзақ уақыт суда қалдырмау, аз ғана суға пісіру уақытын сақтау керек. Кейбір көкөністерді тұзсыз пісіреді. Шала да пісіріледі.

Көкөніс тағамдарының адам ағзасына пайдасы жайлы.

Сәбіз — құрамында А дәрумені бар. Ол аз болса адам тез шаршайды. Жүрегі, бауыры ауырды. Көру қабілті, бой өсіру, рак ауруының қаупі жартылай азаяды. Асқазан мен ішектердің жарақаттануына жол бермейді. Қанды, ана сүтін көбейтеді. Беттегі, мойындағы әжімдерді азайтады, асқазанға жара түсірмейді.

ҚЫЗЫЛША-көптеген жұқпалы аурудан сақтайды. Қан аздығына жол бермейді. Тұзсыз,қайнаған суға асылады әйтпес дәмі өзгереді.

ОРАМЖАПЫРАҚ-неше түрлі ісік ауруларының және семіздіктің алдын алады. С дәруменіне бай.

Сарымсақ-С дәруменіне бай. Жұқпалы ауру алдын алады, тағамның бар түріне қосылады. Тәбетті ашады. Салат, маринадтардға

қосылады. Тұмаумен ауырғанда 2-3 тавлын аршып бөлмеге қояды.

АСҚАБАҚ-А дәрумнін бай. Құрамы каротин бай. Ішекауруларында, жүрек, қан тамырларына әсер етеді. Асқабақтан дәмді манты жасалады.

ҚЫЗАНАҚ –құрамында көптеген дәрумен бар. Томат пастасы жасалады, тамақтың бар түріне қосуға болады. Маринадтағанда булау әдісін пайдаланамыз.

КАРТОП-крахмалға, В дәруменіне бай. Сварка кезінде көзге тартады, суық тигенде денені булайды. Екінші нан ретінде есептеледі, соғыс кезінде негізгі азық болған. Картоп котлеті өте дәмді, пайдалы.

КАРТОП КОТЛЕТІН ДАЙЫНДАУ алгоритмі

1.Тазартылған картопты тұзды суда пісіреміз

2.Суытып аламыз

3.Қабығын аршып, пьюре жасаймыз

4.Татымына қарай тұз, бұрыш қосамыз

5.Котлет формасына келтіреміз

6.Шикі жұмыртқаға матырамыз

7.Өсімдік майына қуырамыз

Көкөніс даярлауға қойылатын талаптар

1.Жас көкөністі хош иісті сірке суымен тұздаса дәмді болады.

2.Қызылшаны картоп, сәбізбен бірге асуға болмайды.

3.Көкөніс неғұрлым ірі болса қоректі заттар жақсы сақталады.

4.Жас картопты әуелі қайнатып алған тімді

5.Картопты қабығымен, аздап сірке суын қосып, тұзды пісер кезде салған дұрыс.

6.Түсі жасылдау картопты пайдалануға болмайды, себебі онда «салонин» деген улы зат бар.

Осыған ұқсас жазбалар:

Күнтізбелік жоспарТехнология 7 сынып, аптасына – 1 сағат, күнтізбелік, (қыздарға)

ТехнологияСабақтың тақырыбы: Ілмек бізбен іліп тоқу

Күнтізбелік жоспарТехнология - 5 сынып, күнтізбелік, аптасына – 1 сағат, (қыздарға)

ТехнологияШи тоқу өнері

Күнтізбелік жоспарТехнология – 6 сынып, күнтізбелік, аптасына – 1 сағат (қыздарға)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1150770

Пікірлер (1)
Базаргүл # 10 мамыр 2015 в 22:41 0
Көкөністердің адам ағзасына пайдасы көп қой. Тағамдардың жасалу жолдары түсінікті айтылған. Дәрумендердің ерекшеліктері, қасиеттері берілген. Пән аралық байланыс бар. Көкөніс тағамдарының маңызы ашылған.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар