Өнер үйренем деген балаға ала көзбен қарамаңыз.

11 қаңтар 2015 - Askar Naymantaev
Өнер үйренем деген балаға ала көзбен қарамаңыз.

Әрине, "Ң"-ді айтқызамыз, ол үшін баланы біздің алдымызға алып келсеңіз болды. Дегенмен де мектепте сол баланың солай сөйлейтінін біле тұра көңіл бөлмейтін ата-ана да, мұғалім де бар ғой. Аты-жөнін баланың ата-анасының өтініші бойынша өзгертіп айтайын, Ертай деген бала Алматының іргесіндегі бір жақсы мектепте 2-сынып оқиды екен. Бала өте жылдам, алқынып, сасқалақтап сөйлейді. "Ң" ғана емес, бірталай сөзді түсіне қоюыңыз екіталай. Шешесі жыларман болып, менің алдыма алып келгенде ең алдымен баланың жасқаншақ болғанына көңіл аудардым. Алғашқы сабаққа баланы тек 15 минутқа ғана алып қалып, оңаша сөйлестік. Әңгімеге айналдырып отырып, сынып жетекшісі Биғайша апайының "Өй, мылқау, быдықтамай жөндеп сөйле!.. Әй, бытпылдық, түк сөзің түсініксіз мылқау, отыр!" — деген сияқты «жанашыр» сөздер айтатынын білдім. Ертай сол бірінші сабақта (15 минуттың ішінде) "Ң"-ды айтып шықты менің алдымнан. Келесі жолы әкесі алып келгенде: «Аға, „Ң“-ды айта алмаын!» — деп қуанғанын көрсеңіз!? Атасы мен әжесінің, осы жерден шыққаннан бастап менің құлағымды «МаҢ, маҢ, маҢ басқан, шудаларын шаҢ басқан!» — дегенді қайта-қайта айтумен жеп қойды!" — деп әкесі қуанышын жасыра алмай тұрды. Бір айдан соң Ертайға 8-наурызға байланысты анасын, сынып жетекшісі Биғайша апайын құттықтайтын өлең оқытқызып, оны видеоға түсіріп, беріп жібердім. Қуанған бала видеосын сынып жетекшісіне көрсетіп, сынып жетекшісі бүкіл мектепке көрсетіп, асықпай, анық, таза сөйлеп тұрған Ертайға таң қалыпты.… Қазақтың тоқмейілсіп қалуы оп-оңай. Міне осфдан кейін әке-шешесі Ертайды маған қайтып әкелмеді. Әлді де талай жұмыс істеуге болар еді, «болдық, толдық» — деп қалды ма, кім білсін.

Алматыдағы кейбір мектептің мұғалімдері маған келіп жүрген оқушылары болса, өздерінің сабағына керек жұмыстарға көмек сұрайды. Ондайда қуана қол ұшын беремін. Мысалы, «Наурыз» мерекесі сияқты мерекеге байланысты көріністер, не жүргізуші сөздерін даярлау сияқты өтініштер ғой. Ол менің мектебімнің шұғылданатын негізгі жұмысының бірі. Оқушысы дайын болып барғаны ұстазға да жақсы. Біріге осындай шығармашылық жұмыстар жасаймыз. Керісінше оқушысын менен алып кеткісі келетін ұстаздар да аз емес. Құрметті ұстаздар, рас, Сіздер де баланы өнерге тәрбиелей аласыздар, рас, Сіздердің де оқушыларыңыз талай жерде жүлделі, талай көркем сөз оқуының шебері. Оған таласым жоқ. Мен Сіздердің «мәнерлеп, дауыстап оқы» — деген тапсырмаңызды «актерлық шеберлікпен оқы» — деген тапсырмаға ұластырып қана беремін. Сосын дикция, тіл, сөз тазалығына қарай біраз жаттығу үйретіп, жөнге салам. Оқушы Асқардан үйрендім демей-ақ қойсын. Сіздің атыңызды ғана атап, Сіздің ғана шәкіртіңіз болсын.Маған ондай дақпырттың керегі жоқ. Тек сол бала болашақта өнер жолын таңдап менің не менің бір әріптесімнің алдына келгенде сахнада тек қана «мәнерлеп, дауыстап» оқи алатын бала болып тұрмаса екен деймін. Ондай балаларды жылына мыңдап, жүздеп шығарып жатыр ғой.

Осыған ұқсас жазбалар:

Қосымша пәндер"Конферансье" мамандығына оқыту" бағдарламасы

Қосымша пәндерАКТЕРЛЫҚҚА ТҮСУ ҮШІН НЕ,ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАУ КЕРЕК?

Ұстаз үніХАТ (Асқар Наймантаев. "Мұқағалиға")

СценарийАРЫСТАННЫҢ ЕСЕП БЕРУІ

Қосымша пәндер"Өлімнің рөлі" немесе жаңа кино. (сатиралық монолог)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1103538

Пікірлер (4)
Askar Naymantaev # 11 қаңтар 2015 в 16:56 +1
Қазірдің өзінде "Ң"-ді айта алмайтын алдыңызда біраз бала отырған болар ау...
Таланттар мектебі # 11 қаңтар 2015 в 17:17 +1
Ертай әлі де келіп оқығысы келеді. Жақында мамасы хабарласты. Асқар аға ол баланы біраз уақыт ән үйренсін деп вокал сабағына жіберіп еді. Оған сол ұнамай қалыпты. ))) "Мен тек Асқар ағайдан актерский оқимын" - деген шартпен келмекші ))) joke joke v v
Askar Naymantaev # 11 қаңтар 2015 в 19:49 0
Ән айту сабағында да асықпай сөйлеуге үйренеді. Өздері байқамай жүр, ән айтуды ұнатпаса да тіл тазарды. ))) Ол да менің "қулығым" ғой. Енді келе берсін.
sahnaass@mail.ru # 12 қаңтар 2015 в 11:27 0
Сиздин мектептин "Жана жылга жана жулдыздар" деген концертин тамашалаганбыз. Керемет окушылар мен студенттер! Шетинен онерли, талант десе талант! Саттилик тилеймиз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар