«Дипломмен ауылға» : Ұлт болашағы үшін жасалған ұтымды жоба

5 ақпан 2014 - Гулёка
«Дипломмен ауылға» : Ұлт болашағы үшін жасалған ұтымды жоба

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы

Қарабұтақ орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі

МЫРЗАҒАЛИЕВА ГҮЛДАНА ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ

 

«Дипломмен ауылға»: Ұлт болашағы үшін жасалған ұтымды жоба

«Дипломмен — ауылға! — жас мамандарға берілген жаңа мүмкіндік».

Бағдарламаның басты мақсаты — ауылды аймақтарды қажетті әлеуметтік, техникалық мамандармен қамтамасыз ету. Жас мамандарды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан көтерме ақысы төленіп, баспана алуына жеңілдетілген несие беріледі.

 «Дипломмен – ауылға» жобасында түлектерге жүктелер үміт үлкен, сенім мол және де үмітті іркілтпей, сенімді сапалы ақтауы парыз. Бұл жастар қауымының еліміз еркіндік алғалы бергі елді дамытуды көздеген алғашқы қарқынды қадамы болмақ. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихында жастардың ойып тұрып орын алуға тамаша мүмкіндігі туды. Ауыл қайнаған тіршіліктің ортасы, сезіне, түсіне білген адамға үлкен мектеп.

Республика Президенті Н.Назарбаев өз сөзінде: «Қазір жұмысты қаладан емес, ауылдан іздеу керек, қазір дағдарыс жағдайында бізді асырайтын — ауыл, ауылда жұмыс болу үшін, қаланы асырай алуы үшін жеке шаруаларды, ауыл тұрғындарын, шағын шаруа қожалықтарын қайта қауымдастырып, біріктіру қажет» — деп ашық та анық айтқан болатын.

Қажетті білімді меңгерген, ауылдың абыройын көтеретін, өмірін өзгертетін жігерлі жас болу тиіс.

Сонымен қатар сол ауылдан шықсаңыз тіпті жақсы. Ауылдың әлеуметіне қанық, жағдайына жетік бола тұрып, сол елдің  ертеңі үшін  аянбай еңбек ету сізге міндет. Жаны отансүйгіштік сезіміне сусындаған, бойына елжандылық қасиеті дарыған жас ұлы істерді ақпай жасауға даяр. Ал бұл қасиеттер әрбір азаматтың бойында мектеп жасынан қалыптасады. Яғни, жобаның бастауы- мектеп деп айтуға толық негіз бар. Жасты мектеп қабырғасынан бастап туған жерді сүюге, кұрметтеуге, адал қызмет етуге тәрбиелесек, үздіктерімізді іріктеп, жоғары оқу орнын таңдауда пайдалы кеңес ұсынсақ, барынша жан- жақты қолдау жұмыстарын ұйымдастырсақ, бертін келе ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуы негізінде келешекте көп сұранысқа ие болатын мамандықтарға, қарым- қабілет пен білік- дағдыға сай бейімдеу шараларын жүргізсек, жоғары оқу орнына түскен соң да қаперден шығармай байланысты байытсақ, жас маманның туған еліне тура тартатыныанық.

Осы бағдарлама арқылы 2010 жылы Ақтөбе каласындағы Ә.Молдағұлова атындағы гуманитарлық колледжін бітіріп, өз туған өлкеме, білім алған қара шаңырақ алтын ұя мектебіме еңбек жолымды бастауға жас маман болып келдім. Мен жоғарыда аталған оқу орнының «Негізгі мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі және іс жүргізуші» мамандығын алып шығып, Қарабұтақ орта мектебінде еңбек етіп келемін. Мен бұл бағдарламамен мұқият танысып шығып, еңбек жолымды ауылдан бастасам деген ниетпен және  өз туған жеріме үлесімді қосуға ат салысудамын. Жұмысқа орналасқаннан кейін біржолғы көтерме ақы төленді. Білім беру саласында қызмет ете отырып, ауылымызда түрлі қоғамдық іс – шараларға қатысып, «Жас Отан» Жастар қанатының белсенді мүшесімін.

Ауыл өркендесе, еліміз көркейеді. Бұл мемлекеттің жастарға беріп отырған үлкен мүмкіндігі, ертең жоба өз нәтижесін берген уақытта аға буынның жастарға деген көзқарасының өзгеретіні, құрметпен қарайтыны анық.

            Қорыта айтқанда,  жастардың ауылдың тіршілігімен, ондағы халықтың өмірімен таныс болғаны дұрыс. Бүгінгі ауылда қызмет етіп жүрген жас, ертең  билік басында отыратын басшы. Ол  қабылданған шешімнің қалалық жерде қалай, ауылдық жерде қалай жүзеге асатынын білуі керек. «Көзімен көріп, қолымен ұстап білген» маманды ғана тәжірибелі маман деп атауға болады. Ендеше «Дипломмен ауылға» жобасы кадр біліктілігіне қатысты көзге көріне бермейтін, бірақ маңызы зор мәселелердің шешімін табуға ықпал ететіні сөзсіз.

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Ұстаз үніАятжан Ахметжан. Басынан шіріген бастауыштық жүйе

БаяндамаҚазақтың Сен – Сұлтанысың

Ұстаз үніБІЛІМ ОРДАСЫНДАҒЫ АЛАЛАУ НЕМЕСЕ ІРІКТЕУ МЕ, ӘЛДЕ ІРІТУ МЕ?

Ұстаз үніАятжан Ахметжан. ОҚУЛЫҚ ОЛҚЫ БОЛСА, ОҚУШЫ ҚАЙДАН ОҢАДЫ?

Ұстаз үніҰЛТ БОЛАМ ДЕСЕҢ, ҰСТАЗЫҢНЫҢ ХАЛІН БІЛ!

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1151062

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар